Элеутерококк
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Элеутерококк
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішуге арналған сұйық сығынды
Құрамы
1 литр сығындының құрамында
белсенді зат - 1000 г элеутерококк (тікенекті) тарам тамырлары,
қосымша зат: 40 % этил спирті
Сипаттамасы
Өзіне тән иісі бар, жұқа қабатында мөлдір, қою-қоңыр түсті сұйықтық. Сақтау кезінде шөгінді түзілуіне жол беріледі.
Фармакотерапиялық тобы
Жалпы сергітетін препараттар.
АТХ коды А13А
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Препарат асқазан-ішек жолында жақсы сіңеді, организмнен негізінен бүйрек арқылы шығарылады.
Фармакодинамикасы
Тарамтамырларының құрамында А, В, В1, С, D, E, F және G элеутерозидтері, кумарин туындылары, флавоноидтар, эфир майы, өсімдік балауызы, шайыр, крахмал бар. Элеутерозидтердің болуының арқасында препарат дене және оймен жұмыс жасау қабілетін, сыртқы ортаның жағымсыз факторларына төзімділікті жоғарылатады, стресс кезінде организмнің жағдайын қалыпқа келтіреді, иммунитетті көтермелейтін әсері бар.
Қолданылуы
- дененің және ақыл-ойдың қажуында
Біріккен ем құрамында
- гипотонияда
- неврастенияда
Қолдану тәсілі және дозалары
Элеутерококкты ересектерге таңертеңгі тағамды қабылдағанға дейін 30 минут бұрын 20-30 тамшыдан тәулігіне 2-3 рет ішу үшін тағайындайды.
Емдеу курсы 25 - 30 күнді құрайды. Қажет болса қайталап емдеу курсы дәрігердің кеңесінен кейін 1-2 аптадан соң жүргізіледі.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар (бөртпе, терінің қызаруы, қышыну)
- ұйқысыздық, жоғары қозғыштық
- артериялық қысымның жоғарылауы
- тахикардия
Сирек
- диарея.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық
- гипертониялық ауру
- жүрек ырғағының бұзылуы
- миокард инфарктісі
- жұқпалы және вирусты аурулардың жедел кезеңі
- бауырдың созылмалы аурулары
- бүйрек қызметінің ауыр бұзылулары
- эпилепсия, құрысу жағдайы
- бас сүйек-ми жарақаты, ми аурулары
- ұйқысыздық
- жүктілік және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балаларға.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препаратты орталық жүйке жүйесінің және қан тамырларының тонусын жоғарылататын басқа дәрілермен бір мезгілде қолдану, элеутерококк сығындысының жағымсыз әсерлерінің күшеюіне ықпал етуі мүмкін.
Айрықша нұсқаулар
Қолданардың алдында шайқау керек.
Алкоголизм кезінде қолдану ұсынылмайды.
Препаратты қабылдағанда артериялық қысымды бақылап отыру қажет.
Препаратты түске дейін қабылдау керек, өйткені ол ұйқысыздықты туғызуы мүмкін.
Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Автокөлік басқарудан немесе реакция жылдамдығына ықпал ететін басқа механизмдермен жұмыс жасаудан аулақ болған жөн.
Артық дозалануы
Симптомдары: артериялық қысымның жоғарылауы, жүрек ырғағының бұзылуы, жоғары қозғыштық, ұйқының бұзылуы.
Емі: препаратты тоқтату; симптоматикалық.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Бұралып жабылатын қақпағы бар және ниппельді тығынымен тығындалған құтыда 50 мл-ден.
Әрбір құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 8°С-ден 15°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
4 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Лубныфарм» ААҚ. 37500, Украина, Лубны қ-сы, Полтава облысы, Петровский к-сі, 16.
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
«Лубныфарм» ААҚ, Украина.
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Фарм-Евро ЖШС, 050039, Алматы қ-сы, Майлин к-сі, 72 үй, 34 пәтер
Факс: +7(272) 71-84-97
E-mail: farmevro@mail.ru