Эмопрокс

МНН: Метилэтилпиридинол
Производитель: "Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний глаз
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024207
Информация о регистрации в РК: 18.07.2019 - 18.07.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Эмопрокс

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көзге тамызатын дәрі 1 %, 5 мл

Құрамы

1 мл препарат құрамында

белсенді зат - 10.00 мг метилэтилпиридинол гидрохлориді,

қосымша заттар: динатрий фосфат додекагидраты, калий дигидрофосфаты, гипромеллоза, натрий бензоаты, сусыз натрий сульфиті, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Мөлдір немесе сәл бозаңданатын, түссіз немесе қоңыр-сары түсті ертінді.

Фармакотерапиялық тобы

Сезім ағзалары. Офтальмологиялық препараттар. Көз ауруларын емдеуге арналған басқа препараттар.

АТХ коды S01XA

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Эмопрокс көзге тамызатын дәрісін қолдану кезінде биологиялық белсенді концентрациялардағы белсенді зат жүйелі қан ағымына түспейді. Емдік концентрациясы көз тіндеріне бір рет тамызу кезінде жетеді. Метилэтилпи-ридинол ағзалар мен тіндерде жинақталмайды.

Қолданғаннан кейін алғашқы екі сағат ішінде қандағы метилэтилпиридинол концентрациясы тез төмендейді, 24 сағаттан кейін қанда дәрілік зат болмайды. Көз тіндеріндегі метилэтилпиридинол концентрациясы қандағыға қарағанда жоғары.

Фармакодинамикасы

Ангиопротектор, капиллярлардың өткізгіштігін азайтады және қан тамырларының кенересін нығайтады, антиоксидант, антигипоксант және антиагрегант болып табылады

Бос радикалды үдерістерді тиімді тежейді, жарғақша тұрақтандыратын әсерге ие, жасуша жарғақшаларының липидтерінің асқын тотығуына кедергі жасайды. Оттегі жеткіліксіздігіне тіндердің төзімділігін жоғарылатады. Қан ұю жүйесіне жағымды әсер етеді: тромбоциттердің агрегациясын тежейді, коагуляцияның жалпы индексін төмендетеді, қанның ұю уақытын ұзартады. Фибринолиз үдерісін күшейтеді.

Ретинопротекторлы қасиеттерге ие, жоғары қарқындылықтағы зақымдайтын жарықтың әсерінен көздің торқабығын және басқа да тіндерін қорғайды, көзішілік қанталаудың қайтуына ықпал етеді, көздегі микроайналымды жақсартады. Мөлдір қабықта репарациялық үдерісті (оның ішінде операциядан немесе жарақаттан кейін) көтермелейді.

Қолданылуы

- мөлдір қабықтың қабынуын және күйіп қалуын емдеу және профилактика;

- көздің алдыңғы камерасына қан құйылуды емдеу;

- егде жастағы тұлғаларда аққабыққа қан құйылуды емдеу және профилактика;

- торқабықтың орталық венасының және оның тармақтарының тромбозы;

- алыстан нашар көрудің асқынуын емдеу;

- диабеттік ретинопатия.

Қолдану тәсілі және дозалары

Жергілікті қолдануға ғана арналған.

Препаратты конъюнктивальді қалтаға күніне 1-2 тамшыдан 2-3 рет тамызады. Емдеу курсының ұзақтығы аурудың ағымына байланысты (әдетте 3-30 күнді құрайды) және дәрігер тағайындайды. Қажет болса және жағымдылығы жақсы болған кезде емдеу курсы 6 айға дейін созылуы мүмкін. Емдеу курсын жылына 2-3 рет қайталануы мүмкін.

Құты ішіндегісінің микробты ластануын болдырмас үшін, тамшылатқыштың ұштығын ешқандай беткейлерге тигізбеу қажет.

Жағымсыз әсерлері

Аштуды сезіну, қышыну, конъюнктиваның қысқа мерзімді гиперемиясы, сирек

- жергілікті аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- метилэтилпиридинолға немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық;

- жүктілік және лактация кезеңі;

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттармен емдеу аясында метилэтилпиридинолды қатар қолдану кезінде жағымсыз көріністер сипатталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Басқа да офтальмологиялық дәрілік заттарды бір мезгілде пайдалану қажет болған кезде Эмопроксты алдыңғы тамызған дәрі толық сіңгеннен кейін (кемінде 10-15 минут өткен соң) соңынан тамызу керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты тамызғаннан кейін көру айқындығын уақытша жоғалатын пациенттерге, жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялар шапшаңдығын талап ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерін орындаудан аулақ болу керек.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары тіркелмеген.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл препараттан сақтандырғыш сақинасымен жабдықталған, бұралып жабылатын қорғағыш қалпақшасы және тамшылатқыш-тығыны бар пластик құтыға құйылған.

1 құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Құтыны ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі 4 аптадан артық емес.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш.», Стамбул, Түркия

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«УОРЛД МЕДИЦИН ЛТД», Тбилиси, Грузия

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«TROKA-S PHARMA» ЖШС,

ҚР, Алматы қ., Түрксіб ауданы, Сүйінбай даңғ. 222б

Ұялы тел +7 701 786 33 98, (24 сағат қолжетімділік).

Электронды пошта: pvpharma@worldmedicine.kz

Прикрепленные файлы

Эмопрокс_03.07_.2019_.docx 0.03 кб
Эмопрокс_каз.doc 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту