Чистотел

МНН: Чистотела большого трава
Производитель: Зерде-Фито ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний кожи
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№020759
Информация о регистрации в РК: 22.02.2017 - 22.02.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Сүйелшөп

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

30 г шөп

Құрамы

Бір пәшкенің ішінде

белсенді зат – 30 г сүйелшөп шөбі

Сипаттамасы

Диаметрі 7 мм тесігі бар елеуіштен өтетін шөп бөліктері (жапырақтары, сабақтары, гүлдері және әртүрлі пішінді жемістері). Сары теңбілдері бар сұрғылт-жасыл түсті. Иісі өзіне тән.

Фармакотерапиялық тобы

Тері ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды D11AX

Фармакологиялық қасиеттері

Өсімдік текті дәрі. Биологиялық тұрғыдан белсенді заттар кешені, ең алдымен алкалоидтар, сүйелшөп шөбінің кең ауқымды фармакологиялық белсенділігін қамтамасыз етеді. Әсер етуінің негізгі түрлеріне қабынуға қарсы, спазмолитикалық, өт айдағыш және біршама жансыздандыратын әсерлерін жатқызған жөн. Сүйелшөптің жаңа алынған шырынының вирусқа тұрақты әсері бар. Сүйелшөп шөбінің спазмолитикалық белсенділігі негізгі алкалоид хелидониннің әсер етуімен жүзеге асады, бұдан басқа, хелидониннің морфинге ұқсас қасиеттері бар. Гомохелидонин, керісінше, ОЖЖ-ні қоздырады, құрысуларды туындатуы мүмкін, жергілікті жансыздандыратын белсенділігі бар. Алкалоид протопин вегетативтік жүйке жүйесінің реактивтілігін азайтады және, хелидониннен айырмашылығы, тегіс бұлшықет тонусын арттырады. Сангвинарин және хелеретрин (сангвиритрин) алкалоидтарының жиынтығы айқын антихолинэстераздық әсер береді. Сангвиритрин гармоң және грамтеріс бактерияларға, сондай-ақ ашытқы тәрізді саңырауқұлақтарға және трихомонадтарға бактерицидті түрде әсер етеді.

Қолданылуы

Сыртқа:

- әртүрлі тері ауруларын (жазылуы қиын жаралар, аллергия, қышыну, бөртпелер, псориаз, жасөспірім ер балалар терісінің іріңді зақымдары, қотыр, суланатын экземалар) емдеу үшін

- терідегі сүйелдерді, мүйізгектерді, қара дақтарды кетіру үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа қолдану үшін.

4 ас қасық шөпті шыны немесе эмальді ыдысқа салып, 200 мл (1 стақан) қайнаған ыстық су құяды, қақпақпен жауып, қайнап жатқан су моншасында 15 минут бойы ұстайды. Бөлме температурасында 45 минут салқындатып, екі қабат дәкемен сүзеді, қалған шикізатты сығып алады. Алынған тұндырманың көлемін қайнаған сумен 200 мл-ге дейін жеткізеді. Сыртқа ванна қабылдау үшін қолданады (ваннаға 1-2 стақан тұндырма).

Емдеу курсын емдеуші дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

Ықтимал

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- бронх демікпесі

- стенокардия, жүрек қызметінің декомпенсациясы

- препаратқа жоғары сезімталдық

- жүктілік

- лактация кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балалар

- эпилепсия, неврологиялық аурулар

Дәрілермен өзара әрекеттесуіі

Анықталған жоқ

Айрықша нұсқаулар

Балалар

Дәрігердің тағайындауымен және бақылауымен қолданылады.

Сүйелшөп улы өсімдіктерге жатады. Сүйелшөпті ұзақ және дұрыс емес қолдану улануға әкеп соғуы мүмкін. Айқын қабілеттілігіне байланысты құрысуларды туындатады, сүйелшөпті эпилепсиямен және басқа неврологиялық аурулармен ауыратын науқастарға қолданбаған жөн.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілікте және лактация кезеңінде қолданылмайды.

Препараттың автокөлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: шөлдеу, жүректің айнуы, құсу, тыныстың салдануы.

Емдеу: асқазанды шаю (ішке қабылдаған кезде), симптоматикалық ем

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полиэтиленді немесе полимерлі және біріктірілген материалдан жасалған немесе полипропиленді пакеттердегі 30 г-дық препарат картон пәшкеде, оған медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қысқаша аңдатпа жазылған.

Пәшкені полиэтиленді немесе полипропиленді үлбірмен жауып, содан кейін қораптық картоннан жасалған тасымалдаушы топтама ыдысқа медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың тиісті санымен бірге салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ-сы, Химфарм зауыты ы/а, 2/1

Тіркеу куәлігінің иесі

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтың ұйымның мекенжайы:

«Зерде - Фито» ЖШС, Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облысы,

Шымкент қ-сы, Химфарм зауыты ы/а, 2/1

тел./факс +7 (7252) 50-34-50, 50-37-06, 50-35-13,

е-mail: kontakt@ zerdеfito.kz

 

Прикрепленные файлы

227631591477976697_ru.doc 46 кб
129062731477977836_kz.doc 51.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники