Эрбитукс®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Эрбитукс®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Цетуксимаб
Дәрілік түрі, дозасы
Инфузияға арналған ерітінді 5 мг/мл
Фармакотерапиялық тобы
Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар. Антинеопластикалық препараттар. Моноклональді антиденелер және дәрілік заттар антиденелерінің конъюгаттары. EGFR (эпидермальді өсу факторының рецепторы) тежегіштері. Цетуксимаб.
АТХ коды L01FE01
Қолданылуы
- эпидермальді өсу факторының рецепторларын (EGFR) және жабайы типті RAS экспрессиялайтын, метастаздайтын колоректальді обыр:
иринотекан негізіндегі химиотерапиямен біріктірілімде
FOLFOX режимімен біріктірілімде бірінші желідегі ем ретінде
иринотекан мен оксалиплатин негізіндегі алдыңғы химиотерапия тиімсіз болған жағдайда монотерапия ретінде, сондай-ақ иринотеканға жақпаушылық кезінде
- бас және мойын мүшелерінің жалпақ жасушалы обыры:
жергілікті таралған процесс кезінде сәулемен емдеумен біріктірілімде
платина препараттары негізіндегі химиотерапиямен біріктірілімде - қайталанатын және/немесе метастаздайтын ісік кезінде
Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
әсер етуші затқа немесе 6.1-бөлімде атап көрсетілген қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
RAS гендері мутантты типті немесе RAS гендерінің статусы белгісіз метастаздайтын колоректальді обырға (мКРО) шалдыққан пациенттерде Эрбитукс® препаратын құрамында оксалиплатин бар химиотерапиямен біріктірілімде қолдану
жүктілік және лактация кезеңі
балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер (қолдану қауіпсіздігі анықталмаған)
Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары
Эрбитукс® ісікке қарсы дәрілік заттарды қолдану тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен енгізілуі керек. Инфузия процесінде және ол аяқталғаннан кейін кем дегенде 1 сағат ішінде пациенттерге мұқият бақылау жүргізу керек. Реанимациялық шараларды өткізуге арналған жабдықтың болуы қажет.
Инфузиялық реакциялар, анафилаксиялық реакцияларды қоса
Цетуксимабпен емдеу аясында пациенттерде сирек жағдайларда өліммен аяқталатын, анафилаксиялық реакцияларды қоса, ауыр инфузиялық реакциялар туындауы мүмкін. Ауыр инфузиялық реакцияның дамуы цетуксимабты дереу және толықтай тоқтатуды талап етеді, сонымен қатар реанимациялық шараларды жүргізуді талап етуі мүмкін. Бұл реакциялардың кейбіреулері табиғатынан анафилаксиялық немесе анафилактоидты болуы мүмкін немесе цитокиндердің босап шығу синдромы (ЦБС) болуы мүмкін. Симптомдар бірінші инфузия кезінде пайда болып, кейінгі инфузиядан кезінде немесе одан кейін бірнеше сағатқа дейін созылуы мүмкін. Пациенттерді мұндай реакциялардың кешеуілдеген даму мүмкіндігі туралы хабардар ету және инфузиялық реакциялардың симптомдары пайда болған кезде дәрігерге қаралу қажеттілігі туралы нұсқау беру ұсынылады. Симптомдар бронх түйілуді, есекжемді, артериялық қысымның жоғарылауын немесе төмендеуін, естен айырылуды қамтуы мүмкін. Сирек жағдайларда стенокардия, миокард инфарктісі немесе жүректің тоқтап қалуы байқалды.
Анафилаксиялық реакциялар алғашқы инфузия кезінде бірнеше минут ішінде дамуы мүмкін, мысалы, цетуксимабпен айқаспалы реакция беретін бұрын қалыптасқан IgE (иммуноглобулин Е) антиденелеріне байланысты. Бұл реакциялар әдетте бронх түйілумен және есекжеммен байланысты және премедикация жүргізуге қарамастан туындауы мүмкін.
Анафилаксиялық реакциялардың қаупі анамнезінде қызыл етке немесе кененің шағып алуына аллергиялық реакциялары бар немесе цетуксимабпен (α-1-3-галактоза) айқаспалы реакция беретін IgE антиденелеріне оң тестілеу нәтижелері бар пациенттерде айтарлықтай артады.
Мұндай науқастар үшін цетуксимаб пайда мен қауіптің арақатынасын, оның ішінде баламалы емдеу әдістерін мұқият саралағаннан кейін және жақсы оқып-үйретілген персоналдың мұқият бақылаумен және реанимациялық шараларды өткізуге арналған жабдық бар болғанда ғана енгізілуі тиіс.
Бірінші дозаны баяу енгізген жөн, бұл ретте жылдамдық минутына 5 мг аспауы керек. Өмірлік маңызды көрсеткіштерге мониторинг кем дегенде 2 сағат бойы жүргізілуі керек. Препаратты енгізу басталғаннан кейінгі алғашқы 15 минут ішінде инфузиялық реакция пайда болған жағдайда инфузияны тоқтату керек. Пациенттің кейінгі инфузияға дейін бұрын қалыптасқан IgE антиденелері бар болу мүмкіндігін назарға ала отырып, пайдасы мен қаупінің арақатынасына мұқият бағалау жүргізілуі тиіс.
Егер инфузиялық реакция кейінірек инфузия кезінде немесе одан кейінгі инфузия кезінде пайда болса, бұдан әрі бақылау реакцияның ауырлығына байланысты болады:
а) 1 дәреже: |
дәрігердің қатаң бақылауымен препараттың баяу инфузиясын жалғастырыңыз |
б) 2 дәреже: |
препараттың баяу инфузиясын жалғастырыңыз және симптомдардың емін дереу жүргізіңіз |
в) 3 және 4 дәреже |
препараттың инфузиясын дереу тоқтатып, симптомдарды емдеуге кірісіңіз. Цетуксимабты одан әрі пайдалануды тоқтату керек |
Цитокиндердің босап шығу синдромы (ЦБС) инфузиядан кейінгі бірінші сағат ішінде пайда болады және бронх түйілуімен есекжеммен сирек астасады. ЦБС бірінші инфузия кезіндегі анағұрлым ауыр реакция болып табылады.
Препараттың инфузиясымен байланысты жеңіл және орташа дәрежедегі реакциялар цетуксимабтың алғашқы инфузиясы кезінде байқауға болатын, қызба, қалтырау, бас айналу немесе ентігу сияқты симптомдарды қамтиды. Егер пациентте жеңіл және орташа дәрежедегі инфузиялық реакция симптомдары пайда болса, инфузия жылдамдығын төмендетуге болады. Мұндай жағдайларда барлық кейінгі инфузиялар кезінде осы төмен жылдамдықты сақтау ұсынылады.
Пациенттерді әсіресе препаратты алғаш рет қолдану кезінде мұқият мониторингілеу қажет. Жалпы жағдайы ауыр және жүрек-өкпе ауруларымен ауыратын пациенттерге ерекше назар аудару ұсынылады.
Тыныс алу жүйесі тарапынан бұзылулар
Ұлты жапон пациенттердің арасында өкпенің интерстициальді ауруы (ӨИА), оның ішінде өліммен аяқталатын жағдайлар байқалды.
ӨИА-ге байланысты жүргізілген химиотерапия және бұрын анықталған өкпе аурулары сияқты қатарлас жүретін факторлар болжамды нашарлатады және өліммен аяқталған жағдайлар қаупін арттырады. Мұндай пациенттерді мұқият бақылау керек. Симптомдар (мысалы, ентігу, жөтел, қызба) немесе ӨИА рентгенологиялық белгілері пайда болған жағдайда, шұғыл диагностикалық қарап-тексеруді жүргізу қажет.
Өкпенің интерстициальді ауруы диагнозы қойылған жағдайда, цетуксимабты тоқтатып, тиісті емді бастау керек.
Тері реакциялары
Әсіресе біріктірілген емді жүргізу кезінде ауыр түрде өтуі мүмкін тері реакциялары цетуксимабты енгізуге негізгі жағымсыз реакциялар болып табылады. Бұл жағдайда салдарлы инфекциялардың (негізінен бактериялық) даму қаупі артады, бұған стафилококкты уытты эпидермальді некролиз, некроздалған фасциит немесе кейбір жағдайларда өліммен аяқталған жағдайға әкеп соққан сепсис жағдайлары дәлел бола алады.
Тері реакциялары өте жиі байқалады және емді уақытша немесе толық тоқтатуды қажет етуі мүмкін. Клиникалық нұсқауларға сәйкес пероральді тетрациклиндерді профилактикалық қолдану (6-8 апта бойы) және ылғалдандырғышпен 1% гидрокортизон кремін жергілікті қолдану туралы мәселені қарастыру керек. Тері реакцияларын емдеу үшін белсенділігі орташа немесе жоғары кортикостероид препараттарын сыртқа, сондай-ақ тетрациклиндерді ішке қолданған.
Электролит теңгерімінің бұзылуы
Қан сарысуындағы магний концентрациясының үдемелі төмендеуі жиі байқалады, бұл ауыр гипомагниемияның дамуына әкеп соғуы мүмкін. Бұл жағдай цетуксимабты тоқтатқаннан кейін қайтады. Сонымен қатар, гипокалиемия диареяның асқынуы ретінде дамуы мүмкін. Гипокальциемияның дамуы да орын алуы мүмкін; препаратты платина препараттары негізіндегі химиотерапиямен біріктірілімде қолданған кезде ауыр гипокальциемия жиілігі жоғарылауы мүмкін.
Цетуксимабпен жүргізілетін ем басталғанға дейін және ем кезінде мезгіл-мезгіл қан сарысуындағы электролиттердің концентрациясын бағалау ұсынылады. Сондай-ақ клиникалық көрсетілімдер бойынша тиісті электролиттік демеуді жүргізу ұсынылады.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар
Өкпенің ұсақ жасушалы емес обырын, бас және мойын мүшелерінің жалпақ жасушалы обырын және колоректальді обырды емдеу кезінде жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан айқын көріністелген және кейбір жағдайларда өлімге әкеп соғатын жағымсыз құбылыстар жиілігінің жоғарылауы байқалды. Пациенттің ≥65 жас шамасы немесе оның жалпы жағдайы мен осы жағымсыз құбылыстардың туындау қаупі арасында байланыс байқалды. Цетуксимабты тағайындау кезінде пациенттер жүрек-қантамыр ауруларының, ауыр жағдайлардың болуын, сондай-ақ фторпиримидиндер сияқты кардиоуытты препараттарды қатарлас қабылдауды ескеруі керек.
RAS гендері мутантты типті колоректальді обырға шалдыққан пациенттер
RAS гендері мутантты типті колоректальді обырды емдеу кезінде немесе RAS гендерінің статусы анықталмаған жағдайда Эрбитукс® қолданылмауы керек. Алынған деректер RAS гендерінің мутантты типті ісіктерінде, атап айтқанда, оксалиплатин негізіндегі препараттармен біріктірілімде цетуксимабты қолданған кезде препараттың ықтимал қаупіне әлеуетті пайданың теріс қатынасы туралы айғақтайды. RAS гендерінің мутантты типті метастаздайтын колоректальді обырға шалдыққан пациенттер цетуксимабпен жүргізілетін емнен немесе ауру үдеуінсіз өміршеңдікке (PFS) айтарлықтай теріс әсері кезінде цетуксимаб пен химиотерапия (атап айтқанда, FOLFOX4) біріктірілімінен болатын пайданың өте төмен ықтималдылығымен сипатталады.
Ұқсас деректер бевацизумабпен (CAIRO2) үйлесімде пайдаланылған, XELOX химиотерапия режимімен цетуксимабтың біріктірілімінде алынған болатын. Алайда, жабайы типті KRAS экспрессиялайтын пациенттерде де жалпы өміршеңдікке (OS) және PFS-қа оң әсері көрінбеді.
Нейтропения және онымен байланысты инфекциялық асқынулар
Платина препараттары негізіндегі химиотерапиямен біріктірілімде цетуксимаб қабылдайтын пациенттер айқын нейтропенияның жоғары қауіп тобын құрайды, бұл өз кезегінде фебрильді нейтропения, пневмония және сепсис сияқты инфекциялық асқынулардың дамуына әкелуі мүмкін. Мұндай пациенттерді, әсіресе инфекцияның дамуына әкеп соғуы мүмкін, терінің зақымдануы, мукозит немесе диарея байқалған пациенттерді мұқият бақылау ұсынылады.
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар
Кератит туралы айғақтайтын белгілер мен симптомдардың дамуы байқалатын пациенттер шұғыл түрде офтальмологқа жіберілуі тиіс.
Кератит диагнозы қойылған жағдайда, емді жалғастырудың ықтимал пайдасы мен ықтимал қаупінің арақатынасын мұқият саралау қажет.
Цетуксимабты анамнезінде кератиті, ойық жаралы кератиті немесе көздің айқын құрғауы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Жанаспалы линзаларды пайдалану да кератит пен мөлдір қабықтың ойы жаралану дамуының қауіп факторы болып табылады.
Маңызды
Эрбитукс® препаратын химиотерапиямен біріктірілімде пайдаланған кезде осы препараттарды қолдану жөніндегі нұсқаулықты да зерделеу қажет.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Цетуксимабты платина препараттарына негізделген химиотерапиямен біріктірілімде қолданған кезде айқын лейкопения немесе нейтропения жиілігі жоғарылауы мүмкін, бұл өз кезегінде платина препараттары негізіндегі монотерапиямен салыстырғанда фебрильді нейтропения, пневмония және сепсис сияқты инфекциялық асқынулар жиілігінің жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін.
Фторпиримидиндермен жүргізілетін монотерапиямен салыстырғанда, цетуксимабты фторпиримидиндермен біріктірілімде қолданғанда миокард инфарктісін және іркілісті жүрек жеткіліксіздігін, сондай-ақ алақан-табан синдромын (алақан-табан эритродизестезиясы) қоса алғанда, миокард ишемиясы жиілігінің жоғарылауы байқалды.
Цетуксимабты иринотеканмен біріктіру (350 мг/м 2 дозада бір рет енгізгенде) цетуксимаб фармакокинетикасы параметрлерінің өзгеруіне әкелмейді. Сол сияқты, мұндай біріктіру кезінде иринотекан фармакокинетикасының параметрлерінде өзгерістер тіркелген жоқ.
Эрбитукс® препаратын басқа дәрілік препараттармен бір мезгілде қолданудың үйлесімділігі бойынша деректер жоқ.
Препаратты капецитабинмен және оксалиплатинмен (XELOX) біріктірілімде қолданған кезде айқын көріністелген диарея жиілігі жоғарылауы мүмкін.
Арнайы ескертулер
Эрбитукс® ісікке қарсы дәрілік заттарды қолдану тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен енгізілуі керек. Инфузия процесінде және ол аяқталғаннан кейін кем дегенде 1 сағат ішінде пациенттерге мұқият бақылау жүргізу керек. Реанимациялық шараларды өткізуге арналған жабдықтың болуы қажет.
Инфузиялық реакциялар, анафилаксиялық реакцияларды қоса
Цетуксимабпен емдеу аясында пациенттерде сирек жағдайларда өліммен аяқталатын, анафилаксиялық реакцияларды қоса, ауыр инфузиялық реакциялар туындауы мүмкін. Ауыр инфузиялық реакцияның дамуы цетуксимабты дереу және толықтай тоқтатуды талап етеді, сонымен қатар реанимациялық шараларды жүргізуді талап етуі мүмкін. Бұл реакциялардың кейбіреулері табиғатынан анафилаксиялық немесе анафилактоидты болуы мүмкін немесе цитокиндердің босап шығу синдромы (ЦБС) болуы мүмкін. Симптомдар бірінші инфузия кезінде пайда болып, кейінгі инфузиядан кезінде немесе одан кейін бірнеше сағатқа дейін созылуы мүмкін. Пациенттерді мұндай реакциялардың кешеуілдеген даму мүмкіндігі туралы хабардар ету және инфузиялық реакциялардың симптомдары пайда болған кезде дәрігерге қаралу қажеттілігі туралы нұсқау беру ұсынылады. Симптомдар бронх түйілуді, есекжемді, артериялық қысымның жоғарылауын немесе төмендеуін, естен айырылуды қамтуы мүмкін. Сирек жағдайларда стенокардия, миокард инфарктісі немесе жүректің тоқтап қалуы байқалды.
Анафилаксиялық реакциялар алғашқы инфузия кезінде бірнеше минут ішінде дамуы мүмкін, мысалы, цетуксимабпен айқаспалы реакция беретін бұрын қалыптасқан IgE (иммуноглобулин Е) антиденелеріне байланысты. Бұл реакциялар әдетте бронх түйілумен және есекжеммен байланысты және премедикация жүргізуге қарамастан туындауы мүмкін.
Анафилаксиялық реакциялардың қаупі анамнезінде қызыл етке немесе кененің шағып алуына аллергиялық реакциялары бар немесе цетуксимабпен (α-1-3-галактоза) айқаспалы реакция беретін IgE антиденелеріне оң тестілеу нәтижелері бар пациенттерде айтарлықтай артады.
Мұндай науқастар үшін цетуксимаб пайда мен қауіптің арақатынасын, оның ішінде баламалы емдеу әдістерін мұқият саралағаннан кейін және жақсы оқып-үйретілген персоналдың мұқият бақылаумен және реанимациялық шараларды өткізуге арналған жабдық бар болғанда ғана енгізілуі тиіс.
Бірінші дозаны баяу енгізген жөн, бұл ретте жылдамдық минутына 5 мг аспауы керек. Өмірлік маңызды көрсеткіштерге мониторинг кем дегенде 2 сағат бойы жүргізілуі керек. Препаратты енгізу басталғаннан кейінгі алғашқы 15 минут ішінде инфузиялық реакция пайда болған жағдайда инфузияны тоқтату керек. Пациенттің кейінгі инфузияға дейін бұрын қалыптасқан IgE антиденелері бар болу мүмкіндігін назарға ала отырып, пайдасы мен қаупінің арақатынасына мұқият бағалау жүргізілуі тиіс.
Егер инфузиялық реакция кейінірек инфузия кезінде немесе одан кейінгі инфузия кезінде пайда болса, бұдан әрі бақылау реакцияның ауырлығына байланысты болады:
а) 1 дәреже: |
дәрігердің қатаң бақылауымен препараттың баяу инфузиясын жалғастырыңыз |
б) 2 дәреже: |
препараттың баяу инфузиясын жалғастырыңыз және симптомдардың емін дереу жүргізіңіз |
в) 3 және 4 дәреже |
препараттың инфузиясын дереу тоқтатып, симптомдарды емдеуге кірісіңіз. Цетуксимабты одан әрі пайдалануды тоқтату керек |
Цитокиндердің босап шығу синдромы (ЦБС) инфузиядан кейінгі бірінші сағат ішінде пайда болады және бронх түйілуімен есекжеммен сирек астасады. ЦБС бірінші инфузия кезіндегі анағұрлым ауыр реакция болып табылады.
Препараттың инфузиясымен байланысты жеңіл және орташа дәрежедегі реакциялар цетуксимабтың алғашқы инфузиясы кезінде байқауға болатын, қызба, қалтырау, бас айналу немесе ентігу сияқты симптомдарды қамтиды. Егер пациентте жеңіл және орташа дәрежедегі инфузиялық реакция симптомдары пайда болса, инфузия жылдамдығын төмендетуге болады. Мұндай жағдайларда барлық кейінгі инфузиялар кезінде осы төмен жылдамдықты сақтау ұсынылады.
Пациенттерді әсіресе препаратты алғаш рет қолдану кезінде мұқият мониторингілеу қажет. Жалпы жағдайы ауыр және жүрек-өкпе ауруларымен ауыратын пациенттерге ерекше назар аудару ұсынылады.
Тыныс алу жүйесі тарапынан бұзылулар
Ұлты жапон пациенттердің арасында өкпенің интерстициальді ауруы (ӨИА), оның ішінде өліммен аяқталатын жағдайлар байқалды.
ӨИА-ге байланысты жүргізілген химиотерапия және бұрын анықталған өкпе аурулары сияқты қатарлас жүретін факторлар болжамды нашарлатады және өліммен аяқталған жағдайлар қаупін арттырады. Мұндай пациенттерді мұқият бақылау керек. Симптомдар (мысалы, ентігу, жөтел, қызба) немесе ӨИА рентгенологиялық белгілері пайда болған жағдайда, шұғыл диагностикалық қарап-тексеруді жүргізу қажет.
Өкпенің интерстициальді ауруы диагнозы қойылған жағдайда, цетуксимабты тоқтатып, тиісті емді бастау керек.
Тері реакциялары
Әсіресе біріктірілген емді жүргізу кезінде ауыр түрде өтуі мүмкін тері реакциялары цетуксимабты енгізуге негізгі жағымсыз реакциялар болып табылады. Бұл жағдайда салдарлы инфекциялардың (негізінен бактериялық) даму қаупі артады, бұған стафилококкты уытты эпидермальді некролиз, некроздалған фасциит немесе кейбір жағдайларда өліммен аяқталған жағдайға әкеп соққан сепсис жағдайлары дәлел бола алады.
Тері реакциялары өте жиі байқалады және емді уақытша немесе толық тоқтатуды қажет етуі мүмкін. Клиникалық нұсқауларға сәйкес пероральді тетрациклиндерді профилактикалық қолдану (6-8 апта бойы) және ылғалдандырғышпен 1% гидрокортизон кремін жергілікті қолдану туралы мәселені қарастыру керек. Тері реакцияларын емдеу үшін белсенділігі орташа немесе жоғары кортикостероид препараттарын сыртқа, сондай-ақ тетрациклиндерді ішке қолданған.
Электролит теңгерімінің бұзылуы
Қан сарысуындағы магний концентрациясының үдемелі төмендеуі жиі байқалады, бұл ауыр гипомагниемияның дамуына әкеп соғуы мүмкін. Бұл жағдай цетуксимабты тоқтатқаннан кейін қайтады. Сонымен қатар, гипокалиемия диареяның асқынуы ретінде дамуы мүмкін. Гипокальциемияның дамуы да орын алуы мүмкін; препаратты платина препараттары негізіндегі химиотерапиямен біріктірілімде қолданған кезде ауыр гипокальциемия жиілігі жоғарылауы мүмкін.
Цетуксимабпен жүргізілетін ем басталғанға дейін және ем кезінде мезгіл-мезгіл қан сарысуындағы электролиттердің концентрациясын бағалау ұсынылады. Сондай-ақ клиникалық көрсетілімдер бойынша тиісті электролиттік демеуді жүргізу ұсынылады.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар
Өкпенің ұсақ жасушалы емес обырын, бас және мойын мүшелерінің жалпақ жасушалы обырын және колоректальді обырды емдеу кезінде жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан айқын көріністелген және кейбір жағдайларда өлімге әкеп соғатын жағымсыз құбылыстар жиілігінің жоғарылауы байқалды. Пациенттің ≥65 жас шамасы немесе оның жалпы жағдайы мен осы жағымсыз құбылыстардың туындау қаупі арасында байланыс байқалды. Цетуксимабты тағайындау кезінде пациенттер жүрек-қантамыр ауруларының, ауыр жағдайлардың болуын, сондай-ақ фторпиримидиндер сияқты кардиоуытты препараттарды қатарлас қабылдауды ескеруі керек.
RAS гендері мутантты типті колоректальді обырға шалдыққан пациенттер
RAS гендері мутантты типті колоректальді обырды емдеу кезінде немесе RAS гендерінің статусы анықталмаған жағдайда Эрбитукс® қолданылмауы керек. Алынған деректер RAS гендерінің мутантты типті ісіктерінде, атап айтқанда, оксалиплатин негізіндегі препараттармен біріктірілімде цетуксимабты қолданған кезде препараттың ықтимал қаупіне әлеуетті пайданың теріс қатынасы туралы айғақтайды. RAS гендерінің мутантты типті метастаздайтын колоректальді обырға шалдыққан пациенттер цетуксимабпен жүргізілетін емнен немесе ауру үдеуінсіз өміршеңдікке (PFS) айтарлықтай теріс әсері кезінде цетуксимаб пен химиотерапия (атап айтқанда, FOLFOX4) біріктірілімінен болатын пайданың өте төмен ықтималдылығымен сипатталады.
Ұқсас деректер бевацизумабпен (CAIRO2) үйлесімде пайдаланылған, XELOX химиотерапия режимімен цетуксимабтың біріктірілімінде алынған болатын. Алайда, жабайы типті KRAS экспрессиялайтын пациенттерде де жалпы өміршеңдікке (OS) және PFS-қа оң әсері көрінбеді.
Нейтропения және онымен байланысты инфекциялық асқынулар
Платина препараттары негізіндегі химиотерапиямен біріктірілімде цетуксимаб қабылдайтын пациенттер айқын нейтропенияның жоғары қауіп тобын құрайды, бұл өз кезегінде фебрильді нейтропения, пневмония және сепсис сияқты инфекциялық асқынулардың дамуына әкелуі мүмкін. Мұндай пациенттерді, әсіресе инфекцияның дамуына әкеп соғуы мүмкін, терінің зақымдануы, мукозит немесе диарея байқалған пациенттерді мұқият бақылау ұсынылады.
Көру мүшесі тарапынан бұзылулар
Кератит туралы айғақтайтын белгілер мен симптомдардың дамуы байқалатын пациенттер шұғыл түрде офтальмологқа жіберілуі тиіс.
Кератит диагнозы қойылған жағдайда, емді жалғастырудың ықтимал пайдасы мен ықтимал қаупінің арақатынасын мұқият саралау қажет.
Цетуксимабты анамнезінде кератиті, ойық жаралы кератиті немесе көздің айқын құрғауы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Жанаспалы линзаларды пайдалану да кератит пен мөлдір қабықтың ойы жаралану дамуының қауіп факторы болып табылады.
Ерекше популяциялар
Егде жастағы пациенттерде препаратты қолданған кезде дозаны түзету талап етілмейді, алайда 75 жастағы және одан асқан адамдарда қолдану тәжірибесі шектеулі.
Маңызды
Эрбитукс® препаратын химиотерапиямен біріктірілімде пайдаланған кезде осы препараттарды қолдану жөніндегі нұсқаулықты да зерделеу қажет.
Жүктілік және лактация кезеңі
EGFR шарананың дамуына қатысады. Цетуксимабтың плацентарлы бөгет арқылы өтетіні белгілі. Эрбитукс® препаратын анасы үшін пайдасы шарана үшін қаупінен асқан жағдайда ғана тағайындауға болады.
Лактация кезеңі
Эрбитукс® препаратын лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды, сондай-ақ препараттың соңғы дозасын енгізгеннен кейін 2 ай ішінде бала емізу ұсынылмайды, себебі цетуксимабтың емшек сүтімен бөлінетіні-бөлінбейтіні белгісіз.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Дәрілік заттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, көлік құралдары мен механизмдерді басқару кезінде сақтық таныту керек.
Қолдану жөніндегі ұсынымдар
Дозалау режимі
Эрбитукс® ісікке қарсы дәрілік заттарды қолдану тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен енгізілуі керек. Эрбитукс® минутына 10 мг аспайтын мөлшерде ең жоғары инфузия жылдамдығымен вена ішіне енгізіледі.
Препаратты алғаш рет енгізер алдында пациенттер цетуксимабты енгізуге дейін кемінде 1 сағат бұрын антигистаминді дәрілермен және кортикостероидты препараттармен премедикация алуы тиіс. Премедикация барлық кейінгі инфузиялар кезінде де ұсынылады.
Барлық көрсетілімдер кезінде Эрбитукс® аптасына 1 рет енгізіледі.
Препараттың бастапқы дозасы дене беткейінің 1 м 2 ауданына 400 мг цетуксимабты құрайды. Барлық келесі апта сайынғы дозалар 1 м2-ға 250 мг цетуксимабты құрайды.
Бастапқы доза баяу енгізіледі және инфузия жылдамдығы минутына 5 мг аспауы керек.
Препараттың алғашқы инфузиясының ұзақтығы - кемінде 120 минут.
Кейіннен апта сайынғы енгізу ұзақтығы - 60 минутқа дейін.
Инфузия жылдамдығы минутына 10 мг аспауы керек.
Колоректальді обыр
Метастаздайтын колоректальді обырға шалдыққан пациентерде цетуксимаб химиопрепараттармен немесе монотерапиямен біріктірілімде қолданылады. Жабайы типті RAS (KRAS және NRAS) экспрессиясының бар болуы Эрбитукс® препаратымен ем бастамас бұрын расталуы керек.
Біріктірілген химиотерапия кезіндегі препараттар цетуксимабпен жүргізілген инфузия аяқталғаннан кейін 1 сағат өтпей, енгізілмеуі керек.
Фондық ауру үдегенге дейін цетуксимабпен жүргізілетін емді жалғастыру ұсынылады.
Бас пен мойынның жалпақ жасушалы обыры
Бас және мойын мүшелерінің жергілікті таралған жалпақ жасушалы обырына шалдыққан пациенттерде цетуксимаб сәулемен емдеумен біріктірілімде қолданылады. Цетуксимабпен жүргізілетін емді сәулемен емдеу басталғанға дейін 1 апта бұрын бастау және сәулемен емдеу аяқталғанға дейін жалғастыру ұсынылады.
Бас және мойын мүшелерінің қайталанатын және/немесе метастаздайтын жалпақ жасушалы обырына шалдыққан пациенттерде цетуксимаб платина препараттары негізіндегі химиотерапиямен біріктірілімде қолданылады; содан кейін ауру үдегенге дейін цетуксимабпен демеуші ем жүргізіледі. Химиопрепараттарды цетуксимаб инфузиясы аяқталғаннан кейін 1 сағаттан ерте енгізуге жол берілмейді.
Дозалау режимін түзету жөніндегі ұсынымдар
АҚШ Ұлттық обыр институтының жіктеуіне (жағымсыз құбылыстар үшін жалпы уыттылық критерийлері (СТСАЕ)) сәйкес, тері реакцияларының ≥ 3 дәрежелі уыттылығы дамыған кезде Эрбитукс® препаратын қолдануды тоқтату керек. Тері реакцияларының 2 дәрежесінде ғана емді жаңғыртуға жол беріледі.
Егер терінің ауыр реакциялары бірінші рет туындаған болса, препараттың дозасын өзгертпестен, емдеуді жаңғыртуға болады.
Терінің айқын реакцияларының екінші және үшінші эпизодтары дамыған кезде цетуксимабпен емдеуді қайтадан уақытша тоқтата тұру қажет. Реакциялар 2 айқындық дәрежесіне дейін басылған соң төмендетілген дозада (200 мг/м2 - екінші эпизодтан кейін және 150 мг/м2 - үшінші эпизодтан кейін) ғана емді жаңғыртуға болады.
Терінің ауыр реакциясының төртінші эпизоды дамыған кезде немесе 2 айқындық дәрежесіне дейін басылу болмағанда, емді уақытша тоқтату кезеңінде цетуксимабты толықтай тоқтату керек.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
Эрбитукс® инфузиялық помпаның, инфузиялық жүйенің немесе шприцті помпаның көмегімен вена ішіне енгізіледі. Препаратты енгізу үшін инфузияның соңында 9 мг/мл (0,9 %) концентрациялы натрий хлоридінің стерильді ерітіндісімен шайылуы керек, жекелеген инфузиялық желіні пайдалану қажет.
Эрбитукс®, инфузияға арналған 5 мг/мл ерітіндісі:
полиэтиленнен (ПЭ), этилвинилацетаттан (ЭВА) және поливинилхлоридтен (ПВХ) жасалған инфузиялық пакеттермен,
полиэтиленнен (ПЭ), полиуретаннан (ПУ), этилвинилацетаттан (ЭВА), полиолефинді термопластиктен (ПТП) және поливинилхлоридтен (ПВХ) жасалған инфузиялық жинақтармен,
полипропиленнен (ПП) жасалған шприцтер мен шприцті помпалармен үйлесімді.
Эрбитукс® препаратын енгізу кезінде басқа дәрілік заттармен араластыруға болмайды.
Эрбитукс® 5 мг/мл келесідей дайындалуы керек:
Инфузиялық помпаның немесе инфузиялық жүйенің көмегімен қолдану (натрий хлоридінің 9 мг/мл (0,9%) концентрациялы стерильді ерітіндісімен сұйылтқаннан кейін): натрий хлоридінің 9 мг/мл (0,9%) концентрациялы стерильді ерітіндісімен толтырылған тиісті көлемдегі инфузиялық пакетті пайдаланады. Эрбитукс® препаратының қажетті көлемін есептейді. Тиісті стерильді шприц пен қолайлы инені пайдалана отырып, инфузиялық пакеттен натрий хлориді ерітіндісінің тиісті көлемін алады. ТИісті стерильді шприцті алып, оған қолайлы инені жалғайды. Эрбитукс® препаратының қажетті көлемін құтыдан сорып алады. Эрбитукс® препаратын дайындалған инфузиялық пакетке ауыстырады. Бұл шара есептелген көлемге қол жеткізгенге дейін қайталайды. Пакетті инфузиялық жүйемен біріктіріп, инфузия алдында Эрбитукс® препаратының сұйылтылған ерітіндісімен толтырады. Берілген препаратты енгізу үшін инфузиялық жүйені немесе инфузиялық помпаны пайдалану қажет. Енгізу жылдамдығын орнатады және бақылайды.
Инфузиялық помпаның немесе инфузиялық жүйенің көмегімен қолдану (сұйылтылмаған ерітінді).
Эрбитукс® препаратының қажетті көлемін есептейді.
Әрі қарай, тиісті стерильді шприцті (ең аз көлемі 50 мл) алады, оған сай келетін инені қосады. Эрбитукс® препаратының қажетті көлемін құтыдан сорып алады. Эрбитукс® препаратын стерильді контейнерге немесе пакетке ауыстырады. Бұл шара есептелген көлемге қол жеткізгенге дейін қайталайды. Пакетті инфузиялық жүйеге жалғайды, инфузия басталғанға дейін оны Эрбитукс® препаратымен толтырады. Енгізу жылдамдығын орнатады және бақылайды.
Шприцті помпаның көмегімен қолдану.
Эрбитукс® препаратының қажетті көлемін есептейді.
Тиісті стерильді шприцті алып, оған қолайлы инені жалғайды. Эрбитукс® препаратының қажетті көлемін құтыдан сорып алады. Инені ажыратады, шприцті помпаға шприцті орнатады. Инфузиялық жүйені шприцке жалғайды, ұсынымдарға сәйкес енгізу жылдамдығын орнатады және бақылайды. Инфузияны инфузиялық жүйені Эрбитукс® препаратымен немесе натрий хлоридінің 9 мг/мл (0,9%) концентрациялы стерильді ерітіндісімен толтырғаннан кейін бастайды. Қажеттілігінше, бұл шараны есептелген көлем енгізілгенге дейін қайталайды.
Эрбитукс® құрамында микробқа қарсы консерванттар мен бактериостатикалық дәрілер жоқ, сондықтан оны қолданған кезде асептика ережелерін қатаң сақтау керек. Құтыны ашқаннан кейін препаратты мүмкіндігінше тезірек қолдану табанды түрде ұсынылады, препараттың сақтау мерзімі ашқаннан кейін 2С-ден 8С-ге дейінгі температурада 24 сағаттан аспауы керек.
Енгізу әдісі мен жолы
Эрбитукс® вена ішіне енгізіледі.
Қабылдау уақыты көрсетілген қолдану жиілігі
Қатысы жоқ
Артық дозаланған жағдайда қабылдануы керек шаралар
Қазіргі уақытта дене беткейінің ауданына 400 мг/м 2-ден асатын бір реттік дозаларды қолдану немесе дене беткейінің ауданына 250 мг/м 2-ден асатын дозаларды апта сайын қолдану тәжірибесі шектеулі.
Тоқтату симптомдары қаупінің болуын көрсету
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын кеңес алу үшін дәрігерге немесе фармацевтке хабарласыңыз.
ДП стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы керек шаралар
Препараттың жағымсыз әсерлері келесі жіктеуді пайдалана отырып, кездесу жиілігіне байланысты жүйеленеді: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1 000, <1/100), сирек (≥1/10 000, <1/1 000), өте сирек (<1/10 000) немесе белгісіз (қол жетімді деректер бойынша бағалауға келмейді).
Орталық жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар
Жиі
бас ауыру
Жиілігі белгісіз
асептикалық менингит
Көру мүшелері тарапынан бұзылулар
Жиі
конъюнктивит
Жиі емес
блефарит, кератит
Тамырлар тарапынан бұзылулар
Жиі емес
терең веналар тромбозы
Респираторлық, торакальді және көкірек ортасы бұзылыстары
Жиі емес
өкпе эмболиясы
Сирек
өліммен аяқталуы мүмкін, өкпенің интерстициальді ауруы
Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар
Жиі
диарея, жүрек айну, құсу
Бауыр тарапынан бұзылулар
Өте жиі
бауыр ферменттерінің (АЛТ, АСТ, сілтілі фосфатаза) деңгейінің жоғарылауы
Тері және тері асты шелінің тарапынан бұзылулар
Өте жиі
тері реакциялары
Өте сирек
Стивенс-Джонсон синдромы / уытты эпидермальді некролиз
Жиілігі белгісіз
тері зақымдануларының суперинфекциясы
Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар
Өте жиі
гипомагниемия
Жиі
дегидратация, оның ішінде диарея немесе мукозит нәтижесінде, дене салмағының төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін гипокальциемия, анорексия
Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы бұзылулар
Өте жиі
жеңіл және орташа дәрежедегі инфузияға тәуелді реакциялар, кейбір жағдайларда ауыр болатын мукозиттер. Мукозит эпистаксиске (мұрыннан қан кетуге) әкелуі мүмкін
Жиі
кейбір жағдайларда өліммен аяқталған жағдайға әкелуі мүмкін, ауыр инфузияға тәуелді реакциялар, қажу
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат - 5 мг цетуксимаб,
қосымша заттар: натрий хлориді, глицин, полисорбат 80, лимон қышқылы моногидраты, натрий гидроксиді, инъекцияға арналған су.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Мөлдір немесе аздап бозаңданатын түссізден ақшыл сарғыш түске дейінгі ерітінді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
20 мл және 100 мл препараттан тефлонмен жабылған бромбутилді резеңкеден немесе хлорланған бутилкаучуктен жасалған тығынмен тығындалған түссіз шыны құтыға салынады.
1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
4 жыл.
Құтыны ашқан жағдайда препарат 2 °С-ден 8°С-ге дейінгі температурада 24 сағат бойы сақталады.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Сақтау шарттары
2 С-ден 8 С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәліметтер
Мерк Хелскеа КГаА, Германия
Frankfurter Str. 250, 64293 Darmstadt, Germany
Франкфуртер Штрассе 250, 64293 Дармштадт, Германия
Телефон: +496151720
Электронды пошта: www.merckgroup.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Мерк» ЖШҚ,
Валовая көшесі, 35 үй, Мәскеу қ., 115054, Ресей
Телефон: +7-495-937-33-04
Факс: +7-495-937-33-05
Электронды пошта: alina.kononova@merckgroup.com
Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
«Ацино Каз» ЖШС
Қазақстан, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 223 үй, 243 т.е., пошта индексі 050047
Телефон нөмірі: 8 (727) 364 56 61, 8 (727) 291 61 51
Электронды пошта: PV-KAZ@acino.swiss