Цилозек

МНН: Цилостазол
Производитель: Пабяницкий фармацевтический завод Польфа АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Цилостазол
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022681
Информация о регистрации в РК: 20.01.2017 - 20.01.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Цилозек

Халықаралық патенттелмеген атауы

Цилостазол

Дәрілік түрі

Таблеткалар, 100 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 100 мг цилостазол,

қосымша заттар: жүгері крахмалы, микрокристалды целлюлоза (101), гипромеллоза (Е5), кальций кармеллозасы, магний стеараты.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, тегіс беткейлі, бір жағында «100» өрнегі бар, диаметрі 7.8-ден 8.2 мм дейінгі ақ немесе ақ дерлік түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы  

Антикоагулянттар, тромбоциттер агрегациясының тежегіштері (гепаринді қоса). Цилостазол.

АТХ коды B01AC23

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Шеткері тамыр аурулары бар пациенттерде тәулігіне 2 рет 100 мг дозадағы цилостазол жүйелі қабылданғанда тұрақты жағдайға 4 күн ішінде жетеді. Цилостазол мен оның айналымдағы негізгі метаболиттерінің Cmax мәні дозаның арттырылуына аз пропорционалды артады. Дегенмен де, цилостазол мен оның метаболиттерінің AUC мәні дозаға жуық пропорционалды артады. Цилостазолдың айқын жартылай шығарылу кезеңі 10,5 сағат құрайды. Препараттың екі негізгі метаболиті – дигидро-цилостазол мен 4'-транс-гидрокси-цилостазол бар, олардың жартылай шығарылу кезеңдері шамамен бірдей. Дигидро-метаболиттің, бастапқы қосылысқа қарағанда, тромбозға қарсы белсенділігі 4-7 есе жоғарырақ, ал 4'-транс-гидроксиметаболит белсенділігі бастапқы қосылыстан 5 есе аз. Қан плазмасындағы дигидро-метаболит және 4`-транс-гидроксиметаболит концентрациялары (AUC көмегімен алынған) шамамен 41% және, тиісінше, цилостазол концентрациясынан 12% құрайды.

Цилостазол көбінесе метаболизм жолымен шығарылып, метаболиттердің несеппен экскрециялануына ұласады. Препарат метаболизміне қатысатын негізгі изоферменттері Р-450 цитохромының ферменттері, атап айтқанда, CYP3A4, аз дәрежеде CYP2C19 және одан да аз дәрежеде CYP1A2 болып табылады.

Негізгі шығарылу жолы – несеппен (74%), қалған мөлшерлері нәжіспен шығарылады. Өзгермеген цилостазолдың болымсыз мөлшерлері несеппен шығарылады және 2% доза дигидро-метаболит түрінде шығарылады. Дозаның 30% шамасы 4'-транс-гидроксиметаболит түрінде несеппен шығарылады. Организмнен қалған мөлшері метаболиттер түрінде шығарылады, олардың бір де бірі организмнен шығарылған жалпы мөлшердің 5%-нан аспайды.

Цилостазол ақуыздармен, көбінесе альбуминмен 95-98% байланысады.

Дигидро-метаболит және 4'-транс-гидроксиметаболит ақуыздармен, тиісінше, 97,4% және 66% байланысады.

Цилостазол бауырдың микросомалық ферменттерінің белсенділігін индуциялайтыны туралы деректер жоқ.

Цилостазол және оның метаболиттерінің фармакокинетикасы 50-80 жастағы дені сау пациенттерде жас немесе жыныс ерекшелігіне елеулі байланысты емес.

Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде, бүйрек функциясы қалыпты пациенттерге қарағанда, цилостазолдың бос фракциясы 27% жоғары, ал Cmax және AUC мәндері тиісінше 29% және 39% төмен болды. Бүйрек функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерде, бүйрек функциясы қалыпты тұлғалармен салыстырғанда, дигидро-метаболиттің Cmax және AUC мәндері, тиісінше, 41% және 47% төмен болды. Бүйрек функциясының бұзылуы ауыр пациенттерде 4'-транс-гидрокси-цилостазол Cmax және AUC мәндері 173% және 209% жоғары болды. Препаратты креатинин клиренсі ≤ 25 мл/мин пациенттерге тағайындауға болмайды.

Бауыр функциясының орташа және ауыр бұзылуы бар пациенттерге қатысты деректер жоқ, сондықтан, цилостазолдың бауыр ферменттерімен белсенді метаболизденетінін ескеріп, препаратты ондай пациенттерде қолдануға болмайды.

Фармакодинамикасы

Цилостазол тромбоциттер агрегациясының тежегіші болып табылады. Цилостазол жүгіріс жолында тестілегенде мезгіл-мезгіл ақсаңдау кезіндегі абсолютті арақашықтық (немесе жүрістің ең ұзақ арақашықтығы — ЖЕА) бойынша және мезгіл-мезгіл ақсаңдау кезіндегі бастапқы арақашықтық (немесе жүрістің ауырсынусыз арақашықтығы  — ЖАА) бойынша бағаланатын дене жүктемесін көтеру қабілетін жақсартады. Цилостазол тәулігіне екі рет 100 мг дозада қабылданғанда, 24 апта емделуден кейін ЖЕА қашықтығының орташа ұзаруы, орта есеппен, 60,4-тен 129,1 метрге дейін құрады, ал ЖАА қашықтығының орташа ұзаруы 47,3-тен 93,6 метрге дейін құрады.

Әртүрлі жүктемелер кезіндегі зерттеулер нәтижелері бойынша, тәулігіне екі рет 100 мг цилостазол қабылданғанда, плацебомен салыстырғанда, ЖЕА 42 метр едәуір абсолютті жақсаруы анықталған. Бұл, плацебомен салыстырғанда, 100% салыстырмалы жақсаруға сәйкес келеді. Бұл әсер, диабеттен зардап шекпейтін тұлғалармен салыстырғанда, қант диабеті бар пациенттерде аз білінді. Цилостазол тамыр кеңейтетін әсер көрсетеді, бұл тензометриялық плетизмография көмегімен аяқтарда қан ағымын өлшеумен расталған.

Цилостазол тегіс бұлшықет жасушаларының пролиферациясын бәсеңдетіп, тромбоциттердің тромбоцитарлық өсу факторын босатып шығару реакциясын және тромбоциттердегі PF-4 тежейді. Зерттеулер цилостазолдың тромбоциттер агрегациясының қайтымсыз тежелісін туындататынын көрсетті. Тежеу әсері бірқатар агреганттарға (арахидон қышқылын, коллаген, АДФ және адреналинді қоса) қатысты көрініс береді; осы әсер 12 сағатқа дейін сақталады, ал цилостазол қабылдауды тоқтатудан кейін күрт гиперагрегациясының жауап әсерінсіз агрегацияның қалыпқа келуі 48-96 сағат ішінде жүрді. Цилостазол қабылдайтын пациенттерде препараттың плазма айналымындағы липидтерге әсер етуіне баға берілді. 12 апта емделуден кейін тәулігіне екі рет 100 мг дозада цилостазол, плацебомен салыстырғанда, триглицеридтер (ТГ) деңгейінің 0,33 ммоль/л (15%) төмендеуіне және ТЖЛП холестерині (ТЖЛП-Хс) деңгейінің 0,10 ммоль/л (10%) жоғарылауына әкелді.

Қолданылуы

- тыныш күйде ауыруды сезінбейтін және шеткері тіндер некрозының белгілерімен (Фонтейн бойынша II сатыдағы шеткері артериялар аурулары) мезгіл-мезгіл ақсаңдауы бар пациенттерде ауырсынусыз жүріс (ЖАА) ұзақтығының артуында

- екінші желідегі ем ретінде өмір салты өзгерген пациенттерде (шылым шегуден бас тартуды және дене жаттығуларының [бақыланатын] бағдарламаларын қоса) және басқа тиісті араласулар мезгіл-мезгіл ақсаңдау симптомдарының жеткілікті жақсаруына әкелмеген

 

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты таңертең және кешкілік ас ішуден 30 минут бұрын қабылдау керек. Тамақтану кезінде цилостазол қабылдау қан плазмасында цилостазолдың ең жоғары концентрациясын (Cmax) ұлғайтып, жағымсыз әсерлер қаупін арттыруы мүмкін.

Ұсынылатын цилостазол дозасы тәулігіне 2 рет 100 мг құрайды.

Цилозек емін мезгіл-мезгіл ақсаңдауды емдеу тәжірибесі бар дәрігерлер тағайындауы тиіс.

Дәрігер қажетті әсері немесе симптомдардың жақсаруы болмаған жағдайда тоқтату мақсатында 3 ай емделуден кейін пациентті қайта тексеруі тиіс.

Цилозек қабылдайтын пациенттерде жүрек-қантамыр құбылыстарының даму қаупін азайту үшін өмір салтын өзгертуді (шылым шегуден және дене жаттығуларынан бас тарту) және фармакологиялық араласулардыысалы, липид-төмендететін антитромбоцитарлық дәрілер) жалғастыруды ұстану керек. Цилостазол аталған емдеу түрлерін алмастырмайды.

Дозаны тәулігіне екі рет 50 мг дейін азайту CYP3A4 қуатты тежегіштері болып табылатын дәрілік заттарды, мысалы, кейбір макролидтік препараттарды, азолдар тобындағы зеңге қарсы дәрілерді, протеаза тежегіштерін немесе CYP2C19 қуатты тежегіштері болып табылатын дәрілік заттарды, мысалы, омепразол қабылдайтын пациенттерге ұсынылады.

Егде жастағы пациенттер

Пациенттердің осы санатында дозаны түзету қажет емес.

Балалар және жасөспірімдер

Препаратты қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты деректер болмауына орай балаларға тағайындау ұсынылмайды.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Креатинин клиренсі > 25 мл/мин пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Препарат креатинин клиренсі ≤ 25 мл/мин пациенттерге қарсы көрсетілімді.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр ауруларының жеңіл түрлері бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес. Бауыр функциясының орташа немесе ауыр бұзылуы бар пациенттерге қатысты деректер жоқ. Цилостазол бауыр ферменттерімен белсенді метаболизденетіндіктен, ол бауыр функциясының бұзылуы орташа немесе ауыр пациенттерге қарсы көрсетілімді.

 

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (≥ 1/10)

  • бас ауыру

  • диарея, нәжістің бұзылуы

Жиі (> 1/100-ден <1/10 дейін)

  • экхимоз

  • ісінулер (шеткері, бет), анорексия

  • бас айналу

  • жүректің қатты соғуы, тахикардия, стенокардия, аритмия, қарыншалық экстрасистолия

  • ринит, фарингит

  • жүрек айну, құсу, диспепсия, метеоризм, іштің ауыруы

  • бөртпе, қышыну

  • кеуде қуысының ауыруы, астения

Жиі емес (> 1/1 000-нан <1/100 дейін)

  • анемия

  • аллергиялық реакция

  • гипергликемия, қант диабеті

  • үрейлі мазасыздық, ұйқысыздық, әдеттен тыс түстер көру

  • миокард инфарктісі, жүрекшелер фибрилляциясы, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, қарыншаүстілік тахикардия, қарыншалық тахикардия, естен тану

  • көзге қан құйылу, мұрыннан қан кету, асқазан-ішектен қан кету, этиологиясы анық емес қан кету, ортостатикалық гипотензия

  • ентігу, пневмония, жөтел

  • гастрит

  • миалгия

  • бүйрек жеткіліксіздігі, бүйрек функциясының бұзылуы

  • қалтырау, дімкәстану

Сирек (> 1/10 000-нан <1/1 000 дейін)

  • көп ұзаққа созылатын қан кету, тромбоцитемия

Белгісіз (жиілігін қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес)

  • қан кетулерге бейімділік, тромбоцитопения, гранулоцитопения, агранулоцитоз, лейкопения, панцитопения, апластикалық анемия

  • парез, гипоэстезия

  • конъюнктивит

  • құлақтың шыңылдауы

  • ысынып кету, гипертензия, гипотензия, миға қан құйылу, өкпеден қан кету, бұлшықеттен қан кету, тыныс алу жолдарында қан кету, тері астындағы қан құйылулар

  • интерстициальді пневмония

  • гепатит, бауыр функциясының бұзылуы, сарғаю

  • экзема, тері бөртпесі, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, есекжем

  • гематурия, поллакиурия

  • қызба, ауыру

  • несеп қышқылының жоғары деңгейі, қандағы мочевинаның жоғары деңгейі, қандағы креатининнің жоғары деңгейі

Тіркеуден кейінгі кезеңде байқалған реакциялар жағдайларының жиілігі белгісіз болып саналады (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес).

Цилостазолды рефлекторлы тахикардияны туындататын басқа вазодилататорлармен, мысалы, кальций өзекшелерінің дигидропиридиндік блокаторларымен біріктірілімде қабылдағанда жүректің қатты соғу және шеткері ісінулер жағдайлары жиілігінің артуы байқалды.

Цилостазол қабылдаған ≥ 3% пациентте емдеуді тоқтатуды талап ететін бірден бір жағымсыз әсері бас ауыру болды. Басқа да кең таралған емдеуді тоқтату себептеріне жүректің қатты соғуы және диарея (1,1% жиілігімен кездескен) жатады.

Цилостазол өз алдына қан кету қаупінің артуымен байланысты болуы мүмкін, ал бұл қауіп препаратты дәл сондай әсер көрсететін кез келген басқа дәрілік затпен бір мезгілде қабылдағанда артуы мүмкін.

Қант диабеті бар пациенттерде көзішілік қан кетулер қаупі жоғары болуы мүмкін.

70 жастан асқан пациенттерде диарея мен жүректің қатты соғу жағдайларының жоғары жиілігі байқалды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • бүйрек функциясының ауыр бұзылуы (креатинин клиренсі ≤ 25 мл/мин)

  • бауыр функциясының орташа немесе ауыр бұзылуы

  • іркілісті жүрек жеткіліксіздігі

  • кез келген белгілі қан кетулерге бейімділік (мысалы, асқазан мен он екі елі ішек ойық жарасының белсенді түрі, таяуда (6 ай ішінде) өткерілген геморрагиялық инсульт, пролиферациялық диабеттік ретинопатия, нашар бақыланатын гипертензия)

  • анамнезде QT аралығының ұзаруымен тиімді немесе тиімсіз бақыланатын қарыншалық тахикардия, қарыншалар фибрилляциясы немесе қарыншалық мультифокальді эктопия

  • анамнездегі ауыр тахиаритмия

  • екі немесе одан көп қосымша антитромбоцитарлық дәріні немесе антикоагулянтты (мысалы, ацетилсалицил қышқылы, клопидогрел, гепарин, варфарин, аценокумарол, дабигатран, ривароксабан немесе апиксабан) бір мезгілде қабылдау

  • анамнездегі тұрақсыз стенокардия, миокард инфарктісі немесе коронарлық араласу (соңғы 6 ай ішіндегі)

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Тромбоциттер агрегациясының тежегіштері

Цилостазол антитромбоцитарлық белсенділігі бар ФДЭ III тежегіші түрінде болады. Оны дені сау тұлғаларда 5 күн бойы тәулігіне екі рет 150 мг дозада қолдану қан кету уақытының ұзаруына әкелмеген.

Ацетилсалицил қышқылы (АСҚ)

Қысқа уақыт ішінде (4 күнге дейін) цилостазолмен бір мезгілде АСҚ қолдану, монотерапия ретінде қолданылатын АСҚ-мен салыстырғанда, АДФ-индукцияланған тромбоциттер агрегациясы тежелісінің 23-25% артуына алып келді.

Цилостазол және АСҚ қабылдаған пациенттерде, плацебо және баламалы АСҚ дозаларын қабылдаған пациенттермен салыстырғанда, геморрагиялық жағымсыз құбылыстар жиілігі жоғарылауының ешқандай айқын белгілері байқалмаған.

Клопидогрел және басқа да агрегантқа қарсы дәрілер

Цилостазолды клопидогрелмен бір мезгілде қолдану тромбоциттер санына, протромбин уақытына (ПУ) және ішінара белсендірілген тромбопластин уақытына (іБТУ) ықпал етпеген. Зерттеудің барлық дені сау қатысушыларында клопидогрелді монотерапия ретінде қабылдағанда қан кету уақытының ұзаруы байқалған, ал оны цилостазолмен бір мезгілде қабылдау қан кету уақытына елеулі қосымша әсерін тигізбеген. Цилостазол тромбоциттер агрегациясын тежейтін кез келген препаратпен бір мезгілде қолданғанда сақ болуға кеңес беріледі. Қан кету уақытына мезгіл-мезгіл мониторинг мүмкіндігін қарастыру керек. Цилостазолмен емдеу екі немесе одан көп қосымша антитромбоцитарлық/ антикоагулянттық дәрі қабылдайтын пациенттерге қарсы көрсетілімді.

CASTLE зерттеуі барысында клопидогрел, АСҚ және цилостазолды бір мезгілде қолданғанда қан кету жағдайларының жоғарырақ жиілігі байқалды.

Варфарин типті ішуге арналған антикоагулянттар

Цилостазол бір мезгілде қабылдағанда варфарин метаболизмін бәсеңдетпеген және қанның ұю параметрлеріне (ПУ, іБТУ, қан кету ұзақтығы) ықпал етпеген. Дегенмен де, цилостазолды кез келген антикоагуляциялық препаратпен қабылдайтын пациенттерде сақ болуға және қан кетудің туындау мүмкіндігін азайта түсу үшін мезгіл-мезгіл мониторинг өткізуге кеңес беріледі.

Цилостазолмен емдеу екі немесе одан көп қосымша антитромбоцитарлық/антикоагулянттық дәрі қабылдайтын пациенттерге қарсы көрсетілімді.

Р-450 (CYP) цитохромы тежегіштері

Цилостазол CYP цитохромы жүйесінің, әсіресе, CYP3A4 және CYP2C19, ал аз дәрежеде CYP1A2 ферменттерімен қарқынды метаболизденеді. Тромбоциттер агрегациясын цилостазолдан 4-7 есе белсендірек тежейтін дигидро-метаболит, ықтималды түрде, CYP3A4 қатысуымен түзіледі. 4`-транс-гидроксиметаболиттің цилостазолдан 5 есе белсенділігі аз, CYP2C19 қатысуымен түзілуі ықтимал. Сондықтан CYP3A4 ысалы, кейбір макролидтер, азолдар тобының зеңге қарсы дәрілері, протеаза тежегіштері) немесе CYP2C19 (протонды сорғы тежегіштері) белсенділігін тежейтін препараттар жалпы фармакологиялық белсенділікті арттырады және цилостазолдың жағымсыз әсерлерін аса зор күшейтуі мүмкін. Осылайша, CYP3A4 немесе CYP2C19 қуатты тежегіштерін бір мезгілде қабылдайтын пациенттерге ұсынылатын доза тәулігіне екі рет 50 мг құрайды.

Цилостазолды эритромицинмен (CYP3A4 тежегіші) қабылдау цилостазол AUC мәнінің 72% артуына алып келді, бұл дигидро-метаболит AUC 6% артуымен және 4`-транс-гидроксиметаболит AUC 119% артуымен қатар жүрген. Цилостазолдың жалпы фармакологиялық белсенділігі оны эритромицинмен бірге қабылдағанда AUC мәндерінің есебімен 34% артады. Осы деректер негізінде ұсынылатын цилостазол дозасы эритромицинмен және сол сияқты дәрілермен ысалы, кларитромицин) бір мезгілде қабылдағанда тәулігіне 2 рет 50 мг құрайды.

Кетоконазолды (CYP3A4 тежегіші) цилостазолмен бір мезгілде қолдану цилостазол AUC 117% артуына әкеліп, дигидро-метаболит AUC 15% төмендеуімен және 4`-транс-гидроксиметаболит AUC 87% артуымен қатар жүрді. Цилостазолдың жалпы фармакологиялық белсенділігі кетоконазолмен бір мезгілде қолданғанда AUC мәндерінің есебімен 35% артады. Осы деректер негізінде ұсынылатын цилостазол дозасы кетоконазолмен және сол сияқты дәрілермен (мысалы, итраконазол) бір мезгілде қабылдағанда тәулігіне екі рет 50 мг құрады.

Цилостазолды дилтиаземмен (CYP3A4 әлсіз тежегіші) қолдану цилостазол AUC 44% артуына алып келді, бұл дигидро-метаболит AUC 4% артуымен және 4`-транс-гидроксиметаболит AUC 43% артуымен қатар жүрді. Цилостазолдың жалпы фармакологиялық белсенділігі дилтиаземмен бір мезгілде қабылдағанда AUC мәндерінің есебімен 19% артады. Осы деректерді негізге алғанда, дозаны түзету қажет емес.

100 мг цилостазолды 240 мл грейпфрут шырынымен (ішектік CYP3A4 тежегіші) бір рет қабылдау цилостазол фармакокинетикасына байқалатын ықпалын тигізбеген. Осыған орай, дозаны түзету қажет емес. Дегенмен де, грейпфрут шырынын көп көлемде ішу цилостазол фармакокинетикасына клиникалық мәнді әсер етуі мүмкін.

Цилостазолды омепразолмен (CYP2C19 тежегіші) қолдану цилостазол AUC 22% артуына алып келді, бұл дигидро-метаболит AUC 68% артуымен және 4`транс-гидроксиметаболит AUC 36% төмендеуімен қатар жүрген. Цилостазолдың жалпы фармакологиялық белсенділігі омепразолмен бір мезгілде қабылдағанда AUC мәндерінің есебімен 47% артады. Осы деректер негізінде ұсынылатын цилостазол дозасы омепразолмен бір мезгілде қабылдағанда тәулігіне екі рет 50 мг құрайды.

Р-450 цитохромы ферменттерінің субстраттары

Цилостазол ловастатин (CYP3A4 сезімтал субстраты) және оның β-гидроксиқышқылының AUC мәнін 70% арттырған.

Цилостазолды емдік индексі шектеулі CYP3A4 субстраттарыменысалы, цизаприд, галофантрин, пимозид, қастауыш туындылары) бір мезгілде қабылдағанда абайлап қолдану ұсынылады.

Цилостазол CYP3A4 цитохромы ферменттерімен метаболизденетін статиндермен, мысалы, симвастатин, аторвастатин және ловастатинмен бір мезгілде қолданылған жағдайда сақ болу керек.

Р-450 цитохромы ферменттерінің индукторлары

CYP3A4 және CYP2C19 индукторларының (карбамазепин, фенитоин, рифампицин және шайқурай сияқты) цилостазол фармакокинетикасына ықпалы зерттелмеген. Цилостазолды CYP3A4 және CYP2C19 индукторларымен бір мезгілде қабылдағанда мұқият бақылау керек болатын антиагреганттық әсердің теориялық тұрғыда өзгеріске ұшырау мүмкіндігі бар.

Клиникалық сынақтарда темекі тарту (CYP1A2 ферменті белсенділігін индукциялайтын) плазмада цилостазол концентрациясының 18% төмендеуіне әкелді.

Басқа да ықтималды өзара әрекеттесулер

Цилостазолды артериялық қысымды төмендетуге қабілетті кез келген басқа дәрімен бір мезгілде қолданғанда, рефлекторлы тахикардиямен қатар жүретін аддитивті гипотензиялық әсердің дамуы мүмкін екендіктен, сақтық шарасын қадағалау керек.

Айрықша нұсқаулар

Цилостазолмен емдеу ұтымдылығын реваскуляризация сияқты басқа да емдеу нұсқаларымен қатар мұқият бағалау керек.

Өзінің әсер ету механизміне орай, цилостазол тахикардия, жүрек қағу, тахиаритмия және/немесе гипотензияны туындатуы мүмкін. Цилостазолмен астасқан жүректің жиырылу жиілігінің артуы минутына шамамен 5-тен 7 ретке дейін соғуды құрайды; сондықтан осы құбылыс қаупі бар пациенттерде препарат стенокардияны туғызуы мүмкін.

Жүректің жиырылу жиілігінің жоғарылауы нәтижесінде жүрек тарапынан күрделі жағымсыз әсерлердің жоғары қаупіне ұшырауы мүмкін пациенттерді, мысалы, тұрақты ишемиялық жүрек ауруы бар пациенттерді цилостазолмен емдеу кезінде мұқият қадағалау керек; цилостазолдың соңғы 6 ай ішінде тұрақсыз стенокардия немесе миокард инфарктісін/коронарлық араласуды өткерген немесе анамнезінде ауыр тахиаритмиясы бар пациенттерге қарсы көрсетілімді.

Цилостазолды жүрекшелік немесе қарыншалық эктопиясы бар пациенттерге немесе жүрекшелер фибрилляциясы мен дірілдеуі бар пациенттерге тағайындағанда сақ болу керек.

Пациенттерге емделу кезінде байқалатын кез келген қан кету көріністері немесе қанталаулар, көгерулердің жиі түзілуі туралы хабарлау қажет екенін ескерту керек. Торқабыққа қан құйылу жағдайында цилостазол қабылдауды тоқтату керек.

Цилостазолдың антиагрегантты әсері бар екеніне байланысты, хирургиялық араласумен (тіс жұлдыру сияқты мардымсыз инвазиялық араласуларды қоса) біріктірілімде препаратпен емделгенде қан кету қаупі жоғарылауы мүмкін. Егер пациент жоспарлы операция жасалатын болса, ал антиагрегантты әсер қажет болмаса, цилостазол қабылдау операциядан 5 күн бұрын тоқтатылуы тиіс.

Гематологиялық бұзылулардың сирек немесе өте сирек жағдайлары, соның ішінде тромбоцитопения, лейкопения, агранулоцитоз, панцитопения және апластикалық анемия хабарланған. Цилостазолмен емделуді тоқтатқан соң көптеген пациенттердің жағдайы қалыпқа түсті. Дегенмен де, кейбір жағдайларда панцитопения мен апластикалық анемия өліммен аяқталды.

Қан кету немесе қанталаулардың жиі түзілу көріністері туралы хабарламалардан тыс, пациенттерді қандағы патологиялық өзгерістердің, мысалы, гипертермия және тамақтың ауыруы сияқты кез келген басқа ерте белгілері туралы кідіріссіз хабарлау қажеттілігін ескерту керек. Инфекциядан күдіктенген немесе қандағы патологиялық өзгерістердің басқа клиникалық белгілері болған жағдайда жалпы қан талдауы жасалуы тиіс. Гематологиялық бұзылулардың клиникалық немесе зертханалық белгілері болғанда, цилостазолмен емдеу дереу тоқтатылуы тиіс.

CYP3A4 және CYP2C19 қуатты тежегіштерін қабылдаған пациенттерде плазмада цилостазол деңгейлерінің жоғарылауы байқалды. Ондай жағдайларда ұсынылатын цилостазол дозасы тәулігіне екі рет 50 мг құрайды.

Цилостазолды артериялық қысымды түсіруге қабілетті кез келген басқа дәрімен бір мезгілде қолданғанда, рефлекторлы тахикардиямен қатар жүретін аддитивті гипотензиялық әсерінің дамуы мүмкін екендіктен, сақ болу керек.

Цилостазолды тромбоциттер агрегациясын тежейтін кез келген басқа дәрілермен бір мезгілде қолданғанда сақтық шарасын қадағалау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Бас айналуын туғызуы мүмкін, сондықтан пациенттерге көлік құралын және аса қауіпті механизмдерді басқару кезінде сақтық таныту қажет екенін ескерту керек.

 

Артық дозалануы

Симптомдары: қатты бас ауыру, диарея, тахикардия, жүрек аритмиялары. Адамдарда жедел артық дозалануы туралы деректер жеткіліксіз.

Емі: пациенттер қадағалауда болуы және демеуші ем қабылдауы тиіс. Препаратты асқазаннан шығару үшін оны шаю немесе нақты жағдайға қарай құстыру қажет.

  

Шығарылу түрі және қаптамасы

ПВХ/ПА/ПВДХ үлбірінен / алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 10 таблеткадан салады. Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 10 таблеткадан пішінді 3 қаптама картон қорапшаларға салынады.

Сақтау шарттары

25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өтінім беруші

Adamed Limited Liability Company

Pieńków 149, 05-152, Czosnów, Польша

Өндіруші

Pharmaceutical Works Polfa in Pabianice Joint Stock Company.

5, marsz. J. Piłsudskiego Str., 95-200 Pabianice, Польша

Тіркеу куәлігінің иесі

Adamed Limited Liability Company

Pieńków 149, 05-152, Czosnów, Польша

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Пабьяницкий фармацевтикалық зауыты Польфа» АҚ ҚР өкілдігі 059000, Алматы қ., Абай даңғылы, 109В үй, «Глобус» бизнес орталығы, 13 қабат, 13-2 кеңсе. Тел./факс: +7(727) 2776977. E-mail: info.kz@adamed.com.pl

Прикрепленные файлы

194841891498795351_ru.doc 124.5 кб
669126051498795884_kz.doc 161.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники