Шиповник-Зерде

МНН: Шиповника плоды
Производитель: Зерде-Фито ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ascorbic acid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№017062
Информация о регистрации в РК: 10.12.2019 - 10.12.2024

Инструкция

Саудалық атауы

Итмұрын – Зерде

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

2 г фито-шай

Құрамы

Бір сүзгі - пакеттің ішінде

белсенді зат – ұнтақталған итмұрын жемістері 2 г

Сипаттамасы

Түсі сарғылт-қызылдан қоңыр-қызылға дейінгі, диаметрі 3 мм тесігі бар сито арқылы өтетін және диаметрі 0,3 мм тесігі бар сито арқылы өтпейтін ірі ұнтақ. Иісі жоқ. Дәмі қышқылтым-тәтті, аздап тұтқырлау.

Фармакотерапиялық тобы

Витаминдер. Аскорбин қышқылы

АТХ коды А11GA01

Фармакологиялық қасиеттері

Өсімдік текті препарат. Итмұрын жемістерінің құрамында органикалық қышқылдар, флавоноидтар, каротиноидтар, пектиндік және иіткіш заттар, В1, В2, Р, К, С, Е, РР витаминдері, эфир майы, органикалық қышқылдар, қанттар, макроэлементтер – K, Ca, Mg, Fe, микроэлементтер – Mn, P, Na, Cu, Zn, Co, Al бар.

Құрқұлаққа қарсы, өт айдайтын әсер көрсетеді, организмдегі тотығу-тотықсыздану процесін күшейтеді.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында

- С және Р гипо- және авитаминоздарының алдын алу және емдеу

- жалпы нығайтатын дәрі (жедел және созылмалы жұқпаларда, дистрофияда)

Қолдану тәсілі және дозалары

1-2 сүзгі-пакетке 150-200 мл қайнаған су құяды, 5-10 минут тұндырады, 50-100 мл-ден күніне 2-3 рет жылы күйінде тамақтанудан соң қабылдайды.

Балаларға 5-7 жаста 10-15 мл-ден, 8-14 жастағыларға 20 мл-ден күніне 2 рет тамақтан кейін жылы күйінде қабылдау керек. Емдеу курсын дәрігер жеке анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

– аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

– итмұрынға деген жекелеген жоғары сезімталдылықта

– өт-тас ауруында

– тромбоздарда, тромбофлебиттерде, эндокардиттерде, қан айналымының жеткіліксіздігінде

– 5 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілікте, лактацияда

Дәрігердің тағайындауы бойынша қолданылуы мүмкін.

Препараттың автокөлікті немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлікті немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

2 г препараттан өндіруші-кәсіпорынның тауарлық затбелгісі жапсырылған бір рет қолданылатын сүзгі-пакетте. Бір рет қолданылатын сүзгі-пакетті полимер және біріктірілген материалдан жасалған пакетке салуға жол беріледі.

20 сүзгі-пакеттен немесе полимер және біріктірілген материалдан жасалған пакеттердегі 20 сүзгі-пакеттен картон қорапшаға салынады, оған мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі қысқаша андатпа жазылған.

Қорапшаны полипропилен үлбірмен жабады, сосын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықтардың тиісті мөлшерімен бірге қорапшалық картоннан жасалған топтық транспорттық ыдысқа қояды.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде 250C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Зерде-Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфармзавод ы-а, 2/1

Тіркеу куәлігінің иесі

«Зерде-Фито» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Зерде-Фито» ЖШС, Қазақстан, 160019, Оңтүстік-Қазақстан облысы, Шымкент қ., Химфармзавод ы-а, 2/1

тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06,

50-35-13, e-mail: kontakt@zerdefito.kz

Прикрепленные файлы

323691271477976556_ru.doc 41.5 кб
508597591477977714_kz.doc 39.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники