Эндометрин (100 мг) (Флорис БенШимон)

МНН: Прогестерон
Производитель: Флорис БенШимон
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Progesterone
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018716
Информация о регистрации в РК: 14.11.2017 - 14.11.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Эндометрин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Прогестерон

Дәрілік түрі

Қынаптық 100 мг таблеткалар

Құрамы

белсенді зат –100 мг микронизделген прогестерон,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, крахмал прежелатинделген, адипин қышқылы, натрий гидрокарбонаты, повидон, магний стеараты, натрий лаурилсульфаты, кремнийдің коллоидты қостотығы.

Сипаттамасы

Ақ түсті, иісі жоқ, эллипс пішінді, сәл тегістелген, қабықсыз таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жыныс гормондары. Прегнен туындылары.

АТЖ коды G03DA04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

100 мг препаратты эстроген қабылдамаған әйелдерде қолданғанда прогестерон қан плазмасындағы Cmax ең жоғарғы концентрациясына 6 сағат ішінде жетеді, ал жартылай шығарылу уақыты 13 сағатты құрайды. 2 рет қолданғанда прогестеронның Cmax ең жоғарғы концентрациясы 31,61±12,62 нмоль/л құрайды. Прогестеронның плазмадағы тұрақты концентрациясына препаратты ұзақ уақыт екі рет қолданғанда жетеді.

Прогестерон сарысу ақуыздарымен, негізінен альбумин және глобулинмен 96-99% байланысады. Прогестерон бауырда, негізінен прегнандиолдарға және прегнанолондарға бастапқылы метаболизденеді. Прегнанодиолдар мен прегнанолондар глюкуронид метаболиттерімен және сульфаттармен бауырда конъюгацияланады. Өтте бөлінетін прогестерон метаболиттері деконъюгацияланып, әріқарай ішекте метаболизденуі мүмкін. Прогестерон бүйрек пен бауыр арқылы бөлініп шығады.

Фармакодинамикасы

Эндометрин – прогестерон, аналық бездермен, плацентамен және адренал бездерімен сөл бөлінетін табиғи стероид. Эстроген мөлшері талапқа сай болғанда, прогестерон пролиферацияланатын эндометрийді сөліністенетін түріне өзгертеді. Прогестерон эндометрийдің эмбрион имплантациясына сезімталдығын арттыру үшін қажет. Эмбрион имплантациясынан кейін прогестерон жүктілік ағымын демейді.

Қолданылуы

- бедеулікті емдеуде гормон орынбасушы емде және лютеин фазасын демеуде

- қосымша репродуктивті технологиялар жасалғанда

- прогестин жеткіліксіздігінен туындаған патологиялық жай-күйлерді емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Эндометрин қосымша берілген аппликатор көмегімен тура тек қынапқа енгізуге арналған.

Емнің ұзақтығы аурудың сипаты мен ерекшеліктеріне қарай анықталады. Көп жағдайларда прогестерон жеткіліксіздігінде Эндометриннің тәуліктік дозасы 2-3 қабылдауға бөлінген 200-300 мг құрайды.

Бедеулікті емдеуде және лютеин фазасын демеуде,

қосымша репродуктивті технологиялар жасалғанда

Овуляция сәтінен бастап гестацияның 10 – 12 апта бойына күніне 2 рет 100 мг Эндометринді қынаптық қабылдау ұсынылады (плацента тұрақты түрде прогестерон сөлінісін бөлген кезге дейін).

Эндометрин енгізу ережелері

1. Аппликаторды ашыңыз.

2. Таблетканы аппликатордың ұшындағы арнайы орынға бекітіңіз, таблетка түсіп қалмауға тиіс.

3. Тұрған, отырған немесе тізені бүгіп, шалқадан жатқан күйде таблеткасы бар аппликаторды қынапқа терең енгізіңіз.

4. Таблетканы босатып шығару үшін аппликатор поршенін басыңыз. Аппликаторды қынаптан шығарып, оны жылы ағынды сумен мұқият жуып-шайыңыз, жұмсақ матамен құрғата кептіріп, келесі қолдануға алып қойыңыз.

Жағымсыз әсерлері

- ұйқысыздық, бас ауыру, бас айналу, әлсіздік

- көрудің және сөйлеудің бұзылулары

- синкопальді жай-күй

- аллергиялық реакциялар

-тері қышымасы, акне, есекжем, бөртпе

- тері мен склераның сарғаюы

- сүт бездерінің ауыруы, домбығуы және жоғары сезімталдығы

- шеткергі ісінулер, көз астының ісінулері

- балтыр бұлшықеттері ауыруы, ұю сезімдері

- дене салмағының өзгеруі

- пароксизмальді ентігу, кеуде қуысының ауырулары, қан бөлінулері бар жөтел

- жүрек айну, құсу, іштің кебуі, іштің ауыруы, іш қату, диарея

- құрғау, ашыту,генитальді қышыма, қынаптық бөліністер, қан кетулер, орташа білінетін вагинит, қынаптық микоз сияқты сыртқы жыныс мүшелерінің тарапынан болатын бұзылулар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- прогестеронға немесе препараттың басқа құрамдас бөліктеріне асқын сезімталдық

- диагностикаланбаған қынаптық қан кету

- сүт безінде және репродуктивтік мүшелерде қатерлі ісіктердің болуы немесе оның болуынан күдіктену

- бауыр аурулары және бауыр жеткіліксіздігі

- тромбозға, тромбофлебит немесе тромбоэмболияның жедел түрлеріне бейімділік

- жатырдан тыс жүктілік немесе аяғына жетпеген түсік

- лактация кезеңі

- порфирия

Сақтықпен

- жүрек-қан тамырлар жүйесі аурулары

- артериялық гипертензия

- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

- қант диабеті

- бронхиальді демікпе

- эпилепсия

- бас сақинасы

- депрессия

- гиперлипопротеинемия

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Прогестеронның қынаптық таблеткалардан босап шығып, оның сіңуіне әсер етуі мүмкіндігінен Эндометрин басқа қынаптық препараттармен бірге қолдануға ұсынылмайды. Бұндай үйлестіру қажет болған жағдайда препараттар енгізу аралығы алты сағаттық болуы тиіс. Р450-3А4 цитохромы жүйесін белсенділендіру әсері белгілі препараттар (рифампицин, карбамазепин сияқты) прогестеронның шығарылуын күшейтуі мүмкін. Кетоконазол (Р450-3А4 цитохромының тежегіші) прогестерон биожетімділігін арттыруы ықтимал. Қынаптық қолдануға арналған қатарлас препараттардың прогестеронның әсер ету ұзақтығына ықпалы бағаланбаған.

Айрықша нұсқаулар

Кіші жамбас мүшелері мен сүт бездеріне ерекше назар аудара отырып, емделушіні мұқият тексеру керек. Прогестерон кей дәрежеде сұйықтық іркілуіне ықпал ететіндіктен бұл фактордан туындайтын жай-күйлерді жүйелі бақылауды талап етеді (мысалы, эпилепсия, бас сақинасы, демікпе, жүрек немесе бүйрек жеткіліксіздігі). Сыртартқысында депрессия бар емделушілер мұқият бақылауды қажет етеді, симптомдар күшейгенде препаратты тоқтату мүмкіндігін қарастыру керек. Миокард инфарктісінің, цереброваскулярлық бұзылулардың, артериялық және көктамырлық тромбоэмболиялардың, торқабық тамырларының тромбофлебиті мен тромбозының ерте белгілерінің білінуінен күдіктенгенде эндометринді қолдану тоқтатылуға тиіс.

Бауырдың ауыр жеткіліксіздігінде сақтықпен қолданады.

Кейбір әдебиет дерек көздері эстроген-гестагенді препараттар біріктірілімін қолданғанда глюкозаға толеранттылықтың төмендейтінін сипаттайды. Бұл әсердің механизмі белгісіз. Осы фактіге орай сыртартқысында қант диабеті бар емделушілер ем жүргізу кезінде бақылауды қажет етеді. Күн сәулесі әсерінен теріде дақтар пайда болғанда препаратты сақтықпен қолдану керек.

Жүктілік немесе бала емізу кезеңінде қолдану

Эндометринді сары дене эндогенді прогестеронді жеткіліксіз өндіргенде жүктіліктің алғашқы триместрінде қолдануға болады. Екі жыныстың балаларындағы жыныстық аномалияларды қоса, жүкті кездегі экзогенді прогестеронның әсер етуімен байланысты туа біткен аномалиялар қатері тұжырымдалмаған.

Жүктіліктің II және III триместрінде бауыр қызметі бұзылуы қатерінен сақтықпен қолдану керек.

Прогестерон емшек сүтінен табылады. Эндометрин лактация кезеңінде қолданылмайды.

Педиатрия

Балаларда осы препаратты қолдану жөнінде деректер жоқ. Аталған препарат педиатрияда қолдануға арналмаған.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат ұйқышылдық пен бас айналуын туғызуы мүмкін. Сондықтан емделу кезінде сақтық жасау керек немесе көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқаруды қоя тұру керек.

Артық дозаланғанда

Белгілері: «жағымсыз әсерлері» бөлімінде тізбеленген жағымсыз әсерлердің күшеюі.

Емі: тиісінше, белгісіне қарай және демеуші емнің тағайындалуымен дозаны азайту немесе препаратты қолдануды үзу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 таблеткадан пластик контейнерге салынған.

Қынаптық аппликаторымен бірге 1 контейнерден және медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулық картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Флорис БенШимон,

Индастриал зонэ Тарадион, Гуш Сегев, Израиль

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

Ферринг Фармацевтикалз Лтд, Израиль

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Ферринг Фармацевтикалс С.А.» өкілдігі

Қазақстан Республикасы

Алматы қ., 050049

Тимирязев к-сі, 42

23 павильон, 208 кеңсе

Тел.\факс: +7(727)269 55 00

Прикрепленные файлы

020423161477977118_ru.doc 56.5 кб
625538911477978291_kz.doc 68 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники