Цианокобаламин (Витамин В12) (0,02 %)

МНН: Цианокобаламин
Производитель: Химфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Cyanocobalamin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010632
Информация о регистрации в РК: 08.01.2018 - 08.01.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 10.37 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Цианокобаламин (В12 витамині)

Халықаралық патенттелмеген атауы

Цианокобаламин

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 0,02 % және 0,05 %, 1 мл ерітінді

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 0,20 мг, 0,50 мг цианокобаламин (100 % затқа шаққанда)

қосымша заттар: натрий хлориді, 0.1 М хлорсутек қышқылы, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Әлсіз қызғылттан ашық қызылға дейінгі мөлдір сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Гемопоэз стимуляторлары. В12 витамині және фолий қышқылы. Цианокобаламин және оның туындылары. Цианокобаламин

АТХ коды В03ВА01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жіңішке ішектің бүкіл өнбойында сіңеді, аздаған мөлшері тоқ ішекте сіңіріледі. Мықын ішегінде асқазанның фундальді бөлігі жасушалары өндіретін арнайы ішкі фактормен қосылады және ішек микроорганизмдері үшін қол жетімсіз болады. Жіңішке ішек кенересіндегі кешен цианокобаламинді рецепторға береді, ол оны жасушаға тасымалдайды. Қанда В12 витамині оны тіндерге тасымалдайтын 1 және 2 транскобаламиндермен байланысады. Негізінен бауырда жинақталады. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы - 90%. Теріастына және бұлшықет ішіне енгізуден кейін қан плазмасында ең жоғары концентрациясына 1 сағаттан кейін жетеді. Бауырдан өтпен бірге ішекке түседі және қайтадан қанға сіңеді. Бауырда жартылай шығарылу кезеңі - 500 күн. Бүйрек функциясы қалыпты болса - 7-10 % бүйрекпен, 50 % жуығы – нәжіс массаларымен, ал бүйрек функциясы төмендегенде - 0-7 % бүйрекпен, 70-100 % нәжіс массаларымен шығарылады. Плацентарлық бөгет арқылы өтеді, емшек сүтіне өтеді.

Фармакодинамикасы

Цианокобаламин метаболизмдік, гемопоэздік әсер етеді. Организмде (негізінен бауырда) коэнзимді түр - аденозилкобаламинге немесе кобамамидке айналады, олар цианокобаламиннің белсенді түрі болып табылады және көптеген ферменттердің, соның ішінде фолий қышқылын тетрагидрофолий қышқылына қалпына келтіретін редуктаза құрамына енеді. Жоғары биологиялық белсенділікке ие.

Кобамамид метилді және басқа біркөміртекті бөлшектер тасымалына қатысады, сондықтан ол дезоксирибоза және ДНҚ, креатиннің, метилді топтар доноры - метиониннің, липотропты фактор синтезіндегі - холиннің түзілуі үшін, метилмалон қышқылын миелин құрамына енетін янтарь қышқылына айналдыру үшін, пропион қышқылын утилизациялау үшін қажет. Қалыпты қан түзілуі үшін қажет – эритроциттердің жетілуіне ықпал етеді.

Құрамында сульфгидрильді топтар бар қосылыстардың эритроциттерде жинақталуына ықпал етеді, бұл олардың гемолизге төзімділігін ұлғайтады. Қан ұю жүйесін көтермелейді, жоғары дозаларда тромбопластикалық белсенділіктің жоғарылауын және протромбин белсенділігін туғызады. Қандағы холестерин концентрациясын төмендетеді. Бауыр мен жүйке жүйесінің функциясына жағымды әсер етеді. Тіндердің регенерацияға қабілетін жоғарылатады.

Қолданылуы

- В12 витаминінің гипо және авитаминозында (Аддисон-Бирмер ауруы, алиментарлық макроцитарлы анемия)

Кешенді емнің құрамында

- теміртапшылықты, геморрагиядан кейінгі, апластикалық анемия және уытты заттар және/немесе дәрілік заттардан туындаған анемияда

- созылмалы гепатитте, бауыр циррозында, бауыр жеткіліксіздігінде

- алкоголизмде

- ұзақ қызбада

- полиневритте, радикулитте, невралгияда (оның ішінде үштік жүйке невралгиясында), жүйкенің жарақаттанып зақымдануында, диабеттік невриттерде, фуникулярлы миелозда, бүйірлік амиотрофикалық склерозда, балалардың церебральді салдануында, Даун ауруында

- тері ауруларында (псориаз, фотодерматоз, герпес тәрізді дерматит, атопиялық дерматит)

Профилактика мақсатында мына жағдайларда

- бигуанидтерді, парааминосалицил қышқылын, аскорбин қышқылын жоғары дозаларда тағайындағанда

- цианокобаламин сіңуі бұзылған асқазан мен ішек патологиясында (асқазанның, жіңішке ішектің бір бөлігінің резекциясы, Крон ауруы, целиакия, мальабсорбция синдромы, спру)

- ұйқы безі мен ішектің қатерлі түзілімдерінде

- сәулесоқ ауруында

Қолдану тәсілі және дозалары

Бұлшықет ішіне, теріастына, көктамыр ішіне және интралюмбальді енгізеді.

Теріастына, В12 витамині тапшылығымен байланысты анемияларда 0,1 – 0,2 мг-ден 2 күнде 1 рет, фуникулярлы миелоз құбылыстары бар Аддисон-Бирмер анемиясы кезінде және жүйке жүйесінің зақымдануы бар макроцитарлы анемияларда – инъекцияға 0,5 мг және одан артық бірінші аптада күнделікті, ал одан соң 5 – 7 күнге дейінгі аралықпен енгізеді. Фолий қышқылын бір мезгілде тағайындайды.

Геморрагиядан кейінгі және темір тапшылықты анемияларда 0,03-0,1 мг-ден аптасына 2 – 3 рет, апластикалық анемияда балаларға және күні жетпей туған нәрестелерге – күніне 0,03 мг 15 күн бойы тағайындайды.

Орталық жүйке жүйесі ауруларында (бүйірлік амиотрофикалық склероз, энцефаломиелит және т.б.) және ауыру синдромымен неврологиялық ауруларда инъекцияға 0,2-ден 0,5 мг дейінгі өсетін дозада, ал жай-күйі жақсарған кезде – күніне 0,1 мг, емдеу курсы 2 аптаға дейін. Шеткергі жүйкенің жарақаттық зақымданулары кезінде 0,2 – 0,4 мг-ден 2 күнде 1 рет 40-45 күн бойы тағайындайды.

Гепатит және бауыр циррозы кезінде күніне 0,03-0,06 мг-ден немесе 0,1 мг-ден күнара 25-40 күн бойы (ересектер мен балаларға) енгізеді.

Спру, сәулесоқ аурулары, диабеттік невропатиялар мен басқа аурулар кезінде әдетте күнделікті 0,06-0,1мг-ден 20-30 күн бойы тағайындайды.

Фуникулярлы миелозды, бүйірлік амиотрофикалық склерозды, жайылған склерозды емдеу үшін дозаны 0,2-0,25мг дейін біртіндеп ұлғайта отырып, кейде жұлын өзегіне 0,015-0,03 мг енгізеді.

Алиментарлық анемия кезінде ерте жастағы балаларға және күні жетпей туған балаларға тері астына күніне 30 мкг-ден 15 күн бойы енгізеді. Ерте жастағы балалар дистрофиясында, Даун ауруы және балалардың церебральді салдануы кезінде – теріастына 15-30 мкг-ден күнара.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар, қышыну, тері бөртпелері

- психикалық қозу, бас ауыруы, бас айналуы

- кардиалгия, тахикардия

- диарея

- гиперкоагуляция, жоғары дозаларды қолданғанда пуриндік алмасудың бұзылуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- тромбоэмболия

- эритремия, эритроцитоз

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

В12, В1, В6 витаминдерін біріктіріп (бір еккіште) енгізуге болмайды, өйткені цианокобаламин молекуласының құрамындағы кобальт ионы басқа витаминдердің бұзылуына түрткі болады. В12 витамині В1 витамині туғызатын аллергиялық реакцияларды күшейтуі мүмкін екенін ескерген жөн.

Фармацевтикалық тұрғыдан аскорбин қышқылымен, ауыр металдардың тұздарымен (цианокобаламиннің белсенділігін жояды), тиамин бромидімен, пиридоксинмен, рибофлавинмен үйлесімсіз.

Аминогликозидтер, салицилаттар, эпилепсияға қарсы дәрілік заттар, колхицин, калий препараттары цианокобаламиннің сіңуін төмендетеді. Хлорамфеникол гемопоэздік жауапты төмендетеді. Цианокобаламинді

қан ұюын жоғарылататын препараттармен біріктіруге болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Цианокобаламиннің тапшылығы препаратты тағайындауға дейін диагностикалық тұрғыда расталуға тиіс, өйткені ол фолий қышқылының жеткіліксіздігін бүркемелеуі мүмкін.

В12 витаминін жедел тромбоэмболиялық ауруларда енгізуге болмайды. Тромб түзілуіне бейім, стенокардиясы бар адамдарға сақ болу (аз дозада, инъекцияға 100 мкг дейін тағайындау) керек. Қан ұйығыштығын бақылау қажет.

Емдеу кезеңінде шеткергі қан көрсеткіштерін бақылау керек: емдеудің 5-8 күндері ретикулоциттер саны анықталады. Эритроциттердің, гемоглобиннің мөлшерін және түсті көрсеткішті 1 ай бойы аптасына 1-2 рет, ал одан әрі қарай айына 2-4 рет бақылау керек.

Тромбтың түзілуіне бейімділікте сақ бола отырып, лейко- және эритроцитоздың даму жағдайында препараттың дозасын азайту немесе емдеуді уақытша тоқтату керек. Эритроциттер саны 4-4,5 млн/мкл дейін жеткенде, эритроциттердің қалыпты көлеміне қол жеткізілгенде, анизо- және пойкилоцитоз жойылғанда, ретикулоцитарлық кризден кейін ретикулоциттер саны қалпына келгенде ремиссияға қол жеткізіледі. Гематологиялық ремиссияға қол жеткізгеннен кейін шеткергі қанды бақылау 4-6 айда кемінде 1 рет жүргізіледі. В тобындағы витаминдердің жоғары дозаларда ықтимал тератогенді әсерлері туралы жекелеген нұсқаулар бар.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, көлік құралдарын басқарғанда және зейінді шоғырландыруды талап ететін жұмыстарды атқарғанда сақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары - препараттың жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі – симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

1 мл-ден еккішпен толтырылатын немесе импорттық бейтарап шыны ампулаларда немесе сындыру нүктесі немесе сындыру сақинасы бар еккішпен толтырылатын стерильді ампулаларда.

Әрбір ампулаға заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңба жапсырылады.

5 немесе 10 ампуладан поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған, немесе импорттық пішінді ұяшықты қаптамаға қапталған.

Пішінді ұяшықты қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картоннан немесе гофрланған картоннан жасалған қораптарға салынады.

Топтық қаптамаға медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі бекітілген нұсқаулықтар қаптама саны бойынша салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы мен елі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Шымкент қ., Рашидов к-сі, 81

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы, 160019

Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы infomed@santo.kz

 

 

     

 

 

Прикрепленные файлы

923209691477976967_ru.doc 79 кб
091021721477978139_kz.doc 100 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники