Энтеросгель® (Паста)

МНН: Полиметилсилоксана полигидрат
Производитель: ТНК СИЛМА ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие кишечные адсорбенты
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023841
Информация о регистрации в РК: 09.11.2023 - 09.11.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Энтеросгель®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішке қабылдауға арналған паста 225 г

Құрамы

100 г құрамында

белсенді зат - полиметилсилоксан полигидраты (дозаға тәуелсіз поликонденсация өнімі 1, 1, 3, 3 – тетрагидрокси -1,3-диметилдисилоксан полигидраты) 70 г,

қосымша зат тазартылған су 30 г

Сипаттамасы

Ақтан ақ дерлік түске дейінгі иіссіз бір текті паста тәрізді масса.

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жолы және зат алмасу. Диареяға қарсы, ішекке арналған қабынуға қарсы/микробқа қарсы препараттар. Ішек адсорбенттері. Басқа да ішек адсорбенттері.

АТХ коды А07ВС

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат асқазан-ішек жолында сіңірілмейді, 12 сағат ішінде өзгермеген күйде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Энтеросгель® шығу тегі гидрофобты кремнийорганикалық матрицаның (молекулярлық губка) кеуекті құрылымы бар, ол тек орташа молекулалы уытты метаболитіне қатысты сіңіргіш әсермен сипатталады (м.м. 70-тен 1000 дейін). Энтеросгель® айқын сіңіргіш және детоксикациялық қасиеттерге ие. Асқазан-ішек жолы өзегінде препарат бактериялар және бактериялық токсиндер, антигендер, тағамдық аллергендер, дәрілік препараттар және улар, ауыр металл тұздары, алкогольді қоса, әр текті эндогендік және экзогендік уытты заттарды байланыстырады және организмнен шығарады. Препарат организмнің кейбір зат алмасу өнімдері, оның ішінде билирубин, мочевина, холестерин және липидтік кешендердің артығын, сондай-ақ эндогендік токсикоздың дамуына жауапты метаболиттерді сіңіреді. Энтеросгель® витаминдер мен микроэлементтердің сіңірілуін төмендетпейді, ішектің бұзылған микрофлорасының қалпына келуіне ықпал етеді және оның қозғалтқыш функциясына ықпал етпейді.

Қолданылуы

Ересектерде детоксикациялық дәрі ретінде:

  • Шығу тегі әр түрлі жедел және созылмалы уыттанулар;

  • Күшті әсер ететін және улы заттармен, оның ішінде, дәрілік препараттармен және алкогольмен, алкалоидтармен, ауыр металл тұздарымен жедел улану;

  • Жедел ішек инфекцияларында кешенді ем құрамында

  • Айқын уыттанумен қатар жүретін іріңді-сепсистік аурулар, кешенді ем құрамында

  • Тағамға және дәріге аллергия

  • Гипербилирубинемия (вирустық гепатиттер) және гиперазотемия (созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі)

  • Зиянды өндірісте істейтін жұмысшыларға созылмалы уыттану профилактикасы мақсатында (политропты әсер ететін химиялық агенттермен кәсіби, ксенобиотиктермен, бір құрамға бірлестірілген радионуклидтермен, қорғасын, мырыш, мышьяк қосылыстарымен, мұнай өнімдерімен, органикалық еріткіштермен, азот тотықтармен, көміртегімен, фторидтермен, ауыр металл тұздарымен уыттануда).

Қолдану тәсілі және дозалары

Энтеросгель® пастасын ішке тағам немесе басқа дәрілерді қабылдағанға дейін 1-2 сағат бұрын немесе кейін, сумен іше отырып қабылдайды.

Препараттың қабылдауға қажет мөлшерін бөлме температурасындағы стақандағы судың үш есе артық көлемімен араластырып немесе сумен іше отырып ішке қабылдау керек.

Ересектерге арналған дозасы - 15 г - 22,5 г (1 - 1,5 ас қасық) тәулігіне 3 рет. Тәуліктік дозасы 45 г - 67,5 г.

Созылмалы уыттанулар  профилактикасы үшін ай сайын 7-10 күн бойы күніне 2 рет 22,5 г.

Ауыр уыттануларда алғашқы үш тәулік бойы препарат дозасын екі есе ұлғайтуға болады.

Жедел уыттануда да емдеу ұзақтығы 3-5 тәулік, ал созылмалы уыттануларда және аллергиялық жағдайларда 2-3 апта. Қайталау курсы дәрігердің тағайындауы бойынша.

Жағымсыз әсерлер

Емдеу уақытында туындауы мүмкін жағымсыз реакциялардың жиілігі келесі градация түрінде келтірілген: өте жиі (>1/10); жиі (>1/100, <1/10); жиі емес (>1/1000, <1/100); сирек (>1/10000, <1/1000); өте сирек (<1/10000).

Өте сирек

- жүрек айнуы, іш қату

- бүйрек немесе бауырдың ауыр жеткіліксіздігінде препаратқа жиіркену сезімінің пайда болуы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің жекелей жақпаушылығы

- ішек атониясы

- ішек бітелісінде

- әйелдерге жүктілік және лактация кезінде

- 18 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Энтеросгельмен® бір уақытта қабылдағанда басқа препараттардың сіңірілуі азаюы мүмкін. Препаратты уақытпен бөлінген қабылдау ережелерін сақтаған жағдайда, яғни басқа дәрілік заттарды қабылдауға дейін 1-2 сағат бұрын немесе кейін, басқа дәрілік заттармен кешенді емде пайдалануға болады.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты уақытпен бөлінген қабылдау ережелерін сақтаған жағдайда, яғни басқа дәрілік заттарды қабылдауға дейін 1-2 сағат бұрын немесе кейін, басқа дәрілік заттармен кешенді емде пайдалануға болады.

Кез келген, оның ішінде аталған нұсқаулықта көрсетілмеген жағымсыз реакциялар мен сезімдер пайда болғаны туралы, сондай-ақ емдеу аясында зертханалық көрсеткіштердің өзгерістері туралы дәрігерге хабарлаңыз.

Жүктілік және лактация кезеңі

Энтеросгель® жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болмайды.

Дәрілік препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Энтеросгельдің® көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпалы анықталмаған.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

225 г препараттан МемСТ Р 51760-2011 бушондары бар біріктірілген материалдардан жасалған және алюминий негізіндегі сықпа аузына термодәнекерленетін жеңіл алынатын жалғағыш (жарғақша) түріндегі алғашқы ашылуы бақыланатын ламинатты сықпаларға салынады.

22,5 г алюминий фольга және үлбір негізіндегі біріктірілген екі қабат материалдан жасалған пакеттерде.

Әрбір сықпа немесе 22,5 г 10 пакет медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге МемСТ 12303-80 бойынша лакталған, офсеттік баспа тәсілімен мөрленген тұтынушы ыдысына арналған картон қорапшада.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Алғашқы рет ашқаннан кейін тығыз жабылған қаптамада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ТНК СИЛМА» ЖШҚ

399851, Ресей, Липецкая обл., Данков қ-сы, Л.Толстой к-сі, 32/2 үй

Тел./факс: (495)223-91-00 www.enterosgel.ru

e-mail: contact@enterosgel.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«ТНК СИЛМА» ЖШҚ

115573, Мәскеу қ-сы, Шипиловская к-сі, 50 үй, 1 корп., 2 құр.

Тел./факс: (495)223-91-00 www.enterosgel.ru

e-mail: contact@enterosgel.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта):

"Pharmaline" ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Шамиева к-сі, 11.

e-mail: pharmaline@inbox.ru,

Тел./факс: +7 (727) 338 48 14, +7 (727) 338 48 15, ішкі тел.103

Прикрепленные файлы

Энтеросгель_ИМП_.docx 0.02 кб
энтеросгель_103078.docx 0.03 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту