Цинкол
Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Цинкол
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Көз тамшы дәрісі (2.5 мг + 1 мг)/мл, 5 мл
Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді заттар: 2.50 мг мырыш сульфаты гептагидраты, 1.00 мг нафазолин нитраты,
қосымша заттар: бор қышқылы, бензалконий хлоридінің ерітіндісі,
триэтаноламин (троламин), сұйылтылған хлорсутек қышқылы, тазартылған су.
Сипаттамасы
Түссіз мөлдір сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Деконгестанттар және аллергияға қарсы препараттар. Деконгестанттар ретінде пайдаланылатын симпатомиметиктер. Нафазолин басқа препараттармен біріктірілімде
ATХ коды S01GA51
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жергілікті қолданған кезде нафазолиннің әсері 5 минуттан соң-ақ байқалады және 6-дан 8 сағатқа дейін жалғасады. Нафазолин жүйелік қан ағымына сіңуі және жүйелі әсер етуі мүмкін, дегенмен конъюнктивальді қалтаға енгізгеннен кейін ересектерде мұндай әсерінің болу мүмкіндігі аз. Жүйелі реакциялар негізінен егде жастағы емделушілер мен балаларда байқалады.
Фармакодинамикасы
Цинкол – құрамында мырыш сульфаты мен нафазолин нитраты бар, жергілікті қолдануға арналған біріктірілген препарат. Мырыш сульфаты тұтқыр, тамыр тарылтатын, аллергияға қарсы және микроорганизмдер ақуыздары коагуляциясы есебінен әлсіз антисептикалық әсер береді. Нафазолин тамырлардың α-адренергиялық рецепторларын көтермелейді; жергілікті қолданғанда конъюнктиваның кеңейген қан тамырларын тарылтады және қабыну симптомдарын жояды. Препараттың қан тарылтатын әсерінің салдарынан ісінуі, гиперемия және экссудация азаяды. Цинкол ұзақ қолданғанда «көрініс табуы» деп аталатын әсерді, яғни дозаны жоғарылатуына әсер етпейтін тамырдың салдарлы кеңеюін туындатады. Екі белсенді заттың әр түрлі әсер ету механизмдермен үйлесуі жергілікті қабыну симптомдарын жоюға әкеледі.
Қолданылуы
-
шығу тегі әр түрлі және орташа қарқындылықтағы жедел, созылмалы конъюнктивитте
Қолдану тәсілі және дозалары
Дәрілік препарат тек сыртқа қолдануға арналған – жергілікті, көзге тамызу үшін (конъюнктивальді қалтаға).
1 тамшыдан көздің конъюнктивальді қалтасына тәулігіне 4 рет қолданады.
Назар аударыңыз! Тамшыларды дәрігердің кеңесінсіз 3-5 күннен артық қолданбау керек. Екі есе дозаны қолдануға болмайды!
Енгізу тәсілі
Препаратты пайдалану кезінде микробты ластануды болдырмас үшін тамшы дозаторының ұшын қандай да беткейге тигізіп алмаған жөн.
Дәрілік препаратты тамызар алдында қолды мұқият жуу керек. Қақпағын алып, дәрілік препаратты конъюнктивальді қалтаға енгізеді. Егер тамшы конъюнктивальді қалтаға түспесе, келесі тамшыны тамызған жөн. Көзді жыпылықтатпай және ашпай, қабақтарын абайлап жұмып, препарат сіңірілуі үшін шамамен 2 минуттай тұру керек. Содан соң құтыны жауып, препараттың қалдығын кетіру үшін қолды жуу керек.
Жағымсыз әсерлері
-
өтпелі гиперемия және конъюнктиваның тітіркенуі
Сирек
-
ұйқышылдық, бас айналу, бас ауыру, жүрек айну, әлсіздік, көрудің бұзылуы, ашушаңдық, шамадан тыс тер бөлінуі.
Препаратты ұзақ қолдану көз эпителийінің зақымдануын туындатуы мүмкін. Балаларда ұзақ және жиі қолдану ОЖЖ бәсеңдеуін, гипотермия мен команы туындатуы мүмкін.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
препарат компоненттеріне немесе адреномиметикалық дәрілерге жоғары сезімталдық
-
жабық бұрышты глаукома
-
"құрғақ көз" синдромы
-
артериялық гипертония
-
МАО тежегіштерімен және үшциклді антидепрессанттармен бір мезгілде қолдану
-
қалқанша без гиперфункциясы
-
8 жасқа дейінгі балалар
Сақтықпен: Препаратты дәрігердің кеңесінсіз 3-5 күннен артық қолданбаған жөн. Ұзақ қолдану көз эпителийінің зақымдануын туындатады.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Дәрілік препаратты моноаминооксидаза тежегіштерімен (МАО) немесе үшциклді антидепрессанттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды.
Цинкол препаратын көз ауруларын емдеуге арналған басқа препаратпен бір мезгілде қолданған жағдайда, препараттарды тамызу арасында кем дегенде 15-минуттық үзілісті сақтау қажет.
Айрықша нұсқаулар
Тамшыларды балаларға және егде жастағы емделушілерге шамадан тыс қолдану жағымсыз жүйелі реакцияларға әкелуі мүмкін.
Препараттың құрамында бензалконий хлориді болғандықтан, жұмсақ (гидрофильді) жанаспалы линзалар пайдаланатын емделушілерге, препаратты қолдану кезінде оларды көзден алуы керек және қайтадан 15 минут өтпей ерте тағуға болмайды. Бензалконий хлориді көздің тітіркенуін туындатуы және жанаспалы линзаның бояуын өзгертуі мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты анасы үшін болжанатын пайдасы ұрыққа төнетін ықтимал қауіптен асып түскен жағдайда ғана жүкті әйелдерге тағайындауға болады.
Препаратты әйелдерге бала емізу кезеңінде қолданғанда сақ болу керек.
Көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көрудің бұзылуын туындатуы мүмкін, сондықтан оны қолданғаннан кейін бірден автомобиль және қозғалыстағы механикалық құрылғылармен жұмыс істеуге болмайды.
Артық дозалануы
Симптомдары: препаратты, әсіресе кішкентай балаларда ұзақ немесе тым жиі қолдану ОЖЖ тежелуін, гипотермия және кома туындатуы мүмкін.
Емі: препарат артық мөлшерде түсіп кетсе көзді 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен немесе қайнаған бөлме температурасындағы сумен шаю керек, қажет болғанда симптоматикалық ем жүргізу.
Шығарылу түрі және қаптамасы
5 мл препараттан кепілдік сақинасы бар қақпақпен жабылған, тамшылатқышы бар полиэтилен құтыға құйылған.
2 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Құтыны алғаш ашқаннан кейінгі қолдану кезеңі – 4 апта.
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Варшава фармацевтикалық зауыты Польфа АҚ
Карольков к-сі 22/24, 01-207 Варшава, Польша
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
Варшава фармацевтикалық зауыты Польфа АҚ, Польша
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Adalan» ЖШС
Тимирязев к-сі 42, 23 пав., 202 кеңсе, 050010 Алматы қ.
тел. + 727 269 54 59
reg@adalan.kz