Черника с лютеином

МНН: Антоцианидинов+лютеин+зеаксантин
Производитель: Минскинтеркапс УП
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний глаз
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019202
Информация о регистрации в РК: 23.06.2017 - 23.06.2022
Номер регистрации в РБ: 18/10/1535
Информация о регистрации в РБ: 31.10.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Лютеин қосылған қаражидек

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар: антоцианидиндерге шаққанда құрамында

25% антоцианидиндер бар стандартталған құрғақ қаражидек

сығындысы 44,25 мг

лютеинге шаққанда 20 % FS лютеин 6 мг

зеаксантинге шаққанда 20 % FS зеаксантин 1,2 мг,

қосымша заттар: тазартылған лецитин, ара балауызы, күнбағыс майы,

желатинді капсула қабығының құрамы: глицерин, титанның қостотығы Е-171, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, тазартылған су, кармуазин Е-122, темірдің қара тотығы Е-172, бриллиантты көк Е-133, желатин.

Сипаттамасы

Тігісі бар сопақша пішінді, серпімді, қою-күлгін түсті, жұмсақ желатин капсулалар.

Капсуланың ішіндегісі – қара-қоңыр түсті қышқыл дәмі бар майлы суспензия.

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

ATЖ коды S01XA

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Антоцианидиндерді фармакокинетикалық зерттеу бұл заттың асқазан-ішек жолынан тез және тиімді түрде сіңетіндігін, кейін бауырға интактілі және метаболизденген түрде түсетіндігін және әртүрлі тіндерге таралатындығын көрсетті. Несеппен және өтпен бірге бөлініп шығады.

Лютеиннің биожетімділігі 5 % жуық. Лютеин мен зеаксантин концентрациясы ең жоғары деңгейіне 2 сағаттан соң жетеді. Жартылай шығарылу кезеңі 2-3 сағатқа жуық.

Фармакодинамикасы

Лютеин қосылған қаражидек дәрілік затының фармакологиялық белсенділігі компоненттері: қаражидек, лютеин мен зеаксантиннің құрғақ сығындысының кешенді әсеріне негізделген.

Қаражидек құрғақ сығындысының негізгі компоненттері болып биофлавоноидтарға жататын, қабынуға қарсы және антиоксидантты әсерге ие, торқабықтың жарық сезгіш элементтеріндегі алмасуды, қанның микроайналымы мен реологиялық қасиеттерін жақсартатын антоцианидиндер, сондай-ақ каротиноидтерге жататын антиоксиданттар саналатын лютеин мен зеаксантин болып табылады.

Қаражидектің құрғақ сығындысы құрамында 11 антоцианин бар, олар мынадай негізгі 5 агликон–антоцианидиннен тұрады: дельфинидин, петунидин, пеонидин, мальвидин, цианидин. Антоцианидиндер антиоксидантты, антиканцерогенді, қабынуға қарсы, десенсибилизациялаушы қасиеттерге ие, ішектегі шіру үдерістерін басады, репаративті үрдістерді көтермелейді, жараны жазатын, ісінуге қарсы, тамыр нығайтатын әсерге ие, тромбтың пайда болуына кедергі келтіреді, диабеттік ретинопатияның дамуын тежейді және диабет кезінде көз тор қабығына игі әсері бар, катаракта түзілуінің патологиялық механизмдерін басып, алыстан көрмеушілікті азайтады.

Антоцианидиндер торқабықтың жарыққа сезімтал пигменті – родопсиннің регенерациясына мүмкіндік береді; көздің торқабығының трофикасын жақсартады, оның микроайналымын көтермелейді; торқабықты қорғаудың тіндік механизмін қалпына келтіреді; дәнекер тіндердің коллагенді матриксін нығайтады; дәнекер тіннің компоненті – гликозаминогликанның синтезін көтермелейді, соның әсерінен торқабықтың қылтамырлары нығаяды, жасуша жарғақшалары фосфолипидтерін тұрақтандырады; бос радикалдар туындатқан липидтердің асқын тотықты тотықтануын тежейді. Осылайша, торқабықтың жарық сәулесінің әртүрлі деңгейлеріне сезімталдығы жақсарады және жарығы нашар болатын жерде көру өткірлігі күшейеді.

Антоцианидиндер – өте күшті өсімдік тектес полифенолды антиоксиданттар, 100-ге жуық аурудың дамуындағы жағымсыз патогенетикалық байланыстарды, оның ішінде көз торқабығы мен көзбұршағы тіндерінің еркін-радикалды тотықтану үдерістерін үзе отырып, бос радикалдарды тиімі бейтараптандырады. Айқын антиоксидантты әсердің салдарынан глаукома патогенезі бөліктерінің бірі болып табылатын липидтердің асқын тотықты тотықтануын бөгейді. Қан арнасына гистаминдер, протеаз, простагландиндер мен лейкотриендер шығарындылары мен синтезін азайтады, бұл организмдегі қабыну реакциялары туындауының алдын алады.

Лютеин мен зеаксантиннің антиоксидантты, экрандаушы, сіңіруші әсері бар.

Лютеин – адам көзінің негізгі каротиноиды, көз тінінде ішінара жинақталады және біраз метаболиттер мен зеаксантинмен бірге адам көзінің көзбұршағы мен торқабығында анықталған жалғыз каротиноид болып табылады.

Лютеин мен зеаксантин негізгі жарық қабылдаушы жасушалар – фоторецепторлардың функционалдық мүмкіндіктерін жоғарылатады, олар көздің барлық қызметін – көру өткірлігін, түсті ажыратуды, көру өрісі мен түске бейімделуді қамтамасыз етеді және демейді; қоршаған ортаның жағымсыз факторлары әсерінен түзілетін негізгі зат – липофусциннің жиналуына кедергі келтіреді. Жылдар бойы жинала келіп, липофусцин көрудің төмендеуін туғызады және көз ауруларының дамуына әкеледі.

Лютеин мен зеаксантин жарықпен индукцияланған оттекті радикалдардан фоторецепторлық жасушаларды қорғайды. Фотототықтану липидтердің асқын тотықты тотықтануының басталуына алып келеді, торқабық үшін оның өнімдерінің уыттылығы жоғары болып табылады. Торқабық пен пигмент эпителийінің фотохимиялық зақымдануын туғызатын күндізгі жарық спектрінің көгілдір бөлігінің анағұрлым күйреткіш және агрессивті әсері бар. Торқабықтың да, көзбұршақтың да құрамына кіретін лютеин мен зеаксантин көк түсті экрандайды, ол торқабықтың жарық ағыны барынша жоғары тұрақтанған орталық аймағынан келеді. Мұнымен қоса, олар көгілдір сәулені жұту мен бос оттекті радикалдар түзілуін бәсеңдетуге, торқабықтағы полиқанықпаған майлы қышқылдардың жарықпен бұзылуын болдырмауға қабілетті. Лютеин және зеаксантин торқабық пен көзбұршақты бос радикалдардың әсерінен қорғайтын бірінші реттегі антиоксиданттар болып табылады.

Препаратта лютеин- және құрамында антоцианидин бар компоненттердің бірге қосылуы торқабықтың жасқа байланысты макулярлық дегенерациясы (ЖМД) туындау қаупі азаюына ықпал етеді және бұл аурудың күшеюіне кедергі жасайды. Қазіргі кезде ЖМД емдеудегі лютеин мен антоцианозид препараттарының тиімділігі дәлелденген. Бұл препараттарды ЖМД алғаш байқалғанда немесе жасқа байланысты макулопатияда тағайындау көру қызметінің оңды динамикасына, көз гемодинамикасының жақсаруына, макулярлық аймақта дистрофиялық үдерістің ұзақ тұрақтануына ықпал етеді.

Қолданылуы

Алдын алу және кешенді емдеу

- диабеттік және гипертониялық ретинопатияда

- торқабықтың дистрофиялық ауруларында

- жас ерекшелігіне қарай торқабықтың макулярлық дегенерациясында

- түнгі уақытта, сондай-ақ ымыртта көрудің қараңғыға бейімделу механизмі бұзылғанда;

- көзге жоғары жүктеме кезінде көрудің нашарлауы (компьютерде жұмыс істеу кезінде, телевизор көргенде, жарықтың айқын әсер етуімен байланысты жұмыста (дәнекерлеу, софиттер), виндсерфингпен, тау шаңғысымен, альпинизммен айналысу кезеңінде (үлкен сулы және қарлы беткейлердің жоғары шағылысу қабілетіне байланысты)

- көздің шаршап-талуы

- 50-ден асқан адамдарда көрудің жасқа қарай өзгеруі

- операциялық араласымнан кейінгі жағдайда (фоторефракциялық кератэк-томия, торқабықтың ажырауында және т.б.)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке. Ересектерге бір ай бойы тамақтанудан кейін тәулігіне 2-3 рет 1 капсуладан, содан соң келесі екі ай ішінде күніне 1 рет 1 капсуладан. Ұсынылатын қабылдау курсы жылына 2-3 рет.

Жағымсыз әсерлері

  • есекжем және тері қышымасы түріндегі аллергиялық реакциялар.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- балаларға және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сипатталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігіне нақты және жақсы бақыланған клиникалық зерттеулер жүргізілмеген.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді

Артық дозаланғанда

Симптомдары: дәрілік заттың артық дозалану жағдайлары туралы хабарланбаған.

Емі: кездейсоқ артық дозалану кезінде белсенділендірілген көмір қабылдау, асқазанды шаю ұсынылады; қажет болған жағдайда симптоматикалық ем жүргізіледі.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Капсулалар. 10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

2 пішінді ұяшықты қаптама медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Ылғал мен жарықтан қорғалған жерде, 150С-ден 250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Минскинтеркапс» УК, Беларусь Республикасы,

220075, Минск қ., а/ж 112, Инженерная к-сі, 26 үй

Тел./факс (+ 37517) 344-18-66

Тіркеу куәлігінің иесі

«Минскинтеркапс» УК, Беларусь Республикасы,

Тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Private Clinic Farmaceuticals & Technologies» ЖШС

ҚР, Алматы қ., Самал-2, 58А үй, 11 қабат

Тел. (+727)2668415

E-mail: info@privateCPT.kz

 

 

6

 

Прикрепленные файлы

202652741477977085_ru.doc 68 кб
654870491477978259_kz.doc 88 кб
18_10_1535_p.pdf 0.09 кб
18_10_1535_s.pdf 0.15 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ