Цистон (таблетки)

МНН: Веронии пепельной травы экстракт, Двуплодника стебелькового листьев экстракт, Кальция силикат, Камнеломки язычковой корней экстракт, Марены сердцелистной корней экстракт, Мумие, Оносмы прицветковой стеблей экстракт, Соломоцвета шероховатого семян экстракт, Сыти пленчатой корневищ экстракт
Производитель: Хималайя Драг Компании
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения урологических заболеваний
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003805
Информация о регистрации в РК: 05.01.2022 - 05.01.2032
Номер регистрации в РБ: 1969/96/2000/05/10/15/19/20
Информация о регистрации в РБ: 09.09.2020 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Цистон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

сабақталған қосжеміс жапырақтарының сығындысы 65 мг,

тілшік тас жарған тамырларының сығындысы 49 мг,

жүрекше жапырақты риян тамырларының сығындысы 16 мг,

сәлемшөп тамырларының сығындысы 16 мг,

кедір-бұдыр сабангүл тұқымдарының сығындысы 16 мг,

гүлжапырақ оносма сабағының сығындысы 16 мг,

күлгін верония шөбінің сығындысы 16 мг,

тазартылған мумие 13 мг,

кальций силикаты 16 мг

келесі өсімдік шикізаттарының қоспасынан алынған сығындының буымен өңделген: хош иісті райхан, отты ат бұршақ, жатаған теміртікен, ұялшақ мимоза, хош иісті павония, дала қырықбуыны, тик ағашының тұқымдары

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий карбоксиметилцеллюлозасы, кросповидон, кремнийдің коллоидты сусыз қостотығы (кабосил М5), магний стеараты

Сипаттамасы

Дөңес, крем реңдіден қоңыр түске дейінгі, теңбілдері бар таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды G04BX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Цистон көп компонентті өсімдік препараты болғандықтан, оның белсенділігі ингредиенттерінің синергиялық әсері арқылы жүзеге асады. Ол қандай да бір қосылысқа толық жатпайтын болғандықтан, оған кинетикалық бақылау жүргізу мүмкін емес, маркерлердің немесе биозерттеулердің жәрдемімен барлық компоненттері бірге қадағалануы мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Біріктірілген өсімдік препараты Цистон ішектің литогендік заттармен шамадан тыс қанығуына кедергі жасайды, ішектен оксамидтердің (тастың түзілуін жылдамдататын заттар) сіңуін азайтады және кристаллоидты-коллоидтық тепе-теңдікті қалпына келтіреді. Цистон тастардың, кристалдардың түзілуін басады, тас түзетін заттардың: қымыздық қышқылының, кальций гидроксипролинінің және басқалардың мөлшерін азайтады, және олардың ыдырауына және ұсақталған түрінде шығарылуына мүмкіндік береді. Цистон бөлшектерді байланыстыратын муцинге әсер ете отырып, конкременттер мен кристалдарды ыдыратады.

Микробтарға қарсы қасиеттері болғандықтан, препарат несеп шығару жолдарының жұқпаларын емдеген кезде жағымды әсер етеді.

Сабақталған қосжеміс – осы өсімдіктің жапырақтарында халкондар, хинохалкондар және флавондар бар, олар бүйректе және қуықта тас болғанда қолданылады, литотриптикалық әсерін тигізеді. Өсімдіктен алынған эфир майларының микробқа қарсы белсенділігі бар.

Тілшік тасжарған – тұтқырлық, сергітетін және спазмды басатын әсері бар және дизурияда және несеп шығару жолдарының басқа да бұзылуларында қолданылады. Спазмды басатын және қабынуға қарсы әсерінің арқасында бүйрек шаншуларын жеңілдетеді, несеп шығарған кездегі күйдіріп ашуы және ауыруды азайтады.

Жүрекше жапырақты риян – оның тамырлары антрахинондарға және олардың гликозидтеріне бай, олардың ішінде өте маңыздысы урогенитальді бұзылуларда қолданылатын пурпурин және мунджистин болып табылады. Тамырынан алынған сығындысының мына микробтарға қатысты (Escheria coli, Bacillus subtilis, Кlebsiella pneumonia, Proteus vulgaris, Psuedomonas aeruginosa) белсенділігі бар.

Кедір-бұдыр сабангүлде акирантин алкалоиды бар, ол бүйректе тас болғанда қолданылады, осы өсімдіктің сулы сығындысы Staphylococcus aureus сияқты микроорганизмдерге қарсы микробқа қарсы белсенділік танытады.

Күлгін верония несептің бөлінуі қиындаған кезде қуық спазмын бәсеңдету үшін қолданылады. Жалпы алғанда, өсімдікте бета амирин тритерпен, люпеол ацетаты, бета амирин және калий хлориді бар, олар дизурияда, қуықтың спазмында және несептің бөлінуі қиындағанда қолданылады.

Тазартылған мумие – несеп шығару жолдарының бұзылуын, толғақ түріндегі ауыруларды емдеуге қолданылады.

Кальций силикаты – литотриптикалық қасиеттері және потенциалды диурездік әсері бар.

Қолданылуы

- несептас ауруында, кристаллурияда

- несеп шығару жолдарының жұқпаларында (циститте, спецификалық емес уретритте, пиелитте)

- жүктілік кезінде несепшығару жолдарының жұқпаларында

- тас түзілудің қайталануының алдын алуға

- әйелдерде несепті ұстай алмаушылықтың жедел жағдайларында

- подаграда, гиперурикемияда

Қолдану тәсілі және дозалары

Несеп шығару жолдарының жұқпаларында (циститте, спецификалық емес уретритте, пиелитте)

Ересектер:

7 күннен бастап қабыну үдерісі жоғалғанға дейін күніне тамақтан кейін 3 рет 2 таблеткадан.

Балалар:

6-дан 11 жасқа дейін тамақтан кейін күніне 3 рет 1 таблеткадан, 12-15 жасқа тамақтан кейін күніне 2-3 рет 2 таблеткадан 7 күннен немесе қабыну үдерісі жоғалғанға дейін.

Жүктілерде цистит кезінде

Тамақтан кейін күніне 3 рет 2 таблеткадан.

Несеп-тас ауруларында, кристаллурияда

Ересектер:

3-4 ай бойы күніне 2-3 рет 2 таблеткадан, содан кейін күніне 2 рет 1 таблеткадан, тас шыққанша.

Балалар:

6-11 жасқа күніне 3 рет 1 таблеткадан, одан кейін күніне 1 таблеткадан, емдеу курсы 4 ай. 11- 15 жасқа күніне 3 рет 2 таблеткадан, тас шыққанша.

Подагра кезінде

1-ден 2 айға дейін күніне 3 рет 2 таблеткадан.

Хирургиялық араласымнан және тасты алып тастағаннан кейін, дистанциялық литотрипсиядан соң бүйрек конкременттерінің қайтадан түзілуінің алдын алу үшін:

4-5 ай бойы күніне 3 рет 1 таблеткадан.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну) болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сипатталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Конкременттің өлшемі үлкен болуына байланысты несепағардың бітелу қаупі болғандықтан, Цистонды қолданбаған дұрыс.

Несептас ауруы және кристаллурия кезінде препаратты қолдану тастың және несептің рН құрамына байланысты емес, препарат оксалат, урат, фосфатты уролитиаз кезінде тиімді.

Цистон препаратын тәулігіне 2-2,5 литрге дейінгі сұйықтықты қабылдаған кезде қолдану ұсынылады.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары білінген жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Пластик құтыға 100 таблеткадан салынған.

1 құты медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Хималайя Драг Ко

Макали, Бангалор 562123, Үндістан

www.himalayahealthcare.com

Тіркеу куәлігінің иесі

Хималайя Драг Компани, Үндістан

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Т.А.И. Фарма Лимитед»

Алматы қ-сы, Жангелдин к-сі 31, 200 кеңсе

«Жар-Су» бизнес орталығы

тел/факс 278-59-99/94

e-mail reg. taipharma@ intelsoft.kz

 

Прикрепленные файлы

793810401477976959_ru.doc 54 кб
516454701477978123_kz.doc 59.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ