Циклоферон® (линимент)

МНН: Меглюмина акридонацетат
Производитель: Научно-технологическая фармацевтическая фирма ПОЛИСАН ООО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие иммуностимуляторы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014835
Информация о регистрации в РК: 02.12.2014 - 02.12.2019

Инструкция

Саудалық атауы

ЦИКЛОФЕРОН

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

5 линимент, 5 мл және 30 мл сықпада

Құрамы

1 мл линименттің құрамында

белсенді зат: 50 мг меглюмин акридонацетаты (акридонсірке қышқылына шаққанда), келесі жазылым бойынша алынған: 50 мг акридонсірке қышқылы, 38,5 мг N-метилглюкамин (меглюмин);

қосымша заттар: бензалконий хлориді, пропиленгликоль.

Сипаттамасы

Сары түсті өзіне тән әлсіз иісі бар мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Иммуномодуляторлар. Иммуностимуляторлар. Басқа да иммуностимуляторлар

АТХ коды L03AX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Меглюмин акридонацетатының фармакокинетикасы жөнінде деректер көрсетілмеген.

Фармакодинамикасы

ЦИКЛОФЕРОН® интерферонның төменмолекулалық индукторы болып табылады, бұл оның биологиялық (вирусқа қарсы, иммунмодулациялағыш, қабынуға қарсы) белсенділігінің кең ауқымын анықтайды.

ЦИКЛОФЕРОН® герпес вирусы және басқа қоздырғыштарға қатысты тиімді. Жұқпа үдерісінің ерте мерзіміндегі (1-5 тәулік) вирус репродукциясын бәсеңдете отырып вирустарға қарсы тікелей әсер етеді.

ЦИКЛОФЕРОН® линиментінің негізгі клиникалық әсерінің тиімділігі ерте α-интерферон индукциясымен байланысты. Препарат иммун жауабының оппозитті түрінің цитокинді дисбалансын қалпына келтіреді. ЦИКЛОФЕРОН® препаратының жергілікті фармакотерапиялық әсері шырышты қабықтың лимфоидті тіндерде жергілікті иммундық жауапты көтермелеу нәтижесінде болады.

Созылмалы пародонтиттерді емдеген кезде ЦИКЛОФЕРОН® линиментінің тиімділігі патогенді микроорганизмдер өсуінің басылуы және тіс-қызыл иек қалталарындағы сұйықтықта секреторлы А иммуноглобулин деңгейінің қалыпқа келуі түрінде білініп, қызылиектердің қабынуының және қанағыштығының азаюына ықпал ете отырып, ауыз қуысын сапалы санациялануын қамтамасыз етеді.

Қолданылуы

Ересектерде кешенді ем ретінде:

  • тері мен шырышты қабықтардың герпестік жұқпаларында

  • спецификалық емес вагиниттерде және вагиноздарда

  • созылмалы пародонтиттерде

Қолдану тәсілдері және дозасы

Герпес жұқпасы кезінде линиментті зақымданған жерге бес күн бойы тәулігіне 1-2 рет жұқа етіп жағады. Генитальді герпесте – 10-15 күн бойы күн сайын 5 мл-ден тәулігіне бір рет қынапішілік инстилляция жасайды.

Спецификалық емес вагинитті және бактериялық вагинозды емдеген кезде: препарат тәулігіне 1-2 рет 5-10 мл-ден күн сайын 10-15 күн бойы қынапішілік енгізіледі. Линиментке малынған тампон қолданылуы мүмкін.

Аурудың созылмалы түрлерінде препарат басқа дәрілік заттармен (қынаптық таблеткалармен, суппозиторийлермен) жақсы үйлеседі.

Қынап ішіне қолдану үшін: сықпаны ашып, бір реттік инесі бар еккішпен (көлемі 5 мл) жарғақшасын тесіп, линиментті құйып алу керек, содан кейін инені алып, тастау керек. Жатқан қалыпта толтырылған еккішті қынапқа енгізеді де, поршень көмегімен линиментті қысып шығарады.

Қаптамада қынаптық аппликатор болған кезде: сықпа жарғақшасын тесу, аппликаторды саңылауға орнату керек. Линиментті аппликатор қуысына поршень кері тебілгенше қысып шығарады. Толтырылған аппликаторды сықпа саңылауынан алып, қынапқа енгізеді де, поршеннің көмегімен линиментті қысып шығарады.

Препараттың еркін шығып кетуіне жол бермеу үшін қынапты стерильді аздаған мақта тампонмен 2-3 сағат тығындап қояды.

Қажет болған жағдайда курсты 14 күннен кейін қайталауға болады.

Созылмалы пародонтитті емдеген кезде линиментті қолданар алдында пародонтальді қалтаны антисептикпен шайған дұрыс, содан кейін препаратты 1,5 мл көлемде аппликация әдісімен (ысқылауға болмайды) тәулігіне 1-2 рет 10-12 сағат аралықпен қызыл иекке жағу керек. Емделудің ұзақтығы – 12 – 14 күн.

Қажет болған жағдайда курсты 14 күннен кейін қайталауға болады.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар

  • қысқа мерзімдік күйдіру сезімі

  • аздаған жергілікті гиперемия.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • жүктілік

  • лактация кезеңі

  • 18 жасқа дейінгі балаларға (балаларда клиникалық зерттеулер жүргізілген жоқ)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

ЦИКЛОФЕРОН® линименті аталған ауруларды емдеген кезде дәстүрлі түрде қолданылатын барлық дәрілік препараттармен (химиотерапиялық препараттар және басқалар) үйлеседі және жақсы бірігеді.

Антибиотиктердің, антисептиктердің және зеңге қарсы препараттардың әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты қызылиекке ысқылауға болмайды.

Препараттың көздің шырышты қабығына тиіп кетуіне жол бермеу керек! Тиіп кеткен жағдайда көзді сумен жуу керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препаратпен артық дозалану жөнінде мәліметтер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий сықпада 5 немесе 30 мл-ден. Сықпа медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

30 мл сықпа бар қорапшаға қынаптық 5 аппликатор салынады, немесе аппликаторсыз қаптайды.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15-25оС температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«ПОЛИСАН» ғылыми-технологиялық фармацевтикалық фирмасы» ЖШҚ

Ресей Федерациясы, 192102, Санкт-Петербург қ-сы, Салов к-сі, 72 үй, 2 кор, лит. А, тел./факс: (812) 710-82-25.

Тіркеу куәлігінің иесі

«ПОЛИСАН» ғылыми-технологиялық фармацевтикалық фирмасы» ЖШҚ

Ресей Федерациясы.

Қазақстан Республикасының аумағында өнімнің (тауардың) сапасы жөнінде тұтынушылардан шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, Алматы қ- сы, Бөгенбай батыр к-сі, 136 үй,

Тел.: (7272) 72-57-51 E-mail: doctorkvi@gmail.com

Прикрепленные файлы

517852491477976596_ru.doc 50.5 кб
495472001477977751_kz.doc 55.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники