Эскузан® Н
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Эскузан® Н
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішуге арналған 20 мл ерітінді
Құрамы
20 мл (19.5 г) препараттың құрамында
белсенді зат: 13.6 г ат талшын тұқымдарының сұйық сығындысы (1 : 1.5 – 2.5) * * 0.112-0.350 г эсцинге шаққанда тритерпенгликозидтерге баламалы
қосымша заттар: глицерол, 96% этанол, тазартылған су.
Сипаттамасы
Ашытқыға тән иісі бар қызылдау-қоңыр түсті мөлдір немесе сәл бұлыңғыр сұйықтық. Сақтау барысында сілкіген кезде еріп кететін шөгінді түзілуіне жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Ангиопротекторлар. Қылтамырлар өткізгіштігін төмендететін препараттар. Қылтамырлар өткізгіштігін төмендететін басқа да препараттар.
АТХ коды CO5CX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Эскузанды ішке қабылдағаннан кейін эсцин қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясына 2,35 сағаттан соң жетеді. Эсциннің қан плазмасының ақуыздарымен байланысуы 84% құрайды. Жартылай шығарылу кезеңі Т1/2 19,87 сағатты құрайды. Ішке қабылданған ат талшынның тұқымынан алынған сығындының 0,11%-ы несеппен эсцин түрінде шығарылады.
Фармакодинамикасы
Басты компоненті - ат талшын тұқымдарынан алынған сығынды, тритерпенгликозид эсцин, экссудатқа қарсы және көктамырды сергітетін әсер береді. Сығынды лизосомальді энзимдердің концентрациясын төмендетеді, соның нәтижесінде қылтамырлар қабырғаларындағы гликокалистің (мукополисахаридтердің) ыдырауын болдырмайды. Эскузан транскапиллярлық сүзілісті едәуір төмендетеді және созылмалы көктамыр жеткіліксіздігінің симптомдарын (шаршау, ауырлық және ширығу сезімі, қышыну, аяқтың ауыруы және ісінуі) азайтады.
Қолданылуы
- созылмалы көктамыр жеткіліксіздігі (шығу тегі варикоздық және тромбоздан кейінгі) және оның асқынуларында
- қанмен қамтамасыз ету қызметінің бұзылуымен байланысты ауруларда
(ісінулер, балтыр бұлшықеттеріндегі құрысулар, аяқтың ауыруы және ауырлық сезімі, варикоздық кеңею)
Қолдану тәсілі және дозалары
Тамақтанар алдында 10 тамшыдан тәулігіне 2 рет азғантай мөлшердегі сұйықтықпен қабылдау керек. Препаратты 2-4 апта бойы қабылдайды.
Қабылдар алдында шайқау керек!
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі (1/10); Жиі (1/100 - < 1/10); Жиі емес (1/1.000- < 1/100)
Сирек (1/10.000 - < 1/1.000); Өте сирек (< 1/10.000)
Сирек:
- асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығының тітіркенуі, жүрек айнуы
Жекелеген жағдайларда:
- аса жоғары сезімталдық реакциялары (қышыну, аллергиялық реакциялар)
- бас ауыруы, бас айналуы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- алкогольге тәуелділік
- эпилепсия
- жүктілік және лактация
- бауыр жеткіліксіздігі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Бүгінгі күні басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесулері белгісіз (Эскузан Н препаратының басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуіне зерттеулер жүргізілген жоқ).
Айрықша нұсқаулар
Асқазан-ішек жолдары тарапынан тітіркену туындаса, препаратты тамақтан кейін қабылдау керек.
Өсімдіктен алынған препараттар ұзақ уақыт сақталғанда, әсіресе температураның ауытқуы кезінде ерітіндісі бұлыңғырлануға және шөгінді түзілуіне бейім, бұл препараттың әсеріне ықпал етпейді.
Аяқтың көктамырлық тромбозы белгілері немесе көктамырлардың варикоздық кеңеюі кезінде (жылдам үлкейетін түйіндер, көгілдір түске боялу, аяқтағы ширығу немесе шымылдатып ашыту сезімі) дәрігермен кеңесу қажет.
Әсері болмаған жағдайда немесе жағымсыз әсерлері пайда болған кезде емдеуші дәрігерге қаралу керек. Бауыр, бүйрек қызметінің бұзылуы пайда болған кезде, ентігу немесе кеуденің ауыруы пайда болғанда, дереу дәрігердің кеңесі қажет.
Бұл дәрілік заттың құрамында 44 к.% алкоголь бар, бұл бір реттік дозадағы 107 мг (0.107 г) спиртке сәйкес.
Жүктілік және лактация
Жүктілік және лактация кезеңінде препаратты қабылдау ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың құрамында спирт бар, бұны көлік құралдарын жүргізушілер мен қауіптілігі зор қозғалыстағы механизмдерді басқаратын жұмысшылар ескеруі қажет.
Артық дозалануы
Симптомдары : жүрек айнуы, құсу, диарея, мазасыздық
Емі: симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған бұралатын қақпағы бар және тығыздығы төмен полиэтиленнен жасалған тамшылатқыш - тығынмен тығындалған күңгірт шыны құтыларда 20 мл-ден.
1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Аяздан қорғалған жерде, 8 ˚С-ден 25˚С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Жарамдылық мерзімі
3 жыл
Қаптамасын алғаш ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі 4 ай.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Фарма Вернигероде ГмбХ, Дорнбергсвег 35
38855 Вернигероде, Германия
Тіркеу куәлігінің иесі
Фарма Вернигероде ГмбХ, Дорнбергсвег 35, 38855 Вернигероде, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында өнімнің сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
“Фарма Гарант ГмбХ” компаниясының өкілдігі
Жібек Жолы 64, 305 кеңсе, Алматы, Қазақстан, 050002
тел./факс: (727) 2 73 62 78, электронды поштасы: pharmagarant.kaz@mail.ru
4