Цель (раствор для инъекций)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Цель
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Инъекцияға арналған ерітінді, 2 г
Құрамы
Бір ампуланың ішінде
белсенді заттар:
Cartilago suis D6 2.0 мг
Coenzym A D8 2.0 мг
Embryo totalis suis D6 2.0 мг
Funiculus umbilicalis suis D6 2.0 мг
Nadidum D8 2.0 мг
Placenta totalis suis D6 2.0 мг
Sanguinaria canadensis D4 3.0 мг
Solanum dulcamara D3 10.0 мг
Symphytum officinale D6 10.0 мг
Acidum thiocticum D8 2.0 мг
Arnica montana D4 200.0 мг
Natrium diethyloxalaceticum D8 2.0 мг
Rhus toxicodendron D2 10.0 мг
Sulfur D6 3.6 мг
қосымша заттар:
натрий хлориді 17.6 мг, инъекцияға арналған су
Сипаттамасы
Иісі жоқ, мөлдір түссіз ерітінді.
Фармакотерапиялық тобы
Тірек-қимыл аппараты ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.
АТХ коды M09AX
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Гомеопатиялық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеу мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
Цель кешенді гомеопатиялық препарат болып табылады. Цель сіңірлердің зақымдануына қарсы қорғағыш әсер етеді және реттегіш белсендіру жасушалары және факторлары арқылы сіңірлердің қайта қалпына келуін жеңілдетеді. Препараттың әсері организмнің белсенді қорғағыш күшімен және препараттың құрамындағы затқа байланысты бұзылған функциялардың қалпына келтірумен негізделген.
Қолданылуы
Артроз/остеоартрит және/немесе буындардың ревматизмдік ауруларында.
Қолданылу тәсілі және дозалары
Егер өзгеше қөзделмесе:
Стандартты доза:
Ересектер (және 12 жастан асқан балалар): 1 ампула аптасына 1-ден 3 ретке дейін.
Педиатрияда:
6-11 жас: ⅔ ампула (1.3 мл) аптасына 1-ден 3 ретке дейін.
Жедел жағдайларда алғашқы дозалануы:
Ересектер (және 12 жастан үлкен балалар):
1 ампула күнделікті, одан кейін стандартты дозада жалғастыру керек.
Педиатрияда:
6-11 жас: ⅔ ампула (1.3 мл) күнделікті, одан кейін стандартты дозада жалғастыру керек.
Емдеу ұзақтығы
Жедел жағдайда бастапқы дозаны бірнеше күн қолданылады, әдетте 2-ден 3 күнге дейін (күнделікті инъекция).
Одан әрі буынның жағдайы байқалатындай жақсаруы үшін, Цель стандартты дозада 1-2 ай бойы пайдаланылуы тиіс.
Енгізу тәсілі:
Цель, инъекцияға арналған ерітіндісін тері астына, бұлшықет ішіне, артерия ішіне немесе вена ішіне енгізуге болады.
Шыны ампуланы ашу жөніндегі нұсқаулық:
Ампуланы ашу үшін оны кесудің қажеті жоқ.
Ампуланы еңкейте ұстап, нүкте түріндегі таңбасын үстіне қаратып, сұйықтық төменгі жағына түскенше сілку немесе сыртынан шерту керек. Таңбасына қарама-қарсы жаққа қарай баса отырып, ампуланың бас жағын сындырыңыз.
Жағымсыз әсерлері
Басқа дәрілер сияқты, бұл гомеопатиялық дәрі жағымсыз әсер туындатуы мүмкін. Бірлі-жарым жағдайларда қысқа мерзімдік терінің аллергиялық реакциясы жөнінде хабар болған.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Препараттың біріне немесе одан көп ингредиенттеріне аллергия жағдайлары (аса жоғары сезімталдық) белгілі.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Басқа дәрілік препараттармен өзара байланысудың бірде бір жағдайы тіркелмеген және гомеопатиялық сұйылтылуына байланысты күтілмейді.
Айрықша нұсқаулар
Егер симптомдар сақталса немесе нашарласа, сіз дәрігерден немесе кәсіби медициналық қызметкерден кеңес алуыңыз керек.
Жүктілік және лактация кезеңі
Жүктілік және бала емізу кезінде препараттың құрамына кіретін гомеопатиялық сұйылтылған заттардың уыттылығы зерттелмеген. Жүктілік және бала емізу кезінде қолданудың алдында дәрігерден кеңес алу керек.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Әсер етпейді
Артық дозалануы
Артық дозалануының бірде бір жағдайы тіркелмеген және гомеопатиялық сұйылтылуына байланысты күтілмейді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
2 г түссіз шыны ампулада.
5 ампуладан ПВХ жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. Пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 30 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші/Қаптаушы
Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды (ұсынымдарды) қабылдайтын; дәрілік заттың тіркеуден кейін қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы
«AEM Services» ЖШС
050040, ҚР, Алматы, әл-Фараби даңғ., 75А үй, 102-103 кеңсе
aemservices@mail.ru
+7 707 798 83 83