Цель (мазь для наружного применения, 50 г)

Производитель: Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний костно-мышечной системы
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№022715
Информация о регистрации в РК: 24.01.2017 - 24.01.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Цель

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған жақпамай, 50 г

Құрамы

100 г жақпамайдың құрамында

белсенді заттар:

Acidum silicicum D6

1.000 г

Acidum thiocticum D6

0.010 г

Arnica montana D2

0.300 г

Cartilago suis D2

0.001 г

Coenzym A D6

0.010 г

Embryo totalis suis D2

0.001 г

Funiculus umbilicalis suis D2

0.001 г

Nadidum D6

0.010 г

Natrium diethyloxalaceticum D6

0.010 г

Placenta totalis suis D2

0.001 г

Rhus toxicodendron D2

0.270 г

Sanguinaria canadensis D2

0.225 г

Solanum dulcamara D2

0.075 г

Sulfur D6

0.270 г

Symphytum officinale D8

0.750 г

қосымша заттар:

сұйық парафин 9.342 г, эмульгацияланатын цетостеарил спирті (А типі) 8.007 г, жұмсақ ақ парафин 9.342 г, тазартылған су 60.810 г, этанол 96 %.

Сипаттамасы

Иісі өткір емес, ақтан сарғыш-ақшыл түске дейінгі жұмсақ жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппараты ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды M09AX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гомеопатиялық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Цель кешенді гомеопатиялық препарат болып табылады. Цель сіңірлердің зақымдануына қарсы қорғағыш әсер етеді және реттегіш белсендіру жасушалары және факторлары арқылы сіңірлердің қайта қалпына келуін жеңілдетеді. Препараттың әсері организмнің белсенді қорғағыш күшімен және препараттың құрамындағы затқа байланысты бұзылған функциялардың қалпына келтірумен негізделген.

Қолданылуы

Кешенді емде

Артроз/остеоартрит және/немесе буындардың ревматизмдік ауруларында.

Қолданылу тәсілі және дозасы

Стандартты доза:

Ересектер (және 12 жастан асқан балалар): Күніне 2-ден 4 ретке дейін жағады.

6-11 жастағы балалар:

Күніне 2-ден 4 ретке дейін жағады.

Қолдану тәсілі:

Тек сыртқа қолдануға арналған.

Зақымданған аймаққа жұқа етіп жағу керек.

Емдеу ұзақтығы

Стандартты ем шамамен 1-2 айға созылады.

Жағымсыз әсерлері

Бұл гомеопатиялық дәрі жағымсыз әсер туындатуы мүмкін. Бірлі-жарым жағдайларда қысқа мерзімдік терінің аллергиялық реакциясы жөнінде хабар болған.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың біріне немесе одан көп ингредиенттеріне аллергиялық (аса жоғары сезімталдық) реакциялар жағдайы белгілі

  • 6 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Цетостеарил спирті теріде жергілікті реакцияны туындатуы (мысалы, жанаспалы дерматит). Көзге, шырышты қабыққа, ашық жараға немесе зақымданған теріге тигізбеуге тырысу керек.

Айрықша нұсқаулар

Егер симптомдар сақталса немесе нашарласа, сіз дәрігерден немесе кәсіби медицина қызметкерден кеңес алуыңыз керек.

Жүктілік және лактация кезеңі:

Жүктілік және емшек емізу кезеңінде препараттың құрамында бар гомеопатиялық сұйылтылған заттың уыттылық әсері зерттелмеген. Жүктілік және бала емізу кезеңінде қолданудың алдында дәрігерден кеңес алу керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Артық дозалануының бірде бір жағдайы тіркелмеген және гомеопатиялық сұйылтылуына байланысты күтілмейді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бұрандалы пропилен қақпағы бар, іші лакты жабынмен жабылған алюминий сықпаға 50 г салынған.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған

Сақталуы

Түпнұсқалық қаптамасында, 30 °C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші/Қаптаушы

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ

Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ

Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды (ұсынымдарды) қабылдайтын; дәрілік заттың тіркеуден кейін қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«AEM Services» ЖШС

050040, ҚР, Алматы, әл-Фараби даңғ, 75А үй, 102-103 кеңсе

aemservices@mail.ru

+7 707 798 83 83

Прикрепленные файлы

Цель_мазь_инструкция_рус.docx 0.05 кб
Цель_мазь_инструкция_каз.doc 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники