Экобол® (250 мг)

МНН: Амоксициллин
Производитель: АВВА РУС ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Amoxicillin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019860
Информация о регистрации в РК: 08.05.2013 - 08.05.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Экобол®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Амоксициллин

Дәрілік түрі

250 мг және 500 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат

амоксициллин тригидраты 250 мг, 500 мг

(амоксициллинге шаққанда)

   

қосымша заттар: лактулоза, повидон, кросповидон, натрий кроскармеллозасы, тальк, магний стеараты, картоп крахмалы

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік түсті, капсула пішінді, бөлетін сызығы бар таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Бактерияларға қарсы жүйелік қолдануға арналған препараттар. Бактерияларға қарсы бета-лактамдық препараттар – пенициллиндер. Әсер ету ауқымы кең пенициллиндер. Амоксициллин

АТХ коды J01СA04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі – тез, жоғары (93%), ас қабылдау сіңуіне ықпалын тигізбейді, асқазанның қышқыл ортасында бұзылмайды. Суспензия (немесе таблетка) түрінде 125 және 250 мг дозада ішке қабылдағанда ең жоғары концентрациясы – тиісінше, 1,5-3 мкг/мл және 3,5-5 мкг/мл. Ішу арқылы қабылдағаннан кейін ең жоғары концентрацияға жету уақыты 1-2 сағат. Таралу көлемі үлкен – жоғары концентрациялар плазмадан, қақырықтан, бронх секретінен (іріңді бронх секретінде таралауы нашар), плевральді және перитонеальді сұйықтықтан, несептен, тері күлбіреуігінің ішіндегіден, өкпе тіндерінен, ішектің шырышты қабығынан, әйелдердің жыныс ағзаларынан, қуықасты безінен, ортаңғы құлақ сұйықтығынан, сүйектен, май тіндерінен, өт қалтасынан (бауыр қызметі қалыпты болғанда), ұрық тіндерінен табылады. Дозаны 2 есе арттырғанда концентрациясы да 2 есе артады. Өттегі концентрациясы плазмадағы концентрациядан 2 - 4 есе басым. Амниотикалық сұйықтықтарда және кіндік қантамырларында амоксициллиннің концентрациясы жүкті әйелдердің плазмасында анықталған деңгейдің 25-30%-ын құрайды. Гематоэнцефалдық бөгет арқылы нашар өтеді, ми қабығы қабынғанда (менингит) жұлын сұйықтығындағы концентрациясы плазмадағы деңгейдің 20%-ға жуығын құрайды. Плазма ақуыздарымен байланысуы – 17 %.

Ішінара метаболизденіп, белсенді емес метаболиттер түзеді. Жартылай шығарылу кезеңі – 1-1,5 сағат. Өзгермеген күйінде өзекшелік секреция (80 %) және шумақтың сүзілу (20 %) жолдарымен 50-70%-ы бүйректер арқылы, 10-20 %-ы бауыр арқылы шығарылады. Аздаған мөлшерде емшек сүтімен бірге бөлініп шығады. Бүйрек қызметі бұзылғанда (креатинин клиренсі минутына 15 мл-ден аз немесе тең) жартылай шығарылу кезеңі 8,5 сағатқа дейін артады. Амоксициллин гемодиализ кезінде шығарылады.

Фармакодинамикасы

Бактерияларға қарсы жартылай синтетикалық пенициллиндер тобына жататын, әсер ету ауқымы кең, қышқылға төзімді бактерицидтік дәрі. Транспептидазаны тежейді, бөліну және өсу кезеңінде пептидогликан синтезін (жасуша қабырғасының негізгі ақуызы) бұзады, бактерияларды ерітеді. Аэробтық грамоң микроорганизмдерге: Staphylococcus spp. (пенициллиназаны өндірмейтін штаммдарды қоспағанда), Streptococcus spp; және аэробтық грамтеріс бактерияларға: Neisseria gonorrhoeae, Neisseria meningitidis, Escherichia coli, Shigella spp., Salmonella spp., Klebsiella spp. қатысты белсенді. Пенициллиназаны өндіретін микроорганизмдер амоксициллиннің әсеріне төзімді.

Қолданылуы

Сезімтал микрофлорадан туындаған мына бактериялық жұқпаларда:

  • тыныс жолдарының және ЛОР ағзалардың жұқпаларында (синусит, фарингит, тонзиллит, жедел ортаңғы отит, бронхит, пневмония)

  • несепжыныс жүйесінің жұқпаларында (пиелонефрит, пиелит, цистит, уретрит, гонорея, эндометрит, цервицит)

  • асқазан-ішек жолының жұқпаларында (энтероколит, іш сүзегі, холангит, холецистит)

  • тері мен жұмсақ тін жұқпаларында (тілме, импетиго, екінші қайтара жұқтырылған дерматоздар), лептоспирозда, листериозда, Лайм ауруында (боррелиоз)

  • дизентерияда

  • сальмонеллезде, сальмонелла тасымалдаушыда, эндокардитте (алдын алуға)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, ас қабылдауға дейін және кейін.

Ересектерге және 10 жастан асқан (дене салмағы 40 кг-нан астам) балаларға тәулігіне 3 рет 0,5 г; жұқпа барысы ауыр болғанда тәулігіне 3 рет 0,75-1,0 г тағайындайды.

6-10 жастағы балаларға 0,25 г-нан тағайындайды; жұқпа барысы ауыр болғанда – 3 қабылдауға тәулігіне 60 мг/кг (ең жоғары тәуліктік доза). Емдеу курсы – 5-12 күн.

Асқынбаған жедел созда бір рет 3 г тағайындайды; әйелдерді емдеген кезде аталған дозаны қайтадан қабылдауға кеңес беріледі.

Асқазан-ішек жолының (паратифтер, іш сүзегі) және өт жолдарының жедел жұқпалы ауруларында, гинекологиялық жұқпалы ауруларда – ересектерге тәулігіне 3 рет 1,5-2 г немесе тәулігіне 4 рет 1-1,5 г.

Лептоспирозда – ересектерге 6-12 күн бойы тәулігіне 4 рет 0,5-0,75 г.

Сальмонелла тасымалдаушылықта – ересектерге 2-4 апта бойы тәулігіне 3 рет 1,5-2 г.

Кішкентай хирургиялық араласымдарда эндокардиттің алдын алу үшін ересектерге емшара жүргізуден 1 сағат бұрын 3-4 г. Қажет болғанда 8-9 сағаттан соң дозаны қайтадан тағайындайды. Балаларда дозаны екі есе азайтады.

Бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде креатинин клиренсі минутына 15-40 мл болғанда, қабылдау арасындағы аралықты 12 сағатқа дейін арттырады; креатинин клиренсі минутына 10 мл-ден төмен болғанда дозаны 15-50%-ға азайтады; анурияда ең жоғары доза – тәулігіне 2 г.

Жағымсыз әсерлері

  • тері гиперемиясы, эритема, ангионевротикалық ісіну, есекжем, көп пішінді эритема, Стивенс-Джонсон синдромы

  • тыныстың тарылуы, ринит, конъюнктивит

  • буындардың ауыруы

  • дәмнің өзгеруі, құсу, жүректің айнуы, диарея, стоматит, глоссит, жалған жарғақшалы энтероколит

  • бауыр қызметінің бұзылуы, «бауырлық» трансаминазаның орташа жоғарылауы

  • бас ауыру, бас айналу, қозу, үрейлену, ұйқысыздық, атаксия, сананың шатасуы, мінез-құлықтың өзгеруі, депрессия, шеткергі нейропатия, құрысу реакциялары, эпилепсиялық реакциялар

  • тахикардия

  • интерстициальді нефрит

  • қынап кандидозы

  • қайтымды лейкопения, нейтропения, эозинофилия

Сирек

- тромбоцитопениялық пурпура, гемолитикалық анемия

- эритрема, ангионевротикалық ісіну

Өте сирек

- эксфолиативті дерматит, сарысу ауруына ұқсас реакциялар, анафилактикалық шок

- супержұқпа (созылмалы аурулары бар немесе организмнің төзімділігі төмендеген емделушілерде)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • асқын сезімталдық (соның ішінде басқа пенициллиндерге, цефалоспориндерге, карбапенемдерге)

  • 6 жасқа дейінгі балалар (осы дәрілік түр үшін)

  • лактация кезеңі

  • жұқпалы мононуклеоз

  • поллиноз

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Антацидтер, глюкозамин, іш жүргізетін дәрілер, тағамдар, аминогликозидтер – сіңуін баяулатады және төмендетеді; аскорбин қышқылы сіңуін арттырады.

Бактерицидтік антибиотиктер (соның ішінде аминогликозидтер, цефалоспориндер, ванкомицин, рифампицин) – синергиялық әсер; бактериостатикалық препараттар (макролидтер, хлорамфеникол, линкозамидтер, тетрациклиндер, сульфаниламидтер) антагонистік әсер береді.

Әсері тікелей емес антикоагулянттардың тиімділігін арттырады (ішек флорасын басады, К витаминінің синтезін және протромбинді индексті төмендетеді); құрамында эстрогені бар ішілетін контрацептивтердің, дәрілік заттардың тиімділігін азайтады, олардың метаболизмі үдерісінде парааминобензой қышқылы, этинилэстрадиол түзіледі – "лақылдап" қан кетудің пайда болу қаупі бар.

Диуретиктер, аллопуринол, оксифенбутазон, фенилбутазон, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар, өзекшелік секрецияны бөгейтін препараттар – өзекшелік секрецияны төмендетіп, концентрацияны арттырады.

Аллопуринол тері бөртпесінің пайда болу қаупін арттырады. Препарат бір мезгілде қолданғанда клиренсті азайтады және метотрексаттың уыттылығын арттырады, дигоксиннің сіңуін күшейтеді.  

Айрықша нұсқаулар

Курстық емдеу кезінде қан түзу ағзаларының, бауырдың және бүйректің қызмет жағдайына бақылау жүргізу қажет.

Амоксициллинге төзімді микрофлораның өсуі есебінен супержұқпаның пайда болуы мүмкін, бұл бактерияларға қарсы емді талапқа сай өзгертуді қажет етеді.

Бактериемиясы бар науқастарды емдегенде эндоуытты шок реакциясы (Яриш-Герксгеймер реакциясы) пайда болуы мүмкін.

Пенициллиндерге жоғары сезімталдығы бар емделушілерде цефалоспоринді антибиотиктермен айқаспалы аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Курстық емдеу аясында жеңіл диареяны емдеген кезде ішектің жиырылуын төмендететін диареяға қарсы препараттарды қолданбаған жөн. Ауыр диареяда маманның кеңесі қажет.

Емдеу аурудың клиникалық белгілері жоғалғаннан кейін міндетті түрде тағы 48-72 сағатқа созылады.

Құрамында эстрогені бар ішілетін контрацептивтерді және амоксициллинді бір мезгілде қолданғанда, мүмкіндігінше, контрацепцияның басқа немесе қосымша әдістерін қолданған жөн.

Сақтықпен – аллергиялық ауруларда (соның ішінде сыртартқысында), сыртартқысында асқазан-ішектік аурулар бар болғанда (әсіресе антибиотиктерді қолдануға байланысты колитте), бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінде, бауыр қызметінің ауыр бұзылуларында, жүктілікте, лактация кезеңінде, жұқпалы мононуклеозда, лимфолейкозда.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы

Препарат жүктілік кезінде ана үшін шамаланған пайдасы ұрық үшін қауіптен басым болған жағдайда ғана қолданылуы мүмкін. Препаратты лактация кезеңінде қолдану қажет болғанда емшек емізуді тоқтатқан жөн.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Көлікті басқару немесе механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне жағымсыз әсерлері жөнінде мәлімдемелер жоқ.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүректің айнуы, құсу, диарея, су-электролиттік теңгерімнің бұзылуы (құсу және диарея салдары ретінде).

Емдеу: асқазанды шаю, белсенділендірілген көмір, іш жүргізетін дәрілер тағайындау, су-электролиттік теңгерімді түзету; гемодиализ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

250 мг және 500 мг таблеткалар

Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан (PVC/Al) жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 таблеткадан салынған.

Пішінді ұяшықты 2 немесе 4 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткен препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«АВВА РУС» ААҚ, Ресей

610044 Киров қ-сы, Луганский к-сі, үй 53А

Тел. (8332) 25-12-29,

(495) 956-75-54

www.avva-rus.ru

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«АВВА РУС» ААҚ, Ресей Федерациясы

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«АВВА РУС» ААҚ, Ресей

Мәскеу қ-сы, Крылатские Холмы к-сі, үй 30, корп.9

Тел./факс (495) 956-75-54

e-mail: info@avva-rus.ru

 

 

6

 

Прикрепленные файлы

987105111477976931_ru.doc 62 кб
755915321477978098_kz.doc 77.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники