Экозитрин® (500 мг)

МНН: Кларитромицин
Производитель: АВВА РУС ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Clarithromycin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018548
Информация о регистрации в РК: 01.08.2017 - 01.08.2022
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 230.54 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Экозитрин®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Кларитромицин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 250 мг және 500 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: кларитромицин (белсенді заттарға шаққанда) - 250мг немесе 500мг,

қосымша заттар: лактулоза, повидон-К25, магний стеараты, кремнийдің коллоидты (аэросил) қостотығы, тальк, калий полакрилині,

қабықтың құрамы: гипромеллоза, тальк, титанның қостотығы, макрогол-4000, бояғыш азорубин.

Сипаттамасы

Қызғылт түсті үлбірлі қабықпен қапталған, капсула тәріздес, екі жағы дөңес таблеткалар. Көлденең қимасында екі қабат көрінеді, ішкі қабаты ақ немесе ақ дерлік түсте (250 мг және 500 мг доза үшін).

Фармакотерапиялық тобы

Бета лактамды бактерияға қарсы препараттар. Макролидтер.

АТЖ коды J01FA09

Фармакологялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі - жылдам. Тағам биожетімділігіне айтарлықтай әсер етпестен, сіңуді баяулатады. 250 мг таблеткалардың биожетімділігі - 50%. Плазма ақуыздарымен байланысы - 65-75%. Бір мәрте қабылдағаннан соң (Сmax). концентрациясының ең жоғары екі шыңы тіркеледі. Екінші шыңы препараттың өт қабында жиналып, кейіннен біртіндеп немесе жылдам ішекке түсіп, сіңу қабілетімен байланысты. 250 мг қабылдаған кезде ең жоғары (TСmax) конценрациясына жету уақыты - 2-3 сағат. Ішке қабылдағаннан кейін қабылданған дозаның 20-30%-ы бауырда Haemophllus influenzae қатысты алғанда микробқа қарсы айқын көріністі белсенділікке ие негізгі метаболит - 14-гидроксикларитромицинді түзу арқылы цитохромның СYP3A4, СYP3А5 және СYP3А7 изоферменттерімен гироксилденеді. СYP3A4, СYP3А5 және СYP3А7 изоферменттерінің тежегіші болып табылады.

Үнемі тәулігіне 250 мг қабылдаған кезде өзгермеген препараттың және оның негізгі метаболитінің тепе-теңдік концентрациясы –1 және 0,6 мкг/мл сәйкес; жартылай шығару кезеңі – 3-4 және 5-6 сағатқа сәйкес. Өзгермеген препараттың және оның плазмадағы метаболиті дозасын тәулігіне 500мг Css көбейткен жағдайда сәйкесінше – 2,7-2,9 және 0,83-0,88 мкг/мл; жартылай шығару кезеңі тиісінше – 4,8-5 және 6,9-8,7 сағат. Емдік концентрацияларда өкпеге, теріге және жұмсақ тіндерде жиналады (оларда концентрация қан плазмасындағы антибиотиктің деңгейінен 10 есе асады).

Бүйрек және ішек арқылы бөлінеді (20-30% – өзгермеген күйде, қалғандары - метаболиттер түрінде). Бір мәрте 250 және 1200 мг қабылдаған кезде бүйрек арқылы 37,9 және 46%, ішекпен сәйкесінше – 40,2 және 29,1% бөлінеді.

Бүйрек қызметі бұзылған кезде ТСmax, Сmax және кларитромицин мен оның метаболитінің «концентрация-уақыт» (AUC) қисық асты ауданының ұлғаюы көрінеді.

Фармакодинамикасы

Экозитрин® кең ауқымды әсері бар жартылай синтетикалық макролидті антибиотик. Микроағзалар ақуыздарының синтезін бұзады (микробты жасуша рибосомы жарғақшасының 50S субъбірлігімен байланысады). Жасушадан тыс - және жасуша ішінде орналасқан қоздырғыштарға әсер етеді. Кларитромициннің келесі микроорганизмдердің көпшілігіне қатысты алғандағы белсенділігі in vitro және клиникалық тәжірибеде дәлелденген – аэробтық грамоң микроорганизмдері: Staphylococcus aureus, Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes; аэробтық грамтеріс микроорганизмдер: Haemophilus influenzae, Haemophilus parainfluenzae, Moraxella catarrhalis, Legionella pneumophila; басқа да микроорганизмдер: Mycoplasma pneumoniae, Chlamydia pneumoniae; микобактериялар: Mycobacterium avium және Micobacterium intracellulare; Helycobacter pylori кіретін Mycobacterium avium complex (MAC) кешені.

Бета-лактамазалар кларитромициннің белсенділігіне әсер етпейді.

Кларитромициннің in vitro белсенділігі – аэробтық грамоң микроорганизмдері: Listeria monocytogenes, Streptococcus agalactiae, Streptococci C,F,G топтары, Streptococci viridans тобы; аэробтық грамтеріс микроорганизмдер: Neisseriа gonorrhoeae, Bordetella pertussis, Pasteurella multocida; анаэробтық грамоң микроорганизмдер: Сlostridium perfringens, Peptococcus niger, Propionibacterium acnes; анаэробтық грамоң микроорганизмдер: Bacteroides melaninogenicus; спирохеттер: Borrelia burgdorferi, Treponema pallidum; микобактериялар: Mycobacterium leprae, Mуcobacterium chelonae, кампилобактериялар: Campylobacter jejuni.

Кларитромициннің микробиологиялық белсенді метаболиті - 14-гидроксикларитромицин Haemophilus influenzae қатысты алғандағы бастапқы қосылысқа қарағанда екі есе анағұрлым белсенді. Кларитромицин мен оның метаболиті үйлесіп, бактерия штаммына байланысты Haemophilus influenzae in vitro и in vivo аддитивті де, синергиялық та әсер етуі мүмкін.

Қолданылуы

Ересектер:

- фарингит, тонзиллитте

- жедел гайморитте

- созылмалы бронхиттің өршуі, ауруханадан тыс пневмонияда

- тері мен тері асты шел қабатының асқынбаған жұқпасында

- Mycobacterium avium және Mycobacterium intracellulare-ден туындаған диссеминирленген жұқпада.

Ересектерге амоксициллин және омепразол/лансопразолмен біріктіріп он екі елі ішектің ойық жара ауруын қоса, Helicobacter pyloгi-ден туындаған жұқпалар кезіндегі үштік емдеу түрінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблеткаларды аз ғана су іше отырып, шайнамай жұту керек.

Ересектерге: Streptococcus pyogenes туғызатын фарингит пен тонзиллитте –

10 күн бойы әр12 сағат сайын 250 мг-дан,

жедел гайморитте 14 күн бойы әр12 сағат сайын 500 мг-дан

Haemophilus influenzae туғызатын созылмалы бронхиттің өршуінде – 7-14 күн бойы әр12 сағат сайын 500 мг-дан, Haemophilus parainfluenzae туындатқанда – 7 күн бойы әр12 сағат сайын 500 мг-дан; Moraxella catarrhalis, Streptococcus pneumoniae туындатқанда – 7-14 күн бойы әр12 сағат сайын 250 мг-дан;

Haemophilus influenzae туғызатын ауруханадан тыс пневмонияда – 7 күн бойы әр12 сағат сайын 250 мг-дан; Streptococcus pneumoniae, Chlamydia pneumoniae, Mycoplasma pneumoniae туындатқанда – 7-14 күн бойы әр12 сағат сайын 250 мг-дан;

Staphylococcus aureus, Streptococcus pyogenes туғызған тері және тері асты шел қабатының асқынбаған жұқпалары кезінде – 7-14 күн бойы әр 12 сағат сайын 250 мг-дан.

Mycobacterium avium туғызатын жұқпаларды емдеу және алдын алуда: тәулігіне 2 рет 500 мг-дан тағайындайды. Тәуліктік ең жоғары дозасы - 1000 мг. Емдеу ұзақтығы – 6 ай және одан аса.

Helicobacter pylori эрадикациясы мақсатында:

Үш препаратпен біріктіріп емдеуде:

10-14 күн бойы тәулігіне 2 рет кларитромицин - 500 мг, лансопразол – 30 мг және амоксициллин - 1000 мг;

10 күн бойы тәулігіне 2 рет кларитромицин - 500 мг, омепразол – 20 мг и амоксициллин - 1000 мг.

Екі препаратпен біріктіріп емдеуде:

кларитромицин – тәулігіне 3 рет 500 мг-дан, омепразол – 14 күн бойы тәулігіне 40 мг, омепразол одан кейінгі 14 күн бойы тәулігіне 20 мг дозада тағайындалады

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілер үшін: (креатинин клиренсі 30 мл/мин төмен немесе сарысу креатининінің концентрациясы 3,3 мг/100 мл жоғары) дозаны 2 есе төмендетеді, не болмаса аралықты

2 есе арттырады. Бұл топтағы емделушілерді емдеудің барынша ұзақтығы – 14 күн.

Жағымсыз әсерлері

- бас ауыруы, бас айналуы, мазасыздық, ұйқысыздық, «қорқынышты» түстер көру, құрысулар, депрессия; бағдарсыздық, елестеулер, психоз, деперсонализация, сананың шатасуы.

- жүрек айну, құсу, гастралгия, диарея, стоматит, глоссит, ауыз қуысы шырышты қабығының кандидозы, тіл мен тіс түстерінің өзгеруі, жедел панкреатит, «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы, гепатоцеллюлярлық және холестатикалық гепатит, холестатикалық сарғаю

Сирек

- жалған жарғақшалы колит, негізінен ауыр түрдегі қатарлас жүретін аурулар және/немесе дәрімен қатарласа емдеу аясында өлім-жітімге әкелетін бүйрек жеткіліксіздігі.

- қарынша тахикардиясы, оның ішінде «пируэт» түріндегі қарыншалардың дірілдеуі мен жыпылықтауы, ЭКГ-да QT аралығының ұзаруы.

- шу, құлақтағы шуыл, дәмнің өзгеруі (дисгевзия), жекелеген жағдайларда - препаратты тоқтататқаннан кейін кететін естімей қалу, иіс сезу қабілетінің бұзылуы.

- миалгия

- тромбоцитопения (өзгеше қан кету, қан құйылу)

- интерстициальді нефрит

Зертханалық көрсеткіштер: лейкопения, гиперкреатининемия, гипогликемия (оның ішінде гипогликемиялық препараттарды бір мезгілде қабылдағанда) .

Аллергиялық реакциялар – тері бөртпесі, қышу, есекжем, тері гиперемиясы, қатерлі экссудативті эритема (Стивенса-Джонсон синдромы), уытты эпидермальды некролиз, анафилактикалық реакциялар.

Басқалары: салдарлы жұқпалар (микроорганизмдер төзімділігін дамыту).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- макролидті антибиотиктерге және препараттың басқа да құрамдас бөліктеріне жоғары сезімталдықта

- кларитромицинді және қандай да бір келесі препараттардың біреуімен бір мезгілде қолданған кезде: астемизол, цизаприд, пимозид, терфенадин, эрготамин, дигидроэрготамин, ловастатин, симвастатин

- 18 жасқа дейінгі балаларға

- порфирияда,

- лактация кезеңінде

Сақтықпен:

- бүйрек және/ немесе бауыр жеткіліксіздігінде,

- gravis миастениясы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кларитромицин және СYP3A изоферментімен алғаш рет метаболизденетін дәрілік заттарды бірге қабылдаған кезде олардың концентрациясы өзара жоғарылауы мүмкін, бұл емдік әсерін де, жағымсыз әсерін де күшейтеді немесе ұзартады. Астемизол, цизаприд, пимозид, терфенадин, эрготаминмен және басқа қастауыш алкалоидтарымен; алпразолам, мидазолам, триазоламмен бірге қабылдауға болмайды.

Карбамазепин, цилостазол, циклоспорин, дизопирамид, ловастатин, метилпредниозолон, омепразол, тікелей емес антикоагулянттермен (оның ішінде варфаринмен), хинидин, рифабутин, силденафил, симвастатин, такролимус, винбластинмен, сондай-ақ фенитоин, теофиллин және вальпрой қышқылымен (цитохром Р450 басқа изоферменттері арқылы метаболизденеді) бірге сақтықпен тағайындаған абзал. Дәрілік заттардың дозасын түзету және қандағы концентрациясын бақылау қажет.

Цизаприд, пимозид, терфенадин және астемизолмен бірге қолданған кезде соңғыларының қандағы концентрациясы жоғарылауы, QT аралығының ұзаруы, қарыншалық тахикардияны, оның ішінде "пируэт" типті және қарыншалар жыбырлауын қоса, аритмияның пайда болуы мүмкін.

Эрготамин мен дигидроэрготаминмен бірге қабылдаған кезде эрготамин тобы препараттарымен жедел уланудың болуы мүмкін (қан тамырлары түйілуі, аяқ-қолдар мен орталық жүйке жүйесін қоса алғандағы басқа да тіндердің ишемиясы). Эфавиренз, невирапин, рифампицин, рифабутин және рифапентин (цитохром Р450 индукторлары) плазмадағы кларитромициннің деңгейін төмендетеді және соңғысының емдік әсерін нашарлатады, дегенмен 14-гидроксикларитромицин деңгейін ұлғайтады.

Флуконазолды күн сайын 200 мг дозада және кларитромицинді тәулігіне 1 г дозасында қабылдағанда кларитромициннің Css және AUC сәйкесінше 33% және 18% жоғарылауы мүмкін. Кларитромицин дозасын түзету қажет етілмейді.

Ритонавирді 600 мг/тәулігіне және және кларитромицин 1 г/тәулігіне бірге қабылдаған кезде кларитромицин метаболизмін төмендету (Сmах-ті 31%-ға, Css 182% және AUC 77%-ға арттыру), 14-гидроксикларитромициннің түзілуін толық басу мүмкіндігі бар. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде дозаны түзету қажет: креатинин клиренсі (КК) 30-60 мл/мин кезінде кларитромициннің дозасы 50%-ға, КК 30 мл/мин төмен кезінде 75%-ға азайтылуы тиіс. Ритонавирді тәулігіне 1 г аспайтын дозасында кларитромицинмен бірге қабылдамаған жөн.

Хинидин және дизопирамидті бірге қабылдаған кезде "пируэт» типті қарыншалық тахикардия туындауы мүмкін. ЭКГ (QT аралығының ұзаруы), осы дәрілік заттардың сарысудағы концентрациясы бақылануы қажет.

Кларитромицин ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері концентрациясын (ловастатин, симвастатин) жоғарылатады. Бұл препаратты бірге қабылдайтын емделушілерде рабдомиолиз дамуы мүмкін.

Кларитромицин мен омепразолды қабылдаған кезде Cmax, AUC-тің және жартылай шығару кезеңінде омепразолдың сәйкесінше 30%, 89% және 34% артуы мүмкін. Асқазандағы рН орташа мәні 24 сағат бойы тек омепразолды қабылдаған кезде 5,2-ні, омепразолды кларитромицинмен бірге қабылдаған кезде 5,7 құрады. Кларитромицинді және тікелей емес антикоагулянттарды пайдаланғанда соңғылары әсерінің күшеюі мүмкін.

Кларитромицинді силденафил, тадалафил немесе варденафилмен қабылдағанда (фосфодиэстераза-5 тежегіштері), фосфодиэстеразаға тежеуші әсерінің ұлғаюы мүмкін. Силденафил, тадалафил және варденафилдің дозасын азайту қажет болуы ықтимал.

Кларитромицинді теофиллин және карбамазепинмен бірге қолданған кезде жүйелік қан ағымында соңғыларының концентрациясы жоғарылауы мүмкін.

Кларитромицинді толтеродинмен бірге қабылдаған кезде метаболизмі төменгі деңгейдегі емделушілерде CYP2D6 арқылы кларитромициннің (СYP3А тежегіші) қатысуымен толтеродин дозасын төмендету талап етілуі мүмкін.

Кларитромицинді (1 г/сут) мидазоламмен (ішу арқылы қабылдау) бірге қабылдағанда мидазолам AUC-ының 7 есе арту мүмкіндігі бар.

Кларитромицин мен мидазоламды және басқа да СYP3А (триазолам және алпразолам) метаболизденетін бензодиазепиндерді бірге ішу арқылы қабылдаудан аулақ болу қажет. Мидазолам (көктамыр ішіне) және кларитромицинді қабылдаған кезде дозаны түзету қажет етілуі мүмкін. Мұндай алдын алу сақтық шараларын өзге де CYP3А метаболизденетін бензодиазепиндерге де қолданған жөн.

Шығарылуы СYP3А-ға (темазепам, нитразепам, лоразепам) тәуелді емес бензодиазепиндер үшін кларитромицинмен клиникалық маңызды өзара әрекеттестіктің болуы екіталай.

Кларитромицинді колхицинмен бірге қабылдағанда колхициннің әсер етуі күшеюі мүмкін. Колхицинмен уланудың клиникалық симптомдарының ықтимал дамуын, әсіресе егде емделушілер мен созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар (өлім-жітім болған жағдайлар туралы хабарлар бар) емделушілерде бақылап отыру қажет.

Кларитромицин мен дигоксинді бірге қабылдаған кезде сарысудағы дигоксин концентрациясын мұқият бақылаған жөн (оның концентрацисының жоғарылауы және өлім-жітімге әкелуі ықтимал аритмияның дамуы).

АИВ жұқтырған ересек емделушілердің кларитромицин мен зидовудинді бір мезгілде қабылдауы зидовудин Css төмендеуіне әкелуі мүмкін. Кларитромицин мен зидовудиннің дозаларын таңдау қажет. Өзара әрекеттестіктің бұл түрі кларитромицинді суспензия түрінде зидовудинмен бірге алатын АИВ жұқтырған балаларда кездеспейді.

Кларитромицин (l г/тәул) мен атазанавирді (400 мг/тәул) бірге қабылдаған кезде атазанавирге тән AUC 28%-ға, кларитромициндікі 2 есе көбеюі, 14-гидроксикларитромицинге тән AUC 70%-ға азаюы мүмкін. КК минутына 30-60 мл болатын емделушілерде кларитромициннің дозасы 50%-ға азайтылуы керек. Тәулігіне 1 г асатын дозадағы кларитромицинді протеаз тежегіштерімен бірге тағайындауға болмайды.

Кларитромицин мен интраконазолды бір мезгілде қабылдаған кезде плазмадағы препараттардың екеуінің концентрациясын бірдей ұлғайту керек. Бір мезгілде итраконазол мен кларитромицинді қабылдайтын емделушілерге бұл дәрілік заттардың фармакологиялық әсерлерінің күшеюі немесе ұзаруы мүмкін болғандықтан мұқият байқап-бақылау қажет етіледі.

Кларитромицин (l г/тәул) мен саквинавирді (жұмсақ желатинді капсулаларда, 1200 мг күніне 3 рет) бір мезгілде қабылдағанда кезде

саквинавирдің AUC және Css сәйкесінше 177% және 187%-ға, ал кларитромициндікі 40%-ға көбеюі мүмкін.

Бұл екі дәрілік затты жоғарыда көрсетілген доза/дәрілік түрінде шектеулі уақытқа бірге тағайындау барысында түзету талап етілмейді.

Верапамилмен бірге қабылдаған кезде артериялық қысымның төмендеуі, брадиаритмия мен сүт қышқылдық ацидоз болуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Кларитромицин колхицин экспозициясының жоғарылауына алып келуі мүмкін.

Колхицин уыттылығының клиникалық симптомдарын айқындау үшін емделушілердің жағдайын байқап отыру қажет. Емделушілердің қан сарысуындағы дигоксин концентрациясын оны кларитромицинмен қабылдаған кезде мұқият бақылып отыру қажет. Қан сарысуындағы зидовудиннің тең салмақты концентрациясы төмендеуі мүмкін. Кларитромицин мен зидовудинді қабылдау арасындағы аралықты сақтау қажет. Клацид және атазановир, интраконазол, саквинавир арасында екі бағытты дәрілік өзара әрекеттестік болуы мүмкін.

Антибиотиктерді ұзақ уақыт немесе қайтара қолданудың сезімтал емес бактериялар мен зеңдердің артық өсуін туғызуы мүмкін. Суперинфекциялар туындаған жағдайда кларитромицинді қолдануды тоқтатып, тиісінше ем жүргізген жөн.

Ауырлығы жеңіл дәрежеден бастап, өлімге апаратын колитке дейін Clostridium difficile (CDAD) туғызған диареяның барлық бактерияға қарсы препараттарды, оның ішінде кларитромицинді қолдану кезінде дамуы туралы хабарланды. Кларитромицин алатын емделушілерде myasthenia gravis симптомдарының күшеюі мүмкін.

Препаратты бауыр қызметі жеткіліксіздігі бар емделушілер қолданғанда абайлаған дұрыс.

Кларитромицин және басқа да макролидтер, сондай-ақ линкомицин мен клиндамицин арасындағы түйіспелі резистенттілік мүмкіндігіне назар аудару керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және емшекпен емізу кезеңінде кларитромицинді пайдаланудың қауіпсіздігі анықталмаған. Препаратты жүктілік кезеңінде, әсіресе жүктіліктің бірінші триместрінде пайдасы/ қатері арақатынасын мұқият бағалап алмай, қолданбаған абзал. Кларитромицин емшек сүтімен шығарылады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер ету ықтималдығы аз.

Артық дозаланғанда

Симптомдары: абдоминальды ауыру сезімі, жүрек айнуы, құсу, диарея.

Емдеу: асқазанды шаю, демеуші ем. Гемо - немесе перитонеальдық диализ кезінде жойылмайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан (ПВХ/Al) немесе жұмсақ алюминий фольга және қатты ламинадталған алюминий фольгадан (Al/Al) жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 7 таблеткадан салынған.

1 немесе 2 пішінді ұяшықты қаптама қолдануы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«АВВА РУС» ААҚ, Ресей

610044 Киров қ-сы, Луганск к-сі, 53А үйі

Тел. (8332) 53-60-11,

(495) 956-75-54

www.avva-rus.ru

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«АВВА РУС» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«АВВА РУС» ААҚ, Ресей

Мәскеу қ-сы, Крылатские Холмы к-сі, 30-үй, 9-корп.

Тел./факс (495) 956-75-54

e-mail: info@avva-rus.ru

 

Прикрепленные файлы

957872881477977147_ru.doc 76 кб
810252311477978313_kz.doc 99 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники