Элеутерококк (50 мл)

МНН: Элеутерококка колючего корневища и корни
Производитель: Лубныфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Общетонизирующие препараты
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024503
Информация о регистрации в РК: 04.03.2020 - 04.03.2025

Инструкция

Саудалық атауы

Элеутерококк

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозасы

Ішуге арналған сұйық экстракт, 50 мл

Фармакотерапиялық тобы

Ас қорыту жолы және зат алмасу. Жалпы сергітетін препараттар

АТХ коды А13А

Қолданылуы

- дененің және ақыл-ойдың қажуында

Кешенді ем құрамында:

- неврастенияда

- артериялық гипотензияда

- ауыр хирургиялық операциялардан кейін, жедел және созылмалы сәулелік ауру кезінде.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің қандай да біріне жоғары сезімталдық

- гипертермиялық синдром

- артериялық гипертензия

- қатты қозғыштық

- жедел инфекциялық аурулар

- миокард инфарктісі

- аритмия

- ұйқысыздық

- нейроциркуляторлы дистония

- қызба

- эпилепсия

- алкоголизмнен зардап шегетін тұлғалар

- 18 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

- бауыр аурулары бар науқастар

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Препарат орталық жүйке жүйесінің стимуляторларының, аналептиктердің, гипогликемиялық дәрілердің әсерін күшейтеді, ол орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін дәрілердің (оның ішінде барбитураттар, транквилизаторлар, эпилепсияға қарсы дәрілер) физиологиялық антагонисі болып табылады.

Элеутерококк экстарктісі гипогликемиялық дәрілердің әсерін күшейте алады.

Арнайы ескертулер

Дәрілік заттың қолданылу ережелерін бұзбау керек.

Препаратты қабылдау кезінде артериялық қысымды бақылау қажет.

Препарат ұйқысыздықты тудыруы мүмкін. Сондықтан препарат осылай әсер ететін пациенттерге оны кешке қабылдауға болмайды.

Қолданар алдында жақсылап шайқаңыз.

Балалар

18 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе емшек емізу кезеңінде қолдану

Қолданбайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Орталық жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар пайда болу мүмкіндігіне және препарат құрамында 40% этанол бар болуына байланысты психомоторлы реакция жылдамдығына әсер ететін болғандықтан, көлік жүргізуден немесе басқа механизмдермен жұмыс жасаудан бас тарту керек.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Ересектерге – 20-30 тамшыдан.

Енгізу әдісі және жолы

Элеутерококкты ішу үшін тағайындайды.

Қабылдау уақытын көрсететін қолдану жиілігі

Ересектерге тағам қабылдағанға дейін 30 минут бұрын тәулігіне 1 рет.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу курсы 25-30 күнді құрайды.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Симптомдар: артериялық қысым жоғарылауы мүмкін, жүрек ырғағының бұзылуы, қатты қозғыштық, ұйқының бұзылуы, асқазан ішек жолы тарапынан бұзылулар, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі.

Емі: препаратты қолдануды дереу тоқтату және симптоматикалық ем жүргізу

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну керек.

Қажет болса қайталап емдеу курсы дәрігердің кеңесінен кейін 1-2 аптадан соң жүргізіледі.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар

Орталық жүйке жүйесі тарапынан: ұйқының бұзылуы, ұйқысыздық, тітіркенушілік, үрейлену жай күйі, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, қаты қозғыштық, бас ауруы.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: артериялық қысымының жоғарылауы, жүрек ырғағының бұзылуы, тахикардия.

Тері тарапынан: бөртпе, терінің қызаруы, қышыну.

Ұзақ қолдану бұлшықеттің түйілуін, ас қорыту жүйесі тарапынан бұзылуын тудыруы мүмкін.

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

1 литр экстракт құрамында

белсенді зат - 1000 г элеутерококк (тікенді) тамырсабағы тамырлармен,

қосымша зат: 40 % этил спирті

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар, жұқа қабатында мөлдір, қою-қоңыр түсті сұйықтық. Сақтау кезінде шөгінді түзілуіне жол беріледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл препараттан ниппельді тығынымен және бұралып жабылатын қақпақпен тығындалған немесе тағынмен және бұралып жабылатын қақпақпен тығындалған құтыларда. Құтыға заттаңба желімделеді. Әрбір құты медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Қорапшалар картон қорапқа немесе гофрланған картоннан жасалған жәшіктерге салынады.

Сақтау мерзімі

4 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші туралы мәлімет

«Лубныфарм» ЖАҚ

Украина, 37500, Полтава обл., Лубны қ., Барвинков к-сі, 16.

Телефон нөмірі +38 (05361) 7-09-26Электронды пошта lubnypharm@lf.com.ua

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Лубныфарм» ЖАҚ

Украина, 37500, Полтава обл., Лубны қ., Барвинков к-сі, 16.

Телефон нөмірі +38 (05361) 7-09-26Электронды пошта lubnypharm@lf.com.ua

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

Фарм-Евро ЖШС

050039, Алматы қ., Майлин к-сі, 72 үй, 34 пәтер

Факс: +7(272) 71-84-97

Е-mail: farmevro@mail.ru

Прикрепленные файлы

1.3_.3_._Проект_ИМП_Элеутерококк_.doc 0.08 кб
Элеутерококк_ЛВ_каз.doc 0.07 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту