Циннаризин №50 (25 мг)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Циннаризин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Циннаризин
Дәрілік түрі, дозасы
Таблеткалар, 25 мг.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйке жүйесі. Жүйке жүйесінің ауруларын емдеуге арналған басқа препараттар. Бас айналуды жоюға арналған дәрілер. Бас айналуды жоюға арналған дәрілер. Циннаризин.
АТХ коды N07CA02
Қолданылуы
бас айналу, құлақтың шуылдауы, жүрек айну, құсу сияқты Меньер ауруы кезінде туындайтын вестибулярлық бұзылулардың профилактикасында және емінде
қозғалыс кезіндегі бас айналу профилактикасында және емінде
Қолданудың басталуына дейінгі қажетті мәліметтер тізбесі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
12 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
галактоза жақпаушылығы, лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактозаның мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер
Қолдану кезінде қажетті сақтандыру шаралары
Егер Сізде Паркинсон ауруы болса, препаратты қабылдағанға дейін емдеуші дәрігермен кеңесу керек.
Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі
Алкогольді қатар қолдану және орталық жүйке жүйесінің қызметін тежейтін дәрілерді немесе трициклді антидепрессанттарды қолдану аталған дәрілік заттардың немесе Циннаризин препаратының кез келгенінің седативті әсерін күшейтуі мүмкін.
Теріге аллергиялық сынама жүргізген кезде гистаминге қарсы әсеріне байланысты Циннаризин тері реактивтілігінің факторына оң реакцияны жасыруы мүмкін. Мұның алдын алу үшін теріге сынама жүргізгенге дейін препаратты 4 күн бұрын қабылдамау керек
Арнайы сақтандырулар
Эпигастрий аймағында жайсыздық туындауы мүмкін, тамақтан кейін қолдану асқазанның шырышты қабығының тітіркенуін азайтады.
Паркинсон ауруымен ауыратын паценттерге оны тағайындаудың пайдасы жағдайдың нашарлау қаупінен асып түскен жағдайларда ғана тағайындау керек.
Циннаризин ұйқышылдықты туындатуы мүмкін, әсіресе емдеудің басында, сондықтан алкогольді бір мезгілде қолданғанда немесе орталық жүйке жүйесінің жұмысын төмендететін дәрілерді қолданғанда сақ болу керек.
Қосымша заттар туралы қосымша ақпарат
Таблеткаларда лактоза моногидраты (58.0 мг) бар, сондықтан препаратты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер қабылдауға болмайды, мысалы галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза сіңірілуінің бұзылуы.
Жүктілік немесе лактация кезінде
Жүктілік
Егер анасы үшін емдік пайдасы шаранаға төнетін ықтимал қауіпті ақтайтын жағдайда болса ғана, препарат жүктілік кезеңінде пайдаланылуы тиіс.
Бала емізу
Препараттың әйел емшек сүтіне бөлінуі туралы деректер жоқ, сондықтан Циннаризин қабылдайтын әйелдер емшек емізуден бас тартуы тиіс.
Препараттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Ұйқышылдық дамуы мүмкін, әсіресе емдеудің басында, сондықтан көлік жүргізу кезінде және психомоторлық реакциялардың шапшаңдығын және аса зейін қоюды қажет ететін басқа да қауіпті іс-шаралармен айналысқан кезде абай болу керек.
Қолдану жөніндегі нұсқаулар
Дозалау режимі
Вестибулярлық бұзылулар
Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер: 1 таблеткадан күніне 3 рет.
Ұсынылатын дозадан асырмау керек.
Қозғалыс кезіндегі бас айналу
Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер: сапарға дейін 2 сағат бұрын 1 таблеткадан.
Егде жастағы пациенттер
Ұсынылған доза ересек пациенттер үшін де бірдей.
Бауыр функциясының бұзылуы
Деректер жоқ.
Бүйрек функциясының бұзылуы
Деректер жоқ.
Енгізу әдісі мен жолы
Ішке, тамақтан кейін.
Қабылдау уақытының көрсетілуімен қолдану жиілігі
Деректер жоқ
Емдеу ұзақтығы
Деректер жоқ
Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар
Симптомдары: құсу, ұйқышылдық, тремор, гипотония, кома.
Емі: спецификалық антидоты жоқ, препаратты тоқтату, асқазанды шаю, белсендірілген көмірді енгізу, симптоматикалық ем жүргізу ұсынылады.
Дәрілік препараттың бір немесе бірнеше дозасын өткізіп алу кезінде қажет болатын шаралар
Деректер жоқ
Тоқтату синдромы қаупінің болуына көрсетілім
Деректер жоқ
Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медициналық қызметкер кеңесіне жүгіну жөніндегі кеңестер
Дәрілік препаратты қабылдамас бұрын дәрігер кеңесіне жүгініңіз
Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар
Жағымсыз құбылыстардың жиілігін анықтау мынадай критерийлерге сәйкес жүргізіледі: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥1/100-ден < 1/10-ға дейін), жиі емес (≥ 1/1000-нан < 1/100-ге дейін), сирек (≥1/10000-нан < 1/1000-ға дейін), өте сирек (< 1/10000), белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)
Жиі
ұйқышылдық, диспепсиялық құбылыстар (әдетте өткінші болып табылады және оңтайлы дозаға біртіндеп жеткенде алдын алуға болады)
Сирек
ауыздың құрғауы, дене салмағының жоғарылауы
бас ауыру
аса тершеңдік
аллергиялық реакциялар
Өте сирек
қызыл жалпақ теміреткі, жегі тәрізді реакциялар
холестаздық сарғаюдың жалғыз жағдайы
препаратты ұзақ уақыт қолданғанда егде жастағы науқастарда экстрапирамидалық бұзылулар, депрессия болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда ем курсын тоқтату керек.
Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға болатын жағымсыз реакциялар (әсерлер) жөніндегі ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК
http://www.ndda.kz
Қосымша мәліметтер
Дәрілік препараттың құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат - циннаризин, 25.00 мг,
қосымша заттар: лактоза моногидраты, бидай крахмалы, коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил 200), Повидон-К25 (поливинилпирролидон К 25), тальк, магний стеараты.
Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік түсті, дөңгелек, екі беті дөңес таблеткалар.
Шығарылу түрі және қаптамасы
50 таблеткадан поливинилхлорид үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады.
1 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.
Сақтау мерзімі
3 жыл.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші туралы мәліметтер
«Фарма» АД, Болгария,
2600, Дупница, «Неофит Рилски» к-сі, 13.
тел. +35970150286; факс: + 35970150290.
e-mail: pharmaad@gmail.com
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Фарма» АД, Болгария,
2600, Дупница, «Неофит Рилски» к-сі, 13.
тел. +35970150286; факс: + 35970150290.
e-mail: pharmaad@gmail.com
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттар сапасына қатысты шағымдар (ұсыныстар) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)
Қазақстандағы «ДАНСОН-БГ» ООД өкілдігі,
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Айтиев к-сі 46-18,
тел.:/факс: +7(727)3959113, +7(701)7182592,
e-mail: layka16@mail.ru