Цистон (сироп)

Производитель: Хималая Драг Ко.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты для лечения урологических заболеваний (в т.ч. спазмолитики)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019440
Информация о регистрации в РК: 05.10.2023 - 05.10.2033

Инструкция

Саудалық атауы

Цистон

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат

Құрамы

5 мл шәрбаттың құрамында

белсенді заттар:

жатаған теміртікен жемісінің сығындысы 91 мг

шашыраңқы бурхавия тамырының сығындысы 67 мг

тілдік тасжарған тамырының сығындысы 53 мг

түйнек жер бадамының сығындысы 42 мг

қасқыржем тамырының сығындысы 21 мг

ат бұршақтың отты дәнінің сығындысы 21 мг

ветиверий тамырының сығындысы 21 мг

куркума зедоарий тамырының сығындысы 14 мг

трикату тамырының және жемісінің сығындысы 20 мг

калий нитраты 42.5 мг

аммоний хлориді 2.5 мг

калий карбонаты 5 мг

натрий хлориді 50 мг

қосымша заттар: қант S30, сорбитол 70%, хош иістендіргіш Sun 528, лимон қышқылы, натрий цитраты, натрий метилпарагидроксибензоаты, натрий пропилпарагидроксибензоаты, натрий бензоаты, тазартылған су QS.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар дәмі тәтті қоңыр түсті шәрбат тәріздес сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа да препараттар, спазмолитиктерді қоса алғанда.

АТХ коды G04B

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың белсенділігін толығымен қосылыстың қайсы біріне жатқызуға болмайтындықтан, кинетикалық бақылау жүргізу мүмкін емес, барлық компоненттер бірге маркерлер немесе биозерттеулер көмегімен қадағалана алмайды.

Фармакодинамикасы

Көп компонентті біріктірілген өсімдік препараты. Цистон ішектің тас түзуші заттармен артық толуының алдын алады, ішектен оксамидтердің (тастың түзілуін жылдамдататын заттар) сіңірілуін бақылайды және кристаллоидты-коллоидты дисбалансты реттейді. Ол қымыз қышқылы, кальций гидроксипролині т.с.с. сияқты заттар құрамының төмендеуі арқылы тастардың түзілу процесін төмендетеді, бөлшектерді байланыстыратын муциндарға әсер ете отырып, кристалдардан тастардың түзілуін бұзады. Цистонның микробқа қарсы әсері несеп тастарымен және кристаллуриямен байланысты несеп шығару жолдары жұқпасының алдын алады.

Спазмолитикалық және қабынуға қарсы әсерінің есебінен препарат бүйрек шаншуында ауыру синдромының төмендеуіне ықпал етеді, сонымен қатар несеп шығару кезінде шымылдатып күйдіру және ауыру азаяды.

Қолданылуы

- дизметаболиялық нефропатияда, кристаллурияда

- несеп-тас ауруында (уролитиаз)

- тас түзілу қайталануларының алдын алуда

- несеп шығару жолының жұқпаларын (оның ішінде цистит) кешенді емдеуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Балаларға: 1 шай қасықтан ½ тамақтанудан кейін күніне 2 рет.

Ересектерге: тамақтанудан кейін 1-2 шай қасықтан күніне 2 рет.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • 4 жасқа дейінгі балаларға

  • фруктоза жақпаушылығы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты антибиотиктермен қолдану ем тиімділігінің жоғарылауына ықпал етеді.

Айрықша нұсқаулар

Конкремент өлшемінің үлкендігі салдарынан болған несепағарлар обструкциясы кезінде мүмкіндігінше Цистонды қолданбау керек. Цистон препаратын қолданғанда сұйықтықты көп қабылдау ұсынылады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде пайда-қауіп арақатынасын ескере отырып қолданады.

Дәрілік заттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

Янтарь түсті ПЭТ құтыларда 100 мл-ден.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жылЖарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Хималайя Драг Компани

Макали, Бангалор 562123, Үндістан

www.himalayahealthcare.com

Тіркеу куәлігінің иесі

Хималайя Драг Компани, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Т.А.И. Фарма Лимитед»

Алматы қ., Жангелдин к-сі, 31

200 кеңсе «Жар-Су» бизнес орталығы

тел/факс 278-59-99/94

e-mail reg. taipharma@ intelsoft.kz

Прикрепленные файлы

706475851477976966_ru.doc 46 кб
847740531477978136_kz.doc 47 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники