Цефамезин
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Цефамезин
Халықаралық патенттелмеген атауы
Цефазолин
Дәрілік түрі
Инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған ұнтақ, 1000 мг
Құрамы
Бір құтының ішінде
белсенді зат –
цефазолин (стерильді цефазолин натрий түрінде) 1000.0 мг
Сипаттамасы
Ақ немесе ақ дерлік гигроскопиялық ұнтақ.
Фармакотерапиялық тобы
Жүйелі пайдалануға арналған бактерияларға қарсы препараттар. Бактерияға қарсы басқа да бета-лактамды препараттар. Бірінші буынды цефалоспориндер. Цефазолин
АТХ коды J01DВ04
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
1 г дозада бұлшықет ішіне енгізуде ең жоғары концентрациясына (ТСmax) жету уақыты - 1 сағат; ең жоғары концентрациясы (Сmax) –64 мкг/мл; көктамыр ішіне енгізуден кейін ТСmax – инфузия соңында, 1 г көктамыр ішіне енгізуден кейін Cmax – 180 мкг/мл. Буындарға, жүрек-қан тамыр жүйесі тіндеріне, құрсақ қуысына, бүйрек және несеп шығару жолдарына, плацентаға, ортаңғы құлаққа, тыныс жолдарына, тері және жұмсақ тіндерге өтеді. Аздаған мөлшерде емшек сүтімен бөлінеді. Өт қалтасының тіндеріндегі және өттегі концентрациясы қан сарысуындағыға қарағанда анағұрлым жоғары. Өт қалтасының обструкциясында өттегі концентрациясы плазмаға қарағанда аз. Таралу көлемі – 0.12 л/кг. Плазма ақуыздарымен байланысуы – 85 %. Бұлшықет ішіне енгізуде жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) – 1.8 сағат, көктамыр ішіне енгізуде – 2 сағат. Бүйрек функциясы бұзылуында Т1/2 – 20-40 сағат.
Көбіне бүйрекпен өзгермеген түрде: алғашқы 6 сағат ішінде – 60-90 %, 24 сағаттан соң – 70-95 % шығарылады. 1 г дозада бұлшықет ішіне енгізуден кейін несептегі Сmax 4 мг/мл.
Фармакодинамикасы
Цефамезин – парентеральді қолдануға арналған 1-ші буынды цефалоспоринді антибиотик. Бактерицидті әсер етеді. Әсер ету механизмі жасуша қабырғасының биосинтезін тежеумен байланысты.
Кең ауқымда әсер етеді, грамоң (Staphylococcus spp., Staphylococcus aureus (пенициллиназа өндірмейтін және өндіретін; оның ішінде Streptococcus pneumoniae), Corynebacterium diphtheriae, Bacillus anthracis) және грамтеріс (Neisseria meningitidis, Neisseria gonorrhoeae, Shigella spp., Salmonella spp., Escherichia coli, Klebsiella spp., Treponema spp., Leptospira spp.) микроорганизмдерге қатысты белсенді. Haemophilus influenzae, кейбір штаммдарға Enterobacter spp. және Enterococcus spp. қатысты белсенді.
Pseudomonas aeruginosa, индолоң штаммдарға Proteus spp., Mycobacterium tuberculosis, Serratia spp., анаэробты микроорганизмдерге, метициллин-төзімді штаммдар Staphylococcus spp. қатысты тиімсіз.
Қолданылуы
Цефамезин сезімтал микроорганизмдерден туындаған төмендегі инфекцияларды емдегенде қолданылады:
- тыныс алу жолдарының инфекциялары
- несеп шығару жолдарының инфекциялары
- тері мен жұмсақ тіндердің инфекциялары
- өт шығару жолдарының инфекциялары
- сүйектер мен буындар инфекциялары
- гинекологиялық инфекциялар
- септицемия
- эндокардит
- операцияның алдында және одан кейінгі кезеңдегі хирургиялық инфекциялардың профилактикасында
Қолдану тәсілі және дозалары
Инфекцияның барысы және ауырлығын, қоздырғыштың сезімталдығын ескере отырып, жеке анықтайды.
Препаратты бұлшықет ішіне енгізеді (б/і) немесе көктамыр ішіне (к/і) сорғалатып немесе тамшылатып енгізеді.
Ересектер
Инфекцияның ауырлық дәрежесі |
Дозасы |
Енгізу аралығы |
Орташа немесе ауыр дәрежелі инфекциялар |
500 мг - 1 г |
Әрбір 6-8 сағатта |
Сезімтал грамоң кокктардан туындаған жеңіл дәрежелі инфекциялар |
250-500 мг |
Әрбір 8 сағатта |
Несеп шығару жолдарының жедел өршімеген инфекциялары |
1 г |
Әрбір 12 сағатта |
Жалған коккты пневмония |
500 мг |
Әрбір 12 сағатта |
Ауыр, өмірге қауіп төндіретін инфекциялар (мысалы, эндокардит, септицемия)* |
1г - 1.5 г |
Әрбір 6 сағатта |
*Сирек жағдайларда тәулігіне 12 г дозаға дейін қолданылуы мүмкін.
Операциядан кейінгі профилактика мақсатында қолдану
Контаминацияланған немесе шартты контаминацияланған оперативті араласуларда операциядан кейінгі инфекцияларды болдырмау үшін ұсынылатын доза:
- операция басталғанға дейін жарты сағат немесе 1 сағат бұрын 1 г к/і немесе б/і;
- ұзақ жүргізілетін оперативті араласымдар да (мысалы, 2 сағат және одан астам) 500 мг-ден 1 г дейін к/і немесе б/і операция уақытында (енгізу оперативті араласымның ұзақтығына қарай реттеледі);
- 500 мг-ден 1 г дейін к/і немесе б/і әрбір 6-8 сағат сайын 24 сағат бойына операциядан кейін.
Операция алдындағы дозаның операция алдында жарты сағат – 1 сағат бұрын енгізілуі маңызды, осылайша бірінші хирургиялық тілу кезінде сарысу мен тіндерде антибиотиктердің тиісті деңгейі болады.
Қажет болғанда цефамезин операция кезінде инфекциялық микроорганизмдердің көбірек әсер ететін сәті күтілгенде антибиотиктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету үшін тиісінше аралықпен енгізілуі мүмкін.
Инфекция туындауы әсіресе айқын болуы мүмкін хирургияда (мысалы, жүрекке ашық операция және простетикалық артропластика), профилактикалық енгізу операциядан кейін 3-5 күн бойына жалғасуы мүмкін.
Препаратты енгізу
Цефамезин сұйылтылғаннан кейін бұлшықет ішіне немесе көктамыр ішіне енгізуге болады. Ерітіндіні интратекальді қолдануға болмайды.
Парентеральді ерітіндіні дайындау және енгізу
Парентеральді препаратты еріткенде жақсылап сілку керек және енгізу алдында механикалық қосылыстары бар-жоғын көзбен көріп тексеру керек. Егер сұйылтылған ерітінділерде механикалық қосылыстар болса, препарат утилизациялануы тиіс. Еріткенде немесе сұйылтқанда төменде келтірілген нұсқаулыққа сәйкес цефамезин бөлме температурасында 24 сағат бойына немесе тоңазытқышта сақтағанда (5°С) 10 күн бойына тұрақты. Сұйылтылған ерітінділер белсенділігі өзгеріссіз қалып, түсін бозаң-сарыдан сарыға дейінгі өзгертуі мүмкін.
Бұлшықет ішіне енгізу
Б/і енгізуге арналған ерітіндіні дайындауда құты ішіндегі Цефамезин 1000 мг қаптамада болатын инъекцияға арналған 4 мл суда немесе ең кемі 3 мл болатын 0,5% лидокаин гидрохлоридінің ерітіндісінде сұйылту керек. Дайындалған ерітіндіні ірі бұлшықеттерге енгізу керек (мысалы, бөксе аумағына). Лидокаин гидрохлоридімен дайындалған ерітінділерді ешқашан көктамыр ішіне пайдалануға болмайды.
Ерітіндіні б/і тек к/і енгізу қиындаған кезде ғана енгізу керек, б/і енгізуде төмендегі сақтық шараларын орындау керек:
- Бұлшықетішілік инъекциямен ем кезеңі мүмкіндігінше қысқа болуы тиіс. Бір ғана аумаққа қайталап инъекция жүргізуден аулақ болу керек. Дене салмағы төмендеген балаларда, жаңа туған нәрестелерде, емшектегі балаларда және 12 жасқа дейінгі балаларда қайталанатын инфекцияларды болдырмау керек.
- Жүйке өтетін аумақтарда инъекция жүргізуден аулақ болу керек.
- Егер инъекциялық инені енгізу қатты ауырту немесе еккіште қан пайда болуын туындатса инені шығарып алу және инъекцияны басқа аумаққа жүргізу керек.
- Бұлшықетішілік енгізу үшін дайындалған ерітінді, көктамырішілік инъекция үшін пайдаланылмауы тиіс.
- Бұлшықетішілік енгізу инъекция аумағында ауыру немесе тығыздану туындатуы мүмкін.
Көктамырішілік енгізу
Лидокаин гидрохлоридімен дайындалған ерітінділер ешқашан көктамырішілік пайдаланылмауы тиіс.
Көктамырішілік енгізу ауыру немесе тромбофлебит туындатуы мүмкіндігінен, енгізу жылдамдығы баяу болуы тиіс, бұндай өршулерді болдырмау үшін сұйылту, инъекция орнын және инъекция техникасын таңдауды сақтықпен жүргізу керек.
Көктамырішілік инъекция
Көктамырішілік енгізуге арналған ерітінді дайындауда құты ішіндегі Цефамезин 1000 мг қаптамада болатын инъекцияға арналған 4 мл стерильді суда, 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде немесе 5% декстроза ерітіндісімен сұйылту керек. Дайындалған ерітінді көктамырішілік сорғалатып баяу (3-5 минут бойына) немесе парентеральді ерітінділермен ем қабылдайтын емделушілерде латексті түтік көмегімен енгізілуі мүмкін.
Көктамырішілік инфузия
Көктамырішілік инъекцияға арналған ерітінді дайын болған соң, жоғарыдағы бөлімде сипатталғандай, құты ішіндегі Цефамезин 1000 мг төмендегі ерітінділердің 50-100 мл біреуімен сұйылтуға болады және болюстік жолмен немесе тұрақты құю жолымен енгізу керек:
0,9% натрий хлориді
Лактатпен Рингер ерітіндісіндегі 5% декстроза ерітіндісі
5% декстроза + 0,9% натрий хлориді ерітіндісі
5% декстроза + 0,45% натрий хлориді ерітіндісі
5% декстроза + 0,2% натрий хлориді ерітіндісі
Лактатпен Рингер ерітіндісі
Рингер ерітіндісі
5% натрий бикарбонаты ерітіндісі
Емделушілердің ерекше тобы үшін қосымша ақпарат
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясы төмендеген науқастарда инфекция ауырлығы дәрежесіне сәйкес, бастапқы екпінді дозадан кейін доза түзетулер төмендегіше жүргізілуі мүмкін:
- Креатинин клиренсі 55 мл/мин немесе одан астам немесе сарысу креатинині 1,5 мг немесе одан аз емделушілерге доза түзету талап етілмейді.
- Креатинин клиренсі 35-тен 54 мл/мин дейінгі немесе сарысу креатинині 1,6 –дан 3 мг дейінгі емделушілер де әдеттегі дозаны қабылдай алады, бірақ енгізуді 8 сағаттық ең төмен аралықпен шектеу керек.
- Креатинин клиренсі 11-ден 34 мл/мин дейінгі немесе сарысу креатинині 3,1 –ден 4,5 мг дейінгі емделушілер әдеттегі дозаның жартысын әрбір 12 сағат сайын қабылдауы тиіс.
- Креатинин клиренсі 10 мл/мин немесе одан аз немесе сарысу креатинині 4,6 мг немесе одан астам емделушілер әдеттегі дозаның жартысын әрбір 18-24 сағат сайын қабылдауы тиіс.
Бауыр жеткіліксіздігі
Егер емдеу уақытында бауырға қатысты кез келген жағымсыз әсер бақыланса, ем тоқтатылуы тиіс.
Педиатрияда қолданылуы
Балалардағы 3 немесе 4 бірдей дозаға бөлінген, дене салмағының әр кг қарай 25-тен 50 мг дейінгі жалпы тәуліктік доза ең жеңілден айқындығы орташаға дейінгі инфекцияларда тиімді. Ауыр инфекцияларда жалпы тәуліктік доза дене салмағының әр кг қарай 100 мг дейін ұлғайтылуы мүмкін. Шала туған балаларда және жаңа туған нәрестелердегі қолданудың қауіпсіздігі зерттелмегендіктен, бұл топтағы емделушілерде пайдалану ұсынылмайды. Келесі кесте – педиатриялық дозалау бойынша нұсқау.
25 мг/кг/күн
Салма-ғы |
Әрбір 8 сағат сайын шамамен бір реттік дозада (3 рет қабылдауға бөлінген) |
Әрбір 6 сағат сайын шамамен бір реттік дозада (4 рет қабылдауға бөлінген ) |
4,5 кг |
40 мг |
30 мг |
9,0 кг |
75 мг |
55 мг |
13,6 кг |
115 мг |
85 мг |
18,1 кг |
150 мг |
115 мг |
22,7 кг |
190 мг |
140 мг |
50 мг/кг/күн
Салма-ғы |
Әрбір 8 сағат сайын шамамен бір реттік дозада (3 рет қабылдауға бөлінген) |
Әрбір 6 сағат сайын шамамен бір реттік дозада (4 рет қабылдауға бөлінген ) |
4,5 кг |
75 мг |
55 мг |
9,0 кг |
150 мг |
110 мг |
13,6 кг |
225 мг |
170 мг |
18,1 кг |
300 мг |
225 мг |
22,7 кг |
375 мг |
285 мг |
Бүйрек жеткіліксіздігі бар балалар үшін дозалануы
Бүйрек функциясы бұзылуы бар балаларда дозалау режимін түзетуді креатинин клиренсі мәніне қарай жүргізеді (КК): КК 70-40 мл/мин болғанда – тәуліктік орташа дозаның 60 % және әр 12 сағат сайын енгізеді; КК 40-20 мл/мин болғанда – 12 сағат аралықпен тәуліктік орташа дозаның 25 %; КК 5-20 мл/мин болғанда – әрбір 24 сағат сайын тәуліктік орташа дозаның 10 %. Барлық ұсынылатын дозалар бастапқы дозадан кейін енгізіледі.
Егде жастағы емделушілерде қолданылуы
Егде емделушілерде қолданғанда ерекше сақ болу керек: препаратты енгізу, дозасы және қабылдау аралығы жеке клиникалық бақылаулар негізінде таңдап алынуы тиіс.
- Егде адамдарда физиологиялық функция төмендеуіне байланысты жағымсыз реакциялар туындау үрдісі жиі анықталады.
- Егде адамдарда К витаминінің тапшылығынан қан кету мүмкіндігіне ерекше назар аудару керек.
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз реакциялардың туындау жиілігі төмендегі түрде бағаланады: «өте жиі» (> 1/10), «жиі» (≥ 1/100-ден < 1/10 дейін), «жиі емес» (> 1/1000 -ден < 1/100 дейін), «сирек» (> 1/10000 –ден < 1/1000 дейін), «өте сирек» (< 1/10000), «жиілігі белгісіз» (қолда бар деректер бойынша анықтау мүмкіндігі жоқ).
Жиі
- гранулоцитопения, эозинофилия
- жүрек айнуы, құсу
- бөртпе, есекжем, терінің қызаруы
- АСТ (ГОТ), АЛТ (ГПТ) немесе АЛП деңгейінің жоғарылауы
- қандағы мочевина азотының артуы
Сирек
- панцитопения, агранулоцитоз, гемолиздік анемия немесе тромбоцитопения, K витаминінің тапшылығы, B витаминінің тапшылығы
- интерстициальді пневмония немесе PIE синдромы
- жалғанжарғақшалы колит
- тері-шырышты-окулярлық синдромы (Стивенс-Джонсон синдромы) немесе уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы)
- сарғаю
- ауыр бүйрек жеткіліксіздігі (мысалы, жедел бүйрек жеткіліксіздігі), қандағы креатинин жоғарылауы
- шок, анафилактоидты реакциялар, кандидоз, бас ауыруы, бас айналуы, жалпы әлсіздік, B витаминінің тапшылығы (глоссит, стоматит, анорексия немесе неврит)
Жиілігі белгісіз
- құрысулар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- цефалоспориндер тобының препараттарына немесе басқа бета-лактамды антибиотиктерге жоғары сезімталдық
- жүктілік және лактация кезеңі
- жаңа туған нәрестелер (1 айға дейінгі)
- жүрек блокадасы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Антикоагулянттармен және диуретиктермен бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды. Цефазолинді және «ілмектік диуретиктерді» бір мезгілде қабылдағанда оның өзекшелік секрециясының блокадасы жүреді.
Аминогликозидтер бүйрек зақымдануының даму қаупін ұлғайтады.
Аминогликозидтермен фармацевтикалық үйлесімсіз (өзара белсенділігін жою).
Өзекшелік секрециясын бөгейтін дәрілік заттар қандағы концентрациясын арттырады, шығарылуын баяулатады және уытты реакциялар даму қаупін жоғарылатады. Цефазолин варфариннің әсерін күшейтеді. Диуретиктермен бір мезгілде қабылдағанда бүйрек жеткіліксіздігінің асқынулары мүмкін.
Цефазолин БЦЖ және тифоздық вакцинаның тиімділігін төмендетуі мүмкін.
Зертханалық зерттеулер нәтижесіне әсері
Жалғаноң нәтижелер Бенедикт, Фелинг немесе Клинитест таблеткаларымен жүргізілетін сынақтар кезінде несептегі глюкозаны анықтауда туындауы мүмкін, Цефазолин ферментативтік сынақ әдісін пайдаланғанда жалғаноң нәтижелер бермейді.
Препаратты пайдалану антиглобулиндік тестің (Кумбс сынамасы) тікелей немесе тікелей емес жалғаноң нәтижелерін алуға алып келуі мүмкін. Анасы сәби туғанша цефалоспориндермен емделген жаңа туған нәрестелерге қатысты Кумбс сынамасының жалғаноң нәтижелері алынуы мүмкін.
Емделушілердің ерекше топтары үшін қосымша ақпарат
Емделушілердің ерекше топтарына қатысты зерттеулер жүргізілмеген.
Айрықша нұсқаулар
Цефамезинмен ем бастар алдында емделушіде цефазолинге, цефалоспориндерге, пенициллиндерге немесе басқа бактерияға қарсы препараттарға бұрын аса жоғары сезімталдық реакциялары болған-болмағандығына мұқият зерттеу жүргізілуі тиіс. Цефамезинді сыртартқысында пенициллиндерге аса жоғары сезімталдық реакциялары бар емделушілерге бета-лактамды антибиотиктер арасындағы айқаспалы аллергендіктің үлгісі ретінде тағайындағанда сақтық талап етіледі, пенициллинге алдыңғы аллергияның эпизодтары бар емделушілерде 10%-да аса жоғары сезімталдық реакциялары тіркелді.
Егер аллергиялық реакция бақыланса, цефамезинмен ем тоқтатылуы тиіс.
Ауыр дәрежелі аса жоғары сезімталдықтың жедел реакцияларында емделушінің клиникалық жай-күйіне қарай тыныс алу жолдарының өткізгіштігін демеу үшін адреналин енгізу және оттегі емі, көктамырішілік ерітінділерді енгізу, антигистаминдік, кортикостероидты препараттарды, прессорлық аминдерді енгізу сияқты шұғыл медициналық көмек көрсету шаралары талап етілуі мүмкін. Шұғыл көмек көрсету үшін барлық дәрілер
препаратты қабылдауды бастағанға дейін қолжетімді болуы тиіс, емделушілер препаратты қабылдауды аяқтағанша мұқият бақылауда болуы тиіс.
Қолданғанда сақ болу керек:
- отбасылық немесе жеке сыртартқысында бронх демікпесі, сыртартқысында бөртулері немесе есекжем эпизодтары бар емделушілерде, ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде;
- жеткіліксіз тамақтанатын, парентеральді тамақтанатын немесе айқын астениясы бар (бұл емделушілер К витамині тапшылығынан зардап шегуі мүмкін және мұқият бақылауда болуы тиіс) емделушілерде;
- егде емделушілерде;
- бүйрек функциясы бұзылуында.
Цефазолинді қоса, барлық дерлік антибиотиктер жалғанжарғақшалы колитті туындатуы мүмкіндігі хабарланған. Осылайша, бактерияға қарсы ем уақытында немесе одан кейін диарея дамыған емделушілер арасында жалғанжарғақшалы колит дамуының потенциалды қаупін ескеру керек.
Жалғанжарғақшалы колиттің диагнозы анықталғанда емдеу шаралары басталуы тиіс. Жалғанжарғақшалы колиттің жеңіл жағдайларында әдетте тек препаратты қолдануды тоқтату жеткілікті. Орташа және ауыр жағдайларда сұйықтықтар және электролиттерді, ақуыз препараттарын енгізуге және C. Difficile туындаған колитте клиникалық тиімді бактерияға қарсы препараттармен пероральді емге назар аудару керек.
Цефазолинді ұзақ уақыт қолдану микроорганизмдердің сезімтал болмауының дамуына (резистенттілік) алып келуі мүмкін. Емделушіні мұқият клиникалық бақылау аса қажет.
Цефазолинді бүйрек функциясы бұзылуынан диурезі төмен емделушілерде қолданғанда төмендеу тәуліктік доза талап етіледі.
Бүйрек функциясы бұзылуы бар емделушілерде жоғары дозаларды дұрыс тағайындамағанда құрысу туындау мүмкіндігі бар.
Цефазолинді сыртартқысында колит сияқты асқазан-ішек аурулары бар емделушілерге сақтықпен тағайындау керек.
Цефалоспориндер протромбиндік белсенділіктің төмендеуін туындатуы мүмкін. Қауіп тобына бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі бар немесе алиментарлық статусы қанағаттанғысыз емделушілер, сондай-ақ микробқа қарсы емнің ұзақ курсын қабылдаушы емделушілер және антикоагулянтты емнен тұрақтанған емделушілер жатады.
Қауіп тобындағы емделушілерде протромбиндік уақытты бақылау керек және К витаминін көрсетілгендей экзогенді енгізу керек.
Шала туған балаларда және жаңа туған нәрестелердегі қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі анықталмаған. Өмірі 1 айдан асқан балаларда қолдану үшін ұсынылатын дозаларды қолдану тәсілі бөлімінен қараңыз.
Препарат құрамында натрий бар, бұны тұз мөлшері бақыланатын ем-дәмде жүрген емделушілер назарда ұстауы керек.
Емшекпен емізу
Цефазолиннің бала емізетін әйелдердің сүтінде болатыны хабарланды. Сондықтан бұл препаратты бала емізу уақытында пайдаланудан аулақ болу ұсынылады. Егер препаратты қолдану аса қажет болып саналса, ем кезінде бала емізу тоқтатылуы тиіс.
Дәрілік препараттың автокөлікті немесе қозғалыстағы механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Цефамезин автокөлікті немесе қозғалыстағы механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Симптомдары: бас айналуы, парестезиялар, бас ауыруы
Әсіресе жинақталу қаупі бар бүйрек жеткіліксіздігінен зардап шегуші емделушілерде, кейбір цефалоспориндер құрысулар туындатуы мүмкін.
Зертханалық көрсеткіштердің қалпынан ауытқуына креатинин, сарысудағы мочевина, бауыр ферменттері және билирубин деңгейі жоғарылауы, Кумбстың оң реакциясы, тромбоцитоз, тромбоцитопения, эозинофилия, лейкопения және протромбиндік уақыттың ұзаруы жатуы мүмкін.
Емі: симптоматикалық ем, гемодиализ
Емделушінің жай-күйі тұрақты болғанша гематологиялық, бүйрек, бауырлық және қан ұюы көрсеткіштері тексерілуі тиіс. ХҚҚ артуы әсіресе жеткіліксіз тамақтану, ұзақ емделу, бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі жағдайларында байқалуы мүмкін. Құрысу туындағанда препаратты қабылдау дереу тоқтатылуы тиіс. Құрысуға қарсы ем қажет болуы мүмкін. Ауыр артық дозалану жағдайында әсіресе бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде гемодиализ және гемоперфузия қарастырылуы тиіс. Алайда бұндай емнің тиімділігін растайтын деректер жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Ұнтақ пластмасса қақпағы бар алюминий қалпақшамен қаусырылған, тығынмен тығындалған түссіз шыныдан жасалған құтыларға салынады.
Препараты бар 1 құтыдан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
Зентива Саглык Урюнлери Санаи ве Тиджарет А.О., Түркия
Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі
Зентива Саглык Урюнлери Санаи ве Тиджарет А.О., Түркия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Санофи-авентис Қазақстан» ЖШС
Қазақстан Республикасы
050013 Алматы қ., Фурманов к-сі 187 Б
телефон: 8-727-244-50-96
факс: 8-727-258-26-96
e-mail: quality.info@sanofi.com