Эпиген Интим (спрей)

МНН: Глицирризиновая кислота
Производитель: Хеминова Интернейшнл С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Противовирусные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№005025
Информация о регистрации в РК: 03.08.2017 - 03.08.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Эпиген Интим

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа және қынаптық қолдануға 0.1 % арналған спрейi

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат - глицирризин қышқылы (аммоний глицирризинаты түрінде) 0,10

қосымша заттар: алма қышқылы, фумар қышқылы, аскорбин қышқылы, фолий қышқылы, Твин-80 (полисорбат – 80), пропиленгликоль, дистилляцияланған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар сарғыш ерітінді

Фармакотерапиялық тобы

Вирусқа қарсы препараттар.

АТЖ коды D06ВВ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Белсенділендірілген глицирризин қышқылы сыртқа және жергілікті қолданғанда зақымдану ошақтарында жинақталады. Жүйелік сіңірілуі баяу жүреді. Қанда препарат мөлшерлерінің болымсыз ізі қалады.

Эпиген интим препаратының әсер етуші заты белсенділендірілген глицирризин қышқылы болып табылады, ол өсімдік шикізатынан (мия тамыры) сығып шығару жолымен алынады.

Белсенділендірілген глицирризин қышқылы кешенді әсер етеді, оған иммуностимуляциялаушы, вирусқа қарсы, қабынуға қарсы және регенерациялаушы әсерлері кіреді.

Белсенділендірілген глицирризин қышқылы дербес интерферондардың өнуін демейді. Иммуностимуляциялаушы әсері Т – лимфоциттері саны мен белсенділігінің жоғарылауымен, G иммуноглобулин концентрациясының азаюы және А мен М иммуноглобулині концентрациясының ұлғаюымен білінеді.

Белсенділендірілген глицирризин қышқылы in vitro in vivo вирустарының әртүрлі ДНҚ және РНҚ типтеріне (Varicella Zoster; 1 және 2 типті қарапайым ұшық вирусы; цитомегаловирус, адам папилломасы вирусының түрлі типтері, оның ішінде онкогендік) вирусқа қарсы әсер етеді. Белсенділендірілген глицирризин қышқылы вирустар репликациясын ерте сатыда тоқтатып, капсидтен вирионның шығуына түрткі болады. Осылайша оның жасушаларға енуіне жол бермейді. Белсенділендірілген глицирризин қышқылы қалыпты қызмет атқаратын жасушалардың уытты емес концентрацияларында көрсетілген вирустардың белсенділігін жояды. Ацикловирге және йодоуридинге резистентті вирустар мутантты штаммдарының глицирризин қышқылына сезімталдығы, мутантты емес штаммдар секілді жоғары.

Қабынуға қарсы белсенділендірілген глицирризин қышқылының белсенділігі иммунитеттің гуморальдық және жасушалық факторларына көтермелеуші әсерімен сай келеді. Белсенділендірілген глицирризин қышқылы қабыну аумағында дәнекер тін жасушаларымен кининдердің шығарылуы мен простогландиндердің синтезін елеулі тежейді. Регенерациялаушы әсері тері мен шырышты қабат репарациясының жақсаруымен шартталған.

Қолданылуы

  • қарапайым ұшық вирусынан туындаған жұқпада (алғашқы жедел және қайталану кезінде)

  • қайталанған ұшық вирусы жұқпаларының алдын алу үшін; Варицелл Зостер вирусынан туындаған белдемелі теміреткіде (біріктірілген ем құрамында)

  • адам папилломасы вирусының әртүрлі типтерінен туындаған (оның ішінде онкогенді) папилломавирусты жұқпаны емдеуде

  • спецификалық емес кольпитті және вагинозды емдеуде, қынаптық микрофлораны реттеуде

  • жыныс қатынасында қорғанбаған жұқпаның алдын алу үшін

Қолдану тәсілі мен дозалары

Сыртқа, интравагинальді және интрауретральді.

Баллонды қолданар алдында шайқау керек.

Баллонды қолдану кезінде тік қалыпта ұстау керек.

Ересектерге

Препаратты сыртқа қолдану кезінде терінің барлық зақымданған беткейіне 4-5 см арақашықтықта клапанды 1-2 басу арқылы жағылады, бұл оңтайлы емдік доза болып табылады.

Препаратты қынап ішіне қолдану үшін бүріккіші бар арнайы қондырғы ұсынылады. Пульверизатордан баллон клапанын шешіп, қондырғының клапанын кигізу қажет. Сонан соң қондырғыны қынапқа енгізіп, қондырғының клапанын 1- 2 рет басып бүркіп шашады, бұл оңтайлы емдік доза болып табылады.

Еркектерге қолдану кезінде, сыртқа жаққаннан басқа, препарат сыртқа несеп шығару өзекшелерінің тесіктеріне 0,5-1 см қашықтықта пульверизатор клапанын 1-2 рет басып шашыратады.

І типті ұшықтық вирусты жұқпалар, белдемелі теміреткіде 5 күн ішінде зақымдану ошағына күніне 6 рет қолдану ұсынылады. Үздіксіз жұқпа үдерісінде емдеу ұзақтығы ауру симптомдары толық кеткенге дейін созылады.

2 типті ұшықтық вирусты жұқпалар (жыныс мүшелері герпесі) цитомегаловирусты жұқпада 14 күн бойы күніне 5 рет сыртқа және интравагинальді, қайталануды басқаннан соң 10 күн бойы тәулігіне 3 рет.

Жыныс мүшелері герпесі мен цитомегаловирусты жұқпа қайталануларының алдын алу мақсатында препаратты сыртқа және қынапқа етеккір циклінің 18-20 күнінен еттеккір біткенге дейін таңертең және кешке күніне 2 рет қолдану ұсынылады.

Папилломавирустық жұқпалар кезінде препаратты мынадай жағдайларда қолдану ұсынылады:

- кондиломаны алып тастағанға дейін – этиотропты емдеудің бүкіл кезеңі бойы тәулігіне 3 рет.

- деструкция аясында - 10 күн бойы тәулігіне 5 рет және одан да ұзақ толық жазылғанға дейін.

- жақын арада қайталанулардың алдын алу үшін 1 ай бойы күніне 3 рет. Папилломавирустық жұқпалар үдеуінің алдын алу үшін, сондай-ақ үдеу факторлары туындаған кезде (стресс, әбден шаршағанда, респираторлық вирустық жұқпалар, микрофлораның бұзылуы, антибиотиктер, цитостатиктер қабылдау) жыныстық қатынастың алдында және кейін қолдану ұсынылады – түрткі болатын факторлардың бүкіл әсер ету кезеңі бойы қынап ішіне және сыртқа күніне 3 рет.

Бактериялық вагинозда, спецификалық емес вульвовагинитте және кандидозды вульвовагинитте: препаратты қынап ішіне күніне 3-4 рет 7-10 күн бойы қабылдау ұсынылады. Қажет болғанда емдеу курсын 10 күннен кейін қайталау керек. Түрткі болатын факторлар туындаған кезде (респираторлық вирустық жұқпалар, антибиотиктер, цитостатиктер қабылдау) - түрткі болатын факторлардың бүкіл әсер ету кезеңі бойы қынап ішіне және сыртқа күніне 3 рет.

Вирусқа қарсы алдын алатын дәрі ретінде препаратты жыныстық қатынастың алдында және кейін қолдану ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

  • препарат компоненттерін жеке көтере алмаушылық

Сирек жағдайларда жергілікті, соның ішінде жанаспалы дерматит түріндегі аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне асқын сезімталдықта.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Көрсетілген аурулар кезінде (антисептиктер мен антибиотиктер; қабынуға қарсы және ауырғанды басатын дәрілер) кешенді емде қолданылатын негізгі дәрілік препараттармен өзара әрекеттестігі байқалмаған.

Белсенділендірілген глицирризин қышқылы және вирусқа қарсы басқа да препараттарды, атап айтқанда ацикловир, йодоуридин, интерферон және басқа иммундық түрлендіргішті бір мезгілде қолданған кезде синергизм анықталған.

Айрықша нұсқаулар

Қондырғыны сабындап қайнаған сумен жуады және қоса ұсынылатын полиэтилен қаптамада сақтайды.

Қондырғы құрылымы жатыр мойны мен қынап қабырғаларына біркелкі бүрку әсерін сақтауға мүмкіндік береді.

Стационар жағдайында пайдалану үшін препаратпен қынап ішіне бүркуді айнамен қондырғысыз жүргізуге болады.

Әсерінің тиімді болуы үшін жағатын бөлігін алдын ала шаю қажет етілмейді.

Көтере алмаушылық белгілері пайда болған жағдайда препаратты тоқтату керек.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік және лактацияның бүкіл кезеңінде пайдалануға рұқсат етіледі.

Педиатрияда қолдану

Балаларда қолданудың клиникалық тәжірибесі шектеулі. Балаларға дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат көлік жүргізу және зейін жұмылдырудың жоғарылығын талап ететін жұмыстарды істеу қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозаланғанда

Артық дозалануы туралы деректер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

60 мл препараттан бүріккіші бар пластик құтыға салынған.

Қынап ішіне қолдануға арналған бүріккіш қондырғысымен жинақта медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

4 С-ден 25 С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйымның атауы мен елі

«Хеминова Интернейшнл С.А.», Испания

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Хеминова Интернейшнл С.А.», Испания

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан препарат сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ORAI» ЖШС

Мемлекеттік лицензия №ОР64602914Р 30.03.2002 ж.

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сейфуллин к-сі 460, 321 кеңсе тел.2790329, 2790325,факс 2797671

e-mail: info@orai.kz

Прикрепленные файлы

847427511477977071_ru.doc 56.5 кб
782073111477978235_kz.doc 56.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники