Эпимат 50

МНН: Топирамат
Производитель: Торрент Фармасьютикалс Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Topiramate
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021446
Информация о регистрации в РК: 25.06.2015 - 25.06.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Эпимат 50

Халықаралық патенттелмеген атауы

Топирамат

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 50 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - топирамат 50 мг

қосымша заттар: лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, желатинделген крахмал, натрий крахмалы гликоляты (А типі), магний стеараты, тальк, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, тазартылған су.

қабық құрамы: гипромеллоза 2910 (6cps), полиэтиленгликоль 400, титанның қостотығы (Е171), темірдің сары тотығы (Е172), темірдің қызыл тотығы (Е172), тазартылған су.

Сипаттамасы

Сындыруға арналған екі жақ бетінде де бөлу сызығымен және бір жақ бетінде «10» және «32» және екінші жағында «50» саны ойылып жазылған, сары түсті үлбірлі қабықпен қапталған екі беті дөңес, дөңгелек пішінді таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Эпилепсияға қарсы басқа да препараттар. Топирамат.

АТХ коды NО3АХ11

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі және таралуы

Топирамат, 400 мг препаратты ішу арқылы қабылдағаннан кейін шамамен 2 сағаттан соң ең жоғарғы плазмалық концентрацияларымен жылдам сіңеді. Топираматтың салыстырмалы биожетімділігі таблетканың құрамына байланысты ерітіндімен салыстырғанда 80 %-ға жуықты құрайды. Ас ішу топираматтың биожетімділігіне елеулі әсер етпейді. Топираматтың фармакокинетикасы плазмалық концентрацияларын дозалар ауқымында (200 - 800 мг/күндер) дозасына пропорционалды арттырғанда дозасына байланысты болады. Препараттың плазмадан жартылай шығарылуының орташа кезеңі препаратты бір рет және көп рет қабылдағаннан кейін 21 сағатты құрайды. Осы арқылы, динамикалық тепе- теңдігіне, бүйрек функциясы қалыпты науқастарда шамамен 4 күннен соң қол жеткізіледі. Топирамат концентрацияларының 1-250 мкг/мл ауқымында адам қаны плазмасының ақуыздарымен 13-17 %-ға байланысады.

Метаболизмі мен шығарылуы

Метаболизмі бауырда глюкурондану, гидроксилдену және гидролиз үдерісі арқылы жүзеге асады, соның нәтижесінде 6 фармакологиялық белсенді емес метаболиті түзіледі. Ішу арқылы бір рет қабылдағаннан кейін фармакокинетикасы дозаға байланысты сипатқа ие болады, қан плазмасындағы клиренсі тұрақты болып қалады, ол 20–30 мл/минутты құрайды. 100-400 мг дозасы шегінде AUC дозасына пропорционалды артады. Жартылай шығарылу кезеңі 21 сағатты (50 мг дозада көп рет және 100 мг дозада тәулігіне екі рет қабылдағаннан кейін) құрайды.

Топираматтың плазмалық және бүйректік клиренсі бүйрек функциясы әлсіз (креатинин CL <60 мл/мин) емделушілерде төмендеген, сондай-ақ плазмалық клиренсі бүйрек жеткіліксіздігінің терминалдық сатысындағы емделушілерде төмендеген.

Фармакодинамикасы

Топирамат сульфамат-орынбасқан моносахаридтер класына жататын эпилепсияға қарсы препарат болып табылады.

Натрий өзекшелерін бөгейді және нейрон жарғақшаларының ұзақ уақыт деполяризациясы аясында қайта әсер ету мүмкіндіктерінің туындауын бәсеңдетеді.

ГАМҚ-рецепторлардың кейбір қосалқы түрлеріне қатысты гамма-аминмай қышқылының белсенділігін арттырады. Сезімталдық каинатының каинат/АМПҚ (альфа-амино-3-гидрокси-5-метилизоксазол-4-пропион қышқылы)-рецепторлардың қосалқы түрінің глутаматқа, N-метил-О-аспартаттың NMDA-рецепторларға қатысты белсенділігіне әсер етпей белсенуіне кедергі келтіреді. Аталған әсерлері дозаға тәуелді. Бұдан өзге, Топирамат кейбір карбоангидраза изоферменттерінің белсенділігін тежейді. Бұл әсері ацетазоламид карбоангидразасы тежегішіне қарағанда айтарлықтай әлсіз, және Топираматтың эпилепсияға қарсы белсенділігінің негізгі компоненті болып табылады.

Қолданылуы

Эпилепсия

- парциальді немесе жайылған тонико-клоникалық құрысулар кезінде ересектер мен 6 жастан асқан балаларды қосымша ем ретінде

- Леннокс Гасто синдромымен байланысты құрысуларда және бастапқы жайылған тонико-клоникалық құрысуларда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Қосымша ем кезінде топираматтың ұсынылатын тәуліктік дозасы күніне екі қабылдауға бөлінген 400 мг құрайды. Парциальді құрысу ұстамалары бар ересек науқастарда жүргізілген зерттеулерде препаратты күніне 200 мг тәуліктік дозада қолдану тұрақсыз нәтиже береді және препаратты күніне 400 мг дозада қолданғандағыға қарағанда тиімділігі төмен. Емдеуді күніне 1 рет 25-50 мг дозасынан бастап, кейіннен препараттың дозасын, тиімді дозасы таңдалғанша аптасына 25-50 мг-ге арттыру ұсынылады. Препараттың аптасына 25 мг дозасын арттыру тиімді дозасына қол жеткізу уақытын кідіртуі мүмкін. Препаратты 1 600 мг асатын тәуліктік дозада қолдану зерттелмеген. Препаратты зерттеуде бастапқы жайылған тонико-клоникалық ұстамалар кезінде дозасын арттырудың бастапқы нормасы алдыңғы зерттеулерге қарағанда баяуырақ болды; ең соңғы дозасына 8 аптаның аяғына қарай қол жеткізілді.

Парциальді немесе жайылған тонико-клоникалық ұстамалары немесе Леннокс-Гасто синдромымен байланысты ұстамалары бар 6-16 жас аралығындағы балалар

Топираматтың парциальді немесе жайылған тонико-клоникалық ұстамалары бар немесе Леннокс-Гасто синдромымен байланысты ұстамалары бар науқастарда қосымша ем ретінде пайдаланылғандағы ұсынылатын жиынтық тәуліктік дозасы күніне екі қабылдауға бөлінген 5 - 9 мг/кг жуықты құрайды. Дозасын таңдауды 1 апта бойы түнгі уақытта, тәулігіне 25 мг-ден бастайды (немесе аз, тәулігіне 1-3 мг/кг дене салмағының есебінен). Ары қарай бір апталық немесе екі апталық аралықтармен, дозасын препаратты 2 қабылдауға бөліп, 1-3 мг/кг-ге арттыруға болады. Дозасын таңдаған кезде клиникалық әсерін негізге алу керек. Бастапқы жайылған тонико-клоникалық ұстамаларды зерттеулерде препараттың дозасын арттырудың бастапқы жылдамдығы алдыңғы зерттеулерге қарағанда баяуырақ болған; препараттың күніне 6 мг/кг ең соңғы дозасына 8 аптаның аяғында қол жеткізілген.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлер жиілігі бойынша бөліп келтірілген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥1/100, <1/10), жиі емес (≥1/1000 және <1/100), сирек (≥1/10000 және <1/1000) және белгісіз жиілігімен.

Өте жиі

- назофарингит

- депрессия

- ұйқышылдық, бас айналуы, парестезиялар

- жүрек айнуы, диарея

- шаршағыштық, дене салмағының кемуі

Жиі

- анемия

- жоғары сезімталдық

- анорексия, тәбеттің азаюы

- брадифрения, бағдардың бұзылуы, нистагм, жадының бұзылуы, назар шоғырландырудың бұзылуы, діріл, амнезия, жүріп-тұрудың қисықтығы, тепе-теңдіктің бұзылуы, летаргия, гипоэстезия, дәм сезудің бұзылуы, дизартрия, интенциялық тремор, когнитивті бұзылыстар, психиканың кемістігі, психомоторлы бұзылулар, құрысулар, седативті әсер етуі

- сөйлеудің айқын бұзылуы, сананың шатасуы, ұйқысыздық, озбырлы реакциялар, қозу, көңіл-күйдің құбылуы, бағдардан жаңылу, эмоциялық құбылу, көңіл-күйдің жабырқауы, ашу, мінез-құлықтың өзгеруі, балаларда – үйренуге қабілетсіздік

- құсу, іштің жоғарғы бөлігінің ауыруы, іш қатуы, асқазандағы жайсыздық, диспепсиялық құбылыс, іштің ауыруы, ауыздың құрғауы, ауыз қуысындағы сезімталдықтың бұзылуы, гастрит, балаларда – құсу

- миалгия, бұлшықеттердің түйілуі, бұлшықеттердің құрысуы, бұлшықеттің әлсіздігі, кеуде қуысы аумағындағы бұлшықеттердің ауыруы, артралгия

- астения, гипертермия, мазасыздық, ашушаңдық, хал-жағдайдың нашарлауы, жайсыздану, дене салмағының артуы, балаларда – жоғары температура

- диплопия, көрудің бұзылуы, көз алдының тұмандануы

- құлақтың ауыруы, құлақтағы шуыл, вертиго, балаларда - вертиго

- ентігу, мұрыннан қан кетулер, мұрынның бітелуі, ринорея

- бөртпе, алопеция, қышыну

- нефролитиаз, дизурия, поллакиурия

Жиі емес

- лейкопения, лимфаденопатия, тромбоцитопения, эозинофилия, балаларда – эозинофилия

- дәм сезу сезімталдығының жоғалуы, афазия, күйдіру сезімі, мишық синдромы, икемсіздік, постуральді бас айналуы, сілекейдің молынан бөлінуі, гиперсомния, сезімталдықтың бұзылуы, дисграфия, дискинезия, дисфазия, тұла бойдың жыбырлауы, сезімталдықтың жоғалуы, гипогевзия, гипокинезия, шеткергі нейропатия, паросмия, естен танудың алдындағы ахуал, қайталап сөйлей беру, сезінудің бұзылуы, мелшиіп қалу, естен танулар, дистония, психомоторлы жоғары белсенділік, балаларда психомоторлы жоғары белсенділік

- эректильді дисфункция, сексуальді дисфункция, апатия, айғайлау, дисфемия, алаңдаушылықтың жоғарылауы, таңертеңгісін ерте ояну, жайпақ аффект, ойлаудың бұзылуы, сылбырлық, көтеріңкі және эйфориялық көңіл-күй, есту және көру елестеулері, сөйлеу бұзылуы, либидоның төмендеуі, үрейленген жай-күй, параноидальді жай-күй, персеверация, оқу дағдысының бұзылуы, мазасыздық, ұйқының бұзылуы, көңіл-күйдің ауытқуы, суицидтік ой немесе әрекет, елестеулер, психиканың бұзылуы, жылауықтық, сананың шатасуы, жайылған құрысулар, үрейлікті сезіну, үйренуге қабілетсіздік

- брадикардия, синустық брадикардия, жүрек қағуының жиілігі, қан кернеулері, гипотензия, ортостатикалық гипотензия, Рейн синдромы

- гипокалиемия, тәбеттің жоғарылауы, метаболизмдік ацидоз, полидипсия, аяқ-қол ұшының мұздауы, дене температурасының жоғарылауы, масаю сезімі

- блефароспазм, молынан жас ағу, мидриаз, фотопсия, пресбиопия, скотома, көру жітілігінің төмендеуі, миопия, көзде аномальді сезіну, көздің құрғауы, жарықтан қорқу

- кереңдік, нейросенсорлы кереңдік, біржақты кереңдік, құлақтағы жайсыздық, естудің нашарлауы

- физикалық жүктеме кезінде ентігу, мұрын қойнауындағы гиперсекреция, дисфония

- тер бөлінудің болмауы, бет гипоэстезиясы, жайылған қышыну, тері түсінің өзгеруі, аллергиялық дерматит, терінің қызаруы, тері пигментациясының бұзылуы, беттің ісінуі, есекжем, тұмауға ұқсас ауру, баяулық

- панкреатит, метеоризм, гастроэзофагеальді рефлюкс, іштің төменгі жағының ауыруы, ауыз қуысының гипоэстезиясы, қызыл иектен қан кету, іштің кебуі, эпигастрия маңындағы жайсыздық, абдоминальді ауыру,

- глоссодиния, ауыз қуысының ауыруы, шырыш бездерінің гиперсекрециясы,

- ауыздан жағымсыз иістің шығуы, шөлдеу

- буындардың ісінуі, аяқ-қолдағы жайсыздық, бүйірдің ауыруы,

- қажу, әлсіздік, бұлшықеттер қозғалысының шектелуі

- несептас ауруы, гематурия, несепті ұстап тұра алмау, жиі несеп шығаруға қажеттілік, бүйректің шаншуы, бүйректің ауыуы

- несепте кристалдарды байқау, қанда лейкоциттер санының азаюы, бауыр ферменттерінің жоғарылауы

Сирек

- нейтропения

- гиперхлоремиялық ацидоз

- мания, үрейлену түрінің бұзылуы, торығу сезімі, гипомания

- апраксия, ұйқының циркадты ырғағының бұзылуы, гиперестезия, гипосмия, аносмия, идиопатиялық діріл, акинезия, ынталану реакциясының болмауы

- біржақты соқырлық, өтпелі соқырлық, глаукома, аккомодация бұзылуы, терең көру қабылдауының өзгеруі, жыпылықтағыш скотома, қабақтың ісінуі, түнгі соқырлық, амблиопия

- гепатит, бауыр жеткіліксіздігі

- кальциноз

- қабақтың ісінуі

- полиморфты эритема, көз айналасының ісінуі, Стивен-Джонсон синдромы, теріден жағымсыз иіс шығу, оқшауланған есекжем

- аяқ-қолдағы жайсыздық

- несепағардағы тас, бүйрек өзекшелерінің ацидозы

- қанда бикарбонаттар құрамының төмендеуі

Белгісіз жиілікпен

- аллергиялық ісіну, конъюнктивальді ісіну

- жабықбұрышты глаукома, макулопатия, көз қозғалысының бұзылуы

- уытты эпидермальді некролиз

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің кез-келгеніне жоғары сезімталдық

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 6 жасқа дейінгі балалар

  • бүйрек/бауыр жеткіліксіздігі, нефроуролитиаз, гиперкальциурия.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Топирамат пен эпилепсияға қарсы стандартты препараттар арасындағы болуы мүмкін өзара әрекеттесулерге эпилепсиясы бар науқастарда жүргізілген басқарылатын клиникалық-фармакокинетикалық зерттеуде баға берілген.

Эпилепсияға қарсы дәрілер

Бұл өзара әрекеттесулерінің әсерлері қан плазмасындағы AUCs орташа мәні бойынша төмендегі кестеде қорытылды: кестенің екінші бағанында (AED концентрациясы) кестеде, емдеуге топираматты қосқанда бірінші бағанда келтірілген AED концентрациясының қандай болатыны көрсетіледі; үшінші бағанда (топирамат концентрациясы) бірінші бағанда атап көрсетілген дәрілік затты біріктіріп тағайындау, топираматпен монотерапия пайдаланылғандағыға қарағанда эксперименттегі топирамат концентрациясын өзгертетіні сипатталады.

Эпилепсияға қарсы дәрілердің топираматпен өзара әрекеттесуі жөніндегі түйіндеме

Біріктіріп емдеуде пайдаланылатын эпилепсияға қарсы дәрілер

Эпилепсияға қарсы дәрілердің концентрациясы

Топираматтың концентрациясы

Фенитоин

NC немесе 25% a-ға арттыру

48%- ға төмендету

Карбамазепин

NC

40%- ға төмендету

Карбамазепин эпоксид b

NC

Вальпрой қышқылы

11%-ға төмендету

14%- ға төмендету

Фенобарбитал

NC

NC

Примидон

NC

a = Негізінен фенитоинмен ем қабылдап жүрген емделушілердің кейбірінде плазмалық концентрациясы 25 %-ға артқан.

b = Қолданылмайды, бірақ кармазепиннің белсенді метаболиті.

NC = плазмалық концентрациясындағы 10%-дан аз өзгеріс.

AED = Эпилепсияға қарсы дәрі.

NЕ = Баға берілмеген

Басқа дәрілермен өзара әркеттесуі

Дигоксин

Топираматтың бір реттік дозасын бір мезгілде қолданғанда дигоксиннің AUC 12%-ға азайған. Бұл қадағалаудың клиникалық маңыздылығы анықталмаған.

ОЖЖ депрессанттары

Топирамат, танымдық және психоневрологиялық функциялардың басқа да бұзылулары сияқты ОЖЖ депрессиясын туғызуы мүмкін болғандықтан, препаратты алкогольмен және басқа ОЖЖ депрессанттарын біріктіріп пайдаланғанда аса сақтықпен тағайындау керек.

Ұрықтануға қарсы пероральді дәрілер

Топирамат эстрогендік препараттардың плазмалық клиренсін едәуір арттырған.

Метморфин

Топирамат Метморфиннің Tmax өзгертпеген. Метморфиннің фармакокинетикасымен бұл өзара әрекеттесуінің клиникалық маңыздылығы анықталмаған. Топираматты метморфинмен пероральді қабылдау кезінде топираматтың плазмалық клиренсі төмендеген.

Басқалары

Карбоангидразаның әлсіз тежегіші топираматты басқа карбоангидраза тежегіштерімен, мысалы, ацетазоламид немесе дихлорфенамидпен бір мезгілде пайдалану, бүйректе тастардың түзілуі үшін физиологиялық жағдайларды тудыруы мүмкін, сондытан оны болдырмау керек.

Айрықша нұсқаулар

Жедел сығырлық және салдарлы жабықбұрышты глаукома

Бұл синдромға көру жітілігінің жедел төмендеуі және көздің ауыруы кіреді. Офтальмологиялық симптомдарға көздің алдыңғы камерасының кішіреюі, көз гиперемиясы (қызаруы) және көзішілік қысымның жоғарылауы, сығырлық та жатады. Мидриаз болуы немесе болмауы да мүмкін. Бұл көз жанары мен нұрлы қабықтың синдром салдарлы жабықбұрышты глаукомамен, алдыңғы ығысуына алып келетін супрацелюлярлық жалқықпен байланысты болуы мүмкін. Симптомдар әдетте топираматтты қабылдағаннан кейінгі 1 ай ішінде кездеседі. 40 жасқа дейін сирек кездесетін бастапқы тарбұрышты глаукомаға қарағанда, топираматты қабылдаумен байланысты салдарлы жабықбұрышты глаукома балаларда, ересектерде де байқалған. Симптоматикасын кері қайтару үшін жүргізілетін бастапқы емге топираматты қабылдауды емдеуші дәрігердің қадағалауымен дереу тоқтату жатады. Талапқа сай емес емдеу кезінде шығу тегі кез-келген көзішілік қысымның жоғарылауы көрудің қайтымсыз нашарлауын қоса, күрделі асқынуларға алып келуі мүмкін.

Олигогидроз және гипертермия

Топираматты қабылдаған кезде, үнемі ауруханаға жатқызуды қажет етпейтін олигогидроз (тер бөлінісінің азаюы) туралы хабарланған. Тердің бөлінісінің төмендеуі мен дене температурасының жоғарылауы осы жағдайларды сипаттайды. Бұл жағдайлардың кейбірі туралы қоршаған орта температурасы жоғарылаған кезде хабарланған. Бұл жағдайлардың көпшілігі балаларда байқалған. Топираматты қабылдап жүрген емделушілер, әсіресе балаларда, тердің бөлінісінің төмендеуі және дене температурасының жоғарылауының бар-жоқтығы, әсіресе күн ыстық кезде тексерілуі тиіс. Топираматты емделуші температура жоғарылауына алып келетін басқа препараттарды қабылдап жүрген кезде сақтықпен пайдалану керек; ол препараттарға, карбоангидразаның басқа тежегіштері мен антихолинергиялық белсенділігі бар препараттар жатады.

Құрысуға қарсы препараттарды қабылдауды тоқтату

Топираматты қоса, эпилепсияға қарсы дәрілерді тоқтату, құрысу ұстамаларының мүмкіндігін азайту үшін, біртіндеп жүзеге асырылуы тиіс.

Препараттың құрамында лактоза бар, сондықтан туа біткен лактаза жеткіліксіздігі, тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы бар емделушілерге ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емдеу кезінде жоғары зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерімен (автокөлік жүргізуді қоса) шұғылданудан бас тарту қажет, өйткені препарат ұйқышылдықты, бас айналуын, көрудің нашарлауын, мысалы көз алдының тұмандануын тудыруы мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: құрысулар, ұйқышылдық, сөйлеу және көру бұзылыстары, диплопия, ойлаудың бұзылуы, бағдардың бұзылуы, летаргия, ступор, артериялық гипотензия, іштің ауыруы, бас айналуы, қозу және депрессия, ауыр метаболизмдік ацидоздың дамуы мүмкін. Көптеген жағдайларда клиникалық салдары ауыр болмаған, бірақ Эпиматты қоса, бірнеше дәрілік заттарды араластырып артық дозада пайдаланғанда өлім жағдайлары тіркелді.

Емі: жедел артық дозаланғанда, егер науқас осының алдында тағам қабылдаған болса, дереу асқазанды шаю немесе құсық туғызу керек. Белсендірілген көмір Эпиматты сіңіреді. Қажет болған жағдайда симптоматикалық ем жүргізу керек. Организмнен Эпиматты шығарудың тиімді тәсілі гемодиализ болып табылады. Емделушілерге сұйықтық мөлшерін молынан қабылдау ұсынылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салады.

6 немесе 10 пішінді ұяшықты қаптамадан мемдицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарттары

25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Торрент Фармасьютикалс Лтд. Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Торрент Фармасьютикалс Лтд. Үндістан

Дәрілік препараттың сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Торрент Фармасьютикалс Лимитед» Компаниясының өкілдігі 050010, Алматы қ., Қазақстан Республикасы, мекенжайы: Д.А. Қонаев к-сі 96/135, кеңсе 56, тел: +7 (727) 266 27 93, 261 55 01, E-mail: office@torrent.kz

Прикрепленные файлы

881694091477976414_ru.doc 90 кб
306433661477977666_kz.doc 119.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники