Эреспал® (сироп, 150 мл) Регистрация приостановлена
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Эреспал®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Фенспирид
Дәрілік түрі
Шәрбат 150 мл
Құрамы
100 мл шәрбаттың құрамында
белсенді зат – 0.2 г фенспирид гидрохлориді,
қосымша заттар: бал хош иісі (композиция), мия тамырының табиғи концентрацияланған экстрактісі, ваниль тұндырмасы, глицерол, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, сахарин, сахароза, калий сорбаты, тазартылған су.
Сипаттамасы
Мөлдір бозғылт-қызылсары-қоңыр түсті сұйықтық, кейде хош иістендіргіш субстанциясының шөгіндісі түзілуі мүмкін, ол араластырғаннан кейін кетеді.
Фармакотерапиялық тобы
Тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларын емдеуге арналған препараттар. Тыныс алу жолдарының обструкциялық ауруларын емдеу үшін жүйелі пайдалануға арналған басқа препараттар. Фенспирид
АТХ коды R03DX03
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препараттың қандағы ең жоғары концентрациясына жету уақыты (Тмах) орта есеппен 2,3 ± 2,5 сағатты құрайды (ең шеткі мәндері 0,5-тен 8 сағатқа дейін). Жартылай шығарылу кезеңі –12 сағат. Препарат негізінен несеппен шығарылады.
Фармакодинамикасы
Фенспирид бронходилатациялаушы және қабынуға қарсы әсерге ие.
Бұл әсер әртүрлі өзара байланысқан механизмдердің өзара әсер ету нәтижесі болып табылады:
- Н1-гистаминді рецепторлар деңгейінде антагонистік белсенділігі және папаверин тәрізді (миотропты) спазмолитикалық әсері;
- қабынуға қарсы әсері қабынуға қарсы факторлары (цитокиндердің, TNFальфа, арахидон қышқылы туындылары және бос радикалдар) өнімдерінің төмендеуінің нәтижесі болып табылады, олардың кейбіреуі бронхты тарылтатын әсер береді. Алайда бұл әсерлер тек өте жоғары дозада немесе концентрацияда байқалды.
Қолданылуы
Тыныс жолдары ауруларын симптоматикалық емдеу үшін (жөтел және қақырық тастау).
Осы препаратты қабылдау егер ол қажет деп саналса, антибиотикпен алғашқы ем тоқтатылмауы тиіс.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер мен 2 жастан асқан балаларға ТЕК ішке қабылдауға арналған. Өлшеуіш стақанды пайдалану керек.
2 жастан асқан балаларға: күніне кг дене салмағына 4 мг есебінен.
Дене салмағы 10 кг дейінгі балаларға: күніне 2-4 рет 5 мл-ден.
Дене салмағы 10 кг асатын балаларға: күніне 2-4 рет 15 мл-ден.
Ересектер:
Күніне 3-6 рет 15 мл-ден.
Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер жекелей белгілейді.
Жағымсыз әсерлері
Өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000, <1/100), сирек (≥1/10000, <1/1000), өте сирек (≥1/100000, <1/10000), жиілігі анықталмаған (даму жиілігіне қолда бар мәліметтердің негізінде баға беру мүмкін емес).
Жиі:
– асқазан-ішектің бұзылуы, жүрек айнуы, асқазанның ауыруы
Сирек
– дозасын төмендеткенде азаятын орташа тахикардия
– ұйқышылдық
– аллергиялық реакциялар: эритема, бөртпе, есекжем, Квинке ісінуі, тұрақты пигментті эритема
Жиілігі анықталмаған
– диарея, құсу
– астения, шаршағыштық, бас айналуы
– жүрек соғуының жиілеуі, гипотензия (тахикардиямен байланысты болуы мүмкін)
– терінің қышынуы, уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы
Қолдануға болмайтын жағдайлар
– препарат компоненттерінің біріне жоғары сезімталдық
– 2 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Өзара байланысуға зерттеу жүргізілмеген.
Фенспирид Н1-антигистаминдік препараттардың тыныштандыратын әсерін арттыратындықтан, оны тыныштандыратын препараттармен және алкогольмен біріктіру ұсынылмайды.
Айрықша нұсқаулар
Қосымша заттар:
Препарат құрамында сахароза бар, сондықтан оны туа біткен фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза абсорбциясының бұзылу немесе сахароза-изомальтаза тапшылығы мәселесі сирек кездесетін пациенттерге қолданбау керек.
Өлшеуіш стақанмен өлшенген 5 мл препарат құрамында 3 г сахароза (9 г 15 мл-ге) бар, бұны қант диабеті бар пациенттер ескерулері тиіс.
Препарат құрамында парабендер (метилпарагидроксибензоат және пропилпарагидроксибензоат) болғандықтан, ол аллергиялық реакцияны (мерзімінен бұрын) туындатуы мүмкін.
Жүктілік, лактация кезеңі және фертильділігі
Жүктілік
Фенспиридті жүкті әйелдерге пайдалану жөнінде деректер жоқ, олар өте шектеулі. Клиникаға дейінгі зерттеулерде жануарлардың (тышқан мен қоянның) екі түрінде шаранада таңдай жырығы байқалған.
Эреспалды® жүктілік кезеңінде қабылдау ұсынылмайды, алайда фенспиридті қабылдау кезінде жүктілік расталса да жүктілікті тоқтату талап етілмейді.
Лактация кезеңі
Қазіргі кезде фенспиридтің емшек сүтімен бөліну-бөлінбеуі белгісіз.
Эреспал® емшек емізу кезеңінде қолданылмауы тиіс.
Фертильділігі
Репродуктивті жүйеге қатысты уыттылықты зерттеуде егеуқұйрықтың аталығы мен аналығының фертильділігіне ықпалы байқалмаған.
Дәрілік заттың автомобильді және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Эреспал® шәрбатының автокөлікті жүргізу және механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуіне қатысты зерттеулер жүргізілген жоқ.
Алайда Эреспал® шәрбаты ұйқышылдық туғызуы мүмкін болғандықтан, әсіресе емдеудің басында немесе алкогольді қабылдаумен үйлестіргенде, автокөлікті жүргізу және механизмдерді басқаруда ол аздап әсер етеді.
Артық дозалануы
Симптомдары: ұйқышылдық немесе қозу, жүрек айнуы, құсу, синустық тахикардия.
Емі: асқазанды шаю, ЭКГ мониторингі.
Шығарылу түрі және қаптамасы
150 мл препараттан алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы пластик қалпақшасы (ПВХ) және өлшеуіш стақаны бар құтыда.
1 құтыдан және өлшеуіш стақанымен медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Les Laboratoires Servier Industrie (Ле Лаборатуар Сервье Индастри), Франция
Тіркеу куәлігінің иесі
Les Laboratoires Servier (Ле Лаборатуар Сервье), Франция