Цитовир®-3
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Цитовир®-3
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Капсулалар
Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді заттар: тимоген® натрий 0.5 мг, аскорбин қышқылы 50 мг, бендазол гидрохлориді (дибазол) 20 мг,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, кальций стеараты,
капсула қабығының құрамы: азорубин бояғыш (Е122), күн батар түстес сары бояғыш (Е110), титанның қостотығы (Е171), желатин.
Сипаттамасы
Ақ түсті корпусы мен қызғылт сары түсті қақпақшасы бар қатты желатин № 3 капсулалар. Капсула ішіндегісі – иіссіз ақтан сары түске дейінгі ұнтақ.
Фармакотерапиялық тобы
L - Антинеопластикалық және иммуномодуляциялайтын препараттар.
L03 - Иммуностимуляторлар
L03A - Иммуностимуляторлар
L03AX - Басқа иммуностимуляторлар.
АТХ коды L03AХ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Ішке қабылдағанда препарат асқазан-ішек жолынан толық сіңіріледі. Бендазолдың биожетімділігі – шамамен 80%, альфа-глутамил-триптофан –15%-дан көп емес және аскорбин қышқылында – 90% дейін. Аскорбин қышқылы мен бендазолдың метаболиттері несеппен шығарылады. Альфа-глутамил-триптофан пептидазалардың әсерімен L-глутамин қышқылына және L-триптофанға ыдырайды, олар организмде пептидтік синтезде пайдаланылады.
Фармакодинамикасы
Препарат этиотропты және иммуностимуляциялайтын емдеу дәрісі болып табылады, А және В тұмауы вирустарына және жедел респираторлық ауруларды тудыратын басқа да вирустарға қатысты вирусқа қарсы жанама әсерге иеленген. Препарат мұрын-жұтқыншақ шырышы - инфекцияның ену жолындағы секреторлы иммуноглобулин А (sIgA) мөлшерін арттырады, вирусты және бактериялық табиғаттың респираторлық инфекцияларына организмнің иммунорезистенттілігін арттырады, ал ауру пайда болған жағдайда оның асқынбаған ағымына ықпал етеді.
Препарат тұмау мен ЖРВИ негізгі клиникалық симптомдарының айқындығын төмендетеді, сондай-ақ аурудың ұзақтығын қысқартады.
Бендазол организмде эндогенді интерферонның өндірілуін индукциялайды, иммуномодуляциялаушы әсерге ие (организмнің түрлі инфекциялық агенттерге иммундық жауабын қалыпқа келтіреді). Әртүрлі ағзалардың жасушаларында интерферонмен индукцияланатын ферменттер вирустардың репликациясын тежейді.
Альфа-глутамил-триптофан (тимоген) иммунитеттің Т-жасушалық буынын қалыпқа келтіре отырып, бендазолдың иммуномодуляциялық әсерінің синергисі болып табылады.
Аскорбин қышқылы иммунитеттің гуморальді буынын белсендіреді, капиллярлардың өткізгіштігін қалыпқа келтіреді, қабынуды азайта отырып, қабынуға қарсы антиоксиданттық қасиеттерді көрсетеді, қабыну үдерісімен қатар жүретін оттегі радикалдарын бейтараптандырады, организмнің инфекцияға төзімділігін арттырады.
Қолданылуы
- тұмаудың және жедел респираторлық вирустық инфекциялардың профилактикасы ретінде және кешенді емдеу құрамында.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке, тамақтануға дейін 30 минут бұрын. Бір реттік дозасы - 1 капсула.
Ем үшін: бір капсуладан күніне 3 рет - 4 күн.
Профилактика үшін:
- тұмаумен және басқа да ЖРВИ ауырған науқаспен тікелей байланыста болған кезде бір капсуладан күніне 3 рет - 4 күн.
- тұмаумен және басқа да ЖРВИ ауруларының эпидемиялық маусым кезінде күніне 1 рет - 12 күн.
Профилактикалық курстарды, қажет болған жағдайда 3 аптадан кейін (эпидемиялық жағдай қалпына келтірілгенге дейін) қайталайды.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар
- артериялық қысымды қысқа мерзімдік төмендету
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық
- 18 жасқа дейінгі балалар
- жүктілік және лактация кезеңі
- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, Lapp (ЛАПП)-лактаза ферменті тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдарға
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Альфа-глутамил-триптофанның дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталған жоқ.
Бендазол селективті емес бета-адреноблокаторлармен байланысты тамырлардың жалпы шеткері қарсыласуының артуына кедергі жасайды.
Гипотензиялық және диуретиктік дәрілік заттардың гипотензиялық (артериялық қысымның төмендеуі) әсерін күшейтеді. Фентоламин бендазолдың гипотензиялық әсерін күшейтеді.
Аскорбин қышқылы – қандағы тетрациклин қатарындағы бактерияға қарсы препараттардың және бензилпенициллиннің концентрациясын арттырады. Ішекте темір (Fe) препараттарының сіңірілуін жақсартады. Гепарин мен тікелей емес антикоагулянттар тиімділігін төмендетеді. Ацетилсалицил қышқылы (АСҚ), пероральді контрацептивтер, жаңадан алынған шырындар және сілтілік сусын оның сіңірілуін төмендетеді. АСҚ-мен бір уақытта қолданғанда аскорбин қышқылының несеппен шығарылуы арттырылады және АСҚ шығарылуы төмендейді. АСҚ аскорбин қышқылының сіңірілуін шамамен 30%-ға төмендетеді. Аскорбин қышқылы құрамында ацетилсалицил қышқылы (АСҚ) және қысқа әсер ететін сульфаниламидтер бар препараттарды қолданған кезде кристаллурияның даму қаупін арттырады, қышқылдардың бүйрекпен шығарылуын баяулатады, сілтілік реакциясы бар дәрілік заттардың (оның ішінде алкалоидтардың) шығарылуын арттырады, қандағы пероральді контрацептивтердің концентрациясын төмендетеді. Бір уақытта қолданғанда изопреналиннің хронотроптық әсерін төмендетеді. Фенотиазин туындылары – психозға қарсы дәрілік заттардың (нейролептиктердің) емдік әсерін, амфетамин мен трициклді антидепрессанттардың өзекшелік реабсорбциясын төмендетеді. Барбитураттар мен примидон аскорбин қышқылының несеппен шығарылуын арттырады.
Вирусқа қарсы препараттармен және тұмау мен ЖРВИ симптоматикалық емдеу заттарымен бір мезгілде қолданылуы мүмкін.
Егер сіз бөлімде көрсетілген немесе басқа препараттарды қабылдап жүрсеңіз, дәрігермен кеңесіңіз.
Айрықша нұсқаулар
Аллергиялық реакциялар болуы мүмкін: есекжем. Бұл жағдайларда препаратты қолдануды тоқтатады және симптоматикалық ем, антигистаминді дәрілер тағайындайды.
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: вегетативті қантамырлық дистониясы бар, егде жастағы науқастарда артериялық қысымның қысқа мерзімді төмендеуі. Бүйрек функциясын, артериялық қысымды және қандағы глюкоза концентрациясын бақылау қажет.
Шығарылу түрі және қаптамасы
12 капсуладан ПВХ/ПХТФЭ/ПВХ (поливинилхлорид/полихлортрифтор-этилен/поливинилхлорид) немесе ПВХ/ПВДХ/ПВХ (поливинилхлорид/поливинилиденхлорид/поливинилхлорид) үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
Бір немесе екі немесе төрт пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Cytomed Oy, Финляндия,
55300 Рауха, Лааститие 1
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Цитомед» Медициналық-биологиялық ғылыми-өндірістік кешені» АҚ, Ресей, 194356, Санкт-Петербург қ., Орлов-Денисов даңғылы, 14 үй,
1 құрылыс
Тел./факс: 8(800)505-03-01, www.cytomed.ru
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта):
«PARASAT PHARMA MEDICAL» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абай даңғ., 150/230 үй, 867 кеңсе, блок 11
Тел.: +7 (702) 490-31-10
E-mail: zhenyagr78@mail.ru