Цитофлавин® (таблетки)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
ЦИТОФЛАВИН®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар.
Құрамы
Бір таблетканың құрамында:
белсенді заттар:
янтарь қышқылы – 0,300 г,
рибоксин (инозин) – 0,050 г,
никотинамид – 0,025 г,
рибофлавиннің натрий фосфаты (рибофлавин) – 0,005 г;
қосымша заттар: повидон, кальций стеараты, гипромеллоза, полисорбат-80;
қабық құрамы: метакрил қышқылы және этилакрилат сополимері, пропиленгликоль, азорубин (Е 122), тропеолин-О.
Сипаттамасы
Қызыл түсті қабықпен қапталған, екі беті дөңес, дөңгелек пішінді таблеткалар. Көлденең қимасында екі қабат көрінеді. Таблеткалардың ядросы сарыдан сары-қызыл сары түске дейін.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйке жүйелері ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды N07XX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Цитофлавин жоғары биожетімділікке ие.
Янтарь қышқылы ішке қабылдағанда энергетикалық алмасу реакцияларына қатыса отырып, асқазан-ішек жолдарынан қанға және тіндерге өтеді және соңғы алмасу өнімдеріне дейін 30 минуттан соң толықтай ыдырайды (көміртектің қостотығы және су).
Инозин асқазан-ішек жолдарынан жақсы сіңеді. Қанда ең жоғары концентрацияға жету уақыты – 5 сағат, қанда орташа ұсталу уақыты – 5,5 сағат, біркелкі таралу көлемі шамамен 20 литр. Инозин инозинмонофосфатты түзе отырып, артынан оның несеп қышқылына дейін тотығуымен бауырда метаболизденеді. Мардымсыз мөлшерде бүйрекпен шығарылады.
Никотинамид барлық тіндерге жылдам тарайды (біркелкі таралу көлемі шамамен 500 литр). Қанда ең жоғары концентрацияға жету уақыты – 2 сағат, қанда орташа ұсталу уақыты – 4,5 сағат. Никотинамид плацента арқылы және емшек сүтіне өтеді, N-метилникотинамидтің түзілуімен бауырда метаболизденеді, бүйрекпен шығарылады.
Рибофлавин асқазан-ішек жолдарынан жедел сіңеді, біркелкі таралмайды (барынша көп мөлшері миокардта, бауырда, бүйректе), митохондрияда флавинаденинмононуклеотидке (ФМН) және флавинадениндинуклеотидке (ФАД) өзгереді. Плацента арқылы және емшек сүтіне өтеді; бүйрекпен шығарылады, көбінде метаболиттер түрінде.
Фармакодинамикасы
Фармакологиялық әсерлері ЦИТОФЛАВИН препараты құрамына кіретін компоненттердің кешенді әсеріне негізделген.
Янтарь қышқылы – организм жасушаларында әмбебап энергия синтездеуші қызметін атқаратын Кребс циклінің эндогенді жасушаішілік метаболиті.
Флавинадениндинуклеотид (ФАД) коферменті қатысуы кезінде янтарь қышқылы сукцинатдегидрогеназа митохондриальді ферментімен фумар қышқылына және үшкарбон қышқылы циклінің басқа да метаболиттеріне тез өзгереді. Жасушаларда аэробты гликолиз бен АТФ синтезін көтермелейді.
Кребс циклінде янтарь қышқылы метаболизмінің ақырғы өнімдері көміртектің қостотығы мен су болып табылады. Янтарь қышқылы митохондияларда электрондар тасымалы белсенділігінің есебінен тіндік тыныс алуды жақсартады.
Рибофлавин (В2 витамині) сукцинатдегидрогеназаны және Кребс циклінің тотығу-тотықсыздану реакцияларын белсендендіретін флавиндік кофермент болып табылады (ФАД).
Никотинамид (РР витамині), никотин қышқылының амиді. Никотинамид жасушаларда биохимиялық реакциялар каскады жолымен АТФ синтезін көтермелеуге және жасушалық тыныс алуға қажетті Кребс циклінің никотинамид-тәуелді ферменттерін белсендендіре отырып, никотинамидадениннуклеотид (НАД) және оның фосфаты (НАДФ) түріне өзгереді.
Инозин пуриннің туындысы, АТФ ізашары болып табылады. Негізгі нуклеотид-ферменттер –– флавинадениндинуклеотид (ФАД) және никотинамидадениндинуклеотид (НАД) синтезін көтермелей отырып, Кребс циклі ферменттер қатарын белсендендіретін қабілетке ие.
Осылайша, ЦИТОФЛАВИН® барлық компоненттері организмнің табиғи метаболиттері болып табылады және тіндік тыныс алуды көтермелейді. Фармокологиялық қасиетін және емдік тиімділігін анықтайтын препараттың құрамындағылардың метаболиттік энергияны түзетуі, антигипоксиялық және антиоксиданттық белсенділігі янтарь қышқылының, инозиннің, никотинамидтің және рибофлавиннің өзара толықтырғыш әсеріне негізделген.
Қолданылуы
Ересектерге кешенді емдеуде:
– ми инфарктісі салдарында
– басқа да цереброваскулярлық ауруларда (церебральді атеросклероз, гипертензивтік энцефалопатия)
– неврастения (жоғары тітіркенгіштік, шаршаңқылық, ұзаққа созылған ақыл-ой және физикалық жүктемеге қабілеттіліктің жоғалуы)
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке 2 таблеткадан тәулігіне 2 рет, қабылдау аралығы 8–10 сағат. Таблеткаларды тамақтанардан кемінде 30 минут бұрын, шайнамай, сумен іше отырып (100 мл) қабылдау керек.
Препаратты таңертеңгі және күндізгі уақытта қабылдау ұсынылады (18 сағаттан кешіктірмей).
Емдеу курсының ұзақтығы – 25 күн. Қайталау курсының тағайындалуы 1 айдан кем емес аралықта болуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
– бас ауруы
– эпигастральді аумақтың ауыруы және жайсыздығы
– тері гиперемиясы және қышыну түрінде аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.
Жағымсыз реакцияларға транзиторлық гипогликемия, гиперурикемия, қатар жүретін подагра асқынулары жатады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
– препараттың компоненттерін жекелей көтере алмаушылық
– 18 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Янтарь қышқылы, инозин және никотинамид басқа дәрілік заттармен үйлесімді.
Рибофлавин кейбір антибиотиктердің (тетрациклин, эритромицин, линкомицин) белсенділігін азайтады, стрептомицинмен үйлесімсіз.
Этанол, үшциклді антидепрессанттар, өзектік секреция бөгегіштері рибофлавиннің сіңуін төмендетеді, ал тиреоидты гормондар оның метаболизмін жылдамдатады.
Айрықша нұсқаулар
Гипертониялық ауру кезінде гипотензивтік препараттар дозасының түзетілуі талап етілуі мүмкін.
Қант диабетімен ауыратындарға емді қандағы глюкоза концентрациясын бақылаумен жүргізу.
Несептің қатты сарғайып кетуі мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану
Жүктілік және лактация кезеңінде препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы клиникалық деректердің болмауына байланысты бұл кезеңдерде қабылдау ұсынылмайды.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Препараттың артық дозалануы туралы деректер жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және қаптамаға арналған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
Пішінді ұяшықты 5 қаптаманы медицинада қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.
Сақтау мерзімі
2 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«ПОЛИСАН» ғылыми-технологиялық фармацевтикалық фирмасы» ЖШҚ
(«ПОЛИСАН» ҒТФФ» ЖШҚ»).
Ресей Федерациясы, 192102, Санкт-Петербург қ., Салов к-сі, 72 үй, кор. 2, лит. А, тел./факс: (812) 710-82-25.
Тіркеу куәлігінің иесі
«ПОЛИСАН» ғылыми-технологиялық фармацевтикалық фирмасы» ЖШҚ
(«ПОЛИСАН» ҒТФФ» ЖШҚ»), Ресей Федерациясы.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бөгенбай батыр к-сі, 136 үй.
Тел.: (7272) 72-57-51. E-mail: doctorkvi@gmail.com.