Цинарикс
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Цинарикс
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Қабықпен қапталған таблеткалар
Құрамы
Бip таблетканың құрамында
белсенді зат – 55 мг 80% бөрікгүл жапырақтары сығындысына баламалы 68,75 мг бөрікгүл жапырақтары құрғақ сығындысы,
қосымша заттар: коллоидты кpeмнийдің қостотығы, мальтодекстрин, целлактоза 80 (целлюлоза - 25%, лактоза моногидраты - 75%), Коповидон, Кросповидон, тазартылған тальк, магний стеараты,
қабықтың құрамы: сахароза, тазартылған тальк, титанның қостотығы (Е171), араб шайыры, метилцеллюлоза, кальций карбонаты, Повидон (Коллидон К30), 85% глицерол, коллоидты кpeмнийдің қостотығы, FD&С көк № 2 бояғыш алюминий лагы НТ (Е132), D&С сары № 10 бояғыш алюминий лагы НТ (Е 104), эудрагит Е 12,5, монтангликоль балауызы DAB.
Сипаттамасы
Дөңгелек пішінді, екі жағы дөңес, жылтыр, тегіс беткейімен, сары-жасыл түсті қабықпен қапталған таблеткалар
Фармакотерапиялық тобы
Өт шығару жолдары ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды АО5АХ
Фармакологиялық әсері
Фармакокинетикасы
Фармакологиялық белсенді кофеойлхин қышқылдарының, мысалы, хлороген қышқылы, кофеин қышқылы (оның метаболиттері) және лютеолин (флавоноид) үшін сіңу механизмдері белгісіз. Қан плазмасындағы кофеин қышқылының ең жоғары концентрациясы цинариксті ішке қабылдағаннан кейін 6-7 сағаттан соң байқалады. Хлороген қышқылының 33%-ы және кофеин қышқылының 100%-ы ішке қабылдағаннан кейін сіңеді.
Хлороген қышқылы асқазанда гидролизденеді, және кофеин қышқылы мен хин қышқылын түзеді. Метаболиттері несеппен бөлінеді. Кофеин қышқылы негізінен шумақтық сүзілу арқылы бөлінеді.
Фармакодинамикасы
Бөрікгүл жапырақтары сығындысының негізгі әсерін құрайтын ингредиенттер кофеойлхин қышқылы (CQAs), флавоноидтер (мысалы, лютеолин) және сесквитерпен лактондары болып саналады. CQAs өт сөлінісін арттырады, сонымен қатар диспепсияға оң ықпал етеді. Өт айдағыш әcepiне бөрікгүл сығындысын ішкеннен кейін 30 минуттың ішінде жетеді. Лютеолин арқылы асқын липидемияға қарсы әсер етеді, ол холестерин биосинтезін елеулі түрде басады. Эксперименттік жұмыстарда бауыр жасушасы жарғақшасының тотығу зақымдануын болдырмау салдарынан бауыр жасушаларына қатысты CQAs қорғаушы қасиеті бар екені көрсетілген.
Қолданылуы
- өт шығарудың бұзылуымен байланысты диспепсиялық бұзылыстарда және метеоризмде
-
өт шығару жолдарының созылмалы ауруларында
-
холецистэктомиядан кейінгі синдромда кешенді ем құрамында
-
липидті зат алмасуы бұзылғанда кешенді ем құрамында.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге тамақтанар алдында күніне үш рет 1-2 таблеткадан. Емнің ұзақтығын әр адамға жекелей және емдеуші дәрігер анықтайды.
Емдеу курсының ұзақтығы 2-3 апта.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну)
Жоғары дозаларда ұзақ қолданған кезде
- диарея
- іштің ауыруы.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
-
әсер етуші затқа немесе препарат құрамына кіретін басқа да компоненттерге жоғары сезімталдық
-
бауырдың ауыр дисфункциясы
-
өттас ауруы
-
өт қабы эмпиемасы
-
фруктоза/галактозаны көтере алмаушылық, Лапп лактаза тапшылығы немесе галактоза-глюкоза мальабсорбциясы
-
жүктілік және лактация кезеңі
-
18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
12 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.
2 немесе 5 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.
Сақтау шарттары
25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
"Монтавит Гес.м.б.Х», Австрия
Тіркеу куәлігінің иесі
"Монтавит Гес.м.б.Х», Австрия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«ратиофарм Қазақстан» ЖШС, Алматы қ., Әл-Фараби д-лы, 19, «Нұрлы-Тау» БО, 1Б, 603 кеңсе, тел. (727) 311 09 16, факс (727) 311 07 34, e-mail: teva@teva.kz