Циклоферон® (таблетки)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
ЦИКЛОФЕРОН®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Ішекте еритін қабықпен қапталған 150 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында:
белсенді заттар 150 мг меглюмин акридонацетаты, акридонсірке қышқылына шаққанда келесі жазба бойынша алынған: 150 мг акридонсірке қышқылы, 146 мг N-метилглюкамин (меглюмин)
қосымша заттар: повидон, кальций стеараты, гипромеллоза, полисорбат 80
ішекте еритін қабық: метакрил қышқылы және этилакрилат сополимері, пропиленгликоль.
Сипаттамасы
Екі беті дөңес, сары түсті, ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Басқа да иммуностимуляторлар.
АТХ коды L03АХ
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Тәуліктік дозаны қабылдаған кезде қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына 2-3 сағаттан кейін жетеді, 8-ші сағатқа қарай концентрациясы біртіндеп төмендейді, ал 24 сағаттан кейін Циклоферон- ның ізі ғана қалады. Препараттың жартылай шығарылу кезеңі 4-5 сағатты құрайды, сондықтан оны ұсынылған дозада пайдалану организмде жинақталуына жағдай жасамайды.
Фармакодинамикасы
Циклоферон бастапқы интерферонның төменмолекулярлы индукторы болып табылады, бұл оның биологиялық әсерінің спектрін: енгізілген сәтінен бастап тәулік бойы альфа- және гамма-интерферон өндірілуін туындата отырып, вирусқа қарсы, иммунмодулдегіш, қабынуға қарсы және т.б. анықтайды.
Препаратпен интерферон синтезін ынталандыру сәйкес геннің транскрипциясы деңгейінде жүреді және трансляция жылдамдығының жоғарылауы, мРНҚ IFNα немесе мРНҚ – рибосома кешенінің тұрақтануы, сондай - ақ бұрын синтезделген интерферонның шығарылуы секілді оның посттранскрипциялық үдерістерге әсеріне байланысты емес.
Препараттың иммунорегуляторлық қасиеттері негізінен интерферондар жүйесі арқылы, дәлірек айтсақ альфа- және гамма-интерферонды белсенділендіру арқылы жүреді.
Циклоферон оның өндірілуі жоғарылағанда иммунитеттің Т-жасушалы тізбегін қалпына келтіруге ықпал етеді: СD3+ (Т-лимфоциттер), СD4+ (Т-хелперлер) субпопуляциясы деңгейін, сондай - ақ СD16+ (NK-жасушалар), CD8+, CD72+ мөлшерін және иммунорегуляторлық индексті қалпына келтіреді.
Препараттың вирусты жұқпаларда тікелей әсері вирус репликациясын бұзуға, вирустық ДНҚ немесе РНҚ - ның капсидтерге инкорпорациясын бөгеуге, ақаулы вирус бөлшектерінің мөлшерінің артуына, жасушалардағы вирусиндукцияланған ақуыздар синтезін төмендетуге байланысты.
Қолданылуы
Ересектерде кешенді ем құрамында
-
тұмау және жедел респираторлы аурулар
-
герпестік жұқпа
-
ішектің жедел жұқпалары (шигеллёз, иерсиниоз)
-
созылмалы вирусты В және С гепатиттер
-
созылмалы бактериялық және зеңдік жұқпалармен астасқан салдарлы иммунтапшылығы
Балаларда 6 жастан бастап кешенді ем құрамында
-
тұмау және жедел респираторлы аурулар
-
герпестік жұқпа
-
созылмалы вирусты В және С гепатиттер
-
ішектің жедел жұқпалары (шигеллёз, иерсиниоз)
Балаларда 6 жастан алдын алу үшін:
-
тұмау және жедел респираторлы аурулар
Қолдану тәсілі және дозалары
Ішке тәулігіне бір рет ас қабылдағанға дейін 30 минут бұрын, шайнамай ½ стакан сумен іше отырып, дене салмағына 10 мг/кг есеппен, жасына қарай дозада қабылдайды:
6 жастағы балаларға: қабылдауға 150 мг (1 таблетка), ең жоғары тәуліктік доза 150 мг (1 таблетка);
7–11жастағы балаларға: қабылдауға 300–450 мг (2–3 таблетка), ең жоғары тәуліктік доза 450 мг (3 таблетка);
ересектер мен12жастан асқан балаларға: қабылдауға 450–600 мг (3–4 таблетка), ең жоғары тәуліктік доза 900 мг (6 таблетка).
Қайталау курсын алғашқы курсы аяқталғаннан кейін 2–3 аптадан соң жүргізу мақсатқа сай.
Ересектерде:
-
Тұмау мен жедел респираторлық ауруларды емдеуде препаратты 600 мг-дан (4 таблетка) 1, 2, 4, 6, 8-ші тәулікте қабылдайды. Емдеуді аурудың алғашқы симптомдарында бастау керек. Тұмаудың ауыр ағымында алғашқы күні 600-900 мг (4-6 таблетка) қабылдайды, ары қарай жасына байланысты дозада. Қажет болғанда қосымша симптоматикалық ем жүргізеді (ыстық түсіретін, ауыруды басатын, қақырық түсіретін дәрілер). Емдеу курсы (20–30 таблетка).
-
Герпестік жұқпада препаратты 300-600 мг-дан (2-4 таблетка) 1, 2, 4, 6, 8, 11, 14, 17, 20, 23-ші тәулікте қабылдайды. Емдеу аурудың алғашқы симптомдары білінгенде тиімді. Емдеу курсы (20–40 таблетка).
-
Ішектің жедел жұқпаларының кешенді емінде базалық курспен 300 мг-дан (2 таблетка) 1, 2, 4, 6, 8 күні және ары қарай 300 мг-дан (2 таблетка) 11, 14,17, 20 және 23 күні қабылдайды. Емдеу курсы 20 таблетка.
-
Созылмалы вирустық В және С гепатитінде препаратты 600 мг-дан (4 таблетка) емдеудің 1, 2, 4, 6, 8, 11, 14, 17, 20 және 23 тәулігінде және ары қарай демеуші сызба бойынша 2,5 ай ішінде 3-5 күнде 1 рет патологиялық процесстің репликативтік және цитолитикалық белсенділігі сақталғанда қабылдайды. Емдеу курсы 100-150 таблетка. Созылмалы С гепатитінде және гепатиттің микст-түрлерінде емдеу курсын алдыңғы ем аяқталғаннан кейін бір айдан кейін міндетті түрде тағы бір екі рет қайталайды. Интерферонмен және вирусқа қарсы препараттармен біріктіру ұсынылады.
-
Иммунтапшылығы жағдайында қабылдауға 300 мг-дан (2 таблетка) базалық курс 1, 2, 4, 6, 8, 11, 14, 17, 20, 23 тәулікте қабылдайды. Емдеу курсы 20 таблетка.
6 жастан асқан балаларда:
-
Тұмау мен жедел респираторлық ауруларда, сондай- ақ тұмау мен жедел респираторлық аурулардың (тұмау немесе басқа этиологиядағы ЖРА науқастармен тікелей жанасуда, тұмау эпидемиясы кезінде) жедел спецификалық емес профилактикасы үшін препаратты жасына сәйкес дозаларда 1, 2, 4, 6, 8, 11, 14, 17, 20, 23 тәулікте қабылдайды. Емдеу курсы жағдайының ауырлығына және клиникалық симптомдарының айқындығына байланысты 5- тен 10 қабылдауға дейінді құрайды.
-
Герпестік жұқпада препаратты жасына сәйкес дозада емдеудің 1, 2, 4, 6, 8, 11, 14-ші тәулігінде қабылдайды. Емдеу курсы жағдайының ауырлығына және клиникалық симптомдарының айқындығына байланысты ауытқиды.
-
В және/немесе С гепатитінің созылмалы түрінде препаратты қабылдау аралығы 48 сағатпен жасына сәйкес дозада тағайындайды. Емдеу курсы жасына байланысты 50-150 таблетка.
-
Ішектің жедел жұқпаларында препаратты жасына байланысты дозаларда емдеудің 1, 2, 4, 6, 8, 11 күні тәулігіне 1 рет тағайындайды. Емдеу курсы 6-24 таблетка.
Жағымсыз әсерлері
Сирек:
– тері бөртпесі түріндегі аллергиялық реакциялар
– созылмалы гастриттің өршуі
– нейродермиттің өршуі
– созылмалы холециститтің өршуі
Қолдануға болмайтын жағдайлар
–препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
–жүктілік және лактация кезеңі
–6 жасқа дейінгі балаларға
– бауырдың ауыр аурулары
– бауыр жеткіліксіздігі
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Циклоферон көрсетілген ауруларды емдеуге пайданалынатын барлық дәрілік препараттармен (интерферондар, химиотерапиялық, симптоматикалық дәрілік заттар және т.б.) үйлесімді.
Интерферондардың және нуклеозидтердің аналогтарының әсерін күшейтеді. Химиотерапияның, интерфермен емдеудің жағымсыз әсерлерін азайтады.
Айрықша нұсқаулар
Қалқанша без аурулары кезінде аутоиммунды бұзылулардың даму мүмкіндігін анықтау үшін эндокринолог-дәрігермен кеңесу қажет.
Дәрілік заттардың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Циклоферон көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Қазіргі уақытқа дейін препараттың артық дозалану жағдайлары анықталған жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Ішекте еритін қабықпен қапталған таблеткалар 150 мг-ден. Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан. 1 немесе 5 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 10ºС-ден 25ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл.
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы.
Өндіруші
«ПОЛИСАН» «Ғылыми-технологиялық фармацевтикалық фирмасы» ЖШҚ Ресей Федерациясы, 192102, Санкт-Петербург қ-сы, Салов к-сі, 72 үй, 2 кор. лит А, тел./факс: (812) 710-82-25.
Тіркеу куәлігінің иесі
«ПОЛИСАН» «Ғылыми-технологиялық фармацевтикалық фирмасы» ЖШҚ, Ресей Федерациясы.
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Бөгенбай батыр к-сі, 136 үй.
Тел.: (7272) 72-57-51 E-mail: doctorkvi@gmail.com
5