Эспумизан® L капли для детей
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Эспумизан® L балаларға арналған тамшылар
Халықаралық патенттелмеген атауы
Симетикон
Дәрілік түрі
Ішуге арналған тамшылар (эмульсия) 30 мл
Құрамы
1 мл (25 тамшы) құрамында белсенді зат - 40 мг симетикон |
қосымша заттар: макрогол стеараты, глицерол моностеараты 40-55, карбомерлер, банан хош иістендіргіші, калий ацесульфамы, сұйық сорбитол (кристалданбайтын), натрий хлориді, натрий цитраты, натрий гидроксиді, сорбин қышқылы, тазартылған су. |
Сипаттамасы
Бананның жеміс иісімен тұтқырлығы төмен сүттей ақ эмульсия.
Фармакотерапиялық тобы
АІЖ функционалдық бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар. Ішектің функционалдық бұзылыстарын емдеуге арналған басқа да препараттар. Силикондар.
АТХ коды A03AX13
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Симетикон пероральді қабылдағаннан кейін сіңбейді, асқазан-ішек жолдары арқылы өткеннен кейін қайтадан өзгермеген түрінде шығарылады.
Фармакодинамикасы
Эспумизан® L балаларға арналған тамшылары препаратының құрамында әсер етуші зат ретінде симетикон – тұрақты беткейлік-белсенді полидиметилсилоксан бар. Ол химус және ас қорыту жолы шырыштарында газ көбіктерінің беткейлік тартылуын өзгертеді, осының нәтижесінде олар ыдырап кетеді.
Осының нәтижесінде бөлінген газдар ішек қабырғаларымен сіңірілуі мүмкін, сондай- ақ ішек перистальтикасы әсерімен шығарылады.
Симетиконның әсері таза физикалық сипат иеленген, ол химиялық реакцияларға қатыспайды және фармакологиялық және физиологиялық тұрғыда белсенді.
Қолданылуы
- газдардың шамадан тыс түзілуімен туындаған асқазан-ішек жолдарының бұзылыстарын мысалы, метеоризм, нәрестелердегі шаншуларды белгісіне қарай емдеуде
- іш қуысы ағзаларын диагностикалық зерттеулерде қосымша зат ретінде
мысалы, рентгенологиялық зерттеулерде, іш қуысы мүшелерінің УДЗ
және гастроскопияда
- беткейлік-белсенді заттармен улануда көбік жойғыш ретінде
Қолдану тәсілі және дозалары
Қолданар алдында шайқау керек; тамшыларды дозалау үшін құтыны түбін жоғары қаратып ұстау керек.
Миллилитрлік бөлгіштерімен қалпақша тамшылатқышпен құтының бұралатын қақпағына жалғанған. Қажет болғанда оны тамшылатқыш орнына дозаны өлшеу үшін пайдалануға болады.
Өлшегіш қалпақшаны балалардан аулақ ұстау керек (жұтып қою қаупі).
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылыстар қайтадан пайда болғанда және/немесе ол ұзаққа созылған жағдайда клиникалық зерттеу жүргізу керек.
25 тамшы 40 мг (1 мл) сәйкес келеді.
Газдардың шамадан тыс түзілуімен туындаған асқазан-ішек жолдарының бұзылыстарын белгісіне қарай емдеуде
-
мысалы, метеоризмде, нәрестелердегі шаншуларда
Жасы |
Тамшылармен дозалау |
Дозалау мл-де |
Қабылдау жиілігі |
0 – 1 жастағы балалар |
25 тамшы (40 мг) |
1 мл |
Бөтелкедегі балалар тағамына қосады немесе әрбір емшекпен қоректендіруге дейін немесе кейін береді |
1 – 6 жастағы балалар |
25 тамшы (40 мг) |
1 мл |
Тәулігіне 3 – 5 рет |
6–14 жастағы балалар |
25 – 50 тамшы (40 – 80 мг) |
1 – 2 мл |
Тәулігіне 3 – 5 рет |
14 жастан асқан жасөспірімдер және ересектер |
50 тамшы (80 мг) |
2 мл |
Тәулігіне 3 – 5 рет |
Эспумизан® L балаларға арналған тамшыларын операциядан кейін де қолдануға болады.
Эспумизан® L балаларға арналған тамшыларын тамақтану кезінде немесе тамақтан кейін қабылдайды, ал қажет болғанда – ұйықтар алдында да.
Емдік қабылдау ұзақтығы бұзылыстың динамикасына байланысты. Эспумизан® L балаларға арналған тамшыларын қажет болғанда ұзақ уақыт қолдануға болады.
Іш қуысы ағзаларын диагностикалық зерттеулерде қосымша зат ретінде
-
рентгенологиялық зерттеулерде, УДЗ
Зерттеу жүргізгенге дейін бір тәулік бұрын |
Зерттеу жүргізетін күні ертеңгісін |
2 мл-ден тәулігіне 3 рет (50 тамшыдан тәулігіне 3 рет) |
2 мл (50 капель) |
-
контрастты заттар суспензиясына қоспа ретінде
контрасттылы заттың 1 литріне 4 – 8 мл (100 – 200 тамшы) қосарлы контрастыланумен бейнелеуді алу үшін |
-
гастроскопияға дайындау үшін
Эндоскопия алдында 4 – 8 мл (100 – 200 тамшы) Эндоскопия кезінде қажет болған жағдайда – зерттеу кезінде кедергі жасайтын газ көпіршіктерін жою үшін эндоскоп өзегі арқылы бірнеше миллилитр эмульсия енгізу керек. |
Беткейлік-белсенді заттармен улануда көбік жойғыш ретінде
Улану ауырлығына байланысты
Жасы |
Дозалануы |
Балалар |
2,5 – 10 мл |
Ересектер |
10 – 20 мл |
Жағымсыз әсерлері
Осы күнге дейін «Эспумизан® L балаларға арналған тамшыларын» пайдалануға байланысты жағымсыз әсерлер байқалған жоқ.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- әсер ететін зат симетиконға немесе препараттың кез келген басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Белгісіз.
Айрықша нұсқаулар
Аталған препарат құрамында сорбит бар. Препаратты сирек кездесетін тұқым қуалаған ауру – фруктоза жақпаушылығында қолдануға болмайды.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілікте және лактация кезеңінде «Эспумизан® L балаларға арналған тамшыларын» қабылдауға қатысты шектеулер жоқ.
Дәрілік заттың көлік құралдарын және әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелері
«Эспумизан® L балаларға арналған тамшылар» көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.
Химиялық және физиологиялық тұрғыдан симетикон толық инертті болып табылатындықтан, улану іс жүзінде мүмкін емес. Сондай-ақ «Эспумизан® L балаларға арналған тамшылар» көп мөлшерде де ешқандай симтомсыз өтеді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
30 мл-ден байқаусызда ашылып кетуінен қорғайтын, жұлып алынатын сақинасымен полипропиленнен жасалған бұралатын қақпақтан және тамшылатқыш қондырғыдан тұратын қоңыр шыны құтыларда.
Миллилитрлік бөлгіштерімен қалпақша тамшылатқышпен құтының бұралатын қақпағына жалғанған. Қажет болғанда оны тамшылатқыш орнына дозаны өлшеу үшін пайдалануға болады.
Құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
30 ° С- ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Құтыны ашқаннан кейін препаратты 6 ай ішінде қолдану керек.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін аталған дәрілік затты пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Берлин-Хеми АГ (Менарини Групп)
Глиникер Вег 125 12489 Берлин, Германия
Тіркеу куәлігінің иесі
Берлин-Хеми АГ (Менарини Групп), Германия
Қаптаушы ұйым
Берлин-Хеми АГ (Менарини Групп), Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
ҚР- дағы «Берлин-Хеми АГ» АҚ өкілдігі
Тел.: +77272446183, 2446184, 2446185
Факс:+7 727 2446180
Электрондық поштасы: Kazakhstan@berlin-chemie.com
≠