Цитрамон П (Эйкос-Фарм)

МНН: Ацетилсалициловая кислота, Кофеин, Парацетамол
Производитель: Эйкос-Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ацетилсалициловая кислота в комбинации с другими препаратами (исключая психолептики)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014148
Информация о регистрации в РК: 13.02.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Цитрамон П

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: парацетамол – 180 мг, ацетилсалицил қышқылы - 240 мг, кофеин - 30 мг

қосымша заттар: крахмал, поливинилпирролидон, кальций стеараты, какао, этил спирті, лимон қышқылы.

Сипаттамасы

Дөңгелек, жалпақ, шеттері қиғашталған, бір жағында сындыруға арналған кертігі бар, какао иісті, теңбілді ашық-қоңыр түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да анальгетиктер-антипиретиктер. Салицил қышқылы және оның туындылары. Басқа препараттармен біріктірілген ацетилсалицил қышқылы (психолептиктерді қоспағанда).

АТХ коды N02BА51

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат компоненттері асқазан-ішек жолында жақсы сіңеді және бауырда жеткілікті түрде жылдам метаболизденеді. Негізінен препарат компоненттері несеппен шығарылады. Ішке қабылдаған кезде ацетилсалицил қышқылы 94 % дейін, парацетамол 96 % дейін және кофеин 92 % дейін сіңеді.

Ацетилсалицил қышқылы: сіңірілу кезінде ішек қабырғасында және бауырда жүйе алдылық элиминацияға ұшырайды (деацетилденеді). Резорбцияланған бөлігі эстеразамен өте тез гидролизденеді (жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) көп дегенде 15-20 мин құрайды). Организмде салицил қышқылының анионы айналымда болады. Салицилаттар тіндерге және организмдегі сұйықтыққа оңай өтеді, диффузия гиперемия және ісіну болғанда жылдамдайды, қабынудың пролиферативті фазасында баяулайды. Салицилаттар плацента арқылы өтеді, аздаған мөлшерде емшек сүтімен шығарылады. Бауырда төрт метаболит түзу арқылы биотрансформацияға ұшырайды: бүйрекпен сыртқа шығарылады (несептің сілтіленуі кезінде сыртқа шығарылуы айтарлықтай ұзарады). Кофеин: ішекте жақсы сіңеді, жартылай шығарылу кезеңі – 5 сағат (кейде – 10 сағатқа дейін). Негізінен метаболиттер түрінде бүйрекпен шығарылады, шамамен 10 % - өзгермеген түрде. Парацетамол: асқазан- ішек жолынан тез сіңеді. Плазмадан жартылай шығу кезеңі 1-4 сағатты құрайды. Бауырда глюкоранид және парацетамол сульфатын түзу арқылы метаболизденеді. Негізінен бүйрекпен конъюгация өнімдері түрінде шығарылады, 5 % аздауы өзгермеген түрде сыртқа шығарылады.

Қан плазмасында белсенді заттардың ең жоғары концентрациясы қабылдаудан кейін 2 сағаттан соң анықталады. Препарат компоненттері емшек сүтіне енеді. Препарат компоненттері мен олардың метаболизм өнімдері организмнен негізінен бүйрек арқылы бөлінеді.

Фармакодинамикасы

Препарат бірге қолданғанда бір-бірінің емдік әсерін күшейтетін оның құрамына кіретін заттардың қасиеттеріне байланысты ауруды басатын, қызуды түсіретін және қабынуға қарсы әсер етеді. Парацетамолдың қызуды түсіретін, анальгетикалық және қабынуға қарсы әсерлері бар. Әсер ету механизмі простагландиндер синтезін тежеумен, гипоталамустағы жылу реттеу орталығына басым әсер етуіне байланысты.

Ацетилсалицил қышқылы қабынуға қарсы, ауыруды басатын және қызуды түсіретін әсер береді, сондай-ақ тромбоциттер агрегациясын бәсеңдетеді. Әсер ету механизмі қабыну, ауыру мен қызба патогенезінде маңызды роль атқаратын, простагландиндер ізашары болып табылатын, арахидон қышқылы метаболизмінің негізгі ферменті – цитооксигеназаның белсенділігін бәсеңдетумен байланысты. Қызуды түсіретін әсері, сондай-ақ жылу реттеудің гипоталамустық орталығына әсерімен байланысты.

Кофеин орталық жүйке жүйесіне, ең бастысы ми қыртысына, тыныс алу және тамыр қозғалтқыш орталықтарына стимуляциялаушы әсер етеді. Ақыл-ой және дене жұмыс қабілеттілігін жоғарылатады, ұйқышылдықты, шаршау сезімін төмендетеді.

Қолданылуы

- этиологиясы әр түрлі, айқындылығы орташа ауыру синдромында (бас ауыру, бас сақинасы, тіс ауыру, невралгия, артралгия, миалгия, альгодисменорея)

- жедел респираторлық вирустық жұқпалар (ЖРВЖ), тұмау кезіндегі қызба жағдайында

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 15 жастан асқан балаларға ішке күніне 3 рет 1-2 таблеткадан тағайындайды, тамақтанудан кейін сумен ішіп, 3-5 күн бойы қабылдау керек.

Ересектер үшін ең жоғары бір реттік доза – 2 таблетка, тәуліктік доза 6 таблетка. Бауыр немесе бүйрек функциясы бұзылуында қабылдау арасындағы аралық кем дегенде 8 сағат болуы тиіс.

Препаратты ауыруды басатын дәрі ретінде 5 күннен, ыстық түсіретін дәрі ретінде 3 күннен артық, дәрігердің кеңесі мен бақылауынсыз қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

- диспепсиялық құбылыстар жүрек айну, құсу, анорексия, эпигастрий аймағындағы ауыру

- бас айналу

- сирек жағдайларда ойық-жаралы зақымданулар, асқазан-ішек жолында қан кету, бауыр, бүйрек функцияларының бұзылуы, тромбоцитопения, анемия, геморрагиялық синдром, қан кету уақытының ұзаруы, аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, Квинке ісінуі, бронх түйілуі, Стивенс-Джонсон синдромы, Лайел синдромы туындауы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- асқыну фазасындағы асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы

- асқазан-ішектен қан кету (соның ішінде сыртартқыда)

- бауыр және/немесе бүйрек функциясының айқын бұзылуы, подагра

- геморрагиялық диатез, гипокоагуляция

- мол қан кетумен қатар жүретін хирургиялық араласулар

- глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы

- глаукома

- ацетилсалицил қышқылын, салицилаттар және басқа да қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді қабылдаумен индукцияланған демікпе

- жоғары қозғыштық, ұйқының бұзылуы

- жүрек-қантамыр жүйесінің органикалық аурулары (оның ішінде жедел миокард инфарктісі, атеросклероз)

- айқын артериялық гипертензия

- портальді гипертензия

- К авитаминозы

- гипопротеинемия

- 15 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препарат гепарин және тікелей әсер етпейтін антикоагулянттар, гипогликемиялық дәрілер, сульфанилмочевина туындылары, инсулиндер, метотрексат, фенитонин, вальпрой қышқылының әсерін күшейтеді. Диуретиктердің, урикозуриялық заттардың әсерін азайтады.

Препарат қабынуға қарсы стероидты емес дәрілердің, кальций антагонистерінің жағымсыз әсерін күшейтеді.

Гепатотоксикалық әсер ету қаупінің жоғарылауымен байланысты барбитураттармен, құрысуға қарсы заттармен, рифампицин және алкогольмен бір бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты ауыруды басатын дәрі ретінде 5 күннен, ыстық түсіретін дәрі ретінде 3 күннен артық, дәрігердің кеңесі мен бақылауынсыз қолдануға болмайды. Препаратты бронх демікпесіне және подаграға шалдыққан науқастарға сақтықпен тағайындаған жөн. Препаратты 15 жасқа дейінгі балаларға, әсіресе желшешек және ЖРВЖ аясындағы тұмауда Рейе синдромы даму қаупінің жоғары болуына байланысты тағайындауға болмайды. Бауыр мен бүйрек функциясы бұзылған егде жастағыларға сақтықпен тағайындау керек.

Препарат қабылдап жүрген кезде алкоголь қабылдаудан тартына тұрған жөн. Цитрамон П препаратын құрамында парацетамол бар басқа да препараттармен қабылдауға болмайды.

Дәрілік заттардың көлік құралын жүргізуге және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Цитрамон П емдік дозада автомобиль немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Симптомдары: асқазанның ауыруы, жүрек айну, құсу, тершеңдік, тері жабынының бозаруы, бас айналу. Ауыр жағдайларда мәңгіру, ұйқышылдық, коллапс, құрысулар, бронх түйілуі, тахикардия байқалады.

Емі: асқазанды белсендірілген көмір қосылған сумен шаю, симптоматикалық ем жүргізу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Екі жағы полимермен жабындалған қаптамалық қағаздан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада таблеткалар 10 данадан. 250 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа (топтық қаптама) салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25˚С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Эйкос-Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Боралдай кенті, 71 разъезд.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Алматы қ., Нүсіпбеков к-сі, 32

тел: 397 64 29, факс: 250 71 78

e-mail: pharm@eikos.kz

 

Прикрепленные файлы

630680591477976626_ru.doc 51 кб
126749921477977772_kz.doc 69.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники