Цифран (500 мг)

МНН: Ципрофлоксацин
Производитель: Сан Фармасьютикал Индастриес Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ciprofloxacin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021197
Информация о регистрации в РК: 19.02.2015 - 19.02.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 43.97 KZT
Предельная цена реализации в РК: 1 006.69 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Цифран

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ципрофлоксацин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 500 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

Белсенді зат – 582.37 мг ципрофлоксацин гидрохлориді (500,00 мг ципрофлоксацинге баламалы)

Қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Avicel PH101), жүгері крахмалы, жүгері крахмалы (жабысуы үшін), магний стеараты, тальк, коллоидты сусыз кремнийдің қостотығы, натрий крахмалы гликоляты (А типі), тазартылған су

Қабығы: тазартылған су, опадрай OY-S-58910 ақ (гипромеллоза Е464, титанның қостотығы Е171, полиэтиленгликоль 400, тальк Е553

Сипаттамасы

Капсула пішінді, ақтан ақ дерлік түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған, бір жақ бетінде «500» өрнегі бар және басқа жақ беті тегіс таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Бактерияларға қарсы жүйелік қолдануға арналған препараттар. Микробтарға қарсы препараттар – хинолон туындылары. Фторхинолондар. Ципрофлоксацин.

АТХ коды J01MA02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Ішке қабылдағаннан кейін ципрофлоксацин жіңішке ішектің жоғарғы бөлімдерінен тез сіңіп, ең жоғары сарысулық концентрациясына (Cmax) 60-90 минут өткеннен кейін-ақ жетеді. Тамақ ішу препараттың сіңу дәрежесіне ықпалын тигізбейді. Бір реттік 250 мг және 500 мг дозаны қабылдағаннан кейін, Cmax сәйкесінше 0.8-2.0 мг/л және 1.5-2.9 мг/л құрайды. Абсолютті биожетімділігі 70-80% құрайды. Cmax мәнінің қабылданған дозаға тәуелділігі бар.

Таралуы

Ципрофлоксациннің таралу көлемі 2-3 л/кг құрайды, ол ағзаларға және тіндерге біркелкі таралуын қамтамасыз етеді. Плазма ақуыздарымен байланысу дәрежесі небары 20-30% құрайтын болғандықтан және препараттың үлкен бөлігі қан плазмасында иондалмаған түрде берілгендіктен, қабылданған барлық дерлік доза байланыспаған күйінде қантамырдан тыс кеңістікке таралады.

Метаболизмі/шығарылуы

Бауырда метаболизмге ұшырайды. Жартылай шығарылу кезеңі 3-5 сағатты құрайды. Негізінен несеппен бірге өзгермеген күйінде, ішінара метаболиттер түрінде шығарылады. Ципрофлоксациннің 10%-ға жуығы ішек арқылы, 1%-ға жуығы өтпен бірге шығарылады.

Пациенттердің ерекше топтарындағы фармакокинетикасы. Егде жастағы пациенттерде ципрофлоксациннің фармакокинетикалық зерттеу нәтижелері жартылай шығарылу кезеңінің тек аздап ұзарғанын айғақтайды. Фармакокинетикадағы бұл айырмашылықтар клиникалық маңызды емес.

Бүйрек жеткіліксіздігі. Бүйрек функциясы төмендеген пациенттерде ципрофлоксациннің жартылай шығарылу кезеңі аздап ұзағырақ. Кейбір жағдайларда дозаны түзету қажет болуы мүмкін.

Бауыр жеткіліксіздігі. Тұрақты бауыр циррозы бар пациенттер қатыстырылған алдын ала жүргізілген зерттеулер барысында ципрофлоксациннің фармакокинетикалық параметрлерінде маңызды өзгерулер анықталған жоқ. Алайда жедел бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде ципрофлоксациннің фармакокинетикасы толық зерттелген жоқ.

Дәріаралық өзара әрекеттесулер. Ципрофлоксацин таблеткасын аспен бірге қабылдаған жағдайда препараттың сіңуі баяулайды, соның нәтижесінде ципрофлоксацин ең жоғары концентрациясына 1 сағаттан кейін емес, 2 сағаттан соң дерлік жетеді. Мұндайда ципрофлоксациннің сіңуі жалпы алғанда бұзылмайды. Құрамында магний немесе алюминий гидроксиді бар антацидтермен біріктіріп қолданғанда ципрофлоксациннің биожетімділігі 90%-ға төмендеуі мүмкін.

Ципрофлоксацинді тизанидин қабылдап жүрген пациенттерге қолдануға болмайды.

Ципрофлоксацин теофиллиннің клиренсін төмендетеді, ол теофиллиннің сарысулық концентрациясының артуына және ОЖЖ тарапынан бұзылу және басқа да жағымсыз реакциялар қаупінің жоғарылауына әкеп соғуы мүмкін. Ципрофлоксацин сондай-ақ кофеиннің клиренсін төмендетеді және оның параксантин метаболитінің түзілуін тежейді.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі. Ципрофлоксациннің бактерицидтік әсері бактериялық ДНҚ репликациясы, транскрипциясы, репарациясы және рекомбинациясы үшін қажетті топоизомераза II (ДНҚ-гираза) және топоизомераза IV ферменттерінің тежелуімен болады.

Резистенттілік даму механизмі. Фторхинолондарға резистенттілік көбіне ДНК-гираза гендеріндегі мутациялармен, бактериялардың сыртқы жасушалық мембранасы өткізгіштігімен немесе жасушалардан фторхинолондардың шығарылуына әкелетін ақуыздардың лықсу белсенділігімен байланысты. Іn vitro жағдайларда ципрофлоксацинге резистенттілік көп сатылы мутациялар арқылы баяу дамиды. Кенеттен болатын мутациялар нәтижесінде ципрофлоксацинге резистенттіліктің даму жиілігі әдетте < 10-9 -нан 1 x 10-6 дейінгі шекте ауытқып отырады.

Айқаспалы резистенттілік. Ципрофлоксацинмен және микробтарға қарсы препараттар арасында айқаспалы резистенттілік білінген жоқ.

Ципрофлоксацин келесі бактериялардың көптеген штаммдарына қатысты in vitro жағдайда да, сондай-ақ инфекцияларды емдеудің клиникалық іс-тәжірибесінде де белсенділік танытады.

Грамоң бактериялар: Enterococcus faecalis (ванкомицинге сезімтал штаммдар ғана), Staphylococcus aureus және Staphylococcus epidermidis (метициллинге сезімтал штаммдар ғана), Staphylococcus saprophyticus, Streptococcus pneumoniae (пенициллинге сезімтал штаммдар ғана), Streptococcus pyogenes

Грамтеріс бактериялар: Campylobacter jejuni, Citrobacter koseri (diversus), Citrobacter freundii, Enterobacter cloacae, Escherichia coli, Haemophilus influenzae, Haemophilus parainfluenzae, Klebsiella pneumoniae, Moraxella catarrhalis, Morganella morganii, Neisseria gonorrhoeae, Proteus mirabilis, Proteus vulgaris, Providencia rettgeri, Providencia stuartii, Pseudomonas aeruginosa, Salmonella typhi, Serratia marcescens, Shigella boydii, Shigella dysenteriae, Shigella flexneri, Shigella sonnei.

Ципрофлоксациннің Bacillus anthracis қатысты белсенділігі in vitro жағдайында және суррогатты маркер ретінде препараттың сарысулық деңгейін пайдалану негізінде көрсетілді.

Қолданылуы

Ципрофлоксацинге сезімтал микроорганизмдерден туындаған асқынбаған және асқынған инфекцияларда:

- тыныс жолдарының инфекцияларында. Ципрофлоксацин Klebsiella spp., Enterobacter spp., Proteus spp., Esherichia coli, Pseudomonas spp., Haemophilus spp., Branhamella spp., Legionella spp., Staphylococcus spp. әсерінен туындаған пневмонияларда тағайындау ұсынылады

- ортаңғы құлақтың (ортаңғы отит), қосалқы қуыстарының инфекцияларында (синусит), әсіресе егер осы инфекциялар, Pseudomonas spp. немесе Staphylococcus spp. қоса, грамтеріс микроорганизмдерден туындаған болса

- көз инфекцияларында

- бүйрек және несеп шығару жолдарының инфекцияларында

- жыныс мүшелерінің инфекцияларында, аднекситті, простатитті қоса

- созда

- құрсақ қуысының инфекцияларында (АІЖ немесе өт шығару жолдарының бактериялық инфекцияларында, перитонитте)

- терінің, жұмсақ тіндердің инфекцияларында

- септицемияда, бактериемияда, инфекцияларда немесе иммунитеті әлсіреген пациенттерде инфекциялардың алдын алуда (мысалы, иммунодепрессанттарды қабылдап жүрген немесе нейропениясы бар пациенттерде)

- түйнеменің өкпелік түрінің профилактикасында және емдеуде (Bacillus anthracis жұқтырғанда)

Балалар және жасөспірімдер:

- муковисцидозы бар 6 жастан асқан балаларда Pseudomonas aeruginosa әсерінен туындаған асқынуларды емдеуде

- түйнеменің өкпелік түрінің алдын алуда және емдеуде (Bacillus anthracis жұқтырған)

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты ашқарынға, сұйықтықтың мол мөлшерімен қабылдаған жөн.

Ересектерге

Ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі инфекцияларда: тәулігіне екі рет 250-500 мг.

Ауыр және асқынған инфекцияларда: тәулігіне екі рет 750 мг.

Цифранмен емдеу ұзақтығы инфекцияның түріне және ауырлығына байланысты, мұндайда пациенттегі клиникалық және бактериологиялық жауапты ескерген жөн. инфекциялардың көпшілігі үшін емдеуді симптомдар қайтқаннан кейін ең кемінде 48 сағат бойы жалғастырған жөн. Әдеттегі емдеу ұзақтығы 5-10 күнді құрайды, бірақ ауыр немесе асқынған инфекцияларда ұзағырақ емдеу курсы қажет болуы мүмкін.

Ең жоғары бір реттік доза – 750 мг.

Ең жоғары тәуліктік доза – 1500 мг

Бүйрек немесе бауыр функиясының бұзылуларында дозалау режимі

Креатинин клиренсі минутына 30-дан 60 мл/1,73 м2 дейін немесе оның қан плазмасындағы концентрациялары 1,4-тен 1,9 мг/100 мл-ге дейін болғанда ципрофлоксациннің ең жоғары концентрациясы тәулігіне 800 мг (әрбір 12 сағат сайын 200-400 мг) құрауы тиіс. Креатинин клиренсі минутына 30 мл-ден төмен/1,73 м2 болғанда немесе оның қан плазмасындағы концентрациясы 2 мг/100 мл-ден бастап және одан жоғары болғанда ципрофлоксациннің ең жоғары дозасы тәулігіне 400 мг (әрбір 24 сағат сайын 200-400 мг) құрауы тиіс. Гемодиализде жүрген пациенттерде дозалау режимі әрбір 24 сағат сайын 200-400 мг; гемодиализ жүргізу күндерінде препаратты осы емшарадан кейін қабылдайды. Перитонеальді диализде жүрген пациенттерге: әрбір 24 сағат сайын 200-400 мг.

Жағымсыз әсерлері

Жиі ≥1%, < 10%

- жүректің айнуы, диарея

- бөртпе

Жиі емес ≥ 0.1%, < 1%

- астения (әлсіздік сезімі, қатты қажу), кандидоз

- іш тұсының ауыруы, құсу, анорексия, бауыр тестілерінің - АЛТ және АСТ, СФ көрсеткіштерінің өзгеруі, гипербилирубинемия

- эозинофилия, лейкопения

- креатинин және мочевина азоты деңгейінің жоғарылауы

- артралгиялар

- бас ауыру, бас айналу, ұйқының бұзылуы, ажитация, мазасыздық, сананың шатасуы

- қышыну, есекжем, макулопапулезді бөртпе

- дәмнің бұзылуы

Сирек

- аяқ-қолдың ауыруы, арқаның ауыруы, кеуде тұсының ауыруы

- тахикардия, вазодилатация симптомдары (ыстықты сезіну, бетке қан құйылу сезімі), АҚ төмендеуі, естен тану жағдайлары

- ауыз қуысының кандидозы, сарғаю (соның ішінде холестатикалық), жалған жарғақшалы колит

- анемия, лейкопения (гранулоцитопения), лейкоцитоз, протромбин деңгейінің жоғарылауы немесе төмендеуі, тромбоцитопения, тромбоцитоз

- анафилактикалық реакциялар, қызба

- миалгиялар (бұлшықеттердің ауыруы), буындардың ісінуі

- бас сақинасы, елестеулер, тершеңдік, парестезиялар (соның ішінде шеткергі паралгезия), үрейлену, қорқынышты түстер көру, депрессия, тремор, құрысулар, гиперестезия

- диспноэ, көмейдің ісінуі

- фотосезімталдық реакциялары

- құлақтың шыңылдауы, естудің уақытша бұзылулары, көру бұзылыстары (диплопия, түрлі түсті ажыратудың бұзылуы), дәмнің бұзылуы

- гломерулонефрит, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, вагинальді кандидоз, дизурия, полиурия, несеп іркілісі, альбуминурия, уретральді қан кетулер, гематурия, кристаллурия, интерстициальді нефрит, бүйректің азотты бөліп шығару функциясының төмендеуі

- шеткергі ісінулер, гипергликемия

Өте сирек < 0.01%

- васкулит (нүктелі қанталаулар, геморрагиялық буллалар, қабық түзетін папулалар)

- кандидоз, гепатит, бауыр тіндерінің некрозы (өте сирек жағдайларда бауыр функциясының өмірге қауіп төндіруге дейін ұласатын жеткіліксіздігі), өліммен аяқталуы мүмкін, өмірге қауіп төндіретін жалған жарғақшалы колит, панкреатит

- гемолитикалық анемия, панцитопения (соның ішінде өмірге қауіп төндіретін), агранулоцитоз, өте сирек жағдайларда өмірге қауіп төндіретін сүйек кемігінің тежелуі

- анафилаксиялық шок, тері бөртпесі, сарысу құю ауруына ұқсас реакциялар, Стивенс-Джонсон синдромы (қатерлі экссудативті эритема), Лайелл синдромы (уытты эпидермальді некроз)

- миастения, тендинит (көбіне ахилл сіңірлері), сіңірлердің ішінара немесе толық үзілуі (көбіне ахилл сіңірлері), миастения симптомдарының өршуі

- ұйқысыздық, шеткергі нейропатия, паралгезия (ауыру сезімін сезіну аномалиясы), естен тану жағдайлары, үлкен құрысу ұстамалары, әдебиет деректері бойынша церебральді артериялар тромбозы, психоздар, бассүйекішілік гипертензия, атаксия, гиперестезия, бұлшықет тонусының жоғарылауы, бұлшықеттің тартылуы, жүріс-тұрыс мәнерінің тұрақсыздығы болуы мүмкін

- нүктелі қанталаулар, көп пішінді эритема, түйінді эритема, теріде тұрақты бөртпелер

- паросмия, аносмия

- амилаза, липаза белсенділігінің жоғарылауы

Келесі жағымсыз құбылыстардың - церебральді артериялардың тромбозы, полиурия, альбуминурия, несеп іркілісінің ципрофлоксацинді ішке қолданумен байланысы нақты айғақталған жоқ.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • ципрофлоксацинге және бактерияларға қарсы хинолондар тобының препараттарына жоғары сезімталдық

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • эпилепсия

- тизанидинмен бір мезгілде қолдану

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер (муковисцидоз аясында бронхөкпе ауруларынан басқасында, сондай-ақ түйнеменің өкпелік түрінің алдын алу және емдеуде)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

QТ аралығын ұзартатын дәрілік препараттар

QT аралығын ұзартатын дәрілік препараттарды (мысалы, аритмияларға қарсы І А класс немесе ІІІ класс препараттарын, үшциклді антидепрессанттарды, макролидтерді, нейролептиктерді) қабылдап жүрген пациенттерде, фторхинолондар сияқты, ципрофлоксацинді бір мезгілде қолданғанда сақтық танытқан жөн («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз).

Хелат қосылыстарының түзілуі

Ципрофлоксациннің таблеткалық түрлерін және құрамында катион бар препараттарды, құрамында кальций, магний, алюминий, темір бар минералды қоспаларды, сукральфатты, антацидтерді, полимерлі фосфатты қосылыстарды (севеламер, лантан катонаты сияқты) және буферлік сыйымдылығы үлкен, құрамында магний, алюминий немесе кальций бар препараттарды (диданозин таблеткалары сияқты) бір мезгілде қабылдау ципрофлоксациннің сіңуін төмендетеді. Мұндай жағдайларда ципрофлоксацинді осы препараттарды қабылдаудан 1-2 сағат бұрын, немесе қабылдағаннан кейін 4 сағаттан соң қабылдаған жөн.

Бұл шектеу H2-гистаминдік рецепторлар блокаторларының класына жататын дәрілік препараттарға жатпайды.

Тамақ және сүт өнімдерін қабылдау

Ципрофлоксацинді және сүт өнімдерін немесе минералдармен байытылған сусындарды (мысалы, сүт, йогурт, кальциймен байытылған апельсин шырыны) бір мезгілде қолдануға жол бермеген жөн, өйткені мұндайда ципрофлоксациннің сіңуі азаюы мүмкін. Алайда басқа тағамдық өнімдердің құрамына кіретін кальций ципрофлоксациннің сіңуіне елеулі ықпалын тигізбейді.

Омепразол

Ципрофлоксацинді және құрамында омепразол бар препараттарды үйлестіріп қолданғанда плазмада препараттың ең жоғары концентрациясының аздап төмендегені және «концентрация-уақыт» фармакокинетикалық қисығы астындағы ауданның азайғаны білінуі мүмкін.

Теофиллин

Ципрофлоксацинді және құрамында теофиллин бар препараттарды бір мезгілде қолдану қан плазмасында теофиллин концентрацияларын жағымсыз жоғарылатуы және, сәйкесінше, теофиллин-индукцияланған қолайсыз құбылыстарды туындатуы мүмкін. Егер осы препараттарды бір мезгілде қолданбау мүмкін болмаса, онда қан плазмасындағы теофиллин концентрацияларын ұдайы бақылау және, егер қажет болса, теофиллин дозасын төмендету ұсынылады («Айрықша нұсқаулар» бөлімін, Р450 цитохромын қараңыз).

Ксантиннің басқа да туындылары

Ципрофлоксацинді және кофеинді немесе пентоксифиллинді (окспентифиллин) бір мезгілде қолдану қан сарысуында ксантин туындылары концентрацияларының артуына әкелуі мүмкін.

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар

Хинолондардың (ДНҚ-гираза тежегіштері) өте жоғары дозаларын және қабынуға қарсы стероидты емес кейбір препараттарды (ацетилсалицил қышқылын қоса) үйлестіру құрысуларға түрткі болуы мүмкін.

Циклоспорин

Ципрофлоксацинді және құрамында циклоспорин бар препараттарды бір мезгілде қолданғанда қан плазмасында креатинин концентрацияларының қысқа мерзімдік өткінші жоғарылауы байқалды. Мұндай жағдайларда қандағы креатинин концентрациясын аптасына екі рет анықтау қажет.

Пероральді гипогликемиялық дәрілер

Ципрофлоксацинді және пероральді гипогликемиялық дәрілерді, негізінен, сульфанилмочевина препараттарын (мысалы, глибенкламидті, глимепиридті) бір мезгілде қолданғанда гипогликемияның дамуына пероральді гипогликемиялық дәрілердің әсер етуінің күшеюі себеп болады деп шамаланады («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз).

Пробенецид

Пробенецид ципрофлоксациннің бүйрек арқылы шығарылу жылдамдығын баяулатады. Ципрофлоксацинді және құрамында пробенецид бар препараттарды бір мезгілде қолдану қан плазмасында ципрофлоксацин концентрациясының жоғарылауына әкеледі.

Фенитоин

Ципрофлоксацинді және фенитоинды бір мезгілде қолданғанда қан плазмасында фенитоин мөлшерінің өзгеруі (жоғарылауы немесе төмендеуі) байқалды. Концентрациясының төмендеуі салдарынан фенитоинның құрысуға қарсы әсерінің бәсеңдеуіне жол бермеу үшін, сондай-ақ ципрофлоксацин қабылдауды тоқтатқан кезде фенитоинның артық дозалануына байланысты жағымсыз құбылыстарға жол бермеу үшін, екі препаратты да қолдану кезеңі ішінде және біріктірілген емді аяқтағаннан кейін аз уақытта қан плазмасындағы фенитоин мөлшерін анықтауды қоса, екі препаратты да қабылдап жүрген пациенттерде фенитоинмен емдеуді бақылау ұсынылады.

Метотрексат

Метотрексатты және ципрофлоксацинді бір мезгілде қолданғанда метотрексаттың бүйректік-өзекшелік тасымалдануы баяулауы мүмкін, бұл қан плазмасындағы метотрексат концентрациясының жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін. Мұндайда метотрексаттың жағымсыз әсерлерінің даму ықтималдылығы артуы мүмкін. Осыған байланысты метотрексатпен және ципрофлоксацинмен бір мезгілде ем қабылдап жүрген пациенттерге мұқият бақылау белгіленуі тиіс.

Тизанидин

Дені сау еріктілердің қатысуымен жүргізілген клиникалық зерттеулер нәтижесінде ципрофлоксацинді және құрамында тизанидин бар препараттарды бір мезгілде қолданғанда қан сарысуында тизанидин концентрациясының артатыны анықталды: ең жоғары концентрация (Сmах) 7 есе (4-тен 21 есеге дейін) артты, AUC («концентрация-уақыт» фармакокинетикалық қисық астындағы аудан) көрсеткіштері 10 есе (6-дан 24 есеге дейін) артты. Қан сарысуында тизанидин концентрациясының артуы артериялық қысымның төмендеуін және ұйқышылдықты туындатуы мүмкін. Сондықтан ципрофлоксацинді және құрамында тизанидин бар препараттарды бір мезгілде қолдануға болмайды.

Дулоксетин

Клиникалық зерттеулер жүргізу барысында дулоксетинді және CYP450 1А2 изоферментінің күшті тежегіштерін (флувоксамин сияқты) бір мезгілде қолдану дулоксетиннің AUC және Сmах артуына әкеп соғуы мүмкін екендігі көрінді. Ципрофлоксацинмен ықтимал өзара әрекеттесуі жөнінде клиникалық зерттеулердің жоқтығына қарамастан, ципрофлоксацин мен дулоксетинді бір мезгілде қолданғанда осындай өзара әрекеттесу мүмкін екендігін алдын ала білуге болады.

Ропинирол

Ропиниролды және ципрофлоксацинді, CYP450 1А2 изоферментінің орташа тежегішін бір мезгілде қолдану ропиниролдың Сmах және AUC мәндерінің, сәйкесінше, 60 және 84%-ға артуына әкеледі. Ципрофлоксацинмен бірге қолданғанда және біріктірілген емді аяқтағаннан кейін қысқа уақыт ішінде ропиниролдың жағымсыз әсерлерін бақылаған жөн.

Лидокаин

Дені сау еріктілерге жүргізілген зерттеулерде құрамында лидокаин бар препараттарды және CYP450 1А2 изоферментінің орташа тежегіші ципрофлоксацинді бір мезгілде қолдану, лидокаинді вена ішіне енгізгенде, оның клиренсінің 22%-ға төмендеуіне әкелетіні анықталды. Ципрофлоксацинмен бір мезгілде қолданғанда лидокаиннің жағымдылығы жақсы болғанына қарамастан, өзара әрекеттесу салдарынан жағымсыз әсерлер күшеюі мүмкін («Айрықша нұсқаулар» бөлімін, Р450 цитохромын қараңыз).

Клозапин

Клозапинді және ципрофлоксацинді 250 мг дозада 7 күн бойы бір мезгілде қолданғанда клозапиннің және N-десметилклозапиннің сарысулық концентрацияларының, сәйкесінше, 29%-ға және 31%-ға артқаны байқалды. Клозапинді ципрофлоксацинмен бірге қолдану кезінде және біріктірілген емді аяқтағаннан кейін қысқа уақыт ішінде пациенттің жағдайын бақылаған және қажет болған кезде клозапинді дозалау режимін түзету жүргізген жөн («Айрықша нұсқаулар» бөлімін, Р450 цитохромын қараңыз).

Силденафил

Дені сау еріктілерде ципрофлоксацинді 500 мг дозада және силденафилды 50 мг дозада бір мезгілде қолданғанда силденафилдың Сmах және AUC мәндерінің 2 есе артқаны байқалды. Осыған байланысты, пайда/қаупінің арақатынасына баға берілгеннен кейін ғана бұл біріктірілім қолданылуы мүмкін.

К дәруменінің антагонистері

Ципрофлоксацинді және К дәруменінің антагонистерін (мысалы, варфаринді, аценокумаролды, фенпрокумонды, флуиндонды) бірге қолдану олардың антикоагулянттық әсерлерінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Осы әсердің шамасы қатар жүретін инфекцияларға, пациенттің жасына және хал-жағдайына байланысты өзгеруі мүмкін, сондықтан ципрофлоксациннің ХҚҚ (халықаралық қалыптастырылған қатынас) артуына ықпалына баға беру күрделі. Ципрофлоксацинді және К дәруменінің антагонистерін бірге қолдану кезінде, сондай-ақ біріктірілген емді аяқтағаннан кейін қысқа уақыт ішінде ХҚҚ-ны барынша жиі бақылаған жөн.

Айрықша нұсқаулар

Ауыр инфекцияларды, стафилококктік инфекцияларды және грамоң және анаэробты бактериялардың себебінен болған инфекцияларды емдеген кезде ципрофлоксацинді бактерияларға қарсы тиісті дәрілермен біріктіріп пайдаланған жөн.

Streptococcus pneumoniae себеп болған инфекциялар

Цифран препараты, қоздырғыштарға қатысты тиімділігі шектеулі болғандықтан, Streptococcus pneumoniae әсерінен болған инфекцияларды емдеу үшін ұсынылмайды.

Жыныс жолдарының инфекциялары

Фторхинолондарға төзімді Neisseria gonorrhoeae штаммдарының әсерінен туындауы мүмкін деп болжам жасалған генитальді инфекцияларда ципрофлоксацинге жергілікті резистенттілік туралы ақпаратты ескерген және қоздырғыштың сезімталдығын зертханалық тестілер арқылы айғақтаған жөн.

Жүрек тарапынан бұзылулар

Ципрофлоксацин QT аралығының ұзаруына ықпалын тигізеді («Жағымсыз әсері» бөлімін қараңыз). Әйелдерде, еркектерге қарағанда, QT аралығының орташа ұзақтығы үлкен екендігін ескерсек, олар QT аралығын ұзартатын препараттарға өте сезімтал болады. Егде жастағы пациенттерде де QT аралығын ұзартатын препараттардың әсеріне жоғары сезімталдық байқалады. Ципрофлоксацинді QT аралығын ұзартатын препараттармен (мысалы, аритмияға қарсы I А және III класс препараттарымен, үш циклді антидепрессанттармен, макролидтермен және психозға қарсы препараттармен) біріктірілімін («Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз), немесе QT аралығының ұзару қаупі жоғары немесе «пируэт» типті аритмияның даму қаупі бар (мысалы, QT аралығының туа біткен ұзару синдромы бар, гипокалиемия немесе гипомагниемия сияқты электролиттер дисбалансы түзетілмеген, сондай-ақ жүрек функциясының жеткіліксіздігі, миокард инфарктісі, брадикардия сияқты жүрек аурулары бар) пациенттерде абайлап пайдаланған жөн.

Балаларда қолданылуы

Ципрофлоксацин, осы класқа жататын басқа да препараттар сияқты, жануарларда ірі буындардың артропатиясын туындататыны анықталды. 18 жасқа дейінгі балаларда ципрофлоксацинді қолданудың қауіпсіздігі жөнінде күні бүгінге дейін бар деректерді талдағанда, олардың көбісінде өкпе муковисцидозы бар болды, шеміршектер мен буындар зақымының препаратты қабылдаумен байланысы анықталған жоқ. Ципрофлоксацинді балалардағы (5-тен 17 жасқа дейінгі балаларда), Pseudomonas aeruginosa-мен байланысты өкпе муковисцидозының асқынуын емдеуден басқасында, басқа ауруларды емдеу үшін және сібір ойық жарасының өкпелік түрінің (Bacillus anthracis-ден жұққанына күмәнданғаннан немесе ол айғақталғаннан кейін) емдеу және профилактика жасау үшін қолдануға ұсынылмайды.

Аса жоғары сезімталдық

Кейде ципрофлоксациннің алғашқы дозасын қабылдағаннан кейін препаратқа аса жоғары сезімталдық («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз), соның ішінде аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін, мұны емдеуші дәрігерге дереу мәлімдеген жөн. Сирек жағдайларда алғаш қолданудан кейін анафилактикалық шокқа дейін ұласатын анафилактикалық реакциялар туындауы мүмкін. Мұндай жағдайларда Цифран препаратын қолдануды дереу тоқтатқан және тиісті ем жүргізген жөн.

Асқазан-ішек жолы

Ципрофлоксацинмен емдеу кезінде немесе емдеуден кейін ауыр және ұзаққа созылатын диарея пайда болғанда жалған жарғақшалы колиттің бар-жоқтығын анықтаған жөн, ол препаратты дереу тоқтатуды және тиісті ем (ішке тәулігіне 4 рет 250 мг доза ванкомицин) тағайындауды қажет етеді. Осы жағдайда ішектің жиырылуын басатын препараттарды қолдануға болмайды.

Гепатобилиарлы жүйе

Ципрофлоксацинді қолданғанда бауыр некрозы және өмірге қауіп төндіретін бауыр функциясының жеткіліксіздігі жағдайлары байқалды. Бауыр ауруының анорексия, сарғаю, несептің қараюы, қышыну, іштің ауыруы сияқты белгілері бар болған жағдайда - Цифран препаратын қабылдауды тоқтатқан жөн («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз).

Цифран препаратын қабылдап жүрген және бауыр ауруын бастан кешкен пациенттерде «бауыр» трансаминазасы және сілтілік фосфатаза белсенділігінің уақытша жоғарылауы немесе холестатикалық сарғаю байқалуы мүмкін.

Тірек-қимыл аппараты

Ауыр миастениясы бар пациенттерге Цифран препаратын сақтықпен қолданған жөн, өйткені симптомдары өршуі мүмкін.

Тендиниттің алғашқы белгілерінде (буын аймағының ауыратын ісінуі, қабынуы) Цифран препаратын қолдануды тоқтату, дене жүктемесін болдырмау керек, өйткені сіңірлердің үзілу қаупі бар, сондай-ақ дәрігерден кеңес алған жөн.

Цифран препаратын қабылдағанда тендинит жағдайлары және емдеуді бастағаннан кейін 48 сағат ішінде сіңірлердің (көбіне ахиллов сіңірлерінің) кейде билатеральді түрде үзілуі жағдайлары болуы мүмкін. Сіңірлердің қабынуы және үзілуі Цифран препаратымен емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше айдан соң да пайда болуы мүмкін. Егде жастағы пациенттерде және кортикостероидтармен бір мезгілде ем қабылдап жүрген, сіңір аурулары бар пациенттерде тендинопатияның пайда болуының жоғары қаупі бар.

Цифран препаратын сыртартқысында хинолондарды қабылдаумен байланысты сіңірлердің аурулары бар пациенттерде сақтықпен қолданған жөн.

Жүйке жүйесі

Цифран препараты, басқа да фторхинолондар сияқты, құрысуларға түрткі болуы және құрысуға дайындық шегін төмендетуі мүмкін. Эпилепсиясы және ОЖЖ ауруларын (мысалы, құрысуға дайындық шегінің төмендеуі, сыртартқысында құрысу ұстамалары, ми қан айналымының бұзылулары, мидың органикалық зақымдануы немесе инсульт) бастан кешкен пациенттерде ОЖЖ тарапынан жағымсыз реакциялардың дамуы қауіп төндіруіне байланысты, ципрофлоксацинді күтілетін клиникалық әсер препараттың жағымсыз әсерінің даму қаупінен басым болған жағдайларда ғана қолданған жөн.

Цифран препаратын қолданғанда эпилепсиялық жағдайдың даму жағдайлары жөнінде мәлімделді («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз). Құрысулар пайда болған жағдайда препарат қолдануды тоқтатқан жөн. Психикалық реакциялар тіпті, Цифран препаратын қоса, фторхинолондарды алғаш қолданудан кейін де пайда болуы мүмкін. Сирек жағдайларда депрессия немесе психоздық реакциялар суицидтік ойларға және суицидтік әрекеттерге дейін, соның ішінде суицидпен аяқталуға дейін өршуі мүмкін («Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз). Егер пациентте осы реакциялардың біреуі дамыса, Цифран препаратын қабылдауды тоқтатқан және мұны дәрігерге мәлімдеген жөн.

Цифран препаратын қоса, фторхинолондарды қабылдап жүрген пациенттерде сенсорлы немесе сенсомоторлы полинейропатиялар, гипестезиялар, дизестезиялар немесе әлсіздік жағдайлары байқалды. Ауыру, күйдіру, шаншу, ұю, әлсіздік сияқты симптомдар пайда болғанда, мұны пациенттер препаратты қолдануды жалғастырмас бұрын дәрігерге айтқаны жөн.

Тері

Цифран препаратын қабылдағанда фотосенсибилизация реакциясы пайда болуы мүмкін, сондықтан пациенттер күн көзінің тікелей түсуінен және УК жарықтан аулақ жерде болғаны жөн. Егер фотосенсибилизация симптомдары (мысалы, терінің өзгеруі күннен болатын күйіктер сияқты, «Жағымсыз әсерлері» бөлімін қараңыз) байқалса, емдеуді тоқтатуы керек.

Р450 цитохромы

Ципрофлоксацин CYP 450 1А2 изоферменттерінің орташа тежегіші болып табылатыны белгілі. Цифран препаратын және осы ферменттермен метаболизденетін, мысалы, тизанидин. теофиллин, метилксантин, кофеин, дулоксетин, ропинирол, клозапин, оланзапин сияқты препараттарды бір мезгілде қолданғанда сақтық танытқан жөн, өйткені олардың метаболизмінің ципрофлоксацинмен тежелуі себебінен, қан сарысуында осы препараттардың концентрацияларының артуы спецификалық жағымсыз реакцияларды туындатуы мүмкін.

Кристаллурияның дамуына жол бермеу үшін ұсынылған тәуліктік дозаны арттыруға жол беруге болмайды, сұйықтықты жеткілікті түрде пайдалану және несептің қышқыл реакциясын демеу қажет.

Іn vitro жағдайларда ципрофлоксацин Mycobacterium tuberculosis-ді, оның өсуін баса отырып, бактериологиялық зерттеуге кедергі жасауы мүмкін, бұл Цифран қабылдап жүрген пациенттерде осы қоздырғышты диагностикалауда жалған теріс нәтиже беруі мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері.

Емделу кезінде көлік құралдары мен машиналарды басқаруды және зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын қажет ететін механизмдермен қызмет көрсетуді тоқтата тұрған жөн, өйткені бас айналу, құрысулар, сананың шатасуы сияқты жағымсыз реакциялар болуы мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: бас айналу, бас ауыру, шаршау, АІЖ тарапынан бұзылулар, бауыр мен бүйрек функциясының бұзылулары.

Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір, құрамында кальций мен магний бар антацидтерді ципрофлоксациннің сіңуін азайту үшін қабылдау, симптоматикалық ем жүргізу. Сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін тағайындау қажет. Ципрофлоксацин гемодиализ немесе перитонеальді диализ жолымен организмнен аздаған мөлшерде ғана (10%-дан аз) шығарылады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилиденхлорид/поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салынған.

Пішінді 1 қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25⁰С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Sun Pharmaceutical Ind Ltd

Paonta Sahib,

District Sirmour

Himachal Pradesh – 173025 India

Тіркеу куәлігі иесінің елі мен атауы

Sun Pharmaceutical Ind Ltd, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

Sun Pharmaceutical Ind Ltd компаниясының ҚР өкілдігі

Алматы қ., Манас көшесі 32А, СӘТ БО, 602-кеңсе

тел.: 8-800-080-5202

эл.пошта: regulatory.kz@sunpharma.com

Прикрепленные файлы

159548391477976527_ru.doc 125 кб
601019581477977684_kz.doc 49.84 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники