Цереглиа

МНН: Холина альфосцерат
Производитель: Киевский витаминный завод ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Choline alfoscerate
Информация о регистрации в РК: 05.06.2020 - 05.06.2025

Инструкция

Саудалық атауы

Цереглиа

Халықаралық патенттелмеген атауы

Холин альфосцераты

Дәрілік түрі, дозасы

Жұмсақ капсулалар, 400 мг

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі. Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған басқа препараттар. Парасимпатомиметиктер. Басқа да парасимпатомиметиктер. Холин альфосцераты.

АТХ коды N07AX02

Қолданылуы

- мидың дегенеративті-инволюциялық психоорганикалық синдромында немесе цереброваскулярлық жеткіліксіздіктің екіншілік салдарларында, яғни егде жастағы адамдардағы ақыл -ой қызметінің біріншілік және салдарлы бұзылуы, ол жадының бұзылуымен, сананың шатасуымен, бағдарсыздықпен, мотивацияның және бастамашылдықтың төмендеуімен, концентрацияға қабілеттіліктің төмендеуімен;

- эмоционалды және мінез-құлық саласындағы өзгерістер: эмоционалды тұрақсыздық, ашуланшақтық, қоршаған ортаға немқұрайлы қараумен;

- егде жастағы адамдарда жалған депрессиямен сипатталады.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- дәрілік затқа немесе оның компоненттеріне белгілі аса жоғары сезімталдық

- тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық

- психосоматикалық синдромы бар пациенттер, ауыр психомоторлық қозу кезінде

- жүктілік немесе емшек емізу кезеңінде.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік заттармен препараттың өзара байланысуының клиникалық мәні анықталмаған.

Арнайы ескертулер

Егер пациентте кейбір қанттарға көтере алмаушылық анықталған болса, онда бұл дәрілік затты қабылдамас бұрын дәрігерден кеңес алу керек.

Педиатрияда қолдану

Балаларға дәрілік препаратты қолдану тәжірибесі жоқ.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде

Дәрілік затты жүктілік кезеңінде немесе емшек емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік зат көлікті басқаруға және басқа механизмдермен жұмыс жасауға әсер етпейді.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Дәрілік затты тек ересектер ғана қолдану керек.

Тәулігіне 1 капсуладан 2 немесе 3 рет қолдану керек.

Емдеу ұзақтығын дәрігер жекелей анықтайды.

Артық дозаланған жағдайда қолдану қажет шаралар

Жүрек айнуымен, мазасыздықпен, қозумен, ұйқысыздықпен байқалуы мүмкін Цереглиа дәрілік заты артық дозаланған кезде препарат дозасын азайту керек. Симптоматикалық ем.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда (қажет болған кезде) қолдану керек шаралар

Әдетте, дәрілік зат тіпті, ұзақ қолданған кезде де жақсы көтерімді.

Емнің алғашқы күнінде немесе апта бойында мынадай: үрейлену, ажитация, ұйқысыздық сияқты жағымсыз реакциялар байқалуы мүмкін. Бұл симптомдар уақытша болып табылады және емдеуді тоқтатуды талап етпейді, бірақ доза уақытша төмендетілуі мүмкін.

Жүрек айнуы (ол негізінен екіншілік допаминергиялық белсенділік салдары болып табылады), артериялық қысымның төмендеуі, бас ауыруы пайда болуы мүмкін.

Өте сирек:

Абдоминальді ауыру болуы және қысқа мерзімді сананың шатасуы мүмкін. Мұндай жағдайда дәрілік заттың дозасын азайту керек.

Бөртпені, қышынуды, есекжемді, ангионевроздық ісінуді, терінің қызаруын қоса аса жоғары сезімталдық реакция болуы мүмкін. Аллергиялық реакцияны туғызуы мүмкін (баяу болуы мүмкін).

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей электронды пошта

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті» «Дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық Орталығы» ШЖҚ РМК http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат - 400 мг холин альфосцераты,

қосымша заттар: тазартылған су, глицерин,

капсула қабығы: желатин, сұйық сорбит, ішінара дегидратацияланған, глицерин, титанның қос тотығы (Е 171), темірдің сары тотығы (Е 172), натрий метилпарагидроксибензоаты (Е 219), натрий пропилпарагидроксибензоаты (Е 217).

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ашық сары-қоңыр түсті, мөлдір емес, жиекті, сопақша пішінді желатинді жұмсақ капсулалар.

Капсула ішіндегісі – мөлдір түссіз немесе аздап сарғыштау тұтқыр сұйықтық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Лакталған баспалы алюминий фольгадан немесе мөлдір емес түрлі түсті поливинилдихлоридті қыртысы бар поливинилхлоридті үлбірден жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 капсуладан.

1 немесе 3 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәлімет

«КИЕВ ДӘРУМЕНДЕР ЗАУЫТЫ» АҚ, Украина

04073, Киев қ., Копыловская к-сі, 38

Тел.: (044) 461-03-08, факс: (044) 461-03-01

Web-сайт: www.vitamin.com.ua

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«КИЕВ ДӘРУМЕНДЕР ЗАУЫТЫ» АҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«КИЕВ ДӘРУМЕНДЕР ЗАУЫТЫ» АҚ өкілдігі

Мекенжайы: 050008, Қазақстан Республикасы: Алматы қ.,

Абай даңғылы 109 В, кеңсе 16А

Тел.: +7 (727) 356 88 50; е-mail: ossadchiy@mail.ru

Прикрепленные файлы

п.17_Цереглиа_ИМП_ЛВ_.docx 0.03 кб
Цереглиа_ЛВ_каз_тексер_лд_.doc 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту