Эрбинол (спрей для наружного применения 1%)

МНН: Тербинафин
Производитель: К.О. Ромфарм Компани С.Р.Л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Terbinafine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019224
Информация о регистрации в РК: 18.05.2018 - 18.05.2023

Инструкция

Саудалық атауы

Эрбинол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Тербинафин

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 1% спрей

Құрамы:

1 мл препараттың құрамында:

белсенді зат - 10,08 мг тербинафин гидрохлориді,

қосымша заттар: пропиленгликоль, макрогол 300, 96% этанол, тазартылған су

Сипаттамасы

Түссізден ақшыл сары түске дейінгі мөлдір немесе жеңіл бозаңданған ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Сырқа қолдануға арналған зеңге қарсы басқа да препараттар.

АТX коды D01AE15

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сыртқа қолданғанда тербинафин аса төмен жүйелі белсенділікке ие, сондықтан жүйелі қан ағымына тербинафиннің 5%-дан кем мөлшері сіңеді. Тербинафин тері арқылы тез енеді және май бездерінде қор түзеді, шаш түбірлерінде және шаштарда жоғары концентрациялары құралады.

Фармакодинамикасы

Тербинафин аллиламин болып табылады және кең ауқымды зеңге қарсы әсері бар. Әсер ету механизмі зеңдердің жасушалық жарғақшасында стериндердің биосинтезін ерте сатысында спецификалық бәсеңдетумен байланысты.

Бұл зең жасушаларының өлуін туындататын, эргостериннің тапшылығына және скваленнің жасуша ішілік жинақталуына алып келеді. Эрбинолдың әсері зең жасушаларының жарғақшасында скваленэпоксидаза ферментін тежеу арқылы жүзеге асады. Бұл фермент Р450 цитохромы жүйесіне жатпайды, сондықтан гормондар мен басқа дәрілік препараттардың метаболизміне ықпал етпейді.

Эрбинол дерматофиттерге (Trichophyton rudrum, Т. mentagrophytes, T. verrucosum, Т. tonsurans, Т. violaceum, Microsporum canis, Epidermophyton floccosum), өңезді зеңдерге (оның ішінде Aspergillus, Cladosporium, Scopulariopsis drevicaulis) және бірнеше диморфты саңырауқұлақтарға қатысты фунгицидті әсер етеді. Candida текті ашытқы саңырауқұлақтарына әсері (негізінен Candida albicans) саңырауқұлақтар түріне байланысты фунгицидті немесе фунгистатикалық болуы мүмкін. Жергілікті қолданғанда Эрбинол сондай – ақ (түрлі түсті) кебек тәрізді теміреткінің қоздырғышы – Pityrosporum orbiculare (Malassezia furfur) қатысты белсенді.

Қолданылуы

- терінің зеңдік жұқпалары: дерматофиттерден туындаған аяқ микозы, шап эпидермофитиясы (tinea cruris), денедегі тегіс терінің зеңдік зақымдануы (tinea corporis), (Trichophyton rubrum, Trichophyton mentagrophytes, Trichophyton verrucosum, Trichophyton violaceum, Microsporum canis и Epidermophyton floccosum);

- Pityrosporum orbiculare туындаған (Malassezia furfur) түрлі түсті теміреткі (Pityriasis versicolor)

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа қолдануға арналған спрей.

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға.

Препаратты теріге тәулігіне 1-2 рет жағады. Спрейді бүркер алдында зақымданған тері бөліктерін тазартып, құрғату қажет. Препаратты зақымдалған жерлерге олардың әбден ылғалдануы үшін жеткілікті мөлшерде шашады (жағады), бұдан басқа, зақыммен жапсарлас терінің қасындағы жерлерге және зақымдалмаған жерлерге де жағады.

Емдеу ұзақтығы көрсетіліміне және аурудың ауырлығына байланысты.

Емдеудің орташа ұзақтығы:

– дененің, балтырдың дерматомикозы – 1 апта ( тәулігіне 1–2 рет );

– табан дерматомикозы – 1 апта ( тәулігіне 1–2 рет );

– түрлі түсті теміреткі – 1–2 апта ( тәулігіне 2 рет );

Клиникалық көріністің айқындылығының азаюы әдетте емдеудің алғашқы күндері байқалады. Ретімен уақтылы емдеу болмаған жағдайда немесе оны уақытынан бұрын тоқтатса, жұқпаның қайта жаңғыру қаупі бар. Емдеудің 2 аптасынан кейін сауығу белгілері байқалмаған жағдайда, диагнозды қайта нақтылау қажет.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- қызару

- шымылдатып ашытуды сезіну

Өте сирек

- қышыну

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- тербинафинге немесе препарат құрамына кіретін белсенді емес ингредиенттің кез-келгеніне асқын сезімталдық

- 12 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

Сақтықпен: бауыр және/немесе бүйрек жеткіліксіздігінде, маскүнемдікте, сүйек - кеміктік қан түзілуі бәсеңдегенде, ісікте, зат алмасу ауруларында, аяқ тамырларының окклюзионды ауруларында қабылдау керек.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Эрбинол спрейінің басқа препараттармен өзара әрекеттесуі осы күнге дейін анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Егде жастағы адамдарға Эрбинолдың дозалау тәртібін өзгерту керек емес.

Препараттың көзге және шырышты қабыққа түсуін болдырмаңыз. Кездейсоқ көзге түскен жағдайда, оны жылдам ағын сумен жуып шаю, ал тұрақты тітіркену құбылыстары дамыған жағдайда дәрігермен кеңесу қажет. Эрбинолды зақымданған тері бөліктеріне бүрку кезінде абай болу керек, өйткені құрамындағы спирт тітіркендіруі мүмкін.

Эрбинолмен емдеу кезінде қайталап жұқпалануды болдырмау үшін гигиенаның жалпы ережелерін орындау керек (іш киім, аяқ киім арқылы).

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты балаларда қолдану тәжірибесі шектеулі, сондықтан 12 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препарат көлік құралын және қауіптілігі зор басқа механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары туралы мәлімет жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препараттың 1% ерітіндісін 20 мл–ден бүріккіші мен қалпақшасы бар полиэтилен құтыға құяды.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Мұздатып қатыруға болмайды!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Сауда белгісінің және тіркеу сертификатының иесі «Ротафарм» болып табылады, Ұлыбритания

Дайындалған жері

«Ромфарм Компани С.Р.Л.», Румыния

Отепень, Ероилор к- сі 1А, Румыния

Тіркеу куәлігінің иесі

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Алматы қ-сы, Түрксіб ауданы, Сүйінбай даңғ, 2226

тел. (727) 2529090

 

Прикрепленные файлы

704341851477977045_ru.doc 54 кб
678280921477978228_kz.doc 60.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники