Цефтриаксон-КМП (0.5 г)

МНН: Цефтриаксон
Производитель: Киевмедпрепарат ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ceftriaxone
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003507
Информация о регистрации в РК: 29.11.2011 - 29.11.2016
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)

Инструкция

Саудалық атауы

Цефтриаксон-КМП

Халықаралық патенттелмеген атауы

Цефтриаксон

Дәрілік түрі

Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған 0,5 г және 1,0 г ұнтақ

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат: цефтриаксонға шаққанда 0,5 г немесе 1,0 г стерильді натрий цефтриаксоны

Сипаттамасы

Ақ немесе сәл сарғыш реңді ақ түсті кристалды ұнтақ. Әлсіз гигроскопияланған.

Фармакотерапевтикалық тобы

Жүйелі қолдануға арналған микробқа қарсы дәрілер.

Үшінші буын цефалоспориндері.

АТЖ коды J01DD04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Цефтриаксон фармакокинетикасының дозаға байланысты емес сипаты бар. Препараттың жалпы концентрациясына негізделген барлық негізгі фармакокинетикалық көрсеткіштері, жартылай шығарылу кезеңін қоспағанда, дозасына тәуелді.

Сіңуі. Қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясы 1 г препаратты бұлшықет ішіне бір рет енгізгеннен кейін 81 мг/л жуықты құрайды және енгізілгеннен кейін 2-3 сағатта жетеді. Қан плазмасындағы концентрациясының көктамыр ішіне енгізгеннен кейінгі қисық астындағы ауданы бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін де осыған тең болады. Бұл бұлшықет ішіне енгізгеннен кейінгі цефтриаксонның биожетімділігі 100% құрайтынын көрсетеді.

Таралуы. Цефтриаксонның таралу көлемі 7-12 л тең болады. 1-2 г дозада енгізгеннен кейін цефтриаксон ағза тіндері мен сұйықтықтарына жақсы өтеді. 24 сағаттан астам уақыт бойы оның концентрацияларынан көптеген жұқпа қоздырғыштарының (соның ішінде өкпенің, жүрек, өт жолдарының, бауырдың, таңдай бездеріндегі, ортаңғы құлақ пен мұрынның шырышты қабығындағы, сүйектердегі, сондай-ақ жұлын, плевра және синовиальді сұйықтықтарда және қуық асты безі сөлінісіндегі) төменгі бәсеңдетуші концентрацияларынан асып түседі.

Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін цефтриаксон жұлын сұйықтығына тез өтеді, онда сезімтал микроорганизмдерге қатысты бактерицидтік концентрациялары 24 сағат бойы сақталады.

Цефтриаксонның альбуминмен, байланысу дәрежесі концентрациясы артқан сайын төмендейді, мысалы плазмадағы 100 мг/л аз концентрациясы 95%-дан және концентрациясы 300 мг/л болғанда 85%-ға дейін төмендей отырып, қайтымды байланысады. Альбуминнің тін сұйықтығындағы концентрациясы азғантай болғандықтан, ондағы бос цефтриаксонның үлесі қан плазмасындағысынан жоғарырақ.

Жеке тіндерге өтуі. Цефтриаксон балаларда, соның ішінде жаңа туған сәбилерде қабынған ми қабықтары арқылы өтеді. Цефтриаксонды дене салмағына 50-100 мг/кг дозаларда көктамыр ішіне енгізгеннен кейін 24 сағаттан соң (сәйкесінше жаңа туған сәбилер мен емшектегі балаларға) цефтриаксонның жұлын сұйықтығындағы концентрациялары 1,4 мг/л-ден асады. Жұлын сұйықтығындағы ең жоғарғы концентрациясына көктамыр ішіне енгізгеннен кейін 4 сағаттан соң жетеді және орташа алғанда 18 мг/л құрайды. Бактериялық менингитте цефтриаксонның жұлын-ми сұйықтығындағы орташа концентрациясы қан плазмасындағы концентрациясының 17%-ын, асептикалық менингитте - 4% құрайды. Менингитпен ауыратын ересек науқастарда дене салмағына 50 мг/кг дозасын енгізгеннен кейін 2-24 сағаттан соң, цефтриаксонның жұлын сұйықтығындағы концентрациясы өте кең таралған менингит қоздырғыштарының ең төменгі тежегіш концентрацияларынан бірнеше есе артық.

Цефтриаксон плацентарлық бөгет арқылы өтеді және азғантай концентрацияларында емшек сүтіне енеді.

Метаболизмі. Цефтриаксон жүйелік метаболизмге ұшырамайды, ал ішек флорасының әсерінен белсенді емес метаболиттерге айналады.

Шығарылуы. Цефтриаксонның жалпы плазмалық клиренсі 10-22 мл/минутты құрайды. Бүйрек клиренсі 5-12 мл/минутқа тең. Цефтриаксонның 50-60%-ы өзгеріссіз күйде бүйрекпен және 40-50%-ы – өзгеріссіз күйде өтпен шығарылады. Цефтриаксонның жартылай шығарылу кезеңі ересектерде 8 сағатқа жуықты құрайды.

Ерекше клиникалық жағдайлардағы фармакокинетикасы. Жаңа туған сәбилерде бүйрек арқылы дозасының 70% шығарылады. Балаларда өмірінің бастапқы 8 күнінде, сондай-ақ 75 жастан асқан тұлғаларда жартылай шығарылу кезеңі, орташа алғанда, жасырақ ересектерге қарағанда 2-3 есе көп.

Бүйрек немесе бауыр қызметі бұзылған науқастарда цефтриаксонның фармакокинетикасы болмашы өзгереді, жартылай шығарылу кезеңінің тек азғана ұлғаюы байқалады. Егер тек бүйрек қызметі бұзылған болса, өтпен шығарылуы артады, егер бауыр қызметі бұзылған болса, бүйрекпен шығарылуы артады.

Фармакодинамикасы

Цефтриаксон-КМП – ұзақ әсер ететін ІІІ буынды цефалоспоринді антибиотик. Цефтриаксон-КМП-ның бактерицидтік белсенділігі жасуша жарғақшаларының синтезін бәсеңдетуіне негізделеді. Цефтриаксон грамтеріс және грамоң микрооганизмдердің көпшілігіне қатысты in vitro белсенді. Цефтриаксон-КМП грамоң және грамтеріс бактериялардың β-лактамазаларының (пенициллиназалар сияқты, цефалоспориназаларға да) көпшілігіне өте жоғары төзімділігімен сипатталады. Цефтриаксон-КМП төменде атап көрсетілген in vitro микроорганизмдерге қатысты және клиникалық жұқпаларда («Қолданылуы» бөлімін қараңыз) белсенді:

Грамоң аэробтар. Staрhylococcus aureus (метиллинге сезімтал), коагулазотеріс стафилококктар, Streptococcus pyogenes (β-гемолитикалық, А тобы), Streptococcus agalactiae (β-гемолитикалық, В тобы), β-гемолитикалық стрептококктар (А тобы да, В тобы да емес), Streptococcus viridans, Streptococcus pneumoniae.

Ескерту. Метиллинге төзімді Staрhylococcus spp. цефалоспориндерге, соның ішінде цефтриаксонға резистентті. Сондай-ақ, Entercoccus faecalis, Enterоcoccus faecium және Listeria monocytogenes те де цефтриаксонға төзімділік анықталған.

Грамтеріс аэробтар. Acinetobacter lwoffi, Acinetobacter anitratus (негізінен, А.baumannii), Aeromonas hydrophila, Alcaligenes faecalis, Alcaligenes odorans, алкалиген тәрізді бактериялар, Borrelia burgdorferi, Capnocytophaga spp., Citrobacter diversus (оның ішінде С. amalonaticus), Citrobacter freundii, Escherichia coli, Enterobacter aerogenes*, Enterobacter cloacae*, Enterobacter spp. (басқалары), Haemophilus ducreyi, Haemophilus influenzae, Haemophilus parainfluenzae, Hafnia alvei, Klebsiella oxytoca, Klebsiella pneumoniae, Moraxella catarrhalis (бұрынғы аты Branhamella catarrhalis), Moraxella osloensis, Moraxella spp. (басқалары), Morganella morganii, Neisseria gonorrhoeae, Neisseria meningitidis, Pasteurella multocida, Plesiomonas shigelloides, Proteus mirabilis, Proteus penneri, Proteus vulgaris, Pseudomonas fluorescens, Pseudomonas spp. (басқа да), Providencia rettgeri, Providencia spp. (басқа да), Salmonella typhi, Salmonella spp. (тифоидты емес), Serratia marcescens, Serratia spp. (басқа да)*, Shigella spp., Vibrio spp., Yersinia enterocolitica, Yersinia spp. (басқа да).

* Бұл түрлердің кейбір оқшау түрлері негізінен, хромосомалармен кодталған β-лактамазалардың түзілуі салдарынан цефтриаксонға төзімді.

** Бұл түрлердің кейбір оқшау түрлері цефтриаксонға негізінен, β-лактамазалардың плазманың қатысуымен түзілуі салдарынан төзімді.

Ескерту. Аминопенициллиндер мен уреидопенициллиндер, бірінші және екінші буынның цефалоспориндері, аминогликозидтер сияқты антибиотиктерге төзімділігі бар жоғарыда аталған микроорганизмдер штаммдарының көпшілігі цефтриаксонға сезімтал болып келеді. Treponema pallidum цефтриаксонға in vitro және жануарларға жасалған тәжірибелерде сезімтал. Клиникалық сынақтар цефтриаксонға төзімді P. Aeruginoza штаммдарын қоспағанда, цефтриаксонның бастапқы және салдарлы мерезді емдеу үшін тиімді екендігін көрсетеді.

Анаэробтар. Bacteroides spp. (өтке сезімтал), Clostridium spp. (C. difficile-ден басқа), Fusobacterium nucleatum, Fusobacterium spp. (басқа да), Gaffkіa anaerobica (бұрынғы аты Peptococcus), Peptostreptococcus spp.

* Бұл түрлердің кейбір оқшау түрлері β-лактамазалардың түзілуі салдарынан цефтриаксонға төзімді.

Ескерту. β-лактамазаны (ішінара B. fragilis-ті) өндіруші Bacteroides spp. штаммдарының көпшілігі цефтриаксонға төзімді. Clostridium difficile де төзімді.

Цефтриаксон-КМП-ға сезімталдықты дискілер әдісімен немесе Клиникалық зертханалық стандарттар Ұлттық комитеті (КЗСҰК) ұсынатын әдістемеге ұқсас стандартты әдістемені пайдаланып, агарда немесе сорпада сериялық сұйылту әдісімен анықтауға болады. Цефтриаксон-КМП үшін КЗСҰК сынақтар нәтижесін бағалаудың мынадай өлшемдерін белгіледі:

 

Сезімтал

Орташа сезімтал

Төзімді

Сұйылту әдісі.

Тежегіш концентрациясы, мг/л

= 8

16-32

= 64

Дискілер әдісі.

(30 мкг цефтриаксонмен диск)

Өсуінің тежелу аумағының диаметрі, мм

 

= 21

 

20-14

 

= 13

Микроорганизмдердің сезімталдығын анықтау үшін цефтриаксоны бар дискілерді пайдалану керек, өйткені цефтриаксон барлық цефалоспориндер тобына арналған дискілерді пайдалануда төзімді жеке штаммдарға қатысты белсенді. Микроорганизмдердің сезімталдығын анықтау үшін, КЗСҰК стандарттарының орнына басқа да жақсы стандартталған, мысалы сезімталдық деңгейін қалыпты бағалауға мүмкіндік беретін DIN және ICS сияқты нормативтерді пайдалануға болмайды.

Қолданылуы

Препаратқа сезімтал микроорганизмдермен туындаған жұқпаларды емдеуде, соның ішінде:

  • тыныс жолдарының жұқпаларында (әсіресе, пневмония)

  • ЛОР мүшелердің жұқпаларында

  • бүйрек пен несеп шығару жолдарының жұқпаларында

  • жыныс мүшелерінің жұқпаларында (созды қоса)

  • тері мен жұмсақ тіндердің жұқпаларында

  • іш қуысының жұқпаларында: перитонитте, өт айдау жолы мен ас қорыту жолының жұқпаларында

  • сепсисте

  • сүйектер мен буындардың жұқпаларында

  • жарақат жұқпаларында

  • иммундық қорғанышы әлсіреген науқастардағы жұқпаларда

  • менингитте

  • диссеминацияланған Лайм борелиозында: аурудың ерте және кешеуілдеген сатыларында.

Хирургиялық араласулар кезінде:

  • ас қорыту жолы мүшелеріндегі

  • өт шығару жолдарындағы

  • несеп шығару жолдарындағы жұқпаларды операцияға дейінгі алдын алуда

  • гинекологиялық емшаралар кезіндегі, бірақ тек потенциальді немесе белгілі контаминация жағдайында

Цефтриаксон-КМП-ны тағайындағанда, антибиотиктермен емдеу жөніндегі, оның ішінде антибиотикке резистенттіліктің алдын алу жөніндегі ресми ұсынымдарды ұстану керек.

Қолдану тәсілі және дозалары

Цефтриаксон-КМП-ны бұлшықет ішіне және көктамыр ішіне қолданады. Цефтриаксон-КМП-ны қолданып емдеуді бастар алдында, тері сынамасын жасап, емделушіде препаратты көтере алмаушылықтың бар-жоғын анықтау қажет.

Ересектер мен 12 жастан үлкен балалар: әдетте 1-2 г Цефтриаксон-КМП-ны тәулігіне 1 рет (әр 24 сағат сайын) тағайындайды. Ауыр жұқпаларда немесе қоздырғыштары цефтриаксонға орташа сезімталдықтағы жұқпаларда, тәуліктік дозасы 4 г-ге дейін ұлғайтылуы мүмкін.

Балалар.

Жаңа туған сәбилер үшін (2 аптаға дейінгі) дене салмағына тәулігіне 1 рет 20-50 мг/кг. Тәуліктік дозасы дене салмағына 50 мг/кг-ден аспауы тиіс. Препараттың мерзімінде туған және шала туған сәбилер үшін дозасын анықтауда айырмашылық жоқ.

Жаңа туған сәбилер мен 15 күннен 12 жасқа дейінгі балаларға дене салмағына тәулігіне 1рет 20-80 мг/кг.

Дене салмағы 50 кг және одан да артық балаларға ересектерге арналған дозаны тағайындайды. 50 мг/кг немесе одан жоғары көктамырішілік дозаларын инфузия арқылы кемінде 30 минут бойы енгізу керек.

Егде жастағы науқастар.

Егде жастағы науқастарға дозасын түзету қажет емес.

Емдеу ұзақтығы ауру ағымына байланысты. Антибиотиктермен емдеуде қалыптасқандай, науқастарға цефтриаксонды қабылдауды температура қалпына келгеннен және талдаулар қоздырғыштардың жоқтығын көрсеткеннен кейін, тағы кемінде 48-72 сағат жалғастыру керек.

Біріктірілген ем. Цефтриаксон мен аминогликозидтер арасында көптеген грамтеріс бактерияларға қатысты синергизм бар. Мұндай біріктірілімдер жоғары тиімділікті үнемі қарастыруы мүмкін еместігіне қарамастан, оны Pseudomonas аeruginoza тудырған ауыр, өмірге қауіпті жұқпалар кезінде ескеру керек. Цефтриаксон мен аминогликозидтер физикалық үйлесімсіз болғандықтан, оларды ұсынылған дозаларында, бөлек-бөлек енгізу керек.

Ерекше жағдайларда дозалануы.

15 күннен 12 жасқа дейінгі сәбилер мен балалардағы бактериялық менингитте тәулігіне 1 рет 100 мг/кг (4 г-дан асырмай) дозасынан бастайды. Қоздырғышы айқындалған, ал оның сезімталдығы анықталған бойда, сәйкесінше дозасын азайтуға болады. Ең үздік нәтижелерге емдеу ұзақтығы төмендегідей болғанда қол жеткізілген:

Neisseria meningitidis

Haemophilus influenzae

Streptococcus pneumoniae

4 күн

6 күн

7 күн

Лайм бореллиозы: ересектер мен балаларға  14 күн бойы тәулігіне 1 рет 50 мг/кг (ең жоғары тәуліктік дозасы  2 г).

Созды емдеу үшін (пенициллиназа өндіруші және өндірмейтін штаммдармен туындаған) бір реттік 250 мг дозасын бұлшықет ішіне тағайындау ұсынылады.

Хирургиядағы операциядан кейінгі жұқпалардың алдын-алу үшін жұқпалану қаупінің дәрежесіне байланысты, операцияны бастағанға дейін 30-90 минут бұрын цефтриаксонның бір реттік 1-2 г дозасын енгізеді. Тоқ және тік ішектегі операцияларда Цефтриаксон-КМП мен 5 нитромидазолдың біреуін, мысалы, орнидазолды бір мезгілде (бірақ екі бөлек) енгізу жақсы ұсынылған.

Бауыр мен бүйрек жеткіліксіздігі. Бүйрек қызметі бұзылған науқастарға, егер бауыр қызметі қалыпты болса, дозасын төмендетудің қажеті жоқ. Тек претерминальді сатыдағы бүйрек жеткіліксіздігі жағдайында (креатинин клиренсі 10 мл/мин кем болғанда) тәуліктік дозасы 2 г-ден аспауы тиіс. Бауыр қызметі бұзылған науқастарға, егер бүйрек қызметі қалыпты болса, дозасын төмендетудің қажеті жоқ. Бір мезгілдегі бүйрек пен бауырдың ауыр жеткіліксіздігінде қан плазмасындағы Цефтриаксон-КМП концентрациясын ұдайы анықтап отыру және қажет болған жағдайда, препараттың дозасына түзету жүргізу керек. Гемодиализдегі науқастарға диализден кейін препаратты қосымша енгізудің қажеті жоқ. Дегенмен, қан сарысуындағы Цефтриаксон-КМП-ның концентрациясын дозасын түзету мүмкіндігіне қарай бақылап отыру керек, өйткені бұл науқастарда шығарылу жылдамдығы төмендеуі мүмкін. Гемодиализдегі науқастар үшін Цефтриаксон-КМП-ның тәуліктік дозасы 2 г-ден аспауы тиіс.

Ерітінділерді дайындау.

Ерітінділерді тікелей, оларды пайдаланар алдында дайындау керек. Жаңа дайындалған ерітінділер бөлме температурасында 6 сағат бойы өзінің физикалық және химиялық тұрақтылығын сақтайды (немесе 24 сағаттың ішінде 2-8С температурада). Концентрациясына және сақтау ұзақтығына байланысты ерітінділердің түсі бозғылт-сарыдан янтарь түстеске дейін өзгеріп тұрады. Белсенді заттың бұл қасиеті препараттың тиімділігі мен көтерімділігіне әсер етпейді.

Бұлшықетішілік инъекция үшін 1г-сін 3,5 мл 1% лидокаин ерітіндісінде ерітеді; инъекцияны бөксе бұлшықетіне терең жасайды. Бір бөксеге 1 г-ден асырмай енгізу ұсынылады.

Құрамында лидокаин бар ерітіндіні көктамыр ішіне енгізуге болмайды.

Көктамырішілік инъекция үшін 1г Цефтриаксон-КМП-ны инъекцияға арналған 10 мл стерильді суда ерітіп; көктамыр ішіне баяу енгізеді (2-4 минут),

Көктамыр ішіне енгізу кемінде 30 минутқа созылуы тиіс. Құюға арналған ерітіндіні дайындағанда 2 г Цефтриаксон-КМП-ны кальций иондарынан бос мына инфузиялық ерітінділердің біреуінің 40 мл-інде ерітеді: 0,9% натрий хлориді, 0,45 % натрий хлориді + 2,5 % глюкоза, 5 % глюкоза, 10 % глюкоза, 5 % глюкоза ерітіндісіндегі 6 % декстран, 6-10 % гидроксиэтилденген крахмал, инъекцияға арналған су. Үйлеспеу мүмкіндігін ескере отырып, құрамында цефтриаксон бар ерітінділерді дайындауда да, енгізуде де құрамында басқа антибиотиктер бар ерітінділермен араластыруға болмайды.

Рингер ерітіндісі немесе Гартман ерітіндісі сияқты құрамында кальций бар еріткіштерді, цефтриаксонның кальций тұздарының преципитаттары түзілу мүмкіндігіне байланысты, құтылардағы Цефтриаксон-КМП-ны еріту үшін немесе көктамыр ішіне енгізуге арналған қалпына келтірілген ерітіндіні сұйылтуға пайдалануға болмайды.

Цефтриаксонның кальций тұздарының преципитаттары түзілуі сондай-ақ, Цефтриаксон-КМП-ны құрамында кальций бар ерітінділермен бір инфузиялық жүйеде араластырғанда да жүруі мүмкін. Цефтриаксон-КМП-ны құрамында кальций бар ерітінділермен, оның ішінде, құрамында кальций бар ұзақ инфузиялармен бір мезгілде енгізуге болмайды, мысалы парентеральді қоректену («Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі немесе өзара әрекеттесуінің басқа түрлерін» қараңыз).

Жағымсыз әсері

Әдетте цефтриаксон жақсы көтерімді. Оны қолданғанда кенеттен кері қайтатын немесе препаратты тоқтатқаннан кейін мынадай жағымсыз құбылыстар болуы мүмкін:

  • диарея, жүрек айнуы, құсу, стоматит, глоссит

  • эозинофилия, лейкопения, гранулоцитопения, гемолитикалық анемия, тромбоцитопения, протромбиндік уақыттың ұлғаюы

  • жыныс жолдарының микозы, салдарлы зеңдік жұқпалар және резистентті микроорганизмдер туғызған жұқпалар

Сирек

  • бас ауыруы және бас айналуы, қызба, қалтырау, сондай-ақ анафилактикалық немесе анафилактоидтық реакциялар

  • бөртпе, аллергиялық дерматит, қышу, есекжем, ісінулер, экзантема

  • панкреатит

  • олигурия, гематурия, глюкозурия, қан сарысуындағы креатинин деңгейінің жоғарылауы

Өте сирек

  • жалған жарғақшалы энтероколит

  • агранулоцитоз (< 500/мм3), көбінесе 20 г немесе одан көп жалпы дозасын қолданғанда. Ұзақ емдеу кезінде қан көрінісін ұдайы бақылау ұсынылады;

  • экссудативті мультиформды эритема (Стивенс-Джонсон синдромы), уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы),

  • коагуляцияның бұзылуы

  • балалардағы сәйкесінше симптоматикасы бар өт қабындағы цефтриаксонның кальций тұздарының преципитаттары, балалардағы қайтымды холелитиаз (атап көрсетілген құбылыстар балаларда сирек байқалған); кең таралғаны – қан сарысуындағы бауыр ферменттері деңгейінің ұлғаюы (АСТ, АЛТ, сілтілік фосфатазаның);

  • бүйректе конкременттердің түзілуі, негізінен препараттың тәуліктік жоғары дозаларын (тәулігіне ≥ 80 мг/кг) немесе 10 г-ден артық жинақталатын дозаларын қабылдаған 3 жастан бастап балаларда, сондай-ақ қосымша қауіп факторлары бар болғанда (сұйықтық ішуді шектеу, төсекте жату режимі). Бүйректе конкременттердің түзілуі симптомсыз жүруі немесе клиникалық түрде білінуі мүмкін, цефтриаксонмен емдеуді тоқтатқаннан кейін қайтатын бүйрек жеткіліксіздігіне себеп болуы мүмкін;

Кей жағдайларда көктамыр жақтауларының қабыну реакциялары байқалуы мүмкін. Оларды баяу инъекцияны (2-4 минут) қолдана отырып болдырмауға болады. Лидокаинді қолданбай бұлшықетішілік инъекция жасау ауыру сезімін тудырады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • цефалоспориндерге (науқаста пенициллинге жоғары сезімталдық болса, цефтриаксонға айқаспалы аллергиялық реакцияның болу мүмкіндігін ескеру керек), лидокаинге жоғары сезімталдықта

  • ≤ 41 аптаға шамасындағы шала туылған балаларда, жатырішілік даму мерзімін (гестациялық жас шамасы + туғаннан кейінгі жас шамасы) ескере отырып

  • 28 күнге дейінгі жаңа туылған кезеңде: гипербилирубинемияда (цефтриаксонның қан сарысуы альбуминімен байланыстан билирубинді ығыстыру қабілетіне байланысты, бұл билирубин туғызған энцефалопатияның даму қаупіне алып келуі мүмкін), құрамында кальций бар көктамырішілік ерітінділермен емдеу қажеттілігінде (немесе күтілетін қажеттілікте), соның ішінде құрамында кальций бар көктамырішілік құюларда, мысалы цефтриаксонның кальций тұздарының преципитаттары түзілу қаупіне байланысты парентеральді қоректенуде.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қандай жағдай болмасын, Цефтриаксон-КМП-ны құрамында кальций бар ерітінділермен (Рингер ерітіндісі және соған ұқсас) қолдануға болмайды. Құрамында кальций бар ерітінділерді Цефтриаксон-КМПы соңғы енгізуден кейінгі 48 сағат ішінде тағайындамау керек.

Жаңа туылған және шала туған балаларда Цефтриаксон-КМП мен кальций препараттарын бір мезгілде қолданғанда, өлім жағдайына әкелетін өкпе мен бүйректе преципитаттар түзілген жағдайлар болған.

Цефтриаксон-КМП-ның жоғары дозалары мен фуросемид сияқты күшті әсері бар диуретиктермен бір мезгілде қолданғанда, бүйрек қызметінің бұзылулары байқалған жоқ.

Цефтриаксон-КМП аминогликозидтердің бүйректегі уыттылығын арттыратыны туралы деректер жоқ. Цефтриаксон-КМП-ны қабылдаған соң бірден алкоголь қабылдағаннан кейін, дисульфирамның (тетурамның) әсеріне ұқсас әсерлер байқалған жоқ.

Цефтриаксон-КМП-ның құрамында басқа цефалоспориндерге де тән этанолды көтере алмаушылықты, сондай-ақ қан кетуді туғызуы мүмкін N-метилтиотетразольдік топ жоқ.

Пробенецид Цефтриаксон-КМП-ның шығарылуына әсер етпейді.

Хлорамфеникол мен Цефтриаксон-КМП-ның арасында антогонизм бар.

Цефтриаксон-КМП-ның кальций тұздарының преципитаттары түзілу ықтималдығына байланысты, Рингер ерітіндісі немесе Гартман ерітіндісі сияқты құрамында кальций бар еріткіштерді құтыдағы Цефтриаксон-КМП-ны ерітуге немесе көктамыр ішіне құюға арналған қалпына келтірілген ерітіндіні сұйылтуға пайдалануға болмайды. Цефтриаксон-КМП-ны құрамында кальций бар ерітінділермен, оның ішінде, құрамында кальций бар ұзақ инфузиялармен бір мезгілде енгізуге болмайды, мысалы парентеральді қоректену («Қолдану тәсілі мен дозаларын» қараңыз). Сәбилерде цефтриаксонның кальций тұздарының преципитаттары түзілу қаупі жоғары.

Цефтриаксон-КМП амзакринмен, ванкомицинмен, флуконазолмен және аминогликозидтермен үйлесімсіз.

Бактериостатикалық дәрілер цефалоспориндердің бактерицидтік әсеріне ықпал етуі мүмкін.

Цефтриаксон-КМП ішілетін гормональді контрацептивтердің тиімділігін азайтуы мүмкін. Осыған байланысты, емдеу кезінде және емдеуден кейін 1 ай бойы қосымша (гормональді емес) контрацепция әдістерін қолдану ұсынылады.

Цефтриаксон-КМП мен пероральді қабылдауға арналған құрамында кальций бар өнімдер арасындағы және бұлшықетішілік инъекциядағы Цефтриаксон-КМП мен құрамында кальций бар өнімдер арасындағы (көктамырішілік немесе ішу арқылы) өзара әрекеттестіктер туралы хабарланған жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Басқа цефалоспориндерді қолданғандағы сияқты, Цефтриаксон-КМП-ны қолданғанда, тіпті нақты сыртартқысында сәйкесінше нұсқаулар болмаса да, өлімге соқтыратын анафилактикалық реакциялар болуы мүмкін. Аллергиялық реакциялар туындаған жағдайда, цефтриаксонды бірден тоқтату және сәйкесінше ем тағайындау керек.

Цефтриаксон-КМП протромбиндік уақытты ұлғайтуы мүмкін. Осыған байланысты, К витамині тапшылығына күдіктенгенде, протромбиндік уақытты анықтау қажет.

Бактерияға қарсы препараттардың барлығын дерлік, оның ішінде Цефтриаксон-КМП-ны да қолдану аясында, ауырлығының жеңіл дәрежесінен өліммен аяқталатын колитке дейінгі, Clostridium difficile-мен астасқан диарея дамуы мүмкін. Бактерияға қарсы препараттар тоқ ішектің қалыпты флорасын өзгертеді, Clostridium difficile-нің шектен тыс өсуіне алып келеді. Clostridium difficile-мен астасатын диарея дамуына ықпал ететін А және В токсиндерін Clostridium difficile өндіреді. Токсиндерді шамадан тыс өндіретін Clostridium difficile штаммдары аурушаңдықты және өлім жағдайын жоғарылатады, өйткені бұл жұқпалар микробқа қарсы дәрілерге резистентті болуы және колэктомияны талап етуі мүмкін. Антибиотиктерді қолданған кезде барлық емделушілерде Clostridium difficile-мен астасқан диареяны болдырмау қажет. Clostridium difficile-мен астасқан диарея бактерияға қарсы дәрілерді қолдану аяқталғаннан кейін екі ай ішінде туындауы мүмкін болғандықтан, мұқият медициналық сыртартқыны жинақтау қажет. Clostridium difficile-мен астасқан диареяға күдіктенгенде немесе расталғанда, Clostridium difficile-ге әсер етпейтін антибиотикпен емдеуді тоқтату керек. Цефтриаксон-КМП-ны ұзақ уақыт бойы қолданғанда, препаратқа сезімтал емес микроорганизмдерді бақылауда қиындықтар болуы мүмкін. Осыған байланысты емделушілерді мұқият қадағалау қажет. Супержұқпа дамыған жағдайда, сәйкесінше шаралар қабылдау қажет.

Цефтриаксон-КМП-ны стандартты ұсынылған дозалардан жоғары дозаларда қолданғаннан кейін, өт қабын ультрадыбыстық зерттеуде тас ретінде қабылданатын көлеңкелер пайда болуы мүмкін. Бұл цефтриаксонның кальций тұзының преципитаттары, олар Цефтриаксон-КМП-мен емдеу аяқталғанда немесе тоқтатылғанда жоғалады. Мұндай өзгерістер қандай да бір симптоматикамен сирек қатар жүреді. Бірақ мұндай жағдайларда тек консервативті емдеу ұсынылады. Егер бұл құбылыстар клиникалық симптоматикамен қатар жүрсе, онда препаратты тоқтату туралы шешімді дәрігер қабылдайды.

Цефтриаксон-КМП енгізілген науқастарда, өт айдағыш жолдардың обструкциясы салдарынан дамуы мүмкін бірлі-жарым панкреатит жағдайлары сипатталады. Бұл науқастардың көпшілігінде өт айдау жолдарында іркілу қаупінің факторлары, мысалы сыртартқысындағы емделу, ауыр аурулар мен толығымен парентеральді тамақтану болған. Сонымен бірге панкреатит дамыған кезде, өт айдау жолдарындағы Цефтриаксон-КМП-ның әсерінен түзілетін преципитаттардың рөлін жоққа шығаруға болмайды.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Цефтриаксонды аминогликозидтер мен диуретиктерді бір мезгілде алып жүрген, бүйрек жеткіліксіздігімен науқастарға сақтықпен қолданған жөн.

Жаңа туылған және шала туған сәбилерде Цефтриаксон-КМП мен кальций препараттарын бір мезгілде енгізгенде, өлім тудыратын өкпе мен бүйректе преципитаттар түзілген жағдайлар сипатталған.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Иммунның қатысымен болған гемолитикалық анемия цефалоспориндерді, оның ішінде, цефтриаксон алып жүрген емделушілерде байқалған. Ауыр гемолитикалық, соның ішінде, ересектер мен балаларда өлімге соқтырған анемияның дамыған жағдайлары белгілі болды. Цефтриаксон-КМП-ны қолдану кезінде анемия дамыған жағдайда, Цефтриаксон-КМП туғызатын анемияның бар-жоғын анықтау және препаратты анемияның шығу тегі белгілі болғанша тоқтату қажет. Ұзақ уақыт емдеген кезде қан көрінісін ұдайы бақылап отыру керек.

Цефтриаксон-КМП-мен емдеуде сирек жағдайларда науқастарда Кумбс реакциясының жалған оң нәтижелері білінуі мүмкін. Басқа антибиотиктер сияқты, цефтриаксон галактоземияға сынамаға жалған оң нәтиже туғызуы мүмкін. Жалған оң нәтижелер несептегі глюкозаны анықтағанда да алынуы мүмкін, сондықтан глюкозурияны Цефтриаксон-КМП-мен емдеу кезінде, қажет болса, тек ферменттік әдіспен анықтауға болады.

Жүктілік пен лактация кезеңі

Цефтриаксон-КМП плацентарлық бөгет арқылы өтеді. Цефтриаксонды әйелдерге жүктілік кезінде қолданудың қауіпсіздігі зерттелмеген. Азғантай концентрацияларда цефтриаксон емшек сүтіне енеді. Сондықтан Цефтриаксон-КМП-ны тағайындағанда бала емізуді тоқтату қажет.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Цефтриаксон-КМП-ның реакция жылдамдығына әсер ететіні туралы мәліметтер жоқ, бірақ бас айналуы туындау мүмкіндігіне байланысты, цефтриаксон көлік құралдарын басқару мен күрделі механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне ықпал етуі мүмкін.

Артық дозаланғанда

Артық дозаланған жағдайда гемодиализ бен перитонеальді диализ препараттың концентрациясын азайтпайды. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Емдеу - белгілеріне қарай.

Шығарылу түрі және қаптамасы

0.5 г немесе 1.0 г препараттан резеңке тығындармен тығындалған және алюминий қалпақшаларымен қаусырылған 10 мл шыны құтыларға салынады. Құтыға өздігінен жабысатын затбелгі жапсырылады.

Пішінді ұяшықты қаптамада 10 құтыдан мемлекеттік және орыс тілдеріндегі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде 15С-ден 25С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау қажет!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші:

“Киевмедпрепарат” ААҚ, Украина,

01032, Киев қ-сы, Саксаганск к-сі, 139

Тіркеу куәлігінің иесі

“Киевмедпрепарат” ААҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасындағы «Артериум» корпорациясының өкілдігі

050060, Алматы қ-сы, Әл Фараби даңғылы, 97 үй, 3 подъезд, «54» кеңсе

Тел/факс: 8(727)315-82-09; 8(727)315-82-10;

Е-mail: office@arterium.kz.

 

Прикрепленные файлы

254652141477977151_ru.doc 103 кб
468553141477978314_kz.doc 199.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники