Церварикс®, вакцина рекомбинантная против Вируса Папилломы Человека типов 16 и 18, содержащая адьювант AS04

МНН: Вакцина против вируса папилломы человека
Производитель: ГлаксоСмитКляйн Байолоджикалз с.а.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Papillomavirus (human types 16, 18)
Номер регистрации в РК: № РК-БП-5№010155
Информация о регистрации в РК: 08.12.2016 - 08.12.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Церварикс®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған 0.5 мл/доза суспензия

Құрамы

Бір дозаның (0.5 мл) құрамында

белсенді заттар: адам папилломавирусының 16 түрдегі L1 протеині – 20 мкг,

адам папилломавирусының 18 түрдегі L1 протеині – 20 мкг

AS04 адъюванты: 3-О-дезацил-4’-монофосфорил А липиді – 50 мкг, алюминий гидроксиді – 0.5 мг Al3+,

қосымша заттар: натрий хлориді, натрий дигидрофосфатының дигидраты, инъекцияға арналған су.

Сипаттамасы

Сілкігеннен кейін лайланатын сұйықтық. Седиментациядан кейінгі ақ тұнба және тұнба үстінде пайда болатын түссіз сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Вирусқа қарсы вакциналар. Папиллома вирусы вакциналары. Адам папилломасының 16 және 18 түрдегі вирусы.

АТХ коды J07BM02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Вакцина үшін фармакокинетикалық қасиеттеріне баға берудің қажеті жоқ.

Фармакодинамикасы

Церварикс® – Hi-5 Rix 4446 ортада жасушаларда өсірілген және адъювантты AS04 жүйесінің жәрдемімен күшейтілген, вирусқа ұқсас бөлшектерге біріктірілген, адам папилломасы вирусының (АПВ) 16 және 18 түрлерінің L1 ақуызынан тұратын рекомбинантты вакцина.

АПВ онкогенді штамдарынан туындаған персистирлеуші инфекция дүние жүзінде жатыр мойнының обыры ауруының себепшісі екені көрсетілген.

Церварикс® вакцинасы АПВ 16 және 18 онкогенді штамдарының негізгі капсидті ақуыздарының жоғары тазаланған вирусқа ұқсас бөлшектерінен дайындалған инфекциялық емес рекомбинантты вакцинасы болып табылады. Бұл бөлшектердің құрамында вирустық ДНҚ жоқ болғандықтан, олар жасушаларға жұқтыруға, қайта өндіруге немесе ауру дамуын туындатуға қабілетсіз. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде АПВ L1 бар вакцинаның тиімділігі көбіне гуморалдық иммундық жауабы және жасушалық иммундық жадының дамуы арқылы болатыны дәлелденген.

Церварикс® вакцинасы клиникалық зерттеулерде енгізген кезде құрамында адъювант ретінде алюминий тұзы [Al(OH)3] бар өзіндей антигендермен салыстырғанда жоғарылау және ұзақтау иммундық жауап дамығаны анықталған AS04 адъювантымен күшейтілген.

Жатыр мойнының инвазиялық обырына жатыр мойнының жалпақ жасушалы обыры (84 %) және аденокарцинома (16 %, дамыған елдерде скринингтік бағдарлама деректері бойынша 20 %-ға дейін ) жатады.

АПВ-16 және АПВ-18 дүние жүзінің барлық аймағындағы шамамен 70 % жағдайдағы жатыр мойнының обыры және 70 % – вульва және вагина интраэпителиалдық неоплазмиялары дамуына жауапты. Басқа да АПВ онкогендік штамдары да (АПВ-31, -33, -35, -39, -45, -51, -52, -56, -58, -59, -66, -68) осылайша жатыр мойнының обыры дамуына алып келуі мүмкін, бірақ жатыр мойнының жалпақ жасушалы обырында көбіне жиірек анықталатын штамдар (шамамен 76 %) және аденокарциномада (шамамен 91 %) АПВ-16, -18, -45 және -31 болып табылады.

Анамнезді жауаптың дәлелі (иммунологиялық жады)

Біріншілік вакцинация кестесінің аяқталуында 6.8 жылдық орташа кезеңнен соң провокациялық дозаны енгізу 7-ші күні АПВ-16 және АПВ-18 (ИФТ және псевдовирионды бейтараптандыру әдісі) анамнезді иммундық жауапқа алып келді. Провокациялық GMT дозасы (антидененің орташа геометриялық титрі) енгізгеннен бір айдан кейін вакцинацияның біріншілік курсынан кейін орын алған көрсеткіштерден жоғары болды. Сондай-ақ ИФТ әдісімен алынған АПВ-31 және АПВ-45 штамдарына қатысты анамнезді жауап байқалған.

Клиникалық зерттеулерден алынған нәтижелер онкогенді АПВ-16 және 18 түрлерінен болған АПВ инфекциясының алдын алу үшін Церварикспен® вакцинация жасаған кезде басқа да онкогенді (31, 33 және 45) штамдарға қатысты айқаспалы қорғаныш түзіледі деп шамалауға мүмкіндік береді.

Бәрінен бұрын, онкогенді штамдардың (16 немесе 18) бірін жұқтырып алған әйелдерде Церварикспен® вакцинация жасау екінші штамнан болған аурулардан қорғайды деп болжам жасалады.

Тиімділігі

15-25 жастағы әйелдердегі вакцинацияның тиімділігі

Вакцинацияның тиімділігі 15-тен 25-ке дейінгі жастағы 19778 әйел қатысқан бақыланатын, салыстырмалы жасырын, рандомизацияланған 2 клиникалық зерттеуде бағаланған.

  • Инфекция жұқтырмаған әйелдердегі АПВ 16 және 18 (антигенмен жанаспаған әйелдердің когортасында) қарсы тиімділігі

    Вакцина тиімділігі HPV-001/007 зерттеулерінде АПВ-16 /немесе АПВ-18 (АПВ-16/18) байланысты әсерінің гистологиялық критерийлері бойынша зерттелген. Нәтижелері 1-кестеде берілген.

    1 кесте. Вакцинаның АПВ -16/18 астасқан CIN2+ және CIN1+ қарсы тиімділігі

    АПВ-16/18

    Церварикс

    N = 481

    Бақылау тобы (алюминий тұзы) N = 470

    Тиімділігі %

    (95 % ДИ#)

    Жағдайлар саны

    CIN2+*

     

    9

    100 % (51.3;100+)

    CIN1+**

     

    15

    100 % (73.4;100+)

    *CIN2+ (ЦИН2+) - цервикальді интраэпителиалды неоплазия 2ші және қатерінің одан жоғары дәрежесі

    **CIN1+ (ЦИН1+) - цервикальді интраэпителиалды неоплазия 1ші және және қатерінің одан жоғары дәрежесі

    # ДИ – сенімді аралығы

    + мән диапазоны

    Иммундық жауаптың болғаны бірінші дозаны енгізген соң 9.4 жылдан кейін (113 ай) дәлелденді. АПВ 16 және 18 байланысты инфекцияның немесе гистологиялық зақымданудың жаңа жағдайлары дамығаны байқалмаған.

    2. Сыртартқысында АПВ бар және/немесе бұрыннан инфекциясы болған әйелдердегі вакцинаның тиімділігі

    Әйелдердегі HPV-008 зерттеулерде бастапқы цитология, серологиялық АПВ статусы және ДНҚ статусына байланыссыз вакцинацияланды.

    Жалпы популяцияда АПВ-16/18 қарсы статистикалық елеулі тиімділігі әсерінің төмендегі критерийлері бойынша көрсетілді:

    Тиімділіктің гистологиялық критерийлері:

    - CIN2+ және CIN1+ (2 және 3 кестелер).

    Бұдан басқа, вакцинаның CIN2+ қатысты статистикалық нақты тиімділігі АПВ-16 және АПВ-18 түрлері үшін жеке дара көрсетілген.

    Тиімділіктің вирусологиялық және цитологиялық критерийлері:

    - Персистирлеуші инфекциялар 6-шы және 12-айдағы (4 кесте)

    - Цитологиялық бұзылулар (≥ASCUS1) (4 кесте)

    Тиімділіктің вульвалық және қынаптық критерийлері:

    - VIN1+ (қатері 1ші және жоғары дәрежедегі вульвалық интраэпителиалдық неоплазия) немесе VaIN1+ (қатері 1ші және жоғары дәрежедегі қынаптық интраэпителиалдық неоплазия)

    Жұқтырмаған әйелдердегі АПВ-16/18 қарсы профилактикалық тиімділігі

    HPV-008 зерттеулерінде, шамамен әйелдердің 26 %-да ағымдағы және/немесе алдыңғы АПВ-16/18 инфекциясының белгілері болды, және зерттеудің басында әйелдердің 1 %-дан азында АПВ-16 және АПВ-18 түрлерінің екеуіне қатысты АПВ ДНҚ анықталды.

    1Atypical Squamous Cells of Undetermined Significance мәні анықталмаған жалпақ эпителийдің атипиялық жасушалары (жіктелуі қиын жасушалық элементтер).

    HPV-008 зерттеулерінің қорытынды талдаулары АПВ-16/18 байланысты CIN2+ жағдайларының ≥ 36 анықталғанда басталды.

    Зерттеулер аяқталған соң талдау 48 айдан кейін (бірінші дозаны енгізгеннен кейін) жүргізілді және оған жалпы вакцинацияланған когортадан (TVC-1) барлық субъектілер қосылды.

    2 кесте. Вакцинацияның АПВ-16/18 астасқан, CIN3+, CIN2+ және CIN1+ қарсы тиімділігі (ATP (хаттама бойынша когорта) және TVC-1 (жалпы вакцинацияланған когорта)) хаттамасына сәйкес талдау

    АПВ 16/18, нәтижесі

    Зерттеудің қорытынды талдауы

    Зерттеу аяқталған сәттегі талдау

    Церварикс

    Бақылау тобы

    % Тиімділігі (96.1 % ДИ)

    Церварикс

    Бақылау тобы

    % Тиімділігі

    (95 % ДИ)

    N

    n

    N

    n

    N

    n

    N

    n

    CIN3+

    ATP(1)

    7344

    2

    7312

    10

    80.0 % (0.3;98.1)

    7338

    2

    7305

    24

    91.7 % (66.6;99.1)

    TVC-1(2)

    8040

    2

    8080

    22

    90.9 % (60.8;99.1)

    8068

    2

    8103

    40

    95.0 % (80.7;99.4)

    CIN2+

    ATP(1)

    7344

    4

    7312

    56

    92.9 % (79.9;98.3)

    7338

    5

    7305

    97

    94.9 % (87.7;98.4)

    TVC-1(2)

    8040

    5

    8080

    91

    94.5 % (86.2;98.4)

    8068

    6

    8103

    135

    95.6 % (90.1;98.4)

    CIN1+

    ATP(1)

    7344

    8

    7312

    96

    91.7 % (82.4;96.7)

    7338

    12

    7305

    165

    92.8 % (87.1;96.4)

    TVC-1(2)

    8040

    11

    8080

    135

    91.8 % (84.5;96.2)

    8068

    15

    8103

    210

    92.9 % (88.0;96.1)

    N = Әр топқа енген субъектілер мөлшері

    n = интраэпителиалдық неоплазия жағдайларының мөлшері

    (1) вакцинаның 0 айда ДНҚ-негативті және серонегативті, және АПВ 16 немесе18 барына зерттеуінің 6 айлығына ДНҚ-негативтік 3 дозасын қабылдаған

    (2) АПВ 16 немесе18 барына зерттеуінің 0 айына ДНҚ-негативтік және серонегативтік вакцинаның ең кемі 1 дозасын қабылдаған

    3 кесте. Вакцинацияның АПВ-16/18 астасқан, CIN3+, CIN2+ және CIN1+ қарсы тиімділігі, АПВ түріне қарай (ATP және TVC-1) талдау

    АПВ 16/18, нәтижесі

    Зерттеудің қорытынды талдауы

    Зерттеу аяқталған сәттегі талдау

    Церварикс

    Бақылау тобы

    % Тиімділігі

    (96.1 % ДИ)

    Церварикс

    Бақылау тобы

    % Тиімділігі (95 % ДИ)

    N

    n

    N

    n

    N

    n

    N

    n

    CIN3+

    ATP(1)

    7344

     

    7312

    8

    100 %

    (36.4; 100)

    7338

     

    7305

    22

    100 % (81.8;100)

    TVC-1(2)

    8040

     

    8080

    20

    100 % (78.1;100)

    8068

     

    8103

    38

    100 % (89.8;100)

    CIN2+

    ATP(1)

    7344

    1

    7312

    53

    98.1 % (88.4;100)

    7338

    1

    7305

    92

    98.9 % (93.8;100)

    TVC-1(2)

    8040

    2

    8080

    87

    97.7 % (91.0;99.8)

    8068

    2

    8103

    128

    98.4 % (94.3;99.8)

    CIN1+

    ATP(1)

    7344

    2

    7312

    90

    97.8 % (91.4;99.8)

    7338

    3

    7305

    154

    98.1 % (94.3;99.6)

    TVC-1(2)

    8040

    5

    8080

    128

    96.1 % (90.3;98.8)

    8068

    6

    8103

    196

    97.0 % (93.3;98.9)

    N = Әр топқа енген субъектілер мөлшері

    n = интраэпителиалдық неоплазия жағдайларының мөлшері

    (1) вакцинаның 0 айда ДНҚ-негативті және серонегативті, және АПВ 16 немесе18 барына зерттеуінің 6 айлығына ДНҚ-негативтік 3 дозасын қабылдаған

    (2) АПВ 16 немесе18 барына зерттеуінің 0 айына ДНҚ-негативтік және серонегативтік вакцинаның ең кемі 1 дозасын қабылдаған

    4 кесте: АПВ-16/18 астасқан (ATP және TVC-1) вакцинацияның вирусологиялық және цитологиялық критерийлері бойынша тиімділігі

    АПВ 16/18, нәтижесі

    Зерттеудің қорытынды талдауы

    Зерттеу аяқталған сәттегі талдау

    Церварикс

    Бақылау тобы

    % Тиімділігі

    (96.1 % ДИ)

    Церварикс

    Бақылау тобы

    %

    Тиімділігі

    (95 % ДИ)

    N

    n

    N

    n

    N

    n

    N

    n

    Вирологиялық ақырғы нүкте

    6 айлық персистир

    леуші инфекция

    ATP(1)

    7177

    29

    7122

    488

    94.3 %

    (91.5;96.3)

    7182

    35

    7137

    588

    94.3 % (92.0;96.1)

    TVC-1(2)

    7941

    67

    7964

    661

    90.2 %

    (87.3;92.6)

    7976

    73

    7999

    770

    91.0 % (88.5;93.0)

    12 айлық персистир

    леуші инфекция

    ATP(1)

    7035

    20

    6984

    227

    91.4 % (86.1;95.0)

    7082

    26

    7038

    354

    92.9 % (89.4;95.4)

    TVC-1(2)

    7812

    51

    7823

    340

    85.3 % (79.9;89.4)

    7864

    58

    7880

    478

    88.2 % (84.5;91.2)

    Тиімділіктің цитологиялық критерийлері

    Цитологиялық патология (≥ASCUS)

    ATP(1)

    7340

    48

    7312

    427

    89.0 %

    (84.9;92.1)

    7334

    55

    7305

    575

    90.7 % (87.8;93.1)

    TVC-1(2)

    8040

    75

    8080

    553

    86.7 % (82.8;89.8)

    8068

    84

    8103

    714

    88.6 % (85.6;91.0)

    N = Әр топқа енген субъектілер мөлшері

    n = интраэпителиалдық неоплазия жағдайларының мөлшері

    (1) вакцинаның 0 айда ДНҚ-негативті және серонегативті, және АПВ 16 немесе18 барына зерттеуінің 6 айлығына ДНҚ-негативтік 3 дозасын қабылдаған

    (2) АПВ 16 немесе18 барына зерттеуінің 0 айына ДНҚ-негативтік және серонегативтік вакцинаның ең кемі 1 дозасын қабылдаған

    АПВ-16 және АПВ-18 қатысты тиімділікке қосымша зерттеулерде төмендегілер көрсетілген:

    -1) Вакцинаның CIN3+, CIN2+ және CIN1+ қарсы тиімділігі барлық когорталарда зақымданудың АПВ түрі ДНҚ байланыссыз және бастапқы серостатусқа тәуелсіз көрсетілді (5 кесте). Осы когорталарда Церварикс® жатыр мойнының жергілікті терапиясын қолдану жиілігін төмендетуде тиімді болды.

    2) вакцинаның вакцинациялауға жатпайтын онкогендік АПВ түрлеріне қарсы тиімділігі ATP (хаттама бойынша когорта) және TVC-1 (жалпы вакцинацияланған когорта) когорталарында көрсетілді.

    5 кесте. Вакцинаның патология аймағындағы АПВ ДНҚ түріне байланыссыз, бастапқы серостатусқа тәуелсіз тиімділігі

     

    Зерттеудің қорытынды талдауы

    Зерттеу аяқталған сәттегі талдау

    Церварикс

    Бақылау тобы

    % Тиімділігі

    (96.1 % ДИ)

    Церварикс

    Бақылау тобы

    %

    Тиімділігі

    (95 % ДИ)

    N

    n

    N

    n

    N

    n

    N

    n

    CIN3+

    TVC инфекция жұқтырмаған(1)

    5449

    3

    5436

    23

    87.0 % (54.9;97.7)

    5466

    3

    5452

    44

    93.2 % (78.9;98.7)

    TVC (2)

    8667

    77

    8682

    116

    33.4 % (9.1;51.5)

    8694

    86

    8708

    158

    45.6 % (28.8;58.7)

    CIN2+

    TVC инфекция жұқтырмаған (1)

    5449

    33

    5436

    110

    70.2 % (54.7;80.9)

    5466

    61

    5452

    172

    64.9 % (52.7;74.2)

    TVC (2)

    8667

    224

    8682

    322

    30.4 % (16.4;42.1)

    8694

    287

    8708

    428

    33.1 % (22.2;42.6)

    CIN1+

    TVC инфекция жұқтырмаған (1)

    5449

    106

    5436

    211

    50.1 % (35.9;61.4)

    5466

    174

    5452

    346

    50.3 % (40.2;58.8)

    TVC (2)

    8667

    451

    8682

    577

    21.7 % (10.7;31.4)

    8694

    579

    8708

    798

    27.7 % (19.5;35.2)

    Жатыр мойнының жергілікті терапиясы

    TVC инфекция жұқтырмаған (1)

    5449

    26

    5436

    83

    68.8 % (50.0;81.2)

    5466

    43

    5452

    143

    70.2 % (57.8;79.3)

    TVC (2)

    8667

    180

    8682

    240

    24.7 % (7.4;38.9)

    8694

    230

    8708

    344

    33.2 % (20.8;43.7)

    N = Әр топқа енген субъектілер мөлшері

    n = интраэпителиалдық неоплазия жағдайларының мөлшері

    (1) TVC инфекция жұқтырмаған: бұған, зерттеу басында цитологиясы қалыпты болған, 14 онкогендік АПВ түріне қатысты АПВ ДНҚ теріс және АПВ-16 және АПВ-18 серонегативті болған барлық вакцинацияланған (ең болмағанда вакцинаның бір дозасын қабылдаған) субъектілер жатады

    (2) TVC: бұған барлық вакцинацияланған субъектілер қосылады (ең болмағанда вакцинаның бір дозасын қабылдаған)

    3.Басқа АПВ онкогендік түрлерін (16 және 18 басқа) жұқтыруға қатысты профилактикалық тиімділігі

    Зерттеудің қорытынды талдауы кезінде когортадағы 31, 33 және 45 түрлері үшін АТР хаттамасына сәйкес 6-айлық персистирлеуші инфекцияға қатысты және когортадағы АПВ-31,33,45 және 51түрлері үшін TVC-1 хаттамасына сәйкес вакцинаның статистикалық сенімді тиімділігі бақыланды. Вакцинаның АТР-дағы АПВ 31, 51 және 58 түрлері үшін және TVC -1-дегі АПВ 31, 33, 35 және 51 түрлері үшін CIN 2+ қатысты статистикалық сенімді тиімділігі бақыланды.

    Вакцинаның АПВ (АПВ-31, -33, -35, -39, -45, -51, -52, -56, -58, -59, -66, -68) түрлері үшін, 16 және 18 түрлерін қоспағанда, CIN 2+ қатысты статистикалық сенімді тиімділігі АТР-да 54.0 %-ды және TVC -1–де 46.0 %-ды құрады.

    26 жастан 55 жасқа дейінгі әйелдердегі вакцинацияның тиімділігі

    Вакцинацияның тиімділігі 26-дан 55-ке дейінгі жастағы 5777 әйел қатысқан бақыланатын, салыстырмалы жасырын, рандомизацияланған клиникалық зерттеуде бағаланған.

    Зерттеудің аралық талдауы әрбір субъектінің дәрігерге барып зерттелуінің 48 айында аяқталуы бойынша жүргізілді.

    Тиімділіктің бастапқы талдауы (АТР) хаттамаға сәйкес когортада және жалпы вакцинацияланған когортада (TVC) жүргізілді.

    Вакцинаның тиімділіктің біріктірілген бірінші критерий бойынша әсері (6-айлық персистирлеуші инфекция және/немесе АПВ-16/18 байланысты CIN1+) төмендегі кестеде біріктірілген.

    6 кесте: Вакцинацияның АПВ-16/18 астасқан (ATP және TVC-1), инфекция персистенциясына (6 айлық) және/немесе CIN1+ қарсы тиімділігі

    АПВ-16/18

    ATP(1)

    TVC(2)

    Церварикс

    Бақылау тобы

    %

    Тиімділігі

    (97.7 % ДИ)

    Церварикс

    Бақылау тобы

    %

    Тиімділігі (97.7 % ДИ)

    N =1898

    N=1854

    N=2772

    N=2779

    n

    n

    n

    n

    инфекция персистенциясы

    (6 айлық) және/немесе CIN1+

    7

    36

    81.1 %

    (52.1; 94.0)

    90

    158

    43.9 %

    (23.9; 59.0)

    инфекция персистенциясы

    (6 айлық) және/немесе CIN1+ (HPV TAA)

    7

    36

    81.1 %

    (52.1; 94.0)

    89

    155

    43.5 %

    (23.1; 58.7)

    N= Әр топқа енген субъектілер мөлшері

    n= интраэпителиалдық неоплазияның ең кемі бір жағдайы болған субъектілер мөлшері

    алгоритмге сәйкес HPV TAA= АПВ түрі

    (1) вакцинаның 0 айда ДНҚ-негативті және серонегативті, және АПВ 16 немесе18 барына зерттеуінің 6 айлығына ДНҚ-негативтік 3 дозасын қабылдаған

    (2) АПВ 16 немесе18 барына зерттеуінің 0 айына ДНҚ-негативтік және серонегативтік вакцинаның ең кемі 1 дозасын қабылдаған

    Вакцинаның инфекция персистенциясына қарсы тиімділігі АПВ-31үшін 79.1 % және АПВ-45 үшін 76.9 % құрайды.

    Иммуногенділігі

    Церварикстің® 3 дозасын енгізумен индукцияланған иммуногенділігі 9-дан 55-ке дейінгі жастағы әйел жынысты 5465 субъектіде бағаланды. Клиникалық сынақтарда серонегативті әйелдердің 99 %-ынан астамы 3-ші дозаны қабылдағаннан кейін 18 айдан соң АПВ 16 және 18-не серопозитивті болды. Бастапқы серопозитивті және серонегативті субъектілер вакцинациядан кейін антиденелердің аналогтық титріне келді.

    Вакцинаның 2 дозасын (0 және 6 ай немесе 0 және 12 айда) қабылдаған, қатысушылары 9-дан 14-ке дейінгі жастағы қыздар қатысқан, жалғасатын клиникалық сынақтарда (HPV-070), АПВ 16 және 18 екі түрі бойынша зерттеудің барлық қатысушыларында сероконверсия екінші дозадан кейін басталды. 9-дан 14-ке дейінгі жастағы қыздарда 2-ші дозадан кейінгі иммундық жауап 15-тен 25-ке дейінгі жастағы әйелдердегі 3-ші дозадан кейінгі иммундық жауаптан кем түспейді.

    Вакцинацияланған әйелдердің 100 %-да бірінші доза енгізгеннен кейін 9.4 жылдан кейін (113 ай) иммундық жауап болатыны дәлелденген.

    АПВ-16 және АПВ-18 үшін IgG (GMT) вакцинамен индукцияланған өндірілуі 7-ші айда шыңына жетеді, 18-ші айда тұрақтанады және тұрақты деңгейде сақталады.

    26-дан 55-ке дейінгі жастағы әйелдердегі иммуногенділігі

    Зерттеудің III фазасында (HPV-015) 26 жастан бастап және одан асқан жастағы әйелдерде 48 айлық уақытша нүктеде, яғни вакцинацияның толық курсы аяқталғаннан кейін 42 айдан соң, басынан 100 % және 99.4 % серонегативті әйелдер антидененің тиісінше анти-АПВ-16 және анти-АПВ-18 серопозитивті болды. Бәрі басынан серопозитивті болған әйелдер антидененің анти-АПВ-16 және анти-АПВ-18 серопозитивті күйде қалды.

    7-ші айға қарағанда қол жеткен антидене титрі 18 айға қарай біртіндеп төмендеген және 48 айға қарай платоға жетіп, тұрақтанды.

    АИВ-жұқтырған әйелдердегі иммуногенділігі

    18-ден 25 жасқа дейінгі жастағы 120 АИВ-оң симптомдарсыз субъектілер, Церварикс® (60 субъекті) қабылдаған барлық пациенттер қатыстырылып жүргізілген клиникалық зерттеулерде 1 айдан соң үшінші дозадан кейін (7 айда) АПВ 16 және 18 түрінің екеуіне де қатысты серопозитивті болды және АПВ 16 және 18 қатысты серопозитивтілігі 12 ай бойы ұстап тұрылды. IgG (GMT) вакцинамен индукцияланған өндірілуі АИВ-оң субъектілерде (ДИ 95 %) төмен болды. Бұл бақылаудың клиникалық мәні белгісіз. Функционалдық антидене анықталмаған. АИВ–жұқтырған әйелдер арасында персистирлеуші инфекциядан немесе обыр алды ауруларынан қорғау туралы ақпарат жоқ.

Қолданылуы

- әйелдерде және 9 жастан бастап қыз балаларда адам папилломасы вирусы туындатқан персистерлеуші инфекцияларының, жатыр мойнының, вульва және вагинаның обыр алдындағы ауруларының, сондай-ақ жатыр мойнының, вульва және вагинаның онкологиялық ауруларының (жалпақ жасушалы обыр және аденокарцинома) алдын алу үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Церварикс® иықтың дельта пішінді аймағындағы бұлшықет ішіне енгізіледі.

Цервариксті® ешқандай жағдайда тамыр ішіне немесе тері ішіне енгізуге болмайды!

Вакцинаны пациентке естен танып құлау бола қалғандағы асқынуларды болдырмас үшін жатқан немесе отырған күйінде енгізу ұсынылады!

Вакцинация сызбасы әйелдің жасына байланысты.

Бірінші дозаны енгізу сәтіндегі жасы

Иммунизация және вакцинация кестесі

9-дан 14 жасқа дейінді қоса*

әрқайсысы 0,5 мл-ден 2 доза.

Вакцинаның екінші дозасы бірінші дозадан кейін 5-ші және 7-ші ай арасында енгізіледі*

немесе

0, 1, 6 айлар*** сызбасы бойынша 0,5 мл-ден 3 доза**

15 жас және одан үлкен

(55 жасқа дейін)

0, 1, 6 айлар*** сызбасы бойынша 0,5 мл-ден 3 доза

* Егер вакцинаның екінші дозасы бірінші дозаны енгізгеннен кейін 5 ай өтпей енгізілсе, вакцинаның үшінші дозасын міндетті түрде тағайындау керек.

** ҚР бекітілген вакцинациялау кестесіне сәйкес үш дозалы сызба ұсынылады

*** Қажет болғанда екінші дозасы бірінші дозаны енгізгеннен кейін 1-ші және 2.5 ай арасында, үшінші доза – бірінші дозаны енгізгеннен кейін 5-ші және 12 айлар арасында енгізілуі мүмкін.

Бустерлік дозаны енгізу қажеттігі анықталмаған.

Церварикс® препаратымен вакцинациялау жағдайында вакцинацияның толық курсын тек осы вакцинамен аяқтау ұсынылады.

Алдын ала толтырылған еккіштердегі вакцинаны пайдалану бойынша нұсқаулар

Вакцинаны сақтағанда ақ түсті шөгінді және мөлдір шөгінді үстілік сұйықтық түзілуі мүмкін, бұл вакцинаның сәйкес келмеуінің белгісі емес.

Пайдаланар алдында еккішті жақсылап сілку керек. Вакцинаның сыртқы түрінде бөгде бөлшектер болуы және еккішті сілкуге дейінгі және кейінгі сыртқы түрінің айтылғандай болуы тексерілуі тиіс. Сілкуден кейін вакцина ақ түсті күңгірт суспензияға айналады. Егер вакцина келтірілген сипаттамаға сәйкес келмесе немесе құрамында бөгде бөлшектер болса, оны жою керек.

Егер вакцина мұздатып қатырылған болса пайдаланбаңыз! Вакцинаны мүмкіндігінше тоңазытқыштан шығарғаннан кейін дереу қолданыңыз.

Вакцина оны үш күн бойы +8 ºС-ден +25 ºС дейінгі шекте немесе бір күн бойы +25 ºС-ден +37 ºС-ге дейінгі температурада сақтағанда қолданылуы мүмкін.

  • Еккіштің цилиндрін қолыңызға ұстаңыз; еккіштің поршенінен ұстамаңыз. Еккіштің қалпағын сағат тіліне қарсы бағытта айналдырыңыз.

  • Инені еккішке, оны сағат тілінің бағыты бойымен айналдыра отырып, нығыздап жалғаңыз.

  • Инеден қорғағыш қалпағын алыңыз.

  • Вакцинаны енгізіңіз

     

     

     

     

    Пайдаланылмаған кез келген материал және қалдықтар биоқауіпті материалмен жұмыс жасау талаптарына сәйкес жойылуы тиіс.

    Жағымсыз әсерлері

    Деректер жиынтығы 45000 дозаға жуық Церварикс® вакцинасын қабылдаған, 9-72 жастағы шамамен 16000 әйел қатысқан клиникалық зерттеулерден алынған. Жиірек кездесетін жағымсыз реакциялар (78 %) енгізу орнындағы ауыру болып табылады. Сипатталған реакциялардың көбі жеңіл немесе орташа ауыр ағымда, ұзақ уақыттық емес болды.

    Төменде келтірілген жағымсыз реакциялар ағзалар жүйелері және кездесу жиілігі бойынша топтастырылған: өте жиі 1/10, жиі 1/100-ден <1/10 дейін, 1/1,000-ден 1/100-ден жиі емес, сирек ≥1/10,000-ден 1/1,000 дейін.

    Өте жиі

    - бас ауыру

    - миалгия

    - шаршағыштық

    - инъекция орнындағы реакциялар, ауыруды, қызаруды, ісінуді қоса

    Жиі

    - жүректің айнуы, құсу, диарея, іш тұсының ауыруы

    - артралгия

    - қызба (38 °C)

    - қышыну, бөртпе, есекжем

    Жиі емес

    - жоғарғы тыныс жолдарының инфекциялары

    - енгізген жердің қатаюы, жергілікті сезімталдықтың төмендеуі, парестезия

    - лимфоаденопатия

    - бас айналу

    Постмаркетингтік зерттеулердің деректері

    Сирек

    - аллергиялық реакциялар (анафилактикалық шок және анафилактоидты реакциялар), ангионевротикалық ісіну

    - вакцинаны инъекциялық жолмен енгізуге психогендік реакциялар немесе вазовагальді жауап ретінде, кейде тонико-клоникалық құрысулармен қатарласатын естен тану

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- вакцина компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- сыртартқысындағы бұған дейін енгізілген вакциналарға болған анафилактикалық реакциялар

- жедел инфекциялы аурулар немесе ауырлығы орташа немесе ауыр дәрежедегі созылмалы аурулардың асқынуы

- дене температурасының 38 °С-ден жоғарылауы

- 9 жасқа дейінгі балалар (Церварикс® вакцинасын 9 жастан кіші балаларда қолдану зерттелмеген)

- 55 жастан асқан ересектер

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Церварикс® вакцинасы құрамында көкжөтел, күл және сіреспелік анатоксиндері (АКбДС) бар біріктірілген басқа вакциналармен, полиомиелиттің алдын алу үшін белсенділігі төмендетілген вакцинамен бірге немесе онсыз; А гепатитіне, В гепатитіне қарсы белсенділігі төмендетілген вакцинамен және А және В гепатиттеріне қарсы біріктірілген вакцинамен бірге тағайындалуы мүмкін. Церварикс® вакцинасын А және В гепатиттеріне қарсы біріктірілген вакцинамен бірге қолданғанда А гепатитіне қарсы вакцинаға иммундық жауапқа қандай да бір әсері байқалмайды; анти-HBs антидене жағдайында олардың титрі Церварикс® вакцинасымен біріктіріп тағайындағанда төмен болды, бірақ бұл фактінің клиникалық маңызы белгісіз, өйткені серопротекция деңгейі өзгеріссіз қалған. Екі вакцинаны біріктірілімде тағайындағанда А және В гепатиттеріне қарсы жеке дара тағайындағандағы 100 %-бен салыстырғанда анти-HBs ≥10 мХБ/мл деңгейі бар субъектілердің арақатынасы 98.3 % құрады.

Церварикс® вакцинасын басқа вакциналармен бір мезгілде қолданған жағдайда вакцинаны дененің әртүрлі орындарына енгізу қажет.

Пероральді гормональді контрацептивтерді қабылдау Церварикс® вакцинасының тиімділігіне ықпалын тигізбейді.

Иммунодепрессанттарды қабылдап жүрген пациенттерде вакцинациядан талапқа сай иммундық жауапқа қол жете бермеуі мүмкін.

Үйлесімсіздігі

Вакцина басқа препараттармен араластырылмауы тиіс.

Айрықша нұсқаулар

Вакцинация алдында пациенттің медициналық карточкасын (әсіресе бұдан бұрын жасалған вакцинацияға және мүмкін болатын жағымсыз әсерлеріне қатысты) мұқият тексеру және клиникалық зерттеу жүргізу талап етіледі.

Сирек жағдайларда анафилактикалық реакциялардың даму ықтималдылығына байланысты, егілгендер 30 минут бойы медициналық бақылауда болуы, ал емшара бөлмелері тиісті дәрілік препараттармен қамтамасыз етілуі тиіс.

Препаратты инъекциялық жолмен енгізгенде психологиялық реакция секілді естен тану жай-күйі дамуы мүмкін, осыған байланысты пациент құлағанда, соғылу және жаралану ықтималдығы болатынын алдын ала ескерту керек. Сондықтан пациентке вакцинаны жатқан немесе отырған күйде енгізу ұсынылады.

Естен тану кейбір неврологиялық симптомдармен, көрудің бұзылуы, парестезия, тонико-клоникалық қозғалыс сияқтылармен қатар жүруі мүмкін.

Басқа вакциналар жағдайындағы сияқты, жедел қызба аурулары бар адамдарда вакцинация кейінге қалдырылуы тиіс. Елеусіз инфекциялар (суық тию) болуы вакцинация үшін қолдануға қарсы көрсетілім емес.

Церварикс® вакцинасын ешбір жағдайда тамыр ішіне немесе тері ішіне енгізуге болмайды. Қазіргі уақытта Церварикс® вакцинасын тері астына енгізу туралы деректер жоқ.

Церварикс® вакцинасын тромбоцитопениясы немесе қан ұю жүйесінің бұзылуы бар пациенттерге тағайындағанда сақтық керек, өйткені бұлшықет ішіне енгізу уақытында қан кетулер туындауы мүмкін.

Кез келген басқа вакцина жағдайындағыдай, талапқа сай иммундық жауапқа үнемі қол жете бермейді.

Церварикс® вакцинасы тек АПВ 16 және 18 түрлерінен және кейбір басқа АПВ онкогенді түрлерінен туындайтын аурулар пайда болуынан қорғайды, сондықтан жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардың берілісінен аулақ болу үшін тиісті шараларды сақтау керек.

Церварикс® препараты профилактикалық вакцина болып табылады. Ол вакцинацияны бастағанға дейін болған АПВ-мен байланысты аурудың өршуін болдырмауға, сондай-ақ АПВ инфекциясын емдеуге арналмаған (жатыр мойны обырын, цервикальді интраэпилиалдық неоплазия).

Вакцинация жатыр мойнының скринингтік стандарттық емшарасын алмастыра алмайды. Ешбір вакцина ауру туындаудан 100 % қорғануға кепіл бере алмайтындықтан, сондай-ақ Церварикс® вакцинасы барлық онкогендік штамдардан немесе бұрыннан бар АПВ инфекциясынан қорғай алмайтыны анық болуы себепті, скрининг патологияны ерте анықтауда өте маңызды сәт болып қала береді және жергілікті ұсыныстарға сәйкес жүргізілуі тиіс.

Церварикс® вакцинасын иммунореактивтілігі бұзылуы бар адамдарда (АИВ–жұқтырғандарды қоспағанда) және иммуносупрессиялық ем қабылдаушы адамдарда пайдаланылуы туралы деректер жоқ. Бұндай пациенттерде талапқа сай иммундық жауапқа қол жетпеуі мүмкін.

Қорғаныш иммунитетінің толық ұзақтығы және бустерлік вакцинацияның қажеттігі анықталмаған. Бірінші дозаны енгізгеннен кейін 9.4 жылдан соң сақталған қорғаныш әсері байқалған, қорғаныш ұзақтығын анықтау бойынша клиникалық зерттеулер жалғасуда.

Церварикс® препараты үшін өзара алмастыруға болатын вакцинаның қауіпсіздігі, тиімділігі және иммуногенділігі бойынша деректер жоқ.

Педиатрияда қолданылуы

9 жасқа дейінгі балаларда Церварикс® вакцинасының қауіпсіздігі мен тиімділігі бағаланбаған.

55 жастан асқан адамдарда қолданылуы

55 жастан асқан ересектерде Церварикс® вакцинасының қауіпсіздігі мен тиімділігі бағаланбаған.

Жүктілік және лактация кезеңі

Фертильділігі

Деректер жоқ.

Жүктілік

Церварикстің® эмбрионалдық, фетальдік, перинаталдық және босанғаннан кейінгі тіршілік ету қабілетіне және дамуына әсері егеуқұйрықтарда бағаланған. Жануарларға жүргізілген бұл зерттеулер тууға, жүктілікке, эмбрионалдық / фетальдік дамуына, босануға немесе босанғаннан кейінгі дамуына тікелей немесе жанама зиянды әсерін көрсетпеген. Жүкті әйелдерде клиникалық сынақтар, жүктілік регистрінде және эпидемиологиялық зерттеулер аясында жиналған деректер Церварикс® вакцинациясының жаңа туған нәрестелерде туа біткен ақаулары даму қаупіне әсер етеді деп болжауға мүмкіндік бермейді. Церварикс® вакцинациясының өздігінен болатын түсік дамуы қаупіне әсер етеді деп қорытынды жасау үшін бұл деректер жеткіліксіз.

Жүктілерге немесе жүкті болуға талпынып жүрген әйелдерге жүктілік аяқталғанға дейін вакцинацияны тоқтата тұру ұсынылады.

Вакцинацияның 3 дозалық режимі аяқталғанға дейін жүктілік басталып кеткен жағдайда ревакцинацияны жүктілік аяқталғанға дейін қоя тұру керек.

Лактация

Бала емізу кезеңінде Церварикс® вакцинасын қолдану бойынша арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Церварикс® вакцинасы лактация кезеңінде тек вакцинациядан пайда болжамды қауіптен астам болған жағдайда ғана тағайындалады.

Серологиялық деректер анти-АПВ-16 және -18 антиденесінің емшек сүтінен табылуын болжайды, дегенмен вакцинамен индукцияланған антидененің сүтке өтетіні белгісіз.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Вакцинаның автомобильді басқару немесе механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне ықпалы туралы арнайы зерттеулер жүргізілген жоқ.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары туралы осы уақытқа дейін хабарланбаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Инъекцияға арналған 0.5 мл/доза суспензия. Бутилденген қалпақшамен тығындалған, алдын ала толтырылған еккіш инесімен жиынтықта, қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 2 °С-ден 8 °С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

2 °С-ден 8 °С-ге дейінгі температурада тасымалданады. Мұздатып қатыруға болмайды.

Сақтау мерзімі

4 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы (мамандандырылған мекемелерге арналған).

Өндіруші

GlaxoSmithKline Biologicals S.A., Бельгия

(Rue de I’Institut 89, 1330 Rixensart)

Қаптаушы

GlaxoSmithKline Biologicals S.A., Бельгия

(Parc de la Noire Epine, Rue Fleming 20, Wavre 1300)

Тіркеу куәлігінің иесі

GlaxoSmithKline Biologicals S.A., Бельгия

(Rue de I’Institut 89, 1330 Rixensart)

Церварикс «ГлаксоСмитКляйн» компаниясы тобының тіркелген сауда таңбасы болып табылады.

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

Қазақстандағы ГлаксоСмитКляйн Экспорт Лтд өкілдігі

050059, Алматы қ., Фурманов к-сі, 273

Телефон нөмірі: +7 727 258 28 92, +7 727 259 09 96

Факс нөмірі: + 7 727 258 28 90

Электронды поштасы: kaz.med@gsk.com

Медициналық қолдану жөніндегі бекітілген нұсқаулықты www.dari.kz сайтынан да

қарауға болады

Прикрепленные файлы

713320631477977061_ru.doc 242 кб
057542551477978232_kz.doc 264.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники