Эвкалипт-М

МНН: Левоментол, Эвкалипта прутовидного листьев масло
Производитель: Натур Продукт Европа Б.В
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинированные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017414
Информация о регистрации в РК: 08.02.2016 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Эвкалипт-М

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: 6,00 мг левоментол, 5,50 мг эвкалипт майы;

қосымша заттар: сахарин, сорбитол, магний стеараты, хош иісті «ара балы» үстемесі, хинолинді сары Е 104, индигокармин Е 132.

Сипаттамасы

Ашық-жасыл түсті ақшыл және күңгірттеу теңбілдері бар, дөңгелек пішінді, жайпақ беткейлі, жиегі кертілген, екі жағында да ағаш аясында «NP» өрнегі бар, ментол және эвкалипт иісі бар таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Қақырық түсіретін препараттар. Қақырық түсіретін препараттар біріктірілімі.

АТХ коды R05СА10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Құрамы күрделі болғандықтан, барлық компоненттердің фармакокинетикасы зерттелген жоқ. Эвкалипт майының негізгі компоненті, 1,8 цинеол, сіңгеннен кейін ішінара өкпе арқылы өзгермеген күйінде шығарылады, гидроксилденген туындылар түзе отырып, бауырда ішінара метаболизденеді, олар глюкурон қышқылымен конъюгацияланады және бүйрек арқылы шығарылады.

Ментол: сіңгеннен кейін өкпе арқылы ішінара шығарылады, басқа бөлігі глюкуронды конъюгаттар түзе отырып, бауырда метаболизденеді, олар бүйрек арқылы өтпен бірге шығарылады.

Фармакодинамикасы

Эвкалипт майының құрамында эфирлі май-цинеол, иіткіш заттар, органикалық қышқылдар, ащылар, альдегидтер (изовалерианды, куминді және каприлді), флавоноидтар бар.

Эвкалип майы микробқа қарсы, қабынуға қарсы, ауыруды басатын, жараны жазатын, қақырық түсіретін әсерге ие.

Эвкалипт майы шырышты қабықтардың рецепторларына көтермелеуші әсері, сондай-ақ аздаған жергілікті белсенділігі бар.

Шырышты қабыққа жаққанда ментол суықты сезінумен, жеңіл шымылдатумен және шаншумен қатар жүретін жүйке ұштарының тітіркенуін туындатады, ауыруды жергілікті жеңіл басатын әсері, сондай-ақ антисептикалық қасиеттері бар.

Препараттың ауыруды басатын әсері оны қабылдағаннан кейін 15-30 минуттан соң басталады.

Қолданылуы

- жоғарғы тыныс алу жолдарының және жұтқыншақтың қабыну ауруларын (фарингит, ларингит, трахеит) кешенді емдеу құрамында.

Қолдану тәсілі және дозасы

Таблеткаларды ауызда, шайнамай, сорған жөн. Препаратты ас қабылдау арасында қабылдаған жөн.

Ересектерге: күніне 3-4 рет 1 таблеткадан.

Емдеу ұзақтығы 5 күннен аспауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

- сирек: диспепсиялық құбылыстар.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Осы уақытқа дейін препараттың басқа дәрілік заттармен әрекеттесуі жөнінде мәліметтер жоқ

Айрықша нұсқаулар

Ұзақ уақыт емдеу ауыз қуысындағы микрофлораның табиғи тепе-теңдігін бұзуы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған. Қажетті мәліметтердің болмауына байланысты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Емі: симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 пішінді қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Натур Продукт Еуропа Б.В., Нидерланды

Твейберг 17, 5246 XL, Розмален

Қаптаушы

Херкель Б.В., Нобельцег 6, 3899BN Зеевольде, Нидерланды

Тіркеу куәлігінің иесі

«Валеант» ЖШҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Валеант» ЖШҚ ҚР өкілдігі

Қазақстан, 050059, Алматы қ-сы, Әл-Фараби д-лы, 17 үй, «Нұрлы-Тау» бизнес-орталығы, 4Б блок, 1104 кеңсе

Телефон + 7 727 3 111 516 , факс +7 727 3 111 517

Электронды поштасы: Office.KZ@valeant.com

Прикрепленные файлы

391099081477976300_ru.doc 41 кб
299653541477977492_kz.doc 42.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники