Эрместо

МНН: Силденафила цитрат
Производитель: Лабораториос Нормон С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Sildenafil
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024930
Информация о регистрации в РК: 19.02.2021 - 19.02.2026

Инструкция

Саудалық атауы

Эрместо

Халықаралық патенттелмеген атауы

Силденафил

Дәрілік түрі, дозасы

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг

Фармакотерапиялық тобы

Несеп-жыныс жүйесі және жыныс гормондары. Урологиялық препараттар. Урологиялық басқа препараттар. Эректильді дисфункция кезінде қолданылатын препараттар. Силденафил.

АТХ коды G04BE03

Қолданылуы

- қанағаттанарлық жыныстық белсенділік үшін жеткілікті эрекцияны алу немесе сақтау мүмкін емес себепті ересек еркектердегі эректильді дисфункцияны емдеу үшін.

Эрместоның әсер етуі үшін жыныстық стимуляция қажет.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- силденафилге немесе препарат құрамына кіретін қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

- азот тотығының донорларымен (амилнитрит сияқты) немесе кез келген түрдегі нитраттармен бір мезгілде қабылдау;

- жыныстық белсенділікке кеңес берілмейтін еркектер (мысалы, тұрақсыз стенокардия сияқты ауыр жүрек-қантамыр дисфункциясы немесе жүректің ауыр жеткіліксіздігі бар пацинеттер);

- артериялық емес алдыңғы ишемиялық көру нейропатиясының (NAIA-NA) салдарынан бір көзі көрмей қалған пациенттерге, бұл осы эпизод PDE5 тежегішінің алдыңғы әсерімен байланысты емес (4.4 бөлімді қараңыз);

- бауырдың ауыр жеткіліксіздігі;

- гипотония (артериялық қысым < 90/50 мм с.б.);

- жақында бастан өткерген инсульт немесе миокард инфарктісі;

- пигментті ретинит сияқты торқабықтың белгілі тұқым қуалайтын дегенеративті аурулары (мұндай пациенттердің азшылығында торқабық фосфодиэстеразасының генетикалық бұзылыстары бар).

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер;

- әйелдер

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Силденафилмен емдеуді қарастырмас бұрын, пациенттің клиникалық анамнезін жасау және физикалық тексеріс жүргізу, эректильді дисфункцияны диагностикалау және оның ықтимал себептерін анықтау ұсынылады.

Эректильді дисфункцияға кез-келген емдеуді бастау алдында, дәрігер пациенттің тамырлары мен жүрек жағдайын бағалауы тиіс, өйткені жыныстық белсенділікпен байланысты жүрек қаупі бар.

Мына кезде емдеуші дәрігерге хабарлаңыз:

  • егер сізде орақ-жасушалы анемия (эритроциттер аномалиясы), лейкоз (қан жасушалары обыры), көптеген миелома (сүйек кемігі обыры) болса;

  • егер сізде жыныс мүшесінің деформациясы немесе Пейрони ауруы болса;

  • егер сізде жүрек проблемалары болса. Бұл жағдайда дәрігер сіздің жүрегіңіздің жыныстық қатынасқа байланысты қосымша күшке төтеп бере алатындығын мұқият тексеруі тиіс;

  • егер сізде қазіргі уақытта асқазан ойық жарасы немесе қан ұюының бұзылуы болса (мысалы, гемофилия);

  • егер сіз кенеттен көру қабілетінің төмендеуіне немесе жоғалуына тап болсаңыз, Эрместоны қабылдауды тоқтатып, дереу дәрігерге қаралыңыз.

Эрместоны эректильді дисфункцияны емдеу үшін кез келген басқа препаратты қабылдаумен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Егер сіз кез келген басқа дәрі-лерді қабылдап жүрсеңіз немесе жақында қабылдаған болсаңыз, дәрігерге немесе фармацевтке хабарлаңыз.

Эрместо таблеткалары кейбір дәрілерге, әсіресе кеудедегі ауырсынуды емдеу үшін қолданылатындарға әсер етуі мүмкін. Шұғыл медициналық көмек болған жағдайда сіз дәрігерге Эрместоны қабылдағаныңызды және оны қашан қабылдағаныңызды айтуыңыз керек. Сіз дәрігердің рұқсатынсыз басқа дәрілермен бірге Эрместо қабылдауға болмайды.

Егер сіз нитраттар деп аталатын дәрілерді немесе амилнитрат сияқты азот оксидінің донаторлары деп аталатын дәрілерді қабылдасаңыз, Эрместо қабылдауға болмайды, өйткені мұндай препараттармен біріктіру артериялық қысымның төмендеуіне әкелуі мүмкін. Егер сіз стенокардия ауруын (немесе «кеуде ауыруы») жеңілдету үшін тағайындалған препараттарды қабылдайтын болсаңыз, дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Егер сіз протеаза тежегешітері деп аталатын дәрілерді, мысалы, АИТВ емдеу үшін қолданылатын дәрілерді қабылдасаңыз, дәрігер Сізге емдеуді Эрместоның ең төменгі дозасынан (25 мг) бастауға кеңес беруі мүмкін.

Альфа-блокаторлары, жоғары қан қысымын немесе қуық асты безі гипертрофиясын емдеу үшін қолданылатын дәрілерді қабылдаған кейбір пациенттер жүрек айнуын немесе бас айналуын сезінуі мүмкін, себебі тез отыру немесе тез тұру кезінде артериялық қысымның төмендеуі мүмкін. Кейбір пациенттер бұл симптомдарды силденафилді альфа-адреноблокаторлармен қабылдаған кезде бастан өткерді. Бұл силденафилді қабылдағаннан кейін 4 сағат ішінде болуы мүмкін. Бұл симптомдардың пайда болу ықтималдығын азайту үшін Эрместо қабылдағанға дейін альфа-адреноблокаторлардың күнделікті дозасын үнемі қабылдау керек. Сіздің дәрігеріңіз емдеуді Эрместоның төменгі дозасынан (25 мг) бастауға кеңес беруі мүмкін.

Препаратты тамақпен және сусынмен қабылдау

Егер Эрместо тамақпен бірге қабылданса, оның фармакологиялық әсерінің басталуы аш қарынға қабылдаумен салыстырғанда шегерілуі мүмкін.

Алкоголь тұтыну эрегацияға уақытша кедергі келтіруі мүмкін, сондықтан дәріден максималды әсер алу үшін көп мөлшерде алкогольді ішпеген жөн.

Арнайы ескертулер

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде (≥65 жас) дозаны түзету талап етілмейді.

Бүйрек функциясы бұзылған пациенттер

Бүйрек функциясының жеңіл және орташа бұзылу дәрежесінде (креатинин клиренсі 30-80 мл/мин) дозаны түзету талап етілмейді. Бүйрек функциясы ауыр бұзылған (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) пациенттерде силденафил клиренсінің төмендеуіне байланысты Эрместоны 25 мг дозада қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Препараттың тиімділігі мен жағымдылығына сүйене отырып, қажет болса дозаны кезең-кезеңімен 50 мг-ға және 100 мг-ға дейін ұлғайтуға болады.

Бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде силденафил клиренсінің төмендеуіне байланысты (мысалы, цирроз) препаратты 25 мг дозада қолдану мүмкіндігін қарастыру керек. Препараттың тиімділігі мен жағымдылығына сүйене отырып, қажет болса дозаны кезең-кезеңімен 50 мг-ға және 100 мг-ға дейін ұлғайтуға болады.

Бала және жасөспірім пациенттер

Силденафил балаларда (<18 жас) қолдануға тағайындалмаған.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Эрместо әйелдерге қабылдауға арналмаған.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Эрместо бас айналуын тудыруы және көру қабілетіне әсер етуі мүмкін. Көлік құралдарын басқарудан немесе механизмдерді пайдаланудан бұрын сізге Эрместо қалай әсер ететінін білуіңіз керек.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Эрместоны әрдайым тура дәрігер тағайындағандай қабылдаңыз. Егер күмән туындаса, емдеуші дәрігеріңізбен немесе фармацевтпен кеңесіңіз.

Ұсынылатын доза жыныстық белсенділіктен шамамен бір сағат бұрын 50 мг құрайды. Тиімділігін және жағымдылығын ескере отырып, доза 100 мг-ге дейін арттырылуы немесе 25 мг-ге дейін азайтылуы мүмкін. Ұсынылатын ең жоғары доза 100 мг құрайды. Ұсынылатын ең жоғары дозалау режимі – тәулігіне бір рет.

Енгізу жолы және тәсілі

Бір стақан сумен ішіп, таблетканы тұтасымен жұтыңыз.

Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі

Эрместо күніне бір реттен жиі қабылданбауы керек.

Эрместо сізге сексуалды қозу жағдайында ғана эрекция алуға көмектеседі. Эрместоның күшіне ену үшін қажетті уақыт жарты сағаттан бір сағатқа дейін ауытқиды. Егер сіз оны мол тамақпен қабылдаған болсаңыз, әсер кешіктірілуі мүмкін.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

100 мг-нан асатын дозалар тиімділікті арттырмады, бірақ жағымсыз реакциялардың жиілігі (бас ауыруы, қызару, бас айналу, диспепсия, мұрынның бітелуі және көрудің бұзылуы) іс жүзінде ұлғайды.

Артық дозаланған жағдайда әдеттегі демеу шараларын қабылдау керек. Гемодиализ силденафил клиренсін жеделдетпейді, өйткені силденафил қан плазмасының ақуыздарымен белсенді байланысады және несеппен шығарылмайды.

Эрместоны стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

Барлық дәрілер сияқты, барлығында болмаса да, Эрместо да жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін. Силденафилді қолданумен байланысты белгілі жағымсыз әсерлер әдетте жеңілден орташа қарқындылыққа ие және қысқа мерзімді болып табылады.

Өте жиі

- бас ауыруы.

Жиі

- бас айналуы;

- жүрек айнуы, диспепсия;

- көрудің бұзылуы, түстердің визуалды бұрмалануы;

- терінің қызаруы, кернеулер;

- мұрынның бітелуі.

Жиі емес

- риниттер;

- аса жоғары сезімталдық реакциялары;

- ұйқышылдық, гипоестезия;

- жас ағудың бұзылуы, көздің ауыруы, жарықтан қорқу, фотопсия, көз гиперемиясы, визуалды жарықтық, конъюнктивит;

- бас айналуы, құлақтың шыңылдауы;

- жүрек қағуы, тахикардия;

- мұрыннан қан кету, мұрынның бітелуі;

- гастроэзофагеальді рефлюкс, құсу, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, ауыздың құрғауы;

- тері бөртпесі;

- миалгия, аяқ-қолдың ауыруы;

- гематурия;

- кеудедегі ауырсыну, шаршау, қызба;

- жүрек жиырылуының жоғары жиілігі

Сирек

- жүрек-қантамыр ұстамасы, естен тану;

- артериялық емес ишемиялық алдыңғы көру невропатиясы, торқабықтың тамыр окклюзиясы, торқабыққа қан құйылуы, артериосклеротиялық ретинопатия, торқабық бұзылысы, глаукома, көру өрісінің ақауы, диплопия, көру өткірлігінің төмендеуі, жақыннан көрмеу, астенопия, шыны тәрізді дене, нұрлы қабық бұзылысы, мидриаз, көру ореолы, көздің ісінуі және томпиюы, көздің бұзылуы, конъюнктивалық гиперемия, көздің тітіркенуі, көздің қалыптан тыс сезімі, қабақтың ісінуі, склераның түссізденуі;

- кереңдік;

- гипотония, гипертония;

- миокард инфарктісі, жыпылықты аритмия, қарыншалық аритмия, тұрақсыз стенокардия, кенеттен жүрек тоқтауы;

- мұрын шырышының ісінуі, мұрынның құрғауы, тамақтың қысылу сезімі;

- оральді гипоэстезия;

- Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз;

- ұзақ эрекция, приапизм, гемоспермия, жыныс мүшесінен қан кету;

- тітіркену

Өте сирек

- цереброваскулярлық бұзылу, транзиторлы ишемиялық шабуыл, құрысулар, естен тану, қайталанатын ұстамалар.

Егер сіз жыныстық қатынас кезінде немесе одан кейін кеудедегі ауырсынуды сезінсеңіз:

  • жартылай отырған қалыпты ұстаңыз және демалуға тырысыңыз;

  • кеудедегі ауырсынуды емдеу үшін нитраттарды пайдаланбаңыз;

  • дереу дәрігерге хабарласыңыз.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Үлбірлі қабықпен қапталған бір таблетканың құрамында

белсенді зат - силденафил цитраты 142 мг (100 мг силденафилге баламалы),

қосымша заттар – кальций гидрофосфат дигидраты, микрокристалды целлюлоза, магний стеараты, коллоидты кремнийдің қостотығы, натрий кроскармеллозасы, гипромеллоза, титанның қостотығы (Е-171), макрогол 6000, тальк, индигокарминді лак (Е-132)

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ұзартылған пішінді, екі беті дөңес, көк түсті үлбірлі қабықпен қапталған, бір жағында 100 нақыштамасы бар таблеткалар.

Шығарылу түрі және қаптамасы

4 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. 1 пішінді қаптамадан қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәлімет

Лабораториос Нормон С.А., Ronda de Valdecarrizo, 6 – 28760, Tres Cantos - Мадрид (Испания)

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Новатор Фарма» ЖШС, 8 Shepherd Market, 21 кеңсе, Лондон, Ұлыбритания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Алматы қ., Масанчи к-сі 23/10, «Новатор Фарма» ЖШС Қазақстан

Тел: + 7 727 978 6077,

Электронды пошта: novatorpharma2@bk.ru

Прикрепленные файлы

Эрместо_каз.docx 0.04 кб
Эрместо_рус.docx 0.05 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту