Цефазолин-АКОС

МНН: Цефазолин
Производитель: Биосинтез ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Cefazolin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015608
Информация о регистрации в РК: 01.04.2020 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 88.44 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

ЦЕФАЗОЛИН-АКОС

Халықаралық патенттелмеген атауы

Цефазолин

Дәрілік түрі

Көктамыр ішіне және бұлшықет ішіне енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған 1 г ұнтақ

Құрамы

Бір құтының ішінде белсенді зат1,0 г натрий цефазолині (цефазолинге шаққанда)

Сипаттамасы

Ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті ұнтақ

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Бета-лактамды бактерияға қарсы басқа да препараттар. Бірінші буын цефалоспориндері. Цефазолин

АТХ коды J01DВ04

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

1 г дозада бұлшықет ішіне енгізген кезде ең жоғары концентрациясына жету уақыты (ТСmax) - 1 сағат; ең жоғары концентрациясы (Сmax) – 64 мкг/мл; көктамыр ішіне енгізгеннен кейін ТСmax – инфузия соңында, 1 г көктамыр ішіне енгізгеннен кейін Cmax – 180 мкг/мл. Буындарға, жүрек-қантамыр жүйесі тіндеріне, құрсақ қуысына, бүйрекке және несеп шығару жолдарына, плацентаға, ортаңғы құлаққа, тыныс алу жолдарына, теріге және жұмсақ тіндерге өтеді. Аздаған мөлшері емшек сүтімен бөлінеді. Өт қабы тіндерінде және өтте концентрациясы қан сарысуындағыға қарағанда едәуір жоғары. Өт қабы тарылған кезде өтте концентрациясы плазмаға қарағанда аз. Таралу көлемі – 0,12 л/кг. Плазма ақуыздарымен байланысуы – 85 %. Бұлшықет ішіне енгізген кезде жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) – 1,8 сағат, көктамыр ішіне енгізген кезде – 2 сағат. Бүйрек функциясы бұзылған кезде Т1/2 – 20-40 сағат.

Негізінен бүйрекпен өзгермеген түрде шығарылады: алғашқы 6 сағат ішінде – 60-90 %, 24 сағаттан соң – 70-95 %. 1 г дозада бұлшықет ішіне енгізгеннен кейін несепте Сmax 4 мг/мл.

Фармакодинамикасы

Цефазолин-АКОС - парентеральды қолдануға арналған І буын цефалоспоринді антибиотигі. Микроорганизмдердің жасуша қабырғаларының синтезін бұза отырып, бактерицидті әсер етеді. Кең ауқымда әсер етеді, грамоң (Staphylococcus spp., Staphylococcus aureus (пенициллиназа өндірмейтін және өндіретін; оның ішінде Streptococcus pneumoniae), Corynebacterium diphtheriae, Bacillus anthracis) және грамтеріс микроорганизмдер (Neisseria meningitidis, Neisseria gonorrhoeae, Shigella spp., Salmonella spp., Escherichia coli, Klebsiella spp., Treponema spp., Leptospira spp.) қатысты белсенді. Haemophilus influenzae, кейбір Enterobacter spp. және Enterococcus spp. штаммдарына қатысты белсенді.

Pseudomonas aeruginosa, индолоң Proteus spp., Mycobacterium tuberculosis, Serratia spp., штаммдарына, анаэробты микроорганизмдерге, метициллин-төзімді Staphylococcus spp. штаммдарға қатысты тиімсіз.

Қолданылуы

Препаратқа сезімтал микроорганизмдер туындатқан жұқпаларда:

- жедел және созылмалы бронхит, жұқпалы бронхоэктаза, бактериялық пневмония және бронхопневмония, эмпиемада және өкпе абсцесі

- жедел және созылмалы пиелонефрит, цистит, уретрит, простатит

- мастит, тілмелі қабыну, карбункул, жұқпалы гангрена, флегмона, жаралық, күйген және операциядан кейінгі жұқпалар

- остеомиелит, септикалық артрит

- эндокардит

- сепсис

- перитонит

- ортаңғы отит

- мерез, соз

- операция алдыңғы және операциядан кейінгі кезеңде хирургиялық жұқпаның алдын алу

Қолдану тәсілі және дозалары

Көктамыр ішіне (сорғалатып және тамшылатып), бұлшықет ішіне.

Ересектерге арналған ортаңғы тәуліктік доза – 1-4 г; енгізу жиілігі – тәулігіне 2-4 рет. Ең жоғары тәуліктік доза – 6 г. Емдеудің орташа ұзақтығы 7-10 күнді құрайды.

Операциядан кейінгі жұқпаның алдын алу үшін - көктамыр ішіне, операцияға дейін 0,5-1 сағат бұрын 1 г, 0,5-1 г – операция кезінде және операциядан кейін алғашқы тәулігінде әр 8 сағат сайын 0,5-1 г.

Бүйрек функциясы бұзылған науқастарға креатинин клиренсінің (КК) мәніне сай дозалау режимін өзгерту талап етіледі: КК 55 мл/мин және одан көп немесе плазмада креатинин концентрациясы 1,5 мг % және аз болғанда толық дозаны енгізуге болады; КК 54-35 мл/мин немесе плазмада креатинин концентрациясы 3-1.6 мг % болғанда толық дозаны енгізуге болады, бірақ инъекция арасындағы аралықты 8 сағатқа дейін ұзарту керек; КК 34-11 мл/мин немесе плазмада креатинин концентрациясы 4,5-3,1 мг % кезінде - ½ дозаны 12 сағ аралықпен; КК 10 мл/мин және одан аз немесе плазмада креатинин концентрациясы 4,6 мг % және көп болса – әр 18-24 сағатта ½ әдеттегі дозаны енгізуге болады. Барлық ұсынылатын доза алғашқы 0,5 г дозадан кейін енгізіледі.

1 айлық және одан үлкен балаларға – 25-50 мг/кг/тәул; жұқпа ауыр болған кезде доза 100 мг/кг/тәул арттырылуы мүмкін. Енгізу жиілігі – тәулігіне 3-4 рет. Бүйрек функциясы бұзылған балаларға дозалау режимін түзету КК мәніне байланысты жүргізіледі: КК 70-40 мл/мин болғанда – орташа тәуліктік дозаның 60% және әр 12 сағатта енгізеді; КК 40-20 мл/мин болғанда – 12 сағаттық аралықпен орташа тәуліктік дозаның 25%; КК 5-20 мл/мин болғанда – әр 24 сағатта орташа тәуліктік дозаның 10%. Барлық ұсынылатын дозаны алғашқы дозадан кейін енгізеді.

Бұлшықет ішіне енгізу үшін 0,5 г препаратты натрий хлоридінің изотониялық 2-3 мл ерітіндісінде немесе инъекцияға арналған суда, 1 г – натрий хлоридінің изотониялық 4-5 мл ерітіндісінде немесе инъекцияға арналған суда ерітеді. Алынған ерітіндіні бұлшықетке терең етіп енгізеді.

Көктамыр ішіне сорғалатып енгізу үшін препараттың бір реттік дозасын

0.9 % натрий хлоридінің изотониялық 10 мл ерітіндісінде сұйылтып 3-5 минут бойы баяу енгізеді.

Көктамыр ішіне препаратты тамшылатып енгізген кезде (0.5 г және 1 г)

0.9 % натрий хлоридінің изотониялық 100-250 мл ерітіндісінде немесе 5 % декстроза ерітіндісінде сұйылтып, 20-30 мин бойы енгізеді (енгізу жылдамдығы 1 минутта 60-80 тамшы).

Құты ішіндегісін сұйылтқан кезде толық ерігенге дейін жақсылап сілку қажет.

Жағымсыз әсерлері

Кейде

- бас ауыруы, бас айналуы

- бүйрек функциясының бұзылуы (бүйрек ауруы бар науқастарда үлкен дозада емдеген кезде – 6 г)

- жүрек айнуы, құсу, іш өтуі, іштің ауыруы, жалған жарғақшалы энтероколит

- лейкопения

- дисбактериоз

Сирек

- құрысулар

- холестатикалық сарғаю, гепатит

- нейтропения, тромбоцитопения, тромбоцитоз, гемолитикалық анемия

- антибиотик штаммдарына төзімділікті туғызатын асқын жұқпа, кандидамикоз (оның ішінде кандидозды стоматит)

- гипертермия, тері бөртпесі, есекжем, тері қышымасы, бронх түйілуі, эозинофилия, ангионевротикалық ісіну, артралгия, анафилактикалық шок, мультиформалы экссудативті эритема (оның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы), уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы)

Жергілікті реакциялар

- бұлшықет ішіне енгізген кезде – ауырсыну (енгізген орында), көктамыр ішіне енгізген кезде - флебит

Зертханалық көрсеткіштер

- Кумбстың оң реакциясы, «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің жоғарылауы, гиперкреатининемия, протромбин уақытының ұзаруы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- цефалоспорин тобындағы препараттарға және басқа да беталактамды антибиотиктерге жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- жаңа туған нәрестелер (1 айға дейінгі)

- жүрек блокадасы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Антикоагулянттармен және диуретиктермен бір мезгілде қабылдауға болмайды. Цефазолинді және «ілмектік диуретиктерді» бір мезгілде қолданғанда оның өзекшелік сөлінісі бөгеліске ұшырайды.

Аминогликозидтер бүйрек зақымдануының даму қаупін арттырады. Аминогликозидтермен фармацевтикалық тұрғыдан үйлесімсіз (өзара белсенділігі төмендейді).

Өзекшелік сөліністерді бөгейтін дәрілік заттар қандағы концентрацияны арттырады, шығуын баяулатады және уытты реакциялардың даму қаупін жоғарылатады.

Айрықша нұсқаулар

Сақтықпен: бүйрек және/немесе бауыр жеткіліксіздігі; ішек аурулары (оның ішінде сыртартқыдағы колит); балалар жасы (1 жасқа дейін); бронх демікпесі бар емделушілер, сыртартқысында бөртулер немесе есекжем көріністері болғанда; тамақтанудың жеткіліксіздігі немесе бұзылуы жағдайларында, парентеральді тамақтану жүргізілгенде немесе күшін айқын жоғалтқан емделушілерге (бұл емделушілер К витамині тапшылығымен зардап шегуі мүмкін, оларға мұқият мониторинг жүргізу қажет).

Егде жастағы емделушілерге сақтықпен пайдаланып, дозаларға және дозаларды енгізу арасындағы аралықтарға айрықша көңіл аудару керек. Физиологиялық функциялары төмендеуіне байланысты егде емделушілерде К витамині тапшылығы туындататын әлеуетті қан кету сияқты жағымсыз құбылыстардың пайда болуы ықтимал.

Сыртартқысында пенициллинге, карбапенемге аллергиялық реакциясы бар емделушілер цефалоспоринді антибиотиктерге жоғары сезімталдығы болуы мүмкін.

Препаратты тағайындаған кезде АІЖ аурулары, әсіресе колит асқынуы мүмкін.

Цефазолинді қоса, барлық дерлік антибиотикалық дәрілер жалған жарғақшалы колит туындатуы мүмкін екендігі мәлімделген. Демек, жалған жарғақшалы колит дамуының ықтимал қаупін бактерияға қарсы емдеу кезінде немесе одан кейін диарея туындайтын емделушілер жағдайында ескеру қажет.

Цефалоспориндер протромбин белсенділігінің төмендеуін туындатуы мүмкін. Қатер тобына бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі немесе алиментарлық статусы нашар емделушілер, сондай-ақ бактерияға қарсы ұзақ емдеу курсын өткен емделушілер және антикоагулянтты емге бұрыннан тұрақтандырылған емделушілер кіреді. Қатер тобы емделушілерінің протромбин уақытын бақылап отыру қажет. Экзогенді

К витаминін нұсқауларға сәйкес енгізу қажет.

Цефазолин құрамында натрий болады. Осы деректі натрий емдәмі бақыланатын емделушілер жағдайында ескеру қажет.

Препараттың Бенедикт, Фелинг немесе Клинитест таблеткаларымен жүргізілетін сынақтар кезінде несепте глюкозаны анықтауда жалғаноң нәтижелер алынудың себебі болуы мүмкіндігіне қарамастан, ферментативтік сынақ әдісін пайдаланғанда жалғаноң нәтижелер бермейтін еді. Препаратты пайдалану тікелей немесе тікелей емес антиглобулиндік тесті (Кумбс сынамасы) жалғаноң нәтижелерін алуға әкелуі мүмкін.

Бала туғанға дейін аналары цефалоспориндермен емделген жаңа туған нәрестелерге қатысты Кумбс сынамасының жалған оң нәтижелері алынуы мүмкін.

Күні жетпей туған балалар мен жаңа туған балаларға пайдаланудың қауіпсіздігі анықталмауына байланысты, осы емделушілерге препаратты қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Цефазолин-АКОС препаратын қолданған кезде пайда болуы мүмкін: бас айналу, құрысулар, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, осыларға байланысты емдеу кезінде көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқарудан тартына тұрған жөн.

Артық дозалануы

Бүйрек функциясы бұзылған емделушілерге жоғары дозада енгізген кезде бас айналуы, жүрек айнуы, құсу, құрысулар, сананың бұзылуы пайда болуы мүмкін.

Емі. Препаратты тоқтату, гемодиализ және гемосорбция, симптоматикалық ем. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

1 г белсенді зат резеңе тығынмен герметикалық тығындалған, алюминий қалпақшамен немесе пластмасса қақпағы бар біріктірілген алюминий қалпақшамен қаусырылған сыйымдылығы 10 мл түссіз шыны құтыда

1 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен картон қорапшаға салынады.

50 құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтың тең санымен картон қорапқа салынады (стационар үшін).

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Синтез» ААҚ

640008, Ресей, Қорған қ., Конституция даңғылы, 7

Тел./факс (3522) 48-16-89

E-mail: real@kurgansintez.ru

Интернет-сайт: www.kurgansintez.ru

Тіркеу куәлігінің иесі

«Синтез» ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«СТОФАРМ» ЖШС, 000100, Қазақстан Республикасы,

Қостанай облысы, Қостанай қ., Орал к-сі, 14

тел. 714 228 01 79

Прикрепленные файлы

404381811477976538_ru.doc 63 кб
683896581477977699_kz.doc 75.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники