Эстива-600 (Efavirenz)
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Эстива-600
Халықаралық патенттелмеген атауы
Эфавиренз
Дәрілік түрі
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 600 мг
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - 600 мг эфавиренз,
қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Cyclocel PH 101), натрий лаурилсульфаты (Stepnol WA-100), натрий кроскармеллозасы (AC–Di–Sol), гидроксипропилцеллюлоза (Klucel-LF), лактоза моногидраты, магний стеараты;
қабығының құрамы: Опадрай 03B52155 (титанның қостотығы (Е 171), полиэтиленгликоль/макрогол, гипромеллоза, темірдің сары тотығы (Е 172)).
Сипаттамасы
Капсулатәрізді пішінді, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында'Н' және екінші жағында '4' таңбасы бар таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар.
Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Нуклеозид еместер - кері транскриптаза тежегіштері. Эфавиренз.
АТХ коды J05AG03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Сіңірілуі. Инфекция жұқтырмаған еріктілерде эфавиренз қан плазмасындағы ең жоғарғы 1.6–9.1 мкМ концентрациясына препаратты 100 мг-ден 1600 мг дейінгі дозаларда ішу арқылы бір рет қабылдағаннан кейін 5 сағаттан соң жетеді. Ең жоғарғы концентрациясының (Cmax) дозаға тәуелді жоғарылауы және «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданының (AUC) артуы 1600 мг дейінгі дозаларын қабылдағанда байқалды. Дозасын арттырған кезде жоғары дозаларында препараттың толықтай сіңірілмегендігі себепті, аталған көрсеткіштердің жоғарылауы пропорционал болған жоқ. Препаратты бірнеше рет қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрацияларына жету уақыты (3–5 сағат) өзгерген жоқ, ал қан плазмасындағы тепе-теңдік концентрацияларына 6–7 аптадан кейін жеткен.
АИТВ инфекциясын жұқтырған пациенттерде тұрақты жағдайда, 200 мг, 400 мг және 600 мг тәуліктік дозаларындағы ең жоғарғы (Cmax) және ең төменгі (Cmin) концентрациясы мен AUC орташа мәндері дозасына тәуелді болды. Эфавирензді тәулігіне 1 рет 600 мг дозада қабылдаған 35 пациентте, тұрақты жағдайдағы Cmax 12.9 µM, тұрақты жағдайдағы Cmin– 5.6 µM, AUC – 184 µM құрады.
Ас ішудің әсері. Инфекция жұқтырмаған еріктілерде эфавиренздің бір реттік 600 мг дозасының биожетімділігі 28 %-ға және аш қарынға қабылданған 600 мг дозасының биожетімділігімен салыстырғанда, май мөлшері жоғары тамақпен бірге қолданғанда 79 %-ға артқан.
Таралуы. Эфавиренз қан плазмасы ақуыздарымен берік, көбінесе альбуминдермен (шамамен 99.5–99.75 %-ға) байланысады. АИТВ‑1 (n=9) инфекциясы жұқтырған, эфавирензді тәулігіне 1 рет 200-ден 600 мг дейінгі дозаларда кемінде бір ай бойы қабылдаған пациенттерде, жұлын сұйықтығындағы концентрациялары оның қан плазмасындағы сәйкесінше концентрациясының 0.26-дан 1.19 %-ға дейінгісін (орташа алғанда – 0.69 %) құраған. Бұл пайыздық көрсеткіш эфавиренздің қан плазмасындағы ақуыздармен байланыспаған (бос) фракциясының көрсеткішіне қарағанда шамамен 3 есе жоғары.
Биоөзгерісі. Адам бауырының микросомаларына жүргізілген клиникалық зерттеулер мен in vitro зерттеулер, эфавиренздің негізінен, P450 цитохром арқылы гидроксилденген метаболиттерін түзе отырып, кейіннен, негізінен АИТВ-1-ге қатысты белсенді емес бұл гидроксилденген метаболиттерінің глюкуронидациялануымен метаболизденетінін көрсетті. In vitro зерттеулер, CYP3A4 пен CYP2B6 эфавиренз метаболизміне жауап беретін негізгі изоферменттер болып табылатындығын, және эфавиренздің Р450 цитохромы жүйесінің 2C9, 2C19, және 3A4 изоферменттерін тежейтіндігін көрсетеді. In vitro зерттеулерде эфавиренз CYP2E1 тежемеген, CYP2D6 мен CYP1A2 тек, клиникалық тәжірибеде қолданылып жүргенінен сәл жоғары концентрацияларында тежеген.
Қан плазмасындағы эфавиренздің экспозициясы CYP2B6 изоферментінің гомозиготалы G516T генетикалық нұсқасы бар пациенттерде жоғарылауы мүмкін. Бұл өзара байланыстылықтың клиникалық маңыдылығы белгісіз; алайда, эфавирензбен астасқан жағымсыз реакциялардың жиілігі мен ауырлығының жоғарылауы мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.
Эфавиренз P450 цитохромы жүйесінің ферменттерін индукциялайды, бқл оның өз метаболизмінің де индукциялануына алып келеді. Инфекция жұқтырмаған еріктілерде 10 күн бойына тәулігіне 200-400 мг қабылданған көп реттік дозалары жинақталуының болжанғаннан төменірек (22-42 %-ға төмен) болуына, және жартылай шығарылуының ақырғы кезеңінің бір реттік дозасын қабылдаумен салыстырғанда қысқарақ болуына алып келген.
Шығарылуы. Эфавиренздің жартылай шығарылу кезеңі салыстырмалы түрде ұзағырақ, бір реттік дозасын қабылдағаннан кейін 52 сағат және бірнеше реттік дозаларын қабылдағаннан кейін 40–55 сағат. Несеппен эфавиренздің радиоактивті таңбалы дозасының 14–34 %-ға жуығы және өзгеріссіз күйдегі эфавиренз дозасының 1 %-ынан азы шығарылады.
Пациенттердің жекелеген топтары
Бауыр функциясының бұзылуы. Бауырдың ауыр дәрежедегі жеткіліксіздігі бар (Чайлд-Пью С класы) бір пациентте Стокринді бір рет тағайындағаннан кейін эфавиренздің жартылай шығарылу кезеңінің 2 есе ұзарғаны туралы мәліметтер бар, бұл ондай пациенттерде эфавиренздің жинақталу дәрежесінің жоғары екендігін білдіруі мүмкін. Бірнеше реттік дозаларын қолданып жүргізілген зерттеулер бауыр функциясының жеңіл дәрежедегі бұзылулары (Чайлд-Пью бойынша А класы) бар пациенттерде бақылау тобымен салыстырғанда, эфавиренз фармакокинетикасына елеулі әсерінің жоқтығын көрсетті. Бауыр функциясы бұзылуының орташа және ауыр түрлерінің (Чайлд-Пью В немесе С класы) эфавиренз фармакокинетикасына әсерін анықтау үшін мәліметтер жеткіліксіз.
Жыныс, нәсіл, жас шамасы. Азиялық ұлт өкілдері мен Тынық мұхиты аралдарында тұратын әйелдер эфавиренздің әсеріне көбірек ұшырайтындығы туралы жекелеген хабарламалар бар, әйтсе де, препараттың аталған топтардағы көтерімділігінің аздығы туралы мәліметтер жоқ. Егде жастағы пациенттердегі фармакокинетикасы зерттелмеген.
Балалар. Эфавиренздің балалардағы тұрақты күйдегі фармакокинетикалық параметрлері популяциялық фармакокинетикалық модельдің негізінде болжанған және 1 кестеде келтірілген.
1 кесте. Эфавиренздің АИТВ инфекциясы бар балалардағы болжамды тұрақты фармакокинетикасы*.
Дене салмағы |
Дозасы |
Орташа AUC(0-24), µM·сағ |
Орташа Cmax, µг/мл |
Орташа Cmin, µг/мл |
3.5-5 кг |
100 мг |
220.52 |
5.81 |
2.43 |
5-7.5 кг |
150 мг |
262.62 |
7.07 |
2.71 |
7.5-10 кг |
200 мг |
284.28 |
7.75 |
2.87 |
10-15 кг |
200 мг |
238.14 |
6.54 |
2.32 |
15-20 кг |
250 мг |
233.98 |
6.47 |
2.3 |
20-25 кг |
300 мг |
257.56 |
7.04 |
2.55 |
25-32.5 кг |
350 мг |
262.37 |
7.12 |
2.68 |
32.5-40 кг |
400 мг |
259.79 |
6.96 |
2.69 |
>40 кг |
600 мг |
254.78 |
6.57 |
2.82 |
* Дене салмағы 40 кг аз пациенттердегі дозасы тек ақпарат үшін көрсетілген.
Эфавирензді дене салмағына сәйкес баламалы 600 мг дозасында қабылдаған 49 педиатриялық пациентке жүргізілген зерттеулерден, Cmax 14.1 μM, Cmin - 5.6 μM, AUC – 216 μM/сағатты құрағаны анықталды. Эфавиренздің педиатриялық және ересек пациенттердегі фармакокинетикасы бірдей.
Фармакодинамикасы
Әсер ету механизмі. Эфавиренз - бұл адамдағы 1 типті иммун тапшылығы вирусының (АИТВ-1) кері транскриптазасының нуклеозидтік емес тежегіші (КТНЕТ). Эфавиренздің белсенділігі адамдағы иммун тапшылығы вирусының кері транскриптаза (КТ) ферментін тікелей бөгеуі түрткі болады. Эфавиренз адамдағы 2 типті иммун тапшылығы вирусының (АИТВ-2) КТ және адамның ДНҚ-полимеразасына (α, β, γ немесе δ) елеулі тежегіштік әсер бермейді.
Вирусқа қарсы белсенділігі. Эфавиренздің жабайы штамдарды зидовудин-резистентті зертханалық және клиникалық штамдарды in vitro 90-95 % бәсеңдету үшін қажетті бос концентрациясы, лимфобласттық жасуша желілерінде, шеткері қанның мононуклеарлық жасушаларында (ШҚМЖ) және макрофагтық/моноциттік өсірінділерде 0.46-дан 6.8 нМ дейінгі аралықта ауытқып тұрады.
Резистенттілігі. Жасуша өсірінділеріндегі эфавиренздің КТ 48, 108, 179, 181 немесе 236 позицияларындағы аминқышқылды алмастырылымдарымен немесе АИТВ-1 протеазасындағы аминқышқылды алмастырылымдарымен АИТВ-1 штамдарына қарсы тиімділігі вирустың жабайы штамдары үшін байқалғанға ұқсас болды. Жасуша өсіріндісіндегі эфавирензге ең жоғарғы резистенттілікке алып келген бір реттік алмастырылымдары, 100 позицияда лейциннің изолейцинге алмасуына (L100I, резистенттілігінің 17-22 есе жоғарылауына) және 103 қалыптағы лизиннің аспарагинге алмасуына (K103N, резистенттілігінің 18-33 есе жоғарылауына) сәйкес келді. КТ-дағы басқа аминқышқылды алмасуларға қосымша K103N экспрессиялайтын АИТВ мутацияларында, сезімталдықтың 100 еседен артық азайғаны байқалған.
K103N мутациясы индинавирмен немесе зидовудинмен+ламивудинмен біріктірілген эфавиренздің клиникалық зерттеулері барысында қайталанулар байқалған пациенттердің вирустық штамдарында анағұрлым жиі кездеседі. Бұл мутация вирусологиялық тиімсіздік білінген, эфавирензді қабылдаған пациенттердің 90 %-ында байқалған. Сондай-ақ, ОТ 98, 100, 101, 108, 138, 188, 190 немесе 225 позицияларда алмасулар байқалған, бірақ жиіліктері төмендеу болды, көбінесе олар тек K103N-мен біріктірілімде байқалған. КТ-дағы эфавирензге резистенттілікпен байланысты аминқышқылды алмасу мутациясы эфавирензен бір кешенде пайдаланылатын басқа антиретровирустық препараттарға (АРВП) тәуелді болмаған.
Айқаспалы резистенттілік. Жасуша өсіріндісіндегі эфавиренз, невирапин және делавирдин үшін айқаспалы резистенттілік бейіндері, АИТВ-1 K103N мутациясының барлық үш КТНЕТ сезімталдықтың жоғалуымен қатар жүретіндігін көрсетті. Сыналған, делавирдинге резистентті үш клиникалық штамның екеуі эфавирензге айқаспалы резистентті болып табылған және құрамында K103N мутациясы болған. КТ 236 позициясында алмасуы бар үшінші штамм эфавирензге айқаспалы резистентті болмаған.
Эфавирензге жүргізілген клиникалық сынақтарға қатысқан, емдеу нәтижесінің сәтсіздігін көрсеткен (вирустық жүктеменің жоғарылауы бойынша) пациенттердің ШҚМЖ бөлініп шыққан вирустық штамдардың КТНЕТ сезімталдығы бағаланды. Бұрын эфавирензге резистенттілер ретінде сипатталған он үш штамм невирапин мен делавирдинге де резистентті болып табылды. Аталған КТНЕТ-резистентті штамдардың бесеуінде K103N немесе КТ 108 позициясында (V108I) валин–изолейцин алмасуы бар. Зерттеліп отырған, эфавирензбен емдеудің сәтсіз нәтижесіне алып келген штамдардың үшеуі жасуша өсіріндісіндегі эфавирензге сезімтал күйінде қалды және невирапин мен делавирдинге де сезімтал болып шықты.
Түрлі нысана-ферменттердің болуы салдарынан, эфавиренз бен протеазалар тежегіштері (ПТ) арасындағы айқаспалы резистенттілік ықтималдығы төмен болып табылады. Нысанамен байланысатын түрлі бөліктерінің болуы салдарынан, эфавиренз бен КТ нуклеозидтік тежегіштері арасында айқаспалы резистенттіліктің де болу ықтималдығы аз.
Қолданылуы
- ересектерде, жасөспірімдер мен 6 жастан асқан балалардағы АИТВ-1 инфекциясында, вирусқа қарсы біріктірілген емнің құрамында
Қазіргі кезде АИТВ-инфекциясының өршіген сатысы бар пациенттерде CD4 саны <50 жасуша/мм3 немесе протеазалар тежегішімен (ПТ) емдеу тиімсіз болған жағдайда Эстива-600 препаратының қолданылуы туралы мәліметтер жоқ,. Эстива-600 бен ПТ арасындағы айқаспалы резистенттілік ықтималдылығы дәлелденбеген, сондықтан, Эстива-600 препаратымен емдеудің тиімсіздігінен кейінгі ПТ біріктірілген емнің тиімділігі белгісіз.
Қолдану тәсілі және дозалары
Емді АИТВ инфекциясын емдеуде тәжірибесі бар дәрігер тағайындауы тиіс.
Біріктірілген антиретровирустық ем
Эстива-600 препаратын басқа антиретровирустық препараттармен біріктіріп тағайындау керек.
Эстива-600 препаратын аш қарында қабылдау ұсынылады. Эстива-600 препаратын тамақтану кезінде қолданғаннан кейін байқалған эфавиренз концентрациясының жоғарылаулары, жағымсыз реакциялардың туындау жиілігінің артуына алып келуі мүмкін.
Жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлеріне қатысты көтерімділігін жақсарту үшін, препаратты ұйықтар алдында қабылдау ұсынылады.
Ересектер, балалар және жасөспірімдер (6 жас пен 17 жас аралығындағы, дене салмағы ≥40 кг)
Эстива-600 препаратының кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштерімен (КТНТ) біріктіріліп немесе протеаза тежегішінсіз (ПТ) ұсынылатын дозасы тәулігіне 1 рет пероральді 600 мг құрайды.
Дозасын түзету. Эстива-600 препаратын вориконазолмен бір мезгілде қолданғанда, вориконазолдың демеуші дозасын әр 12 сағат сайын 400 мг дейін арттыру, ал Эстива-600 препаратының дозасын 50%-ға, яғни, тәулігіне 1 рет 300 мг дейін азайту керек. Вориконазолмен емдеу тоқтатылғаннан кейін, эфавирензді бастапқыдағыдай дозасында қабылдау керек.
Егер Эстива-600 препараты рифампицинмен бір мезгілде қолданылса, Эстива-600 препаратының дозасын тәулігіне 800 мг дейін арттыру туралы мәселені қарастыруға болады.
Айрықша топтар
Бүйрек функциясының бұзылуы
Несеппен өзгеріссіз күйде эфавиренз дозасының 1%-ынан азы шығарылады, сондықтан, эфавиренздің шығарылуына бүйрек функциясы бұзылуының әсері өте аз болуы тиіс.
Бауыр функциясының бұзылуы
Бауырдың ауырлық дәрежесі жеңіл аурулары бар пациенттер Эстива-600 препаратын әдеттегі ұсынылған дозасында қабылдауына болады. Дозасына тәуелді жағымсыз реакцияларын, әсіресе, жүйке жүйесі тарапынан симптомдарды анықтау үшін, пациенттердің жағдайын мұқият қадағалау керек.
Жағымсыз әсерлері
Емдеу режимімен байланысты болуы мүмкін және біріктірілген емнің құрамында ұсынылған дозасындағы эфавиренздің клиникалық зерттеулерінде хабарланған орташа немесе ауыр дәрежедегі жағымсыз құбылыстар төменде келтірілген.
Құбылыстардың жиілігі келесі болжамдардың көмегімен анықталады: өте жиі (≥1/10); жиі (≥1/100 < 1/10); жиі емес (≥ 1/1000 < 1/100); сирек (≥ 1/10000 < 1/1 000); өте сирек (< 1/10000).
Өте жиі
- бөртпе
Жиі
- патологиялық түстер көру, зейін қоюдың бұзылысы немесе зейін қоюдың нашарлауы бас айналуы, бас ауыруы, ұйқысыздық, ұйқышылдық, мишықтық қимыл-қозғалыс үйлесімі мен тепе-теңдіктің бұзылуы, депрессия
- іш ауыруы, диарея, жүрек айнуы, құсу, тәбеттің болмауы
- қышыну, бөртпе, терінің қабыршықтануы, терінің қызаруы, ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі макулопапулалық тері бөртпелері
- қатты қажу, әлсіздік
- иммундық жүйе тарапынан бұзылулар
- аллергиялық реакциялар
- мазасыздық, депрессия
- гипертриглицеридемия, инсулиндік резистенттілік, гипергликемия және гиперлактацемия, гиперхолестеринемия
- АСТ және АЛТ белсенділігінің жоғарылауы, гаммаглютамилтрансфераза (ГГТ) жоғарылауы
- липодистрофия және метаболизмдік бұзылулар
Жиі емес
-
құлақтағы шыңыл, вертиго
-
қан тебулер
- амнезия, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, атаксия, сананың шатасуы, құырсулар, патологиялық ойлау, тремор
- бұлыңғыр көру немесе нашар көру
- жедел панкреатит, сарысу амилазасы белсенділігінің асимптоматикалық жоғарылауы
- экссудативтік полиморфты эритема, Стивенс-Джонсон синдромы
- жедел гепатит
- гиперхолестеринемия
- гинекомастия
- миалгия, артралгия, миопатия, остеонекроз
- аффективтік орнықсыздық, сананың шатасуы, эйфориялық көңіл-күй, елестеулер, психоз, суицидтік идеялар, озбыр мінез-құлық, параноидтық реакциялар, маниакальді реакциялар, ажитация, амнезия, патологиялық ойлау
Сирек
- гипестезия, парестезия, нейропатия
- ысыну сезімі, қызба
- іш қатуы
- еліру, невроз, ауыр депрессия, пациенттердің өзін-өзі өлтіруге ниеттенуі, өліммен аяқталмаған өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері, озбыр мінез-құлық
- фотоаллергиялық дерматит, эксфоллиативтік дерматит
- ентігу, тахикардия
- бауыр жеткіліксіздігі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- бауыр функциясының ауыр бұзылулары (Чайлд-Пью шкаласы бойынша С класы)
- эфавирензді терфенадинмен, астемизолмен, цизапридпен, мидазоламмен, триазоламмен, пимозидпен, бепридилмен немесе қастауыш алкалоидтарымен (мысалы, эрготамин, дигидроэрготамин, эргоновин, метилэргоновин) бір мезгілде қабылдау (эфавиренздің CYP3А4 бәсекелестігіне байланысты)
- құрамыында шілтер жапырақты шайқурай (Hypericum perforatum) бар препараттармен
- тұқым қуалайтын галактозаны/лактозаны көтере алмаушылық, лактаза тапшылығы, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы синдромы
- жүктілік және лактация кезеңі
- 6 жасқа толмаған, дене салмағы 40 кг аз балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Эстива-600 препаратының плазмадағы концентрациялары CYP3A4 субстраттарының, тежегіштерінің немесе индукторларының әсерінен өзгеруі мүмкін. Өз кезегінде, Эстива-600 препараты CYP3A4 немесе CYP2B6 изоферменттерінің индукциялануы салдарынан, аталған изоферменттер үшін субстраттар болып табылатын препараттардың плазмадағы концентрацияларын өзгертуге қабілетті. Эстива-600 препаратын CYP3A4 субстраттарымен бірге қабылдағанда, препараттар деңгейлері концентрациясының жоғарылауы және ауыр және өмірге қауіп төндретін жағдайлардың (жүрек аритмиясы, ұзаққа созылатын жайбарақаттандыру әсері, тыныстың тарылуы) даму қаупінің жоғарылауы салдарынан емдеудің алғашқы күндері шараларын сақтау қажет. Эфавирензді қастауыш туындылары (дигидроэрготамин, эргоновин, эрготамин, метилэргоновин) сияқты препараттармен, мидазоламмен, триазоламмен, бепридилмен, цизапридпен және пимозидпен бірге қолданғанда сақтық таныту керек.
Эфавиренз экспозициясы CYP3A4 белсенділігіне әсер ететін басқа препараттармен немесе өнімдермен (мысалы, грейпфрут шырыны) бірге қабылдағанда да өзгеруі мүмкін.
Шайқурай (Hypericum perforatum)
Эфавиренздің қан плазмасындағы концентрацияларының төмендеуі және клиникалық тиімділігінің азаюы мүмкіндігіне байланысты, эфавиренз бен шайқурайды немесе құрамында шайқурай бар өсімдік текті препараттарды бір мезгілде қолдануға болмайды. Егер пациент шайқурай препаратын бұрыннан қабылдап жүрген болса, оның қолдануды тоқтату және вирустық жүктемесін, сондай-ақ, еер мүмкін болса, эфавиренз концентрациясын тексеру керек. Шайқурай препаратының индукциялайтын әсері, қабылдау тоқтатылғаннан кейін кемінде 2 апта бойы сақталуы мүмкін.
Басқа өзара әрекеттесулер
Эфавиренз бен АИТВ протеазасы тежегіштері, АИТВ протеазасы тежегіштерінен өзге, басқа антиретровирустық препараттар арасындағы эфавиренз бен антиретровирустық препараттар тобына жатпайтын дәрілік препараттар арасындағы өзара әрекеттесулер төменде келтірілген 2 кестеде көрсетілген. Көрсеткіш мәнінің артуы «↑» бағыттағыш тілімен, мәннің азаюы — «↓» бағыттағыш тілімен, егер көрсеткіш өзгеріссіз қалса — «↔» бағыттағыш тілімен белгіленеді. Қажет болған жағдайда, 90% және 95% сенімді аралықтар жақшаның ішінде берілген. Егер, арнайы басқаша ақпарат туралы сөз қозғалмаса, әдетте, зерттеулер дені сау еріктілерге жүргізілген.
2 кесте. Эфавиренз бен басқа дәрілік заттар арасындағы өзара әрекеттесулер
Дәрілік препараттар (дозалары) |
AUC, Cmax, Cmin (%) динамикасы және егер, қолданылатын болса, сенімді аралықтара (механизмі) |
Эфавирензбен бір мезгілде қабылдануы мүмкіндігіне қатысты ұсынымдар |
||
Вирусқа қарсы [АИТВ] дәрілер |
||||
АИТВ протеаза тежегіштері |
||||
Атазанавир/ритонавир/ эфавиренз (400 мг тәулігіне 1 рет/200 мг тәулігіне 1 рет/600 мг тәулігіне 1 рет), все препараты принимались во время приема пищи) |
Атазанавир: AUC: ↔* (↓ 9- ↑10 дейін), Cmax: ↑17 % (↑8- ↑27 дейін), Cmin: ↓42 % (↓31- ↓51 дейін) |
Эфавирензді атазанавирмен/ритонавирмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Егер атазанавирді КТНЕТ бірге тағайындау қажет болса, мұқият клиникалық мониторинг жүргізілуін қамтамасыз ете отырып, эфавирензбен біріктірілген атазанавир мен ритонавирдің дозасын сәйкесінше 400 мг және 200 мг дейін арттырудың талапқа сай екендігін қарастыру қажет. |
||
Атазанавир/ритонавир/ эфавиренз (400 мг тәулігіне 1 рет/200 мг тәулігіне 1 рет/600 мг тәулігіне 1 рет), препараттардың барлығы ас ішу кезінде қабылданды) |
Атазанавир: AUC: ↔*/** (↓10- ↑26 дейін), Cmax: ↔*/** (↓5- ↑26 дейін), Cmin: ↑12 %*/** (↓16- ↑49 дейін) (CYP3A4 индукциясы). *Тәулігіне 1 рет эфавирензсіз 300 мг атазанавирмен / 100 мг ритонавирмен салыстырғанда. Атазанавирдің Cmin мұндай төмендеуі атазанавирдің тиімділігіне теріс әсер етуі мүмкін. **Тарихи салыстыруға негізделген. |
|||
Дарунавир/ритонавир/ эфавиренз (300 мг тәулігіне 2 рет*/100 мг тәулігіне 2 рет/600 мг тәулігіне 1 рет) * ұсынылған дозасынан төмен. Мұндай нәтижелер ұсынылған дозаларында қолданғанда да болуы мүмкін деп күтіледі. |
Дарунавир: AUC: ↓13 %, Cmin: ↓31 %, Cmax: ↓15% (CYP3A4 индукциясы) Эфавиренз: AUC: ↑21 %, Cmin: ↑17 %, Cmax: ↑15% (CYP3A4 тежеуі) |
Эфавиренз бен дарунавирді/ритонавирді (800 мг/ 100 мг тәулігіне 1 рет) бір мезгілде қабылдау дарунавирдің Cmin төмендеуіне алып келуі мүмкін. Егер эфавирензді дарунавирмен/ритонавирмен бір мезгілде қолдану қажет болса, дарунавир/ритонавир біріктірілімін тәулігіне 2 рет 600 мг/ 100 мг режимінде қолдану керек. Алайда, мұндай біріктірілімін сақтықпен тағайындау керек. Төменнен ритонавир жөніндегі ақпаратты да қараңыз. |
||
Фосампренавир/ритонавир/ эфавиренз (700 мг тәулігіне 2 рет/100 мг тәулігіне 2 рет/600 мг тәулігіне 1 рет) |
Клиникалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталмаған. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. Төменнен ритонавир жөніндегі ақпаратты да қараңыз. |
||
Фосампренавир/нелфинавир/ эфавиренз |
Өзара әрекеттесуі зерттелмеген. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
||
Фосампренавир/саквинавир/ эфавиренз |
Өзара әрекеттесуі зерттелмеген. |
Мұндай біріктірілімді пайдалану ұсынылмайды, өйткені, АИТВ протеазасы тежегіштерінің екеуінің де концентрациясының едәуір төмендеуі күтіледі. |
||
Индинавир/эфавиренз (800 мг әр 8 сағат сайын/200 мг тәулігіне 1 рет) |
Индинавир: AUC: ↓31 % (8- 47% дейін), Cmin: ↓40 %. Осыған ұқсас, индинавирдің Cmin төмендеуі, индинавир әр 8 сағат сайын 1000 мг дозада тәулігіне 1 рет 600 мг эфавирензбен бірге тағайындалғанда байқалды. (CYP3A4 индукциясы) Эфавиренз: клиникалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталмаған. |
Индинавир концентрациясы төмендеуінің клиникалық тұрғыдан маңыздылығы анықталмаса да, байқалған фармакокинетикалық өзара әрекеттесу, эфавиренз бен индинавир бір мезгілде кірістірілген емдеу режимін таңдаған кезде ескерілуі тиіс. Егер эфавиренз индинавирмен немесе индинавирмен/ритонавирмен бірге тағайындалса, оның дозасын түзету қажет емес. Төменнен ритонавир жөніндегі ақпаратты да қараңыз. |
||
Индинавир/ритонавир/ эфавиренз (тәулігіне 2 рет 800 мг / тәулігіне 2 100 мг рет/ тәулігіне 1 рет 600 мг) |
Индинавир: AUC: ↓25 % (↓16- ↓32 дейін)b, Cmax: ↓17 % (↓6- ↓26 дейін)b, Cmin: ↓50 % (↓40- ↓59 дейін)b Эфавиренз: клиникалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталмаған. |
Жоғарыдан қараңыз. |
||
Ішке қабылдауға арналған жұмсақ капсулалар немесе ерітінді түріндегі лопинавир/ритонавир/эфавиренз |
Лопинавир экспозициясының едәуір төмендеуі. |
Эфавирензбен бір мезгілде тағайындағанда, ішке қабылдауға арналған жұмсақ капсулалар немесе ерітінді түріндегі лопинавир мен ритонавирдің дозаларын 33%-ға (тәулігіне 2 рет 3 капсула/5 мл орнына тәулігіне 2 рет 4 капсуладан/~6,5 мл) арттырудың талапқа сай болатындығын қарастыру керек. Алайда, дозасының бұлай түзетілуі кейбір пациенттер үшін жеткіліксіз болып шығуы мүмкін болғандықтан, сақтық таныту керек. Таблеткалар түріндегі лопинавир мен ритонавирдің дозасы тәулігіне 1 рет 600 мг эфавирензбен бір мезгіле қолданылғанда, тәулігіне 2 рет 500/125 мг дейін арттырылуы тиіс. Төменнен ритонавир жөніндегі ақпаратты да қараңыз. |
||
Лопинавир/ таблеткалар түріндегі ритонавир + эфавиренз (тәулігіне 2 рет 400/100 мг + тәулігіне 1 рет 600 мг тәулігіне 2 рет 500/125 мг + тәулігіне 1 600 мг рет) |
Лопинавирдің концентрациясы: ↓30-40 % Лопинавирдің тәулігіне 2 рет 500/125 мг + тәулігіне 1 рет 600 мг қабылдағаннан кейінгі концентрациясы тәулігіне 2 рет 400/100 мг лопинавирді/ритонавирді эфавирензсіз қабылдағаннан кейінгі осындайға ұқсас. |
|||
Нелфинавир/эфавиренз (әр 8 сағат сайын 750 мг / тәулігіне 1 рет 600 мг) |
Нелфинавир: AUC: ↑20 % (↑8- ↑34 дейін), Cmax: ↑21 % (↑10- ↑33 дейін) Бұл біріктірілім әдетте жақсы көтерімді. |
Препараттарды дозалау режимін түзету қажет емес. |
||
Ритонавир/эфавиренз (тәулігіне 2 рет 500 мг / тәулігіне 1 рет 600 мг) |
Ритонавир: AUC таңертең : ↑18 % (↑6- ↑33 дейін). AUC кешке: ↔. Cmax таңертең: ↑24 % (↑12- ↑38 дейін). Cmax кешке: ↔. Cmin таңертең: ↑42 % (↑9- ↑86 дейін)b. Cmin кешке: ↑24 % (↑3- ↑50 дейін)b. Эфавиренз: AUC: ↑21 % (↑10- ↑34 дейін), Cmax: ↑14 % (↑4- ↑26 дейін), Cmin: ↑25 % (↑7- ↑46 дейін)b (CYP-түрткі болатын метаболизмінің тежелуі). Эфавирензді ритонавирмен біріктіріп тәулігіне 2 рет 500 мг немесе 600 мг-ден қабылдағанда, көтерімділігі нашар болған (мысалы, бас айналуы, жүрек айнуы, парестезия, «бауыр» ферменттер белсенділігінің жоғарылауы байқалған). Эфавиренздің төмен дозалардағы (тәулігіне 1 немесе 2 рет 100 мг) ритонавирмен біріктірілгендегі көтерімділігі туралы мәліметтер жеткіліксіз. |
Эфавирензді төмен дозалардағы ритонавирмен тағайындаған кезде, ықтимал фармакодинамикалық өзара әрекеттестіктің салдарынан эфавирензбен байланысты жағымсыз құбылыстардың жиілігі артуы мүмкіндігін ескеру керек. |
||
Саквинавир/ритонавир/ эфавиренз |
Өзара әрекеттесуі зерттелмеген |
Деректердің жоқтығына байланысты, дозалау режимін өзгертуге қатысты ұсынымдар беру мүмкін емес. Эфавирензді АИТВ протеазасының жалғыз тежегіші ретінде қолданылатын саквинавирмен бірге қолдану ұсынылмайды. |
||
CCR5 хемокиндік рецепторларының антагонистері |
||||
Маравирок/эфавиренз (тәулігіне 2 рет 100 мг / тәулігіне 1 рет 600 мг) |
Маравирок: AUC12: ↓45 % (↓38- ↓51 дейін), Cmax: ↓51 % (↓37- ↓62 дейін) Эфавиренз концентрациялары өлшенген жоқ, өзара әрекеттесуі күтілмейді. |
Құрамына маравирок кіретін дәрілік препараттарды медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз. |
||
АИТВ интегразасының тежегіші |
||||
Ралтегравир/эфавиренз (400 мг бір реттік дозасы/-) |
Ралтегравир: AUC: ↓36 % C12: ↓21 %, Cmax: ↓36 % (UGT1A1 индукциясы) |
Ралтегравирдің дозасын түзету қажет емес. |
||
Кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштері (КТНТ) және кері транскриптазаның нуклеозидтік емес тежегіштері (КТНЕТ) |
||||
КТНТ/эфавиренз |
Ламивудинмен, зидовудинмен және тенофовир дизопроксил фумаратымен өзара әрекеттесулерінен басқа, эфавиренз бен КТНТ тобына жататын препараттардың өзара әрекеттесулеріне зерттеулер жүргізілмеген. Клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесулері күтілмейді, өйткені КТНТ тобына жататын препараттардың метаболизмі эфавиренз үшін осындайдан өзгеше жолмен жүреді, және олардың бір метаболиздеуші ферменттер мен шығарылу жолдары үшн бәсекелесу ықтималдықтары аз. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
||
КТНЕТ/эфавиренз |
Өзара әрекеттесуі зерттелмеген |
Екі КТНЕТ қолдану тиімділігі тұрғысынан артықшылықты қамтамасыз етпейтіндіктен, эфавиренз бен КТНЕТ тобына жататын басқа дәрілік затты бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. |
||
C гепатитін емдеуге арналған Вирусқа қарсы дәрілік заттар |
||||
Боцепревир/эфавиренз (тәулігіне 3 рет 800 мг / тәулігіне 1 рет 600 мг) |
Боцепревир: AUC: ↔ 19%, Cmax: ↔ 8%, Cmin: ↓44% (CYP3A индукциясы) Эфавиренз: AUC: ↔ 20%, Cmax: ↔ 11% |
Қан плазмасындағы боцепревир концентрациясы азаюының клиникалық маңыздылығы анықталмаған. |
||
Телапревир/эфавиренз (әр 8 сағат сайын 1125 мг / тәулігіне 1 рет 600 мг) |
Телапревир (әр 8 сағат сайын 750 мг дозасына қатысты): AUC: ↓18% (↓8- ↓27 дейін), Cmax: ↓14% (↓3- ↓24 дейін), Cmin: ↓25% 4- ↓34 дейін)% Эфавиренз: AUC: ↓18% (↓10- ↓26 дейін), Cmax: ↓24% (↓15- ↓32 дейін), Cmin: ↓10% (↑1- ↓19 дейін)% (эфавирензді қабылдау аясындағы CYP3A индукциясы) |
Эфавиренз бен телапревирді бір мезгілде қабылдағанда, соңғысының дозасын әр 8 сағат сайын 750 мгден 1125 мг дейін арттыру керек. |
||
Антибиотиктер |
||||
Азитромицин/эфавиренз (тәулігіне 1 рет 600 мг / тәулігіне 1 рет 400 мг) |
Клиникалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталмаған. |
Дозалау режимін түзету қажет емес |
||
Кларитромицин/эфавиренз (500 мг тәулігіне 2 рет/400 мг тәулігіне 1 рет) |
Кларитромицин: AUC: ↓39 % (↓30- ↓46 дейін), Cmax: ↓26 % (↓15- ↓35 дейін) Кларитромициннің 14-гидроксиметаболиті: AUC: ↑34 % (↑18- ↑53 дейін), Cmax: ↑49 % (↑32- ↑69 дейін) Эфавиренз: AUC: ↔, Cmax: ↑11 % (↑3- ↑19 дейін) (CYP3A4 индукциясы) Тері бөртпесі эфавиренз бен кларитромицинді бір мезгілде қабылдаған, инфекция жұқтырмаған 46% еріктіде байқалған. |
Плазмадағы кларитромицин концентрациясы өзгерістерінің клиникалық маңыздылығы анықталмаған. Кларитромициннің орнына басқа антибиотикті, мысалы, азитромицинді қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Эфавирензді дозалау режимін түзету қажет емес. |
||
Макролидтер тобының басқа антибиотиктері (мысалы, эритромицин)/эфавиренз |
Өзара әрекеттесуі зерттелмеген. |
Дозалау режимі жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуге мүмкіндік беретін мәліметтер жоқ. |
||
Туберкулезге қарсы дәрілік заттар |
||||
Рифабутин/эфавиренз (300 мг тәулігіне 1 рет/600 мг тәулігіне 1 рет) |
Рифабутин: AUC: ↓38 % (↓28- ↓47 дейін), Cmax: ↓32 % (↓15- ↓46 дейін), Cmin: ↓45 % (↓31- ↓56 дейін) Эфавиренз: AUC: ↔, Cmax: ↔, Cmin: ↓12 % (↓24- ↑1 дейін) (CYP3A4 индукциясы) |
Егер эфавирензбен бір мезгілде қолдану жоспарланса, рифабутиннің тәуліктік дозасы 50%-ға арттырылуы тиіс. Рифабутинді эфавирензбен біріктіріп аптасына 2 немесе 3 рет қолданғанда рифабутиннің дозасын арттырудың талапқа сай болатындығын да қарастыру керек. |
||
Рифампицин/эфавиренз (600 мг тәулігіне 1 рет/600 мг тәулігіне 1 рет) |
Эфавиренз: AUC: ↓26 % (↓15- 36 дейін), Cmax: ↓20 % (↓11- ↓28 дейін), Cmin: ↓32 % (15- ↓46 дейін) (CYP3A4 және CYP2B6 индукциясы) |
Егер эфавиренз дене салмағы 50 кг және одан асатын пациенттерде рифампицинмен бір мезгілде қолданылса, эфавирензді 600 мг тәуліктік дозасында рифампицинсіз қолданғандағы осындайға ұқсас экспозициясын қамтамасыз ету үшін, эфавиренздің тәуліктік дозасын 800 мг дейін арттыру керек. Эфавирензді дозалау режимінің бұлай түзетілуінің клиникалық әсері соңына дейін зерттелмеген. Дозасын түзеткен кезде жекелей көтерімділігі мен вирусологиялық жауапты да ескеру керек. Рифампицинді дозалау режимін түзету қажет емес. |
||
Зеңге қарсы дәрілік заттар |
||||
Итраконазол/эфавиренз әр 12 сағат сайын 200 мг / тәулігіне 1 рет 600 мг) |
Итраконазол: AUC: ↓39 % (↓21- ↓53 дейін), Cmax: ↓37 % (↓20- ↓51 дейін), Cmin: ↓44 % (↓27- ↓58 дейін) (итраконазол концентрацияларының төмендеуіне эфавирензді қабылдау аясындағы CYP3A4 индукциясы түрткі болады) Гидроксиитраконазол: AUC: ↓37 % (↓14- ↓55 дейін), Cmax: ↓35 % (↓12- ↓52 дейін), Cmin: ↓43 % (↓18- ↓60 дейін) Эфавиренз: Клиникалық тұрғыдан маңызды өзгерістері анықталмаған. |
Итраконазолды дозалау режимін өзгерту жөніндегі ұсынымдарды беру мүмкін болмағандықтан, зеңге қарсы баламалы препараттарды қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. |
||
Позаконазол/эфавиренз/ тәулігіне 1 рет 400 мг |
Позаконазол: AUC: ↓50%, Cmax: ↓45 % (УДФ-глюкурондануының индукциясы). |
Егер тек пациент үшін күтілетін пайдасы мүмкін болатын қаупінен асып түспесе, позаконазол мен эфавиренздің бір мезгілде қолданылуын болдырмау керек. |
||
Вориконазол/эфавиренз (200 мг тәулігіне 2 рет/400 мг тәулігіне 1 рет) Вориконазол/эфавиренз (тәулігіне 2 рет 400 мг / тәулігіне 1 рет 300 мг) |
Вориконазол: AUC: ↓77 %, Cmax: ↓61 % Эфавиренз: AUC: ↑44 %, Cmax: ↑38 % Вориконазол: AUC: ↓7 % (↓23- ↑13 дейін)*, Cmax: ↑23 % (↓1- ↑53 дейін)* Эфавиренз: AUC: ↑17 % (↑6- ↑29 дейін)**, Cmax: ↔ *Монотерапияда тәулігіне 2 рет 200 мг қолданғанда **Монотерапияда қолданылған тәулігіне 1 рет 600 мг салыстырғанда (тотығу метаболизмінің бәсекелес тежелуі) |
Эфавирензді вориконазолмен бір мезгілде қолданғанда вориконазолдың демеуші дозасы тәулігіне 2 рет 400 мг дейін арттырылуы, ал эфавиренздің дозасы 50%-ға, яғни, тәулігіне 1 рет 300 мг дейін азайтылуы тиіс. Егер вориконазолды қолдану тоқтатылатын болса, онда эфавиренздің дозасы бастапқысына дейін қалпына келтірілуі тиіс. |
||
Флуконазол/эфавиренз (200 мг тәулігіне 1 рет/400 мг тәулігіне 1 рет) |
Клиникалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталмаған. |
Дозалау режимін түзету қажет емес |
||
Кетоконазол және зеңге қарсы басқа дәрілер – имидазол туындылары |
Өзара әрекеттесуі зерттелмеген. |
Дозалау режимі жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуге мүмкіндік беретін мәліметтер жоқ |
||
Безгекке қарсы дәрілік заттар |
||||
Артеметер/люмефантрин + эфавиренз (20/120 мг, 3 күн бойы 4 таблеткадан 6 рет қабылдау/ тәулігіне 1 рет 600 мг) |
Артеметер: AUC: ↓51%, Cmax: ↓21% Дигидроартемизинин: AUC: ↓46%, Cmax: ↓38% Люмефантрин: AUC: ↓21%, Cmax: ↔ Эфавиренз: AUC: ↓17%, Cmax: ↔ (CYP3A4 индукциясы) |
Эфавирензбен бір мезгілде қолданғанда артеметер мен люмефантрин концентрациясының төмендеуі салдарынан, безгекке қарсы әресері төмендеуі мүмкін. Эфавирензді артеметермен және люмефантринмен бір мезгілде қолданғанда, сақтық таныту керек. |
||
Атовахон/прогуанил/ эфавиренз (бір рет 250/100 мг /600 мг тәулігіне 1 рет) |
Атовахон: AUC: ↓75% (↓62- ↓84 дейін), Cmax: ↓44% (↓20- ↓61 дейін) Прогуанил: AUC: ↓43% (↓7- ↓65 дейін), Cmax: ↔ |
Мүмкіндігінше, атовахон/ Прогуанилдің эфавирензбен бір мезгілде қолданылуын болдырмау керек. |
||
Антацидтік дәрілік заттар |
||||
Құрамында алюминий гидроксиді – магний гидроксиді – симетикон бар антацидтер, /эфавиренз (30 мл бір реттік дозасы /400 мг бір реттік дозасы) Фамотидин/эфавиренз (40 мг бір реттік дозасы / 400 мг бір реттік дозасы) |
Антацидтер де, фамотидин де эфавиренздің сіңірілуіне жағымсыз әсер етпейді. |
Эфавирензді асқазан ішіндегісінің рН әсер ететін дәрілік заттармен қолданғанда, эфавиренздің сіңірілу қабілетінің өзгеру ықтималдығы аз. |
||
Анксиолитиктер |
||||
Лоразепам/эфавиренз (2 мг бір реттік дозасы/ тәулігіне 1 рет 600 мг) |
Лоразепам: AUC: ↑7 % (↑1- ↑14дейін ), Cmax: ↑16 % (↑2- ↑32 дейін) Бұл өзгерістер ешбір жағдайда клиникалық тұрғыдан маңызды деп бағаланбайды. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
||
Антикоагулянттар |
||||
Варфарин/эфавиренз Аценокумарол/эфавиренз |
Өзара әрекеттесуі зерттелмеген. Эфавиренздің әсеріне варфарин немесе аценокумаролдың концентрациясы мен әсерлері артуы да, азаюы да мүмкін. |
Эфавирензбен бірге қабылдау аясында варфариннің немесе аценокумаролды дозалау режимін түзету қажет болуы мүмкін. |
||
Құрысуға қарсы дәрілік заттар |
||||
Карбамазепин/эфавиренз (тәулігіне 1 рет 400 мг / тәулігіне 1 рет 600 мг) |
Карбамазепин: AUC: ↓27 % (↓20- ↓33 дейін), Cmax: ↓20 % (↓15- ↓24 дейін), Cmin: ↓35 % (↓24- ↓44 дейін) Эфавиренз: AUC: ↓36 % (↓32- ↓40 дейін), Cmax: ↓21 % (↓15- ↓26 дейін), Cmin: ↓47 % (↓41- ↓53 дейін) (CYP3A4 индукциясы салдарынан карбамазепин концентрациясының төмендеуі; CYP3A4 пен CYP2B6 индукциясы салдарынан эфавиренз концентрациясының төмендеуі). Карбамазепиннің фармакологиялық тұрғыдан белсенді метаболиті эпоксидтің Css, AUC, Cmax және Cmin өзгеріссз күйінде қалады. Эфавиренздің жоғары дозалары мен карбамазепинді қабылдаудың фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі зерттелмеген. |
Дозалау режимі жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуге негіз болатын мәліметтер жоқ. Құрысуға қарсы басқа дәрінің қолданылуы мүмкіндігін қарастыру керек. Қан плазмасындағы карбамазепин концентрациясын мезгіл-мезгіл бақылап отыру ұсынылады. |
||
Фенитоин, фенобарбитал және CYP450 изоферменттерінің субстраттары болып табылатын, құрысуға қарсы басқа дәрілік заттар |
Өзара әрекеттесуі зерттелмеген. Егер жоғарыда аталған препараттар эфавирензбен бір мезгілде қолданылса, фенитоиннің, фенобарбиталдың және CYP450 изоферменттерінің субстраттары болып табылатын, құрысуға қарсы басқа дәрілік заттардың қан плазмасындағы концентрациялары азаюы да, артуы да мүмкін. |
Егер эфавиренз CYP450 изоферменттерінің субстраттары болып табылатын, құрысуға қарсы препараттармен бір мезгілде қолданылса, құрысуға қарсы препараттардың қандағы концентрацияларына мезгіл-мезгіл мониторинг жүргізу қажет. |
||
Вальпрой қышқылы /эфавиренз (тәулігіне 2 рет 250 мг / тәулігіне 1 рет 600 мг) |
Эфавиренздің фармакокинетикасына клиникалық тұрғыдан маңызды әсері анықталмаған. Шектеулі мәліметтер, вальпрой қышқылының фармакокинетикасына клиникалық тұрғыдан маңызды әсері жоқ екендігін көрсетеді. |
Эфавиренздің дозасын түзету қажет емес. Құрысу ұстамаларының бақылануы үшін, пациенттер қадағалауда болуы тиіс. |
||
Вигабатрин/эфавиренз Габапентин/эфавиренз |
Өзара әрекеттесуі зерттелмеген. Клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесулерінің ықтималдығы аз, өйткені, вигабатрин мен габапентин тек қана бүйрек арқылы, өзгеріссіз күйінде шығарылады және эфавирензді метаболиздейтін ферменттермен және шығарылу жолдарымен бәсекелесуі екіталай. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
||
Антидепрессанттар |
||||
Серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері |
||||
Сертралин/эфавиренз (50 мг тәулігіне 1 рет/600 мг тәулігіне 1 рет) |
Сертралин: AUC: ↓39 % (↓27- ↓50 дейін), Cmax: ↓29 % (↓15- ↓40 дейін), Cmin: ↓46 % (↓31- ↓58 дейін) Эфавиренз: AUC: ↔, Cmax: ↑11 % (↑6- ↑16 дейін), Cmin: ↔ (CYP3A4 индукциясы) |
Сертралиннің дозасын арттыру клиникалық жауапты ескере отырып жүргізілуі тиіс. Эфавиренздің дозасын түзету қажет емес. |
||
Пароксетин/эфавиренз (тәулігіне 1 рет 20 мг / тәулігіне 1 рет 600 мг) |
Клиникалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталмаған. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
||
Флуоксетин/эфавиренз |
Өзара әрекеттесуі зерттелмеген. Флуоксетин үшін де пароксетиндікіндей метаболизмдік бейім тән, яғни, ол CYP2D6 күшті тежегіші болып табылатын болғандықтан, флуоксетиннің де эфавирензбен өзара әрекеттеспейтіндігін күтуге болады. |
Дозалау режимін түзету қажет емес |
||
Катехоламиндерді (норадреналин, допамин) кері қармаудың селективті тежегіштері |
||||
Бупропион/эфавиренз (150 мг бір реттік дозасы (ұзақ әсер ететін)/ тәулігіне 1 рет 600 мг) |
Бупропион: AUC: ↓55% (↓48- ↓62 дейін), Cmax: ↓34% (↓21- ↓47 дейін) Гидроксибупропион: AUC: ↔, Cmax: ↑50% (↑20- ↑80 дейін) (CYP2B6 индукциясы) |
Бупропионның дозасын арттыру клиникалық жауапты ескере отырып жүргізілуі тиіс, алайда, дозасы ұсынылған ең жоғарғы дозасынан аспауы тиіс. Эфавиренздің дозасын түзету қажет емес. |
||
Н1-гистаминдік рецепторлардың блокаторлары |
||||
Цетиризин/эфавиренз (бір рет 10 мг / 600 мг тәулігіне 1 рет) |
Цетиризин: AUC: ↔ Cmax: ↓24% (↓18% - ↓30% дейін) Аталған өзгерістер клиникалық тұрғыдан маңызды деп бағаланбайды. Эфавиренз: клиникалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталмаған. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
||
Жүрек-қантамырлық препараттар |
||||
"Баяу" кальций өзекшелерінің блокаторлары (БКӨБ) |
||||
Дилтиазем/эфавиренз (240 мг тәулігіне 1 рет/600 мг тәулігіне 1 рет) |
Дилтиазем: AUC: ↓69 % (↓55- ↓79 дейін), Cmax: ↓60 % (↓50- ↓68 дейін), Cmin: ↓63 % (↓44- ↓75 дейін) Дезацетилдилтиазем: AUC: ↓75 % (↓59- ↓84 дейін), Cmax: ↓64 % (↓57- ↓69 дейін), Cmin: ↓62 % (↓44- ↓75 дейін) N-монодесметилдилтиазем: AUC: ↓37 % (↓17- ↓52 дейін), Cmax: ↓28% (↓7- ↓44 дейін), Cmin: ↓37 % (↓17- ↓52 дейін) Эфавиренз: AUC: ↑11 % (↑5- ↑18 дейін), Cmax: ↑16 % (↑6- ↑26 дейін), Cmin: ↑13 % (↑1-↑26 дейін) (CYP3А4 индукциясы) Эфавиренздің фармакокинетикалық параметрлерінің артуы клиникалық тұрғыдан маңызды деп бағаланған жоқ. |
Дилтиаземнің дозасын түзету қажеттілігі туралы мәселе клиникалық жауапты ескере отырып шешіледі (дилтиаземді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз). Эфавиренздің дозасын түзету қажет емес. |
||
Верапамил, нифедипин, никардипин және фелодипин, |
Өзара әрекеттесуі зерттелмеген. Егер эфавиренз «баяу» кальций өзекшелерінің блокаторлары тобына жататын, CYP3А4 изоферментінің субстраттары болып табылатын қандай-да бір препаратпен бір мезгілде қолданылса, қан плазмасындағы «баяу» кальций өзекшелерінің блокаторларының концентрациялары төмендеуі мүмкін. |
«Баяу» кальций өзекшелері блокаторларының дозаларын түзету қажеттілігі туралы мәселе клиникалық жауапты ескере отырып шешіледі («баяу» кальций өзекшелерінің блокаторларын медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз). |
||
Гиполипидемиялық дәрілік заттар |
||||
ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері |
||||
Аторвастатин/эфавиренз (тәулігіне 1 рет 10 мг / тәулігіне 1 рет 600 мг) |
Аторвастатин: AUC: ↓43% (↓34 - ↓50 дейін) Cmax: ↓12% (↓1 - ↓26 дейін) 2‑гидроксиаторвастатин: AUC: ↓35% (↓13 - ↓40 дейін) Cmax: ↓13% (↓0 - ↓23 дейін) 4‑гидроксиаторвастатин: AUC: ↓4% (↓0 - ↓31 дейін) Cmax: ↓ 47% (↓ 9 - ↓ 51 дейін) ГМГ‑КоА-редуктаза тежегіштерінің жалпы белсенділігі: AUC: ↓34% (↓21 - ↓41 дейін) Cmax: ↓20% (↓2 - ↓26 дейін) |
Қандағы холестерин концентрациясына мезгіл-мезгіл мониторинг жүргізіп отыру керек. Аторвастатиннің дозасын түзету қажет болуы мүмкін (аторвастатинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз). Эфавиренздің дозасын түзету қажет емес. |
||
Правастатин/эфавиренз (тәулігіне 1 рет 40 мг / тәулігіне 1 рет 600 мг) |
Правастатин: AUC: ↓40% (↓26 - ↓57 дейін) Cmax: ↓18% (↓59 - ↑12 дейін) |
Қандағы холестерин концентрациясына мезгіл-мезгіл мониторинг жүргізіп отыру керек. Правастатиннің дозасын түзету қажет болуы мүмкін (правастатинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз). Эфавиренздің дозасын түзету қажет емес. |
||
Симвастатин/эфавиренз (40 мг тәулігіне 1 рет/600 мг тәулігіне 1 рет) |
Симвастатин: AUC: ↓69% (↓62 - ↓73 дейін) Cmax: ↓76% (↓63 - ↓79 дейін) Симвастатин қышқылы: AUC: ↓58% (↓39 - ↓68 дейін) Cmax: ↓51% (↓32 - ↓58 дейін) ГМГ‑КоА-редуктаза тежегіштерінің жалпы белсенділігі: AUC: ↓60% (↓52 - ↓68 дейін) Cmax: ↓62% (↓55 - ↓78 дейін) (CYP3А4 индукциясы) Эфавирензді аторвастатинмен, правастатинмен немесе симвастатинмен бір мезгілде қолданғанда, эфавиренздің AUC пен Cmax мәндері өзгермейді. |
Қандағы холестерин концентрациясына мезгіл-мезгіл мониторинг жүргізіп отыру керек. Симвастатиннің дозасын түзету қажет болуы мүмкін (симвастатинді медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықты қараңыз). Эфавиренздің дозасын түзету қажет емес. |
||
Розувастатин/эфавиренз |
Өзара әрекеттесуі зерттелмеген. Розувастатин негізінен, өзгеріссіз күйінде асқазан-ішек жолы арқылы өтпен шығарылады, сондықтан, эфавирензбен өзара әрекеттесуі күтілмейді. |
Дозалау режимін түзету қажет емес. |
||
Гормональді контрацептивтер |
||||
Гормональді қолдану үшін: Этинилэстрадиол + норгестимат/эфавиренз (0,035 мг + 0,25 мг тәулігіне 1 рет/600 мг тәулігіне 1 рет) |
Этинилэстрадиол: AUC: ↔ Cmax: ↔ Cmin: ↓8% (↑14 - ↓25 дейін) Норелгестромин (белсенді метаболиті): AUC: ↓64% (↓62 - ↓67 дейін) Cmax: ↓46% (↓39 - ↓52 дейін) Cmin: ↓82% (↓79 - ↓85 дейін) Левоноргестрел (белсенді метаболиті): AUC: ↓83% (↓79 - ↓87 дейін) Cmax: ↓80% (↓77 - ↓83 дейін) Cmin: ↓86% (↓80 - ↓90 дейін) (метаболизм индукциясы) Эфавиренз: клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесуі анықталмаған. Аталған әсерлерінің клиникалық маңыздылығы белгісіз. |
Гормональді контрацептивтерге қосымша бөгеттік контрацепцияның сенімді әдісі пайдаланылуы тиіс. |
||
Бұлшықет ішіне енгізуге арналған, әсері ұзаққа созылатын: Депомедроксипрогестерон ацетаты (ДМПА)/ эфавиренз (150 мг ДМПА б/і бір рет) |
Дәрілік препараттардың өзара әрекеттесулерін 3 ай бойы зерттеу барысында құрамында эфавиренз бар АРВЕ қабылдаған еріктілер мен, АРВЕ қабылдамаған еріктілер арасында медроксипрогестеронның фармакокинетикалық параметрлеріне қатысты елеулі өзгешеліктер анықталмаған. Осыған ұқсас нәтижелерге басқа зерттеушілер де жеткен, әйтсе де, екінші зерттеуде қан плазмасындағы медроксипрогестерон концентрациялары көбірек өзгешеленген. Екі зерттеуде де эфавиренз + депо-медроксипрогестерон ацетатын қабылдаған еріктілерде прогестеронның қан плазмасындағы концентрациялары төмен күйінде қалған, бұл овуляцияның бәсеңдеуіне сәйкес келіп отырған. |
Гормональді контрацептивтерге қосымша бөгеттік контрацепцияның сенімді әдісі пайдаланылуы тиіс. |
||
Имплант: Этоногестрел/эфавиренз |
Өзара әрекеттесуі зерттелмеген. Этоногестрел экспозициясының төмендеуін күтуге болады (CYP3А4 индукциясы). Эфавирензді қабылдаған пациент әйелдерде этоногестрелді қолданғанда, контрацепциялық әсерінің болмағаны туралы жекелеген хабарламалар алынған. |
Гормональді контрацептивтерге қосымша бөгеттік контрацепцияның сенімді әдісі пайдаланылуы тиіс. |
||
Иммунодепрессанттар |
||||
CYP3A4 қатысуымен метаболизденетін иммунодепрессанттар (мысалы, циклоспорин, такролимус, сиролимус)/эфавиренз |
Өзара әрекеттесуі зерттелмеген. Иммунодепрессант экспозициясының төмендеуін күтуге болады (CYP3А4 индукциясы). Аталған иммунодепрессанттардың эфавиренз экспозициясына әсер ету ықтималдығы аз. |
Иммунодепрессанттың дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Эфавирензбен емдеу басталған сәттен бастап немее ол тоқтатылған сәттен бастап кемінде 2 апта бойы қандағы иммунодепрессант концентрацияларына мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады (тұрақты концентрациялары анықталғанға дейін). |
||
Апиындар |
||||
Метадон/эфавиренз (тұрақты демеуші дозасы, 35–100 мг тәулігіне 1 рет/600 мг тәулігіне 1 рет) |
Метадон: AUC: ↓52% (↓33 -↓66 дейін) Cmax: ↓45% (↓25 - ↓59 дейін) (CYP3А4 индукциясы) АИТВ инфекциясын жұқтырған, өздеріне вена ішіне есірткілік дәрілерді енгізген пациенттердің қатысуымен жүргізілген зерттеу барысында, эфавиренз бен метадонды бір мезгілде қолдану метадонның қан плазмасындағы концентрациясының төмендеуіне және апиындарды тоқтату симптомдарының пайда болуына алып келгені анықталды. Тоқтату симптомдарының айқындығын азайту үшін, метадонның дозасы орташа алғанда 22%-ға арттырылған. |
Пациенттер тоқтату симптомдарының дер кезінде анықталуы үшін, қадағалауда болуы тиіс. Қажет болған жағдайда, тоқтату симптомдарының айқындығын азайту үшін, метадонның дозасын арттыру керек |
||
Бупренорфин/налоксон/ эфавиренз |
Бупренорфин: AUC: ↓50% Норбупренорфин: AUC: ↓ 71% Эфавиренз: Клиникалық тұрғыдан маңызды фармакокинетикалық өзара әрекеттесу анықталмаған. |
Бупренорфин экспозициясының төмендеуіне қарамастан, пациенттерде тоқтату симптомдарының көрініс берген жағдайлары байқалған жоқ. Бупренорфин мен эфавирензді бір мезгілде тағайындағанда, дәрілік заттардың ешқайсысының дозасын түзету қажет емес. |
a 90% сенімді аралықтар, егер басқаша көрсетілмесе ғана.
b 95% сенімді аралықтар.
УДФ - уридиндифосфат.
ГМГ‑КоА-редуктаза — 3‑гидрокси-3‑метилглутарил-коэнзим А редуктаза.
Басқа өзара әрекеттесулері.
Эфавиренз каннабиоидтық рецепторлармен байланыспайды. Инфекция жұқтырмаған, эфавирензді қабылдаған еріктілерде, каннабиоидтарға жүргізілген несеп талдауының жалған оң нәтижелері байқалған. Оң нәтижелер расталуы үшін, анағұрлым спецификалық газды хроматография/масс-спектрометрия әдісін пайдалану керек.
Айрықша нұсқаулар
Препараттарды Эстива-600 препаратымен бір мезгілде тағайындағанда, дәрігерлер ол препараттарды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарды басшылыққа алуы тиіс.
Эфавиренз АИТВ-инфекциясын емдеуге арналған жалғыз препарат ретінде пайдаланылмауы, сондай-ақ, бірден-бір дәрі ретінде емдеудің тиімсіз кестесіне қосылмауы тиіс.
Пациенттерге, олар қабылдап жүрген, құрамында эфавиренз бар антиретровирустық ем, АИТВ жыныстық қатынастар немесе қан арқылы берілуі қаупіннен қорғамайтынын ескерту қажет. Пациенттер сәйкесінше сақтық шаралары қолдануды жалғастыру беруі тиіс.
Біріктірілген ем құрамындағы қандай-да бір антиретровирустық препаратты қабылдау көтерімсіздігіне күдік туындауына байланысты тоқтатылатын жағдайда, барлық антиретровирустық препараттарды бір мезгілде тоқтату мүмкіндігін әдбен қарастыру қажет. Тоқтатылған барлық антиретровирустық препараттарды қабылдау көтерімсіздік симптомдары жойылғаннан кейін бірден қайта басталуы тиіс. Емдеуге төзімді мутанттық вирустардың туындауы ықтималдығының жоғарылығына байланысты, антиретровирустық препараттарды қабылдаудағы жиі үзілістермен және кейіннен қайтадан қабылдаулармен иммунотерапия жүргізу ұсынылмайды.
Кері транскриптазаның басқа нуклеозидтік емес тежегіштерімен жағдайдағы сияқты, эфавиренз монотерапия ретінде қолданылған кезде резистентті вирус өте жылдам пайда болады. Эфавирензбен біріктіріліп пайдаланылуы тиіс жаңа антиретровирустық дәріні таңдаған кезде, вирустың айқаспалы резистенттілігі мүмкіндігін ескеру қажет. Эстива-600 препаратын дозасын түзету қажеттілігі жағдайларын қоспағанда, құрамында эфавиренз болуы ұсынылмайтын препараттармен мысалы рифампинмен бірге енгізу.
Эфавирензді Гинго Билоба экстрактілерімен қолдану ұсынылмайды.
Эфавирензді тамақпен бірге қабылдау оның әсерін күшейтуі және жағымсыз реакциялар жиілігінің артуына алып келуі мүмкін. Сондықтан, препаратты ұйықтар алдында аш қарынға қолдану ұсынылады.
Тері бөртпесі
Күлбіреуіктермен, сулы қабыршықтармен немесе ойық жаралармен қатар жүретін бөртпе эфавирензді қабылдаған науқастардың 1%-ында білінген. Экссудативтік полиморфты эритема немесе Стивен-Джонсон синдромы шамамен 0.1% жағдайда кездескен. Ересектерде бөртпе пайда болғанға дейінгі орташа уақыт 11 күнді, ал орташа ұзақтығы – 16 күнді құрайды. Егер пациенттерде бөртпенің күлбіреуіктер туындауымен, шырышты қабықтарды қамтыған тері десквамациясымен немесе қызбамен қатар жүретін ауыр түрі туындаса, эфавирензді қабылдауды дереу тоқтату қажет. Егер Эстива-600 препаратымен емдеу тоқтатылса, резистентті вирус дамуын болдырмас үшін, басқа антиретровирустық препараттармен емдеуді де үзе тұру қажеттілігін қарастыру керек. Сәйкесінше антигистаминдік және/немесе глюкокортикостероидтық препараттарды қабылдау көтерімділігін жақсартуы және бөртпенің тез жойылуына ықпал етуі мүмкін.
Психика бұзылулары
Эфавирензді қабылдаған пациенттерде психика тарапынан күрделі жағымсыз әсерлер тіркелген. Оларға ауыр депрессия, суицидтік ойлар /әрекеттер, озбыр мінез-құлық, параноидтық және маниакальді реакциялар жатады. Анамнезінде психикалық бұзылыстары бар пациенттер психика тарапынан күрделі жағымсыз құбылыстардың даму қаупі жоғарғы топқа жатқызылады. Ондай симптомдар дамыған пациенттер, аталған симптомдардың эфавирензді қабылдаумен байланыстылығын анықтау үшін, дереу дәрігерге қаралуы тиіс. Егер ондай байланыс бары расталса, ары қарай емдеудің пайдасы мен қаупінің арақатынасына баға беру қажет.
Жүйке жүйесі тарапынан симптомдар
Жүйке жүйесі тарапынан симптомдар – бас айналуы, ұйқысыздық, зейін қоюдың төмендеуі, ұйқышылдық, әдеттен тыс түтсер көру және елестеулер – әдетте емдеудің бірінші немесе екінші күні ішінде байқалады және көп жағдайларда, алғашқы 2-4 аптадан кейін жоғалады. Пациенттерді, егер ондай симптомдар пайда болса, олардың әдетте, емдеуді жалғастырған кезде жоғалатындығынан және сирек кездесетін, психика тарапынан болуы мүмкін бұзылулардың белгісі болып табылмайтындығынан хабардар ету керек. Жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлеріне қатысты препараттың көтерімділігін жақсарту үшін, емдеудің алғашқы аптасы ішінде препаратты ұйықтар алдында қабылдау ұссынылады. Пациенттерге эфавирензді алкогольмен немесе психотроптық препараттармен бір мезгілде қабылдағанда, ОЖЖ-ға аддитивтік әсер беруі ықтималдығын айту қажет. Орталық жүйке жүйесі тарапынан бас айналуы, зейін қоюдың бұзылуы және/немесе ұйқышылдық сияқты жағымсыз симптомдар білінген пациенттер, көлік құралдарын немесе механизмдерді басқару сияқты қауіптілігі зор қызмет түрлерін атқарудан бас тартуы тиіс.
Құрысулар
Эфавирензді қабылдаған пациенттерде құрысулар, анамнезінде құрысулары бар пациенттерді қоса, аса сирек байқалған. Көбінесе бауырда метаболизденетін, фенитоин, карбамазепин және фенобарбитал сияқты құрысуға қарсы препараттарды қатарлас қабылдап жүрген пациенттерде, олардың қан плазмасындағы концентрацияларына мезгіл-мезгіл бақылау жүргізіп отыру қажет. Препаратты анамнезінде құрысулары бар пациенттерге тағайындағанда сақтық таныту керек.
Бауыр ферменттері
Анамнезінде диагнозы анықталған немесе болжамды В және С гепатиті бар пациенттер мен бауырға уытты әсерімен астастын препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде, бауыр ферменттерін бақылауды жүйелі түрде жүргізу ұсынылады.
Холестерин: эфавирензді қабылдап жүрген науқастарда, холестерин мен тердің деңгейін тұрақты түрде қадағалау керек.
Ас ішудің әсері. Эстива-600 препаратын тамақпен бірге қабылдау эфавиренздің әсерін күшейтуі және жағымсыз әсерлерінің туындау жиілігінің жоғарылауына алып келуі мүмкін. Эстива-600 препаратын аш қарынға, дұрысы ұйықтар алдында қабылдауды ұсынуға болады.
Иммунитеттің қалпына келуі синдромы
АИТВ инфекциясын жұқтырған, ауыр иммун тапшылығы бар пациенттерде антиретровирустық емді бастаған кезде симптомсыз немесе қалдықтық оппортунистік инфекцияларға қабыну реакциясы дамуы мүмкін, бұл жағдайдың едәуір нашарлауына немесе симптоматикасының ушығуына себеп болуы мүмкін. Әдетте, мұндай реакциялар антиретровирустық ем басталғаннан кейінгі алғашқы апталарда немесе айларда байқалады. Айтарлықтай елеулі мысалдары – цитомегаловирустық ретинит, жайылған және/немесе ошақтық микобактериялық инфекция және Pneumocystis jiroveci (бұрынғы атауы – Pneumocystis carinii) туғызған пневмония. Қабынудың кез келген симптомдарын анықтау және қажет болған жағдайда, ем тағайындау керек. Аутоиммундық аурулар (мысалы, Грейвс ауруы) иммунитеттің қалпына келуі аясында байқалды, алайда, бастапқы көрініс беру уақыты ауытқып отырды, және ауру емдеу басталғаннан кейін бірнеше ай өткен соң туындауы мүмкін болды.
Липодистрофия және метаболизмдік бұзылулар
Біріктірілген антиретровирустық ем АИТВ инфекциясын жұқтырғандарда майдың қайта таралуын (липодистрофияны) туғызады. Қазіргі кезде аталған құылыстар салдарларының қаншалықты ұзақ жүретіндігі белгісіз. Механизмі туралы мәліметтер толық емес. Висцеральді липоматоз бен протеаза тежегіштері, липоатрофия мен кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштері арасын байланыстыру ұсынылып отыр. Липодистрофия қаупінің жоғарылығы жас егделігі сияқты жекелеген факторлармен және дәрілік препараттардың (антиретровирустық емдеу мерзімінің ұзақтығы және метаболизмдік бұзылулар) қолданылуымен байланысты факторлармен байланысты болды. Клиникалық тексеруге физикалық май тіндерінің таралуы белгілерін бағалау кірістірілуі тиіс. Сарысудағы липидтер мен қанда аш қарындағы глюкозаны өлшеуді қарастыру керек.
Остеонекроз
Остеонекроз жағдайлары, әсіресе, жалпыға ортақ қауіп факторлары (кортикостероидтарды қабылдау, алкоголь тұтыну, жедел иммуносуппрессия, дене салмағы индексінің жоғарылығы), АИТВ инфекциясының кейінгі сатысы бар немесе біріктірілген антиретровирустық емді ұзақ уақыт бойы қабылдап жүрген пациенттерде білінген. Буындардың ауыруы, буындардың құрысуы немесе қимыл-қозғалыстың қиындауы туындаған жағдайда, пациенттерге дәрігерге қаралуға кеңес беру керек.
Арнайы топтар
Препараттың құрамында лактоза бар, сондықтан, галактозаны көтере алмаушылықтың тұқым қуалайтын сирек формалары, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттер препаратты қолданбауы тиіс.
Бауыр жеткіліксіздігі
Эфавирензді бауырдың ауыр бұзылулары бар пациенттерге қолдануға болмайды және дозасын түзету қажеттілігінің бар-жоқтығын анықтау үшін мәліметтердің жеткіліксіздігіне байланысты, бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге ұсынылмайды. Бауырдың созылмалы аурулары бар науқастарда клиникалық тәжірибесі шектеулі болғандықтан, эфавирензді бауырдың жеңіл бұзылуы бар пациенттерге тағайындағанда сақтық таныту қажет. Дозаға тәуелді жағымсыз реакцияларға, әсіресе, жүйке жүйесі симптомдарына байланысты, пациенттер мұқият қадағалауда болуы тиіс. Белгілі бір уақыт аралығы сайын бауыр ауруына баға беріп отыру үшін, зертханалық тестілер орындалуы тиіс. Бауырдың елеулі аурулары бар пациенттерде эфавиренздің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Созылмалы В немесе С гепатиті бар және біріктірілген антиретровирустық ем қабылдап жүрген пациенттерде ауыр және өлімге соқтыруы ықтимал жағымсыз реакциялардың даму қаупі жоғары. Созылмалы белсенді гепатитті қоса, бауырдың елеулі дисфункциясы бар пациенттерде біріктірілген антиретровирустық ем кезінде бауыр функциясы бұзылуының жиілігі жоғарылайды және сәйкес стандартты тәжірибеге сәйкес бақылау жүргізілуі тиіс. Бауыр ауруы нашарлаған немесе сарысудағы трансаминазалар тұрақты түрде, қалыпты ауқымының жоғарғы шегінен 5 есе артық жоғарылаған жағдайда, емдеуді жалғастырудың пайдасы бар-ма жоқ па, әлде елеулі бауыр уыттылығының ықтимал қаупі туындай ма, соны салыстыру керек. Ондай науқастарда, емдеуді үзе тұру немесе тоқтату жақсылап талқылануы тиіс.
Бауырға уыттылығымен байланысты басқа дәрілік заттармен ем қабылдап жүрген пациенттерге де, бауыр ферменттеріне тексеру жүргізу ұсынылады.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде эфавиренздің фармакокинетикасы зерттелмеген, алайда, өзгеріссіз күйінде несеппен эфавиренздің 1 %-дан азы бөлініп шығатындығына байланысты, бүйрек функциясының бұзылулары эфавиренз элиминациясы үдерісіне елеулі әсер етпеуі тиіс. Препаратты бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану тәжірибесі жоқ, сондықтан, мұндай пациенттерде қауіпсіздігін бағалауды мұқият жүргізу ұсынылады.
Егде жастағы пациенттер
Егде жастағы пациенттердің препаратқа реакциясы жас пациенттердің реакциясынан өзгешеленетін-өзгешеленбейтіні туралы айту мүмкін емес, өйткені, сәйкесінше жастағы пациенттердің жеткілікті санымен зерттеулер жүргізілмеген.
Педиатрияда пайдаланылуы
Эфавиренз 3 жасқа толмаған немесе салмағы 13 кг аз балаларда зерттелмеген. Бұл препаратты (дозасы 600 мг) 12 жасқа толмаған және салмағы 40 кг аз балаларға қолдану ұсынылмайды.
Лактоза
Тұқым қуалайтын галактозаны/лактозаны көтере алмаушылығы, лактаза тапшылығы, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы синдромы бар пациенттерге Эстива-600 препаратын қолдануға болмайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүкті әйелдерде эфавирензге талапқа сай және жақсы бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ. Эфавирензді жүктілік кезінде, оны қолдану аса қажет (анасы үшін ықтимал пайдасы шарана үшін қауіптен асып түсетін, және басқа сәйкесінше емдік баламалары болмаған) жағдайларда болмаса, пайдаланбау керек. Эфавирензді қабылап жүрген әйелдерге, жүкті болып қалудан сақтау керек. Емдеуді бастар алдында бала туатын жастағы әйелдер жүктілікке тест жасауы тиіс. Емделу кезінде олар контрацепцияның басқа әдістерімен бірге бөгеттік контрацепция әдістерін қолдануы тиіс.
Лактация кезінде эфавирензді қабылдап жүрген әйелдерге бала емізу ұсынылмайды. АИТВ берілуін болдырмау үшін, АИТВ инфекциясы бар аналарға кез келген жағдайда бала емізу ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Эстива-600 препаратын қолдану бас айналуын, зейін қоюдың нашарлауын және/немесе ұйқышылдықты туғызуы мүмкін. Пациенттерге, ондай симптомдар туындаған жағдайда, автокөлік немесе механизмдерді басқару сияқты қауіптілігі зор жұмыс түрлерінен аулақ болу керектігін айту қажет.
Артық дозалануы
Симптомдары: артық дозаланған кезде жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз симптомдардың (бас айналуы, ұйқысыздық, ұйқышылдық, зейін бұзылуы, патологиялық түстер көру, бас ауыруы) күшеюі байқалады.
Емі: организмнің негізгі тіршілікке қабілеттілік көрсеткіштерін бақылау мен пациенттің клиникалық жағдайын қаағалаудан тұратын жалпы демеуші шаралардан тұруы тиіс. Сіңірілмеген препаратты шығару үшін белсендірілген көмірді пайдалануға болады. Артық дозалануын емдеу үшін арнайы антидоты жоқ. Эфавиренз ақуыздармен белсенді байланысатындықтан, диализдің көмегімен препараттың қаннан айтарлықтай шығарылу ықтималдығы аз.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 600 мг.
30 таблеткадан тығыздығы жоғары полиэтилен контейнерге салынған.
1 контейнерден медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан орғалған жерде, 30 С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
HETERO LABS LIMITED
22-110, I.D.A., Jeedimetla, Hyderabad-500 055, Telangana, Үндістан.
Тіркеу куәлігінің иесі
HETERO LABS LIMITED, Үндістан
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері
Rogers Pharma ЖШС, Қазақстан, 050043, Алматы қ., Мирас ықш. ауд., 157/732, тел. (727) 311-81-96/97, e-mail: irina.volovnikova@gmail.com
Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері
Rogers Pharma ЖШС, Қазақстан, 050043, Алматы қ., Мирас ықш. ауд., 157/732, тел. (727) 311-81-96/97, e-mail: irina.volovnikova@gmail.com