Эмилар®

МНН: Хлоргексидин
Производитель: Кусум Хелткер Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Chlorhexidine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020680
Информация о регистрации в РК: 25.06.2014 - 25.06.2019

Инструкция

Саудалық атауы

Эмилар®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Хлоргексидин

Дәрілік түрі

Сыртқа және жергілікті қолдануға арналған гель, 50 г

Құрамы

Бір грамм препараттың құрамында

белсенді зат: 20 % хлоргексидин глюконаты ерітіндісі (0,5 % хлоргексидин глюконатына баламалы) 5.00 мг

қосымша заттар: глицерин, гидроксиэтилцеллюлоза, глюко-нолактон, метилпарагидроксибензоат, тазартылған су

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар, мөлдір, біртекті, тұтқыр гель.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және зарарсыздандыратын препараттар. Бигуанидтер және амидиндер.

АТХ коды D08AC02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Хлоргексидиннің жергілікті әсері басым болады, өйткені тері мен шырышты қабық арқылы нашар сіңіріледі.

Фармакодинамикаcы

Эмилар® грамоң және грамтеріс бактерияларға (Treponema spp., Neisseria gonorrhoeae, Trichomonas spp., Chlamidia spp., Ureaplasma spp.); қарапайымдыларға; вирустарға (Herpes simplex II типті) қатысты белсенді. Тері мен шырышты қабыққа жаққанда бактерицидті әсер етеді. Қан, ірің болғанда да белсенділігін (аздап төмендеу болғанымен) сақтайды.

Қолданылуы

  • мүшеқапты майлау үшін

  • операция алдындағы қынап санациясы

  • ректальді термометрлер енгізуді жеңілдету үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Гельді тікелей мүшеқапқа жағады, гельмен өңделген тампонды қынап шырышты қабығына енгізеді. Қажет болған жағдайда енгізуді қайталайды.

Жағымсыз әсерлері

  • хлоргексидинге жеке аллергиялық реакциялар

  • терінің тітіркенуі мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

Айрықша нұсқаулар

Сыртқа және жергілікті қолдануға арналған.

Терінің бөртуі немесе жергілікті немесе жалпы жоғары сезімталдықтың басқа да белгілері пайда болғанда қолдануды тоқтату керек. Көздің шырышты қабығына гель тигізіп алған жағдайда, сумен жылдам және мұқият жуып-шайған жөн.

Гипохлоритті ағартатын заттарды бұрын құрамында хлоргексидин бар препараттармен жанасқан маталарға тигізіп алу, оларда қоңыр дақтың пайда болуына ықпал етуі мүмкін.

Жүктілік, лактация кезеңі

Препаратты сақтықпен қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 г препараттан ламинацияланған сықпада.

1 сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Кусум Хелткер Пвт. Лтд.,

СП 289 (А), Риико Индл. Ареа, Чопанки, Бхивади (Радж.), Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Кусум Хелткер Пвт. Лтд., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Кусум Хелткер Пвт. Лтд.» Үндістан серіктестігінің ҚР өкілдігі

Алматы қ., Достық д-лы 117/6 тел/факс: 295-26-50; 295-26-55

 

Прикрепленные файлы

419092291477976704_ru.doc 42.5 кб
012604531477977839_kz.doc 62 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники