Церукал® таблетки

МНН: Метоклопрамид
Производитель: Плива Хрватска д.о.о.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Metoclopramide
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011280
Информация о регистрации в РК: 28.03.2018 - 28.03.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 14.19 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Церукал®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Метоклопрамид

Дәрілік түрі

10 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 10,54 мг метоклопрамид гидрохлориді моногидраты қосымша заттар: картоп крахмалы, лактоза моногидраты, желатин, магний стеараты, кремнийдің қостотығы.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, тегіс беткейлі, жиегі қиғашталған, бір жағында сызығы бар, екінші жағы өлшемсіз жиекті тегіс, ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Асқазан-ішек жолының функционалдық бұзылыстарын емдеуге арналған препараттар. Асқазан-ішек жолы моторикасы стимуляторлары. Метоклопрамид.

АТХ коды A03FA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін жылдам сіңеді, ішке қабылдағаннан кейін қандағы ең жоғары концентрациясына жету уақыты (ТCmax) 30-120 мин. Биожетімділігі 60-80 % құрайды. Гематоэнцефалдық бөгет арқылы жеңіл енеді және емшек сүтімен бөлінеді.

Бауырда метаболизденеді. Жартылай шығарылу кезеңі 3-тен 5 сағатқа дейін, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде - 14 сағатқа дейінді құрайды. Бүйрекпен бастапқы 24 сағат ішінде өзгеріссіз күйде және метаболиттер түрінде шығарылады (қабылданған дозасының 80%-ға жуығы).

Фармакодинамикасы

Метоклопрамид  допаминді рецепторлардың орталық антагонисі; сондай-ақ шеткергі холинергиялық белсенділікке ие. Екі негізгі әсері байқалады: құсуға қарсы әсері және асқазан мен аш ішекті босатуды жылдамдату әсері.

Құсуға қарсы әсері ми діңінің орталық рецепторларына әсер етуге негізделген (хеморецепторлар — құсу орталығының белсендіруші аймағы), допаминергиялық нейрондарды тежеу жолымен болуы ықтимал. Перистальтиканы күшейту ОЖЖ орталықтарымен де бақыланады, бірақ постганглионарлық холинергиялық рецепторларды белсенділендірумен қатар, асқазан мен аш ішектің допаминергиялық рецепторларын бәсеңдету арқылы шеткергі әсер ету механизмі де ішінара іске қосылуы мүмкін.

Қолданылуы

- шығу тегі әр түрлі құсу және жүрек айнуында

- асқазан мен ішектің атониясы және гипотониясында (атап айтқанда операциядан кейінгі)

- қант диабеті кезіндегі асқазан парезінде

- асқазан-ішек жолына рентгенконтрастылық зерттеулер жүргізу кезінде перистальтиканы күшейту үшін

- дуоденальді зондтауды жеңілдететін дәрі ретінде (асқазанды босатуды және тағамның аш ішекпен жылжуын жеделдету үшін).

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке 1 таблеткадан ( 10 мг метоклопрамид) тамақтануға дейін 30 минут бұрын тәулігіне 3 рет сумен ішіп қабылдайды.

Емдеу ұзақтығы 5 күнді құрайды.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- диарея

- астения

- экстрапирамидалық бұзылыстар, паркинсонизм

- акатизия

- депрессия

- гипотония

Жиі емес

- брадикардия

- аменорея

- гиперпролактинемия

- жоғары сезімталдық

- дистония

- дискинезия

- сана деңгейінің төмендеуі

- елестеулер

Сирек

- галакторея

- құрысулар

- сананың шатасуы

Белгісіз (қолда бар деректер бойынша бағалау мүмкін емес)

- метгемоглобинемия

- сульфгемоглобинемия

- тахикардия

- гинекомастия

- анафилактикалық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- метоклопрамидке және қосымшы заттарға жоғары сезімталдық

- антихолинергиялық препараттармен бір мезгілде қабылдау

- тұқым қуалайтын лактоза/галактозаны көтере алмаушылық, лактаза тапшылығы, лактоза/галактоза мальабсорбциясы синдромы, глюкоземия, галактоземия

- глаукома

- феохромоцитома (өйткені бұл жедел гипертоникалық жауапты туындатуы мүмкін)

- артериялық гипотензия немесе гипертензия

- пролактинге тәуелді ісіктер

- ішектің механикалық бітелуі

- асқазан-ішектен қан кетулер

- асқазан қақпасының стенозы

- асқазан мен ішектің тесілуі

- эпилепсия

- Паркинсон ауруы

- экстрапирамидалық бұзылулар

- жүктіліктің I триместрі және лактация кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Антихолинергиялық дәрілер метоклопрамидтің әсерін әлсіретуі мүмкін. Метоклопрамид антибиотиктердің (тетрациклин, ампициллин), парацетамолдың, леводопаның, литий және алкогольдің сіңуін күшейтеді.

Метоклопрамид дигоксин мен циметидиннің сіңуін азайтады

Метоклопрамид алкоголь және ОЖЖ бәсеңдететін дәрілік заттардың әсерін күшейтеді, үшциклді антидепрессанттардың, моноаминооксидаза (МАО) тежегіштерінің және симпатомиметикалық дәрілердің әсеріне ықпал етуі мүмкін.

Нейролептикалық препараттар метоклопрамидпен бір мезгілде тағайындалған кезде экстрапирамидалық бұзылыстардың даму қаупін күшейтуі мүмкін.

Метоклопрамид Н2-гистамин блокаторларымен емдеудің тиімділігін төмендетеді.

Метоклопрамид гепатоуытты дәрілермен біріктіргенде гепатоуыттылықтың даму қаупін ұлғайтады.

Метоклопрамид перголидтің, леведопаның тиімділігін төмендетеді.

Метоклопрамид циклоспориннің биожетімділігін ұлғайтады, бұл оның концентрациясын бақылауды қажет етеді;

Метоклопрамид плазмада бромокриптиннің концентрациясын арттырады.

Метоклопрамидті тиаминмен (В1 витамині) бір мезгілде тағайындағанда соңғысы тез ыдырайды.

Айрықша нұсқаулар

2-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге дұрыс дозалау мақсатында препарат тек инъекция түрінде ғана тағайындалады.

Емдеу үдерісінде алкоголь қабылдаудан бас тарта тұрған жөн.

Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар науқастарда жағымсыз құбылыстардың даму қаупі жоғары болады.

Метоклопрамидті қолдану аясында бауыр қызметінің зертханалық көрсеткіштері деректерінің және плазмадағы альдостерон мен пролактин концетрациясының анықталуы бұрмалануы мүмкін.

Жағымсыз әсерлерінің, атап айтқанда дискинезияның туындау қаупіне байланысты Церукалды® жасөспірімдерге, метоклопрамидпен емдеу кезінде дистониялық-дискинетикалық бұзылулардың туындауына бейімділігі зор 30 жас шамасындағы емделушілерге және паркинсонизм дамуының жоғары қаупіне байланысты егде жастағы емделушілерге тағайындағанда сақ болу керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препарат I триместрде қарсы көрсетілімді. Әйелдерге II және III триместрде Церукалды® тек өмірлік маңызды қатаң көрсетілімдер бойынша тағайындайды.

Церукалмен® емдеу кезінде бала емізуді тоқтатқан дұрыс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Жағымсыз әсерлерін ескере отырып, Церукалды® қабылдап жүрген емделушілерге жоғары назар аудару мен психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерінен тартына тұрған жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: ұйқышылдық, сананың шатасуы, ашушаңдық, мазасыздық, құрысулар, экстрапирамидалық қимыл-қозғалыс бұзылыстары, брадикардия қосылған жүрек-қантамыр жүйесі функциясының бұзылулары, артериялық қысымның төмендеуі немесе жоғарылауы

Уланулардың жеңіл түрлерінде симптомдары дәрілік затты тоқтатқаннан кейін 24 сағаттан соң жоғалады. Симптоматикасының ауырлығына байланысты науқастың өмірлік маңызы бар функцияларын бақылауда ұстау ұсынылады. Препаратты артық дозалау кезіндегі өлім жағдайлары анықталмаған.

Емі: симптоматикалық. Экстрапирамидалық бұзылыстарды бипериденді баяу енгізу арқылы қайтарады (ересектерге арналған дозасы - 2,5 - 5 мг). Бипериденді тек стационар жағдайында, дәрігердің бақылауымен енгізеді. Науқасты тыныштандыру үшін диазепамды қолдануға болады. Организмге метоклопрамидтің жоғары дозалары түскен кезде асқазанды шаяды, белсендірілген көмір мен натрий сульфатын пайдаланады.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 таблеткадан рельефті «AWD» жазуы бар төмен тығыздықтағы полиэтиленнен жасалған ақ түсті тығыны бар қоңыр шыны құтыда. 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 30ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Плива Хрватска д.о.о.»

Прилаз баруна Филипповича 25,

10 000 Загреб, Хорватия Республикасы

Тіркеу куәлігінің иесі

«Тeva Pharmaceutical Industries Ltd», Израиль

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«ратиофарм Қазақстан» ЖШС

050000, Қазақстан Республикасы Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 19,

Нұрлы Тау бизнес орталығы 1Б 603,604 кеңсе

Телефон, факс (727) 311-09-15; 311-07-34

E-mail teva@teva.co.il

Прикрепленные файлы

216843991477976938_ru.doc 56 кб
514664971477978106_kz.doc 94 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники