Цинокап®
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Цинокап®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Пиритион мырышы
Дәрілік түрі
0,2% сыртқа қолдануға арналған крем
Құрамы
100 г кремнің құрамында
белсенді зат: – 0,2 г пиритион мырышы
қосымша заттар: макрогол цетостеараты, цетостеарильді спирт, сұйық парафин (вазелин майы), пропиленгликоль, декспантенол (D-Пантенол), натрий дигидрофосфат дигидраты, натрий гидрофосфат додекагидраты, тазартылған су
Сипаттамасы
Ақ немесе сарылау реңді ақ иіссіз немесе аздап өзіне тән иісі бар крем
Фармакотерапиялық тобы
Тері ауруларын емдеуге арналған басқа препараттар. Пиритион мырышы.
АТХ коды D11AX12
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жүйелік сіңірілуі шамалы. Препарат қанда ізді мөлшерде ғана анықталады.
Фармакодинамикасы
Препарат қабынуға қарсы, бактерияға қарсы және зеңге қарсы белсенділікке ие. Пиритион мырышының бактерияға қарсы белсенділігі бірқатар грамоң және грамтеріс бактерияларға (Streptococcus spp., Staphylococcus spp., Escherichia coli, Pseudomonas aeruginosa, Proteus spp.) қатысты байқалады. Пиритион мырышы АТФ жасушаішілік деңгейін төмендетіп, жасушалық жарғақшаның деполяризациясына себеп болады, зең және бактериялардың қырылуын тудырады. Зеңге қарсы белсенділік қабынуды және қайызғақ, себореялық дерматит, псориаз және терінің басқа аурулары кезінде артық түлеуді тудыратын, әсіресе Pityrosporum ovale және Pityrosporum orbiculare әсер ететін кезде байқалады. Қабынуға қарсы әсердің механизмі зерттелмеген.
Қолданылуы
- псориаз (жеңіл және орта деңгейлік ауырлықта)
- атопиялық дерматит (экзема, нейродермит)
- себореялық дерматит
- терінің құрғақтығы
Қолдану тәсілі және дозасы
Ересектер және 1 жастан бастап балаларға:
Препарат сыртқа қолдануға арналған. Кремді терінің зақымданған аймағына тәулігіне 2-3 рет жұқалап жағу керек.
Емдеудің ұзақтығы:
- псориаз кезінде – 1-1,5 ай, қайталанған курстар – асқыну белгілері пайда болған кезде;
- атопиялық дерматитте – 3-4 апта;
- себореялық дерматитте – 2 апта.
Жағымсыз әсерлері
Препараттың көтерімділігі әдетте жақсы. Кейде аллергиялық реакциялар байқалады.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- аса жоғары сезімталдық
- 1 жасқа дейінгі балалар
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Пиритион мырышының басқа дәрілік препараттармен клиникалық маңызды өзара әрекеттесуі анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Жаққан кезде көзге тигізуге болмайды.
Көзге тиген жағдайда салқын сумен шаю қажет.
Жүктілік және лактация кезінде препаратты ұрық немесе емшек еметін бала үшін әлеуетті қауіптен ана үшін күтілетін емдік пайда артық болған жағдайда тағайындайды. Пиритион мырышы препараттарын жүкті әйелдер және емшек емізген кезде әйелдердің қолдануы кезінде қандай да бір жағымсыз әсердің дамуы туралы хабарланбаған.
Артық дозалануы
Қазіргі уақытқа дейін препараттың артық дозалануы жағдайлары туралы хабарланбаған.
Шығарылу түрі және қаптамасы
25 г немесе 50 г алюминий сықпада.
Сықпаны медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге тұтынушылар ыдысына арналған картоннан жасалған қорапшаға салынады.
Сақтау шарттары
4°С-ден 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші/Қаптаушы
«Фармстандарт-Томскхимфарм» ААҚ,
Заңды мекенжайы: 634009, Ресей, Томск қ-сы, Ленин д-лы, 211-үй, тел./факс (3822) 40-28-56.
Өндіріс мекенжайы: 634009, Ресей, Томск қ-сы, Роза Люксембург к-сі, 89-үй, тел./факс (3822) 40-28-56, www.pharmstd.ru
Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі
«Отисифарм» ЖАҚ, Ресей
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС,
100009, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ-сы, Ботаническая к-сі, 12-үй
Тел/факс: +7 (7212) 437002, Тел: + 7 (7212) 507322
E-mail: kphk@kphk.kz
4