Энгистол
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
ЭНГИСТОЛ
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар: sulfur D4 37,5 мг, sulfur D10 37,5 мг, vincetoxicum hirundinaria D6 75 мг, vincetoxicum hirundinaria D10 75 мг, vincetoxicum hirundinaria D30 75 мг,
қосымша заттар: магний стеараты
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, жалпақ беткейлі, иіссіз, ақтан сары-ақ түске дейінгі таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Иммуномодуляторлар, Иммуностимуляторлар. Басқа да иммуностимуляторлар.
ATХ коды L03AX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Гомеопатиялық препараттардың фармакологиялық қасиеттеріне зерттеу жасау мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
Энгистол – кешенді гомеопатиялық препарат, оның әсері құрамына кіретін компоненттердің қасиеттерімен анықталады. Энгистол вирусқа қарсы, қабынуға қарсы әсер етеді, иммунды жүйені көтермелейді, организмнің спецификалық емес қорғаныш факторларын белсендіреді.
Қолданылуы
- тұмау және жедел респираторлық вирустық жұқпаларды кешенді емдеуде, организмнің спецификалық емес қорғаныш механизмдерін белсендіруші дәрі ретінде.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектер мен 12 жастағы балаларға 1 таблеткадан күніне 3 рет, 6 жастағы балалардан бастап 1 таблеткадан күніне 2 рет. Препаратты тамақтануға дейін 15-20 минут бұрын немесе тамақтанудан кейін 1 сағаттан соң тіл астына салып сору керек.
Жедел жағдайларда әр 15 минут сайын 2 сағат бойы 1 таблеткадан (барлығы –
8 таблетка), одан кейін әдеттегі дозаны сақтау керек.
Емдеу курсы: 2-4 апта.
ЖРВЖ және тұмаудың алдын алу мақсатында Энгистолды 1 таблеткадан тәулігіне 1-2 рет қабылдайды.
Жағымсыз әсері
Сирек:
- тері бөртпесі
Мұндай жағдайларда препаратты қабылдауды тоқтатып және дәрігерден кеңес алу керек.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.
Кешенді гомеопатиялық препараттарды тағайындау осы ауруда қолданылатын басқа дәрілік заттарды пайдалануды жоққа шығармайды.
Айрықша нұсқаулар
Гомеопатиялық дәрілік заттарды қабылдағанда бар симптомдар (бастапқы нашарлауы) уақытша өршуі мүмкін. Бұл жағдайда препарат қабылдауды тоқтатып, емдеуші дәрігерге қаралу керек. Медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықта сипатталмаған жағымсыз әсерлер пайда болғанда, бұл жөнінде дәрігерге хабарлау керек. Қант диабетіне шалдыққан емделушілерге нұсқау: 1 таблетканың құрамында 0,025 НБ бар.
Педиатрияда қолдану
Осы препаратты балаларға қолданудың керекті мөлшерде құжаттық дәлелденуі жоқ болғандықтан, 6 жасқа дейінгі балаларға тек дәрігердің кеңесінен кейін ғана қолдануға болады.
Жүктілік және лактация
Алдын ала дәрігермен кеңесуден кейін ғана қолдануға болады.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Айқындалмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
50 таблетканы полипропилен контейнерге салынады. Полипропилен контейнерге медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қаптамаға салынады.
Сақтау шарттары
15С-ден 30С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ», Германия
Д-р -Рекевег-Штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ», Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«AEM Services» ЖШС
050060, ҚР, Алматы, Әл-Фараби д-лы, 101, 62 пәтер
aemservices@mail.ru
+7 707 798 83 83