Цель (таблетки)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Цель
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Таблеткалар
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
Cartilago suis D4 |
0.30 1 мг |
Coenzym A D6 |
0.03 1 мг |
Embryo totalis suis D4 |
0.30 1 мг |
Funiculus umbilicalis suis D4 |
0.30 1 мг |
Nadidum D6 |
0.03 1 мг |
Placenta totalis suis D4 |
0.30 1 мг |
Rhus toxicodendron D2 |
0.54 1 мг |
Sanguinaria canadensis D3 |
0.45 1 мг |
Solanum dulcamara D2 |
0.15 1 мг |
Sulfur D6 |
0.54 1 мг |
Symphytum officinale D8 |
0.15 1 мг |
Arnica montana МТ=D1 |
0.60 1 мг |
Acidum silicicum D6 |
3.00 мг |
Acidum thiocticum D6 |
0.03 мг |
Natrium diethyloxalaceticum D6 |
0.03 мг |
қосымша заттар:
лактоза моногидраты 296.94 мг, магний стеараты 1.5 мг
1 – сулы-спиртті сұйылтылған түрінде пайдаланылады, су және этанол өндіріс үдерісінде жойылады
Сипаттамасы
Иісі жоқ, ойығы бар, ақтан сарғыш-ақшыл түске дейінгі, беті тегіс, дөңгелек пішінді таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Тірек-қимыл аппараты ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды M09AX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Гомеопатиялық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеу мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
Цель кешенді гомеопатиялық препарат болып табылады. Цель сіңірлердің зақымдануына қарсы қорғағыш әсер етеді және реттегіш белсендіру жасушалары және факторлары арқылы сіңірлердің қайта қалпына келуін жеңілдетеді. Препараттың әсері организмнің белсенді қорғағыш күшімен және препараттың құрамындағы затқа байланысты бұзылған функциялардың қалпына келтірумен негізделген.
Қолданылуы
Артроз/остеоартрит және/немесе буындардың ревматизмдік ауруларында.
Қолданылу тәсілі және дозасы
Қолдану тәсілі және дозалануы:
Стандартты доза:
Ересектер (және 12 жастан асқан балалар):
Күніне 3 рет 1 таблеткадан.
6-11 жастағы балалар: күніне 2 рет 1 таблетка.
Жедел жағдайларда алғашқы дозалануы:
Ересектер (және 12 жастан үлкен балалар):
Әрбір ½ сағатта-1 сағатта 1 таблеткадан күнделікті 12 таблеткаға дейін, одан кейін стандартты дозада жалғастыру керек.
6-11 жастағы балалар: әрбір 1-2 сағатта 1 таблеткаадан, күніне 8 рет, одан кейін стандартты дозада жалғастыру керек.
Емдеу ұзақтығы
Жедел жағдайда бастапқы дозаны бірнеше күн қолданылады, әдетте 2-ден 3 күнге дейін.
Стандартты ем шамамен 1-2 айға созылады.
Қолдану тәсілі:
Ішке.
Дұрысы таблетканы ауызда ерітіп, содан соң жұтқан жөн.
Балаларға таблетканы ұнтақтап салып судың аздаған мөлшерімен беруге болады. Бұл дәрі аш қарынға немесе тағам қабылдау арасындағы аралығында қабылдануы тиіс.
Жағымсыз әсерлері
Басқа дәрілік заттар сияқты бұл гомеопатиялық дәрі де жағымсыз әсер туындатуы мүмкін. Бірлі-жарым жағдайларда қысқа мерзімдік терінің аллергиялық реакциясы жөнінде хабар болған.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Препараттың біріне немесе одан көп ингредиенттеріне аллергиялық (аса жоғары сезімталдық) реакциялары белгілі.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік заттармен өзара байланысуы жөнінде бірде бір жағдай тіркелмеген және гомеопатиялық сұйылтылуына байланысты күтілмейді.
Айрықша нұсқаулар
Егер симптомдар сақталса немесе нашарласа, Сіз дәрігерден немесе кәсіби медицина қызметкерден кеңес алуыңыз керек.
Бұл өнімнің құрамында лактоза бар. Егер Сізде лактозаны (сүт қантын) көтере алмаушылық болса, бұл дәрілік препаратты қолданудан бұрын дәрігерден кеңес алыңыз.
Жүктілік және лактация кезеңі
Осы препараттың құрамында бар гомеопатиялық сұйылтылған зат, белгілі болғандай жүктілік және лактация кезеңінде уыттылық әсер көрсетпейді. Басқа дәрілік препараттар сияқты жүктілік және лактация кезеңінде препаратты қолданудың алдында дәрігерден және фармацевтен кеңес алу керек.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Автокөлікті басқару және механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне әсер ету жағдайы тіркелмеген және гомеопатиялық сұйылтылуына байланысты күтілмейді.
Артық дозалануы
Артық дозалануының бірде бір жағдайы тіркелмеген және гомеопатиялық сұйылтылуына байланысты күтілмейді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Ақ полипропилен қақпағы бар ақ полипропилен контейнерге 50 таблеткадан салынған.
1 контейнерден медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақталуы
Түпнұсқалық қаптамасында, 30 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші/Қаптаушы
Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды (ұсынымдарды) қабылдайтын; дәрілік заттың тіркеуден кейін қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«AEM Services» ЖШС
050040, ҚР, Алматы, әл-Фараби даңғ, 75А үйі, 102-103 кеңсе
aemservices@mail.ru
+7 707 798 83 83