Целзентри™ (300 мг)

МНН: Маравирок
Производитель: Pfizer Manufacturing Deutschland GmbH
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Maraviroc
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№020201
Информация о регистрации в РК: 04.11.2013 - 04.11.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Целзентри™

Халықаралық патенттелмеген атауы

Маравирок

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 150 мг және 300 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 150 мг немесе 300 мг маравирок,

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, сусыз кальций гидрофосфаты, натрий крахмалы гликоляты, магний стеараты,

қабықтың құрамы: Опадрай® II көгілдір (поливинилді спирт, титанның қостотығы (Е 171), тальк, макрогол 3350, соя лецитині, индигокармин негізіндегі алюминий лагы (Е132)).

Сипаттамасы

150 мг таблеткалар

Эллипс пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «MVC 150» өрнегі бар және екінші жағы тегіс, көгілдір түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

300 мг таблеткалар

Эллипс пішінді, екі беті дөңес, бір жағында «MVC 300» өрнегі бар және екінші жағы тегіс, көгілдір түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

 

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған вирусқа қарсы препараттар. Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Басқа да вирусқа қарсы препараттар. Маравирок

АТХ коды J05AX09

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Cіңірілу шамасы бірнеше жоғары шектерімен ауыспалы болып табылады. Қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына (Cmax) бір рет ішу арқылы 300 мг маравирок қабылдағаннан кейін орта есеппен 2 сағаттан (0.5-4 сағат) соң жетеді. 1200 мг-ден асып кететін дозадағы маравирокты ішу арқылы қабылдау кезінде препарат фармакокинетикасы дозаға байланыссыз.

100 мг дозадағы маравироктың абсолютті биожетімділігі 23% құрайды және 300 мг дозасында болжанатын биожетімділігі 33% құрайды.

Маравирок - жасушалардан заттардың шығуын қамтамасыз ететін тасымалдық Р-гликопротеинге тән субстрат.

Маравирокты ұсынылатын дозаларда ас ішуге байланыссыз қабылдауға болады.

Таралуы

Адам қан плазмасы ақуыздарымен байланысады (шамамен 76%) және альбуминмен және альфа1-қышқылды гликопротеинмен әлсіз байланысады. Маравироктың таралу көлемі - шамамен 194 л.

Метаболизмі

Адамның бауыр микросомалары мен экспрессияланатын ферменттер пайдаланылатын зерттеулер маравироктың, негізінен, Р450 цитохромы жүйесі арқылы АИВ-1-ге қатысты белсенді емес метаболиттерге дейін метаболизденетінін жария етті. Іn vitro зерттеулері CYP3A изоферментінің маравирок метаболизміне жауапты негізгі изофермент екенін көрсетті. Сонымен қатар CYP2C9, CYP2D6 және CYP2C19 полиморфты изоферменттері маравирок метаболизмімен едәуір байланысты.

Маравирок - 300 мг дозасын бір рет ішу арқылы қабылдағаннан кейін айналымға түсетін негізгі зат. Адамдағы ең маңызды айналымдық метаболит - N-дезалкилдену жолымен түзілетін және елеулі фармакологиялық белсенділікке ие екіншілік амин. Өзге метаболиттер дара тотығу өнімдері түрінде болады.

Шығарылуы

Маравирок 300 мг дозада тағайындалғанда қабылданған дозаның шамамен 20%-ы бүйрекпен, ал 76%-ы ішек арқылы 168 сағат ішінде шығарылады. Маравирок - несепте (орта есеппен, дозаның 8%-ы) және нәжісте (орта есеппен, дозаның 25%-ы) болатын негізгі зат. Қалған бөлігі метаболиттер түрінде шығарылады. Көктамыр ішіне енгізілгеннен кейін (30 мг) маравироктың жартылай шығарылу кезеңі 13,2 сағат болды, дозаның 22%-ы өзгеріссіз күйде бүйрекпен шығарылды, ал жалпы клиренсі мен бүйрек клиренсінің мәндері, тиісінше, 44,0 л/сағат және 10,2 л/сағат құрады.

Балалардағы фармакокинетикасы

Маравирок фармакокинетикасы 18 жасқа толмаған балаларда зерттелмеген.

Егде жастағы адамдардағы фармакокинетикасы

Фармакокинетика көрсеткіштерінің 16-65 жас тобы шектеріндегі жас ерекшелігіне тәуелділігі анықталмаған. Маравирок фармакокинетикасы 65 жастан асқан емделушілерде зерттелмеген.

Бүйрек қызметінің бұзылуы

Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр емделушілердегі маравирок фармакокинетикасының бүйрек қызметі қалыпты емделушілердегі фармакокинетикасынан ерекшеленбейтіні көрсетілген. Осыған орай, CYP3A изоферменті тежегіштері болмағанда бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде препарат дозасын түзету қажет емес.

Алайда, орташа дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге жеті күн ішінде саквинавир/ритонавирді (1000/100 мг х 2 рет/күн) қосымша тағайындау маравирок фармакокинетикасын елеулі өзгертеді. Емделушілердің осы тобында маравирок концентрациясы емдік деңгейінен төмен болды. Осылайша, бүйрек жеткіліксіздігі бар және маравирокты CYP3A изоферментінің қуатты тежегіштерімен бірге алатын емделушілерге маравирок дозасын түзету қажет («Қолдану тәсілі және дозалары» бөлімін қараңыз).

Бауыр қызметінің бұзылуы

Маравирок метаболизденеді және көбінесе бауырмен шығарылады. Зерттеуде, дені сау емделушілерге қарағанда, бауыр қызметі бұзылуының ауырлық дәрежесі жеңіл (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша А класы, n=8) және орташа (Чайлд-Пью жіктемесі бойынша В класы, n=8) емделушілерде 300 мг маравирокты бір рет қабылдау фармакокинетикасы салыстырылды. Орташа геометриялық Cmax және «концентрация-уақыт» (AUClast) қисығы астындағы аудан мәндері, қалыпты бауыр қызметімен салыстырғанда, тиісінше, бауыр қызметі жеңіл дәрежеде бұзылған емделушілер үшін 11% және 25% жоғары және бауыр қызметі орташа дәрежеде бұзылған емделушілер үшін 32% және 46% жоғары болды. Бауыр қызметінің ауыр бұзылулары бар емделушілерде маравирок фармакокинетикасы зерттелмеген.

Нәсілі

Препарат дозасын түзету қажет емес.

Жыныстық ерекшелігі

Препарат дозасын түзету қажет емес.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі

Целзентри™ ССR5 хемокин рецепторы антагонистері препараттарының класына жатады. Нысана-жасушаның CCR5 рецепторы АИВ-тың жасушамен байланысуы үшін және вирустың жасуша ішіне өтуі үшін қажет. Целзентри™ ССR5 хемокин рецепторымен селективті байланысып, жасуша ішіне осы рецепторларға тропты АИВ-1 енуін болдырмайды.

Жасушалар өсіріндісіндегі вирусқа қарсы белсенділігі

Іn vitro қоздырғыш белсенділігін 90 % (ЕC90) бәсеңдететін тежегіш концентрациясы ССR5-тропты АИВ-1 43 алғашқы клиникалық изоляттарында тестіден өткізілген әртүрлі қосалқы түрлер арасындағы елеулі өзгерістерсіз 0,57 (0,06-10,7) нг/мл құрады.

Препараттың АИВ-2-ге бағытталған вирусқа қарсы белсенділігі зерттелмеген.

Жасушалар өсіріндісінде басқа антиретровирустық препараттармен бірге пайдаланғанда Целзентри™ препараты кері транскриптазаның нуклеозидті тежегіштерімен (КТНТ), кері транскриптазаның нуклеозидті емес тежегіштерімен (КТНЕТ), АИВ протеаза тежегіштерімен (ПТ), сондай-ақ қосылысу тежегіші – энфувиртидпен антагонизмін жария етпеген.

Төзімділігі

Вирустың Целзентриге™ төзімділігі екі жолмен: жасушаға кіретін ко-рецептор ретіндегі (CXCR4-тропты вирус) CXCR4 хемокин рецепторларымен байланысуға қабілетті вирусты іріктеу, немесе Целзентри™ қатысуымен тек қана ССR5 (ССR5-тропты вирус) пайдалануды жалғастыратын вирусты іріктеу есебінен көрініс беруі мүмкін.

Жасушалар өсірісіндегі төзімділігі

Целзентриге™ сезімталдығы төмен АИВ-1 нұсқалары CCR5-тропты клиникалық вирустық изоляттар жасушаларының өсіріндісінде таңдап алынған. Целзентриге™ төзімді вирустар CCR5-тропты күйде қалды, CCR5-тропты вирустың CXCR4-тропты түріне конверсиялануы болмаған.

Фенотипті төзімділігі: маравирокқа төзімді вирустарға тән тежегіш концентрациялардың қиғаш тәуелділіктері маравирокты сұйылту сериялары пайдаланылған сынақтарда 100% бәсеңдеуге жетпеген.

Генотипті төзімділігі: мутациялардың қабықтық gp120 гликопротеинінде (CCR5 ко-рецепторымен байланысатын вирустық ақуыз) жиналып қалуы болды. Осы мутациялардың әртүрлі изоляттардағы жағдайы тұрақты болмаған.

Айқаспалы төзімділігі: КТНТ, КТНЕТ, АИВ ПТ және энфувиртидке төзімді АИВ-1 клиникалық изоляттары жасушалар өсіріндісінде маравирокқа сезімтал болды. Жасушалар өсіріндісіндегі маравирокқа төзімді вирустар қосылысу энфувиртидіне және АИВ ПТ – саквинавирге сезімтал күйде қалды.

In vivo

Целзентри™ препаратының клиникалық зерттеулерінде бұрын ем алмаған емделушілерде де, бұрын антиретровирустық емнен өткен емделушілерде де төзімділік дамуының екі жолы байқалды.

CXCR4-тропты вирустың болуы емдеу сәтсіз жүргенде оның ең басынан болуымен шартталған. Целзентри™ препараты тағайындалғанша осы АИВ нұсқасының бар-жоғын анықтайтын тест өткізу төзімділік дамуының осы жолымен байланысты емнің сәтсіз жүру қаупін болдырмайды.

R-5 вирустары бар емделушілерде емдеу сәтсіз жүргенде, егер ең жоғары пайыздық тежеліс мәні ≥ 95% құраған жағдайда ғана, Целзентри™ препаратын тағайындау жорамалданады. ЕС50 ұлғаю жолымен R-5 вирусы төзімділігінің дамуы жүргізілген емнің сәтсіз болуын кепілдейтін маңызды механизм емес.

Бөліктік V-3 шешуші мутациясы V-3 бірізділігінің өзгергіштік дәрежесінің жоғары және талданатын үлгілер санының төмен болуымен байланысты генотипті төзімділікті дамытатын механизм ретінде қарастырылмайды.

Бұрын антиретровирустық ем жүргізілген емделушілердегі төзімділігі

Бұрын антиретровирустық ем алған 7,6% емделушіде жүргізілген бастапқы зерттеулер емнің басталуы (4-6 апта) мен скрининг арасындағы кезеңде вирустар тропизмі ССR5-тен CXCR4-ке немесе қосарлы/аралас болып өзгерді.

Бұрын антиретровирустық ем алмаған емделушілердегі төзімділігі

Бастапқы зерттеулерде 3,8% емделушіде емнің басталуы (4-6 апта) мен скрининг арасындағы кезеңде вирустар тропизмі ССR5-тен CXCR4-ке немесе қосарлы/аралас болып өзгерді.

Қолданылуы

- Басқа антиретровирустық препараттармен біріктірілімде тек CCR5 ко-рецепторға тропизмімен АИВ-1 жұқтырғандарды, бұрын антиретровирустық ем алған АИВ жұқтырған ересек емделушілерді емдеу

Қолдану тәсілі және дозалары

Емді АИВ-жұқпаланған емделушілерді емдеу тәжірибесі бар дәрігер жүргізуі тиіс.

Емдеуді бастар алдында ескеретін жайттар:

  • Емделушіге Целзентри™ тағайындау тропизм, вирус төзімділігі, сондай-ақ емдеу сыртартқысы зерттеуінен кейін ғана жүзеге асады

  • Целзентри™ қолдану қосарлы/аралас немесе CXCR4-тропты АИВ-1 бар емделушілерге ұсынылмайды

Целзентриді™ тек қана талапқа сай валидацияланған және сезімталдық әдіс көмегімен (мысалы, Monogram Trofile әдісімен) CCR5-тропты АИВ-1 ғана анықталған (яғни, CXCR4-ке тропизмі немесе қосарлы/аралас тропизмі бар вирус анықталмайды) жағдайларда пайдалану керек. Вирус тропизмін емдеу сыртартқысының немесе емделушінің сақталып тұрған қан үлгілерін бағалау негізінде анықтауға болмайды.

АИВ-1 жұқтырған емделушілерде уақыт өте келе вирус тропизмінің өзгеруі болады, сондықтан емдеуді тропизм анықталғаннан кейін тезірек бастау қажет.

Қазіргі уақытта емделушілерді басқа класты препараттармен антиретровирустық емдеуден Целзентри™ препаратына ауыстыру туралы ақпарат жоқ, осыған орай, вирустық жүктемесі айқындалмайтын емделушілерде басқаша емдеу нұсқаларын қарастыру керек.

Препарат ас ішуге байланыссыз ішке қабылданады.

Ересектер

Ұсынылатын дозасы, антиретровирустық препараттар немесе өзге дәрілік заттардың қатарлас қабылдануына қарай, күніне екі рет 150 мг, 300 мг немесе 600 мг құрайды.

1 кесте. Басқа дәрілік препараттармен үйлестірілген Целзентри™ дозалану режимі

Қатарлас дәрілік препараттар

Ұсынылатын Целзентри™ дозасы

CYP3A изоферментінің тежегіштері (CYP3A изоферменті индукторымен немесе онсыз):

АИВ протеазасы тежегіштерін (типранавир/ритонавирден басқа), кетоконазол, итраконазол, кларитромицин, делавердин және CYP3A изоферментінің басқа қуатты тежегіштерін (нефазодон, телитромицин), боцепревир, телапревирді қоса

күніне 2 рет 150 мг

CYP3A изоферментінің қуатты индукторлары мен тежегіштері болып табылмайтын басқа қатарлас препараттар, ралтегравир, типранавир/ритонавир, невирапинді қоса, барлық КТНТ және энфувиртид

күніне 2 рет 300 мг

CYP3A изоферментінің индукторлары (CYP3A изоферментінің қуатты тежегішінсіз):

эфавиренз, этравирин, рифампицин, карбамазепин, фенобарбитал мен фенитоинді қоса

күніне 2 рет 600 мг

Педиатрияда қолданылуы

18 жасқа толмаған балалардағы препараттың фармакокинетикасы, тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жоқ, осыған орай, осы санаттағы тұлғаларда Целзентри™ қолдану ұсынылмайды.

Егде жастағы емделушілер

65 жастан асқан емделушілерде қолдану тәжірибесі шектеулі, осыған орай, препаратты қолданған кезде сақ болу керек.

Бауыр қызметі бұзылған емделушілер

Дозаны түзету қажет емес, сонда да препаратты қолданғанда сақ болу керек.

Бүйрек қызметі бұзылған емделушілер

Протеаза тежегіштері (типранавир/ритонавир мен фосампренавир/ритонавирден басқа), боцепревир, телапревир, делавиридин, кетоконазол, итраконазол, кларитромицин, нефазодон, телитромицин сияқты CYP3A изоферментінің қуатты тежегіштерін алатын бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде дозаны түзету қажет.

Целзентриді™ CYP3A изоферментінің қуатты тежегіштерін қабылдайтын бүйрек жеткіліксіздігі бар (креатинин клиренсі 30 мл/мин аз) емделушілерде сақтықпен пайдалану керек.

Гемодиализ қажет болатын терминалдық бүйрек жеткіліксіздігін (креатинин клиренсі < 80 мл/мин) қоса, бүйрек қызметі бұзылған емделушілерде Целзентри™ дозалануын, егер ол CYP3A изоферментімен үйлестіріліп тағайындалса, әр 24 сағат сайын түрлендіру керек. CYP3A изоферментінің тежегіштері болмағанда Целзентри™ қабылдау аралығын және дозасын түзету қажет емес.

2 кестеде препарат қабылдаулар арасындағы аралықтарды түзету туралы ұсынымдар көрсетілген. Бүйрек қызметі бұзылған емделушілерді емдеуге берілетін клиникалық жауапты ұқыпты қадағалау керек.

2 кесте. Бүйрек қызметі бұзылған емделушілер үшін дозалануын түзету жиілігі

Қатарлас дәрілік препараттар

Креатинин клиренсі < 80 мл/мин (гемодиализдегі емделушілерді қоса)

CYP3A изоферментінің қуатты тежегіштерінсіз немесе типранавир/ритонавирмен бірге

Дозаны түрлендіру мен қабылдау аралығына қатысты ұсынымдар жоқ (әр 12 сағат сайын 300 мг)

CYP3A изоферментінің қуатты тежегіштерімен, мысалы, лопинавир/ритонавирмен, дарунавир/ритонавирмен, саквинавир/ритонавирмен, атазанавир/ритонавирмен, кетоконазолмен, боцепревирмен, телапревирмен бірге пайдаланғанда

Әр 24 сағат сайын 150 мг

Фоcампренавир/ритонавирмен

бірге пайдаланғанда

Әр 12 сағат сайын 150 мг

Жағымсыз әсерлері

Деректер бұрын антиретровирустық ем алған 426 емделуші және бұрын емделмеген, тәулігіне бір рет 300 мг дозада Целзентри™ препаратын алған 360 емделуші; сондай-ақ бұрын антиретровирустық ем алған 414 емделуші және бұрын емделмеген, әріқарай тәулігіне екі рет 300 мг дозада Целзентри™ қабылдаған 174 емделуші қамтылған АИВ-1 жұқтырған 1374 емделушіден алынды.

Жағымсыз құбылыстардың анықталу жиілігіне қарай, оларды шартты түрде мына санаттарға бөлуге болады: өте жиі (жиілігі 1/10-дан жоғары), жиі (жиілігі 1/100-ден 1/10-ға дейін), жиі емес (жиілігі 1/1000-нан 1/100-ге дейін), сирек (жиілігі 1/10 000-нан 1/1000-ға дейін) және өте сирек (жиілігі 1/10000-нан төмен), белгісіз (жиілігі белгісіз)

Жиі

- анемия

- анорексия, депрессия, ұйқысыздық, патологиялық түстер көру

- жөтел

- іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, диспепсия, метеоризм, іш кебу, іш қату, диарея, ішек атониясы мен гипотониясы, гастроэзофагальді рефлюкс

- бөрту, алопеция

- шеткергі нейропатия, бас айналу, парестезиялар, дәм сезудің бұрмалануы, ұйқышылдық

- бұлшықеттердің түйілуі, арқаның ауыруы, аяқ-қолдың ауыруы, мойынның ауыруы, артралгиялар

- астения, қажу, дене салмағының кемуі

- аланин-аминотрансфераза, аспартат-аминотрансфераза, креатин-фосфокиназа, гамма-глутамилтрансфераза белсенділігінің жоғарылауы

Жиі емес

- өңеш кандидозы

- пневмония

- құрысулар

- миозит

- бүйрек жеткіліксіздігі, протеинурия

- гипербилирубинемия

Сирек

- гранулоцитопения, гипопластикалық анемия

- абдоминальді ісіктер, диффуздық В-ірі жасушалы лимфома, Ходжкин ауруы, холангиокарцинома, сүйектегі метастаздар, бауырдағы метастаздар, ішперде метастаздары, мұрын-жұтқыншақ обыры, өңеш обыры

- панцитопения, гранулоцитопения

- ишемиялық жүрек ауруы

- бауыр жеткіліксіздігі, сарғаю (соның ішінде холестатикалық), бауыр циррозы

- бұлшықет атрофиясы

Өте сирек

- алкалин-фосфотаза белсенділігінің жоғарылауы

- Стивенс-Джонсон синдромы

- уытты эпидермалық некролиз

Белгісіз

- остеонекроз (ұзақ уақыт вирусқа қарсы біріктірілген ем алатын АИВ үдемелі сатысындағы емделушілерде жиірек)

Постмаркетингтік деректер

- эозинофилиямен және басқа жүйелі симптомдармен қатар жүретін дәрілік бөртпені қоса, аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары, тері реакциялары

- уытты гепатит, аллергиялық сипаттағы көріністері бар бауыр жеткіліксіздігі

- емделушінің естен тануына алып келетін ортостатикалық гипотензия

Иммундық тапшылығы ауыр АИВ жұқтырған емделушілерде белсенділігі жоғары антиретровирустық ем басталғаннан алғашқы бірнеше аптада немесе айда белгісі білінбейтін түрде өтетін салдарлы жұқпалар өршуінің нәтижесінде қабыну реакцияларының симптомдары пайда болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компонентіне, соның ішінде сояға немесе арахиске аса жоғары сезімталдық

- құрамында шілтерленген шайқурай бар препараттармен бір мезгілде қабылдау

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

- лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Целзентри™ - CYP3A4 изоферментінің субстраты. Целзентриді™ CYP3A изоферментінің дәрілік индукторларымен қатарлас пайдалану қан плазмасындағы маравирок концентрациясын төмендетіп, оның емдік тиімділігін әлсіретуі мүмкін. Целзентриді™ CYP3A изоферментін бәсеңдететін дәрілік препараттармен бірге пайдалану қан плазмасындағы маравирок концентрациясын арттыруы мүмкін. Целзентриді™ CYP3A изоферментінің тежегіштерімен және/немесе индукторларымен қатар пайдаланғанда дозаны түзету қажет болады.

Әріқарай дәрілік препараттарды қатарлас пайдалануға қатысты нақты жайттар төменде ұсынылған (3 кестені қараңыз).

Целзентри™ клиникалық мәнді концентрацияларда P450 цитохромының негізгі изоферменттерінің (CYP1A2, CYP2B6, CYP2C8, CYP2C9, CYP2C19, CYP2D6 және CYP3A4) қандай да біріне қатысты бәсеңдету әсеріне ие емес.

Целзентри™ in vivo CYP3A4 изоферментінің бәсеңдеуі немесе индукциясы болмауын жорамалдаумен мидазолам, ішуге арналған контрацептивтер (этинилэстрадиол және левоногрестел) фармакокинетикасына немесе несептегі 6β-гидроксикортизол/кортизол арақатынасына клиникалық елеулі ықпалын тигізбейді. Целзентри™ экспозициясы едәуір жоғарылағанда CYP2D6 изоферментінің болжамды бәсеңдеуін жоққа шығаруға болмайды. Клиникалық зерттеулерде және in vitro алынған деректер негізінде маравироктың қатарлас препараттар фармакокинетикасына ықпал ету ықтималдығы төмен.

Целзентри™ CYP3A изоферментінің тежегіштерінсіз пайдаланылғанда оның бүйректік клиренсі шамамен 23% құрайды. Баяу да, белсенді де механизмдері іске қосылғандықтан бүйрекпен шығатын өзге белсенді заттармен шығарылу үшін бәсекелестік ықтималдығы бар.

Алайда, Целзентриді™ тенофовирмен және ко-тримоксазолмен (құрамында триметоприм, бүйректің катиондық тасымалдау тежегіші бар) қатарлас пайдалану маравирок фармакокинетикасына ықпалын тигізбейді.

Бұдан басқа, Целзентриді™ ламивудин/зидовудинмен қатарлас пайдалану маравироктың ламивудин (көбінесе бүйрекпен шығарылады) немесе зидовудин (Р450 цитохромымен байланыссыз метаболизм мен бүйрек клиренсі) фармакокинетикасына ықпал көрсетпеген. Целзентри™ in vitro P-гликопротеинді тежейді (ЕC50 183 мкмоль/л құрайды). Соның өзінде, маравирок P-гликопротеин белсенділігін бәсеңдетпейді және индукцияламайды деген жорамалмен Целзентри™ in vivo дигоксин фармакокинетикасына елеулі ықпалын тигізбейді.

3 кесте. Басқа препараттармен өзара әрекеттесуі және оларды дозалау туралы ұсынымдар

Дәрілік препараттар

(зерттеуде пайдаланылған Целзентри™ дозасы)

Орташа геометриялық AUC12 (мкг х сағат/мл) және

Cmax (мкг/мл) бастапқы мәні бойынша өзгеруі:

↔ - өзгермейді

↑ - жоғарылайды

↓ - төмендейді

Бірге пайдалануға қатысты ұсынымдар

АНТИРЕТРОВИРУСТЫҚ ПРЕПАРАТТАР

КТНТ

Ламивудин, күніне 2 рет 150 мг

(Целзентри™, күніне 2 рет 300 мг)

Ламивудин AUC12:

↔ 1,13

Ламивудин Cmax: ↔ 1,16

Маравирок концентрациясы анықталмаған, ықпалы күтілмейді.

Күніне 2 рет 300 мг дозадағы Целзентри™ мен қатарлас КТНТ дозаны түзетусіз пайдалануға болады.

Тенофовир, күніне 1 рет 300 мг (Целзентри™, күніне 2 рет 300 мг)

Маравирок AUC12: ↔ 1,03

Маравирок Cmax: ↔ 1,03

Тенофовир концентрациясы анықталмаған, ықпалы күтілмейді.

Зидовудин, күніне 2 рет 300 мг (Целзентри™, күніне 2 рет 300 мг)

Зидовудин AUC12:

↔ 0,98

Зидовудин Cmax: ↔ 0,93

Маравирок концентрациясы анықталмаған, ықпалы күтілмейді.

КТНЕТ

   

Эфавиренз, күніне 1 рет 600 мг (Целзентри™, күніне 2 рет 100 мг)

Маравирок AUC12: ↓ 0,55

Маравирок Cmax: ↓ 0,49

Эфавиренз концентрациясы өлшенбеген, ықпалы күтілмейді.

Эфавирензбен қатарлас пайдаланғанда және CYP3A4 изоферментінің қуатты тежегіштері болмағанда Целзентри™ дозасын күніне 2 рет 600 мг дейін арттыру керек. Эфавирензбен және АИВ ПТ-мен біріктіру үшін төменнен қараңыз.

Невирапин, күніне 2 рет 200 мг

(Целзентри™, 300 мг бір рет қабылдау)

Маравирок AUC12: ↔ бақылаумен салыстырғанда.

Маравирок Cmax: ↑ бақылаумен салыстырғанда.

Невирапин концентрациясы өлшенбеген, ықпалы күтілмейді.

Күніне 2 рет 300 мг дозадағы Целзентри™ мен невирапинді дозаны түзетпей-ақ пайдалануға болады.

Этравирин, күніне 2 рет 200 мг (Целзентри™, күніне 2 рет 300 мг)

 

Маравирок AUC12: ↓ 0,47

Маравирок Cmax: ↓ 0,40

Этравирин AUC12: ↔ 1,06

Этравирин Cmax: ↔ 1,05

Этравирин C12: ↔ 1,08.

Этравиринмен бірге пайдаланғанда және CYP3A4 изоферментінің қуатты тежегіштері болмағанда Целзентри™ дозасын күніне 2 рет 600 мг дейін арттыру керек. Этравиринмен және АИВ ПТ-мен біріктіру үшін төменнен қараңыз.

Делавердин

 

Бірге қолдану туралы деректер шектеулі. Делавердин – CYP3A4 қуатты тежегіші

Целзентри™ күніне 2 рет 150 мг дозада

HCV протеаза тежегіштері (С гепатиті вирусы)

Боцепревир, күніне 3 рет 800 мг (Целзентри™, 150 мг күніне 2 рет)

 

Боцепревир күніне 3 рет 800 мг (Целзентри™, күніне 2 рет 150 мг)

 

Боцепревир күніне 3 рет 800 мг (Целзентри™, күніне 2 рет 150 мг)

 

Телапревир, күніне 3 рет 750 мг (Целзентри™, күніне 2 рет 150 мг)

 

Телапревир күніне 3 рет 750 мг (Целзентри™, күніне 2 рет 150 мг)

 

Телапревир күніне 3 рет 750 мг (Целзентри™, күніне 2 рет 150 мг)

 

АИВ протеаза тежегіштері

Атазанавир, күніне 1 рет 400 мг (Целзентри™, күніне 2 рет 300 мг)

Маравирок AUC12: ↑ 3,57

Маравирок Cmax: ↑ 2,09

Атазанавир концентрациясы анықталмаған, ықпалы күтілмейді.

АИВ ПТ-мен бірге қабылдағанда, Целзентри™ дозасы күніне 2 рет 150 мг дейін азайтылады; күніне 2 рет 300 мг дозасы пайданылатын типранавир/ритонавирмен біріктірілімін қоспағанда.

Целзентри™ АИВ ПТ концентрациясына елеулі ықпалын тигізбейді.

Атазанавир/ритонавир, күніне бір рет 300 мг/100 мг (Целзентри™, күніне 2 рет 300 мг)

Маравирок AUC12: ↑ 4,88

Маравирок Cmax: ↑ 2,67

Атазанавир /ритонавир концентрациясы өлшенбеген, ықпалы күтілмейді.

 

Лопинавир/ритонавир, күніне 2 рет 400 мг/100 мг

(Целзентри™, күніне 2 рет 300 мг)

Маравирок AUC12: ↑ 3,95

Маравирок Cmax : ↑ 1,97

Лопинавир/ритонавир концентрациясы өлшенбеген, ықпалы күтілмейді.

Саквинавир/ритонавир, күніне 2 рет 1000 мг/100 мг

(Целзентри™, күніне 2 рет 100 мг)

Маравирок AUC12: ↑ 9,77

Маравирок Cmax: ↑ 4,78

Саквинавир /ритонавир концентрациясы өлшенбеген, ықпалы күтілмейді.

Дарунавир/ритонавир, күніне 2 рет 600 мг/100 мг (Целзентри™, күніне 2 рет 150 мг)

Маравирок AUC12: ↑ 4,05 Маравирок Cmax: ↑ 2,29

Дарунавир/ритонавир концентрациясы тарихи деректерге сәйкес келеді.

Нелфинавир

Нелфинавирмен бірге пайдалану жөнінде деректер шектеулі. Нелфинавир CYP3A4 изоферментінің қуатты тежегіші болып табылады, оның маравирок концентрациясын арттыру мүмкіндігі күтіледі.

Индинавир

Индинавирмен бірге пайдалану жөнінде деректер шектеулі. Индинавир CYP3A4 изоферментінің қуатты тежегіші болып табылады. 3-ші фазада зерттеулер барысындағы қауымдық фармакокинетикалық талдау индинавирмен бірге қолданғанда маравирок дозасын азайту қажет болатынын айғақтайды.

Фосампренавир/ритонавир

күніне екі рет 700 мг/100 мг (Целзентри™, күніне 2 рет 300 мг)

немесе

күніне бір рет 1400 мг/100 мг (Целзентри™, күніне 1 рет 300 мг)

Фосампренавир CYP3A4 изоферментінің орташа тежегіші болып табылады.

Типранавир/ритонавир, күніне 2 рет 500 мг/200 мг

(Целзентри™, күніне 2 рет 150 мг)

Маравирок AUC12: ↔ 1,02

Маравирок Cmax: ↔ 0,86

Типранавир/ритонавир концентрациялары бақылануына сай болады.

Күніне 2 рет 300 мг дозадағы Целзентри™ мен типранавир/ритонавирді дозаны түзетпей-ақ бірге пайдалануға болады.

ИНТЕГРАЗА ТЕЖЕГІШТЕРІ

   

Ралтегравир, күніне 2 рет 400 мг

(Целзентри™, күніне 2 рет 300 мг)

Маравирок AUC12: ↓ 0,86

Маравирок Cmax: ↓ 0,79

Ралтегравир AUC12: ↓ 0,63

Ралтегравир Cmax: ↔ 0,67

Ралтегравир C12: ↓ 0,72.

Клиникалық өзара әрекеттесулері болмаған.

300 мг х күніне 2 рет Целзентри™ мен ралтегравирді дозаны түзетпей-ақ бірге пайдалануға болады.

Элвитегравир/ритонавир күніне 1 рет 150 мг/100 мг

(Целзентри™, күніне 2 рет 300 мг)

Маравирок AUC12: ↑ 2,86

Маравирок Cmax: ↑ 2,15

Маравирок C12: ↑ 4,23

Элвитегравир AUC24:

↔ 1,07

Элвитегравир Cmax: ↔ 1,01

Элвитегравир C24: ↔ 1,09

Элвитегравирмен бірге пайдаланғанда Целзентри™ дозасы 150 мг х күніне 2 ретке дейін азайтылуы тиіс.

КТНЕТ + АИВ ПТ

Эфавиренз, күніне бір рет 600 мг+лопинавир/ритонавир, күніне 2 рет 400 мг/100 мг

(Целзентри™, күніне 2 рет 300 мг)

Маравирок AUC12: ↑ 2,53

Маравирок Cmax: ↑ 1,25

Эфавиренз және лопинавир/ритонавир концентрациялары өлшенбеген, өйткені ықпалы күтілмейді.

Целзентри™ дозасы эфавирензбен немесе этравиринмен және АИВ ПТ-мен бірге қолданғанда150 мг х күніне 2 ретке дейін азайтылуы тиіс (Целзентри™ дозасы 300 мг х күніне 2 рет құрауы тиіс фосампренавир/ритонавирді немесе Целзентри™ дозасы 600 мг х күніне 2 рет құрауы тиіс типринавир/ритонавирді қоспағанда).

Эфавиренз, күніне 1 рет 600 мг+саквинавир/ритонавир, күніне 2 рет 1000 мг/100 мг

(Целзентри™, күніне 2 рет 100 мг)

Маравирок AUC12: ↑ 2,53

Маравирок Cmax: ↑ 1,25

Эфавиренз және саквинавир/ритонавир концентрациялары өлшенбеген, өйткені ықпалы күтілмейді.

Эфавиренз және атазанавир/ритонавир немесе дарунавир/ритонавир

Зерттелмеген. Эфавиренз қатысынсыз атазанавир/ритонавирмен немесе дарунавир/ритонавирмен бәсеңдету дәрежесі жөніндегі деректер негізінде, маравирок концентрациясының ұлғаюы күтіледі.

Этравирин және дарунавир/ритонавир

(Целзентри™, 150 мг х күніне 2 рет)

Маравирок AUC12: ↑ 3,10

Маравирок Cmax: ↑ 1,77

Этравирин AUC12:

↔ 1,00

Этравирин Cmax: ↔ 1,08

Этравирин C12: ↓ 0,81

Дарунавир AUC12: ↓ 0,86

Дарунавир Cmax: ↔ 0,96

Дарунавир C12: ↓ 0,77

Ритонавир AUC12:

↔ 0,93

Ритонавир Cmax: ↔ 1,02

Ритонавир C12: ↓ 0,74

Этравирин және лопинавир/ритонавир, саквинавир/ритонавир немесе атазанавир/ритонавир

Зерттелмеген. Этравирин қатысынсыз лопинавир/ритонавир, саквинавир/ритонавир немесе атазанавир/ритонавир бәсеңдету дәрежесі жөніндегі деректер негізінде, маравирок концентрациясының ұлғаюы күтіледі.

бАКТЕРИЯҒА ҚАРСЫ ПРЕПАРАТТАР

Сульфаметоксазол/ триметоприм, күніне 2 рет 800 мг/160 мг

(Целзентри™, күніне 2 рет 300 мг)

Маравирок AUC12:

↔ 1,11

Маравирок Cmax: ↔ 1,19

Сульфаметоксазол /триметоприм концентрациялары өлшенбеген, өйткені ықпалы күтілмейді.

Күніне 2 рет 300 мг дозадағы Целзентри™ мен сульфаметоксазол /триметопримді дозаны түзетпей-ақ бір мезгілде пайдалануға болады.

Рифампицин, 600 мг күніне

1 рет

(Целзентри™, күніне 2 рет 100 мг)

Маравирок AUC: ↓ 0,37

Маравирок Cmax: ↓ 0,34

Рифампицин концентрациясы өлшенбеген, өйткені ықпалы күтілмейді.

CYP3A4 изоферменті қуатты тежегішінің қатысынсыз рифампицинмен бірге пайдаланғанда Целзентри™ дозасын күніне 2 рет 600 мг дейін арттыру керек. Бұл дозаны түзету АИВ-емделушілерде зерттелмеген.

Рифампицин + эфавиренз

Екі индуктормен біріктірілімі зерттелмеген. Вирус тарапынан жауап болмау және төзімділіктің даму қатерімен маравирок субоптимальді концентрациясының түзілу қаупі бар.

Целзентри™ мен рифампицин + эфавиренз біріктірілімін қатарлас пайдалану ұсынылмайды.

Рифабутин + АИВ ПТ

Біріктірілім зерттелмеген. Рифабутин бауырдың микросомалық ферменттерінің рифампициннен әлсіздеу индукторы болып табылады. Рифабутинді CYP3A4 изоферментінің қуатты тежегіштері болып табылатын АИВ ПТ-мен біріктіргенде, маравирокқа қатысты тежегіш әсері күтіледі.

Рифабутинмен және АИВ ПТ-мен бірге пайдаланғанда (күніне 2 рет 300 мг дозада пайдаланылуы тиіс типранавир/ритонавирден басқа), маравирок дозасын күніне 2 рет 150 мг дейін азайту керек.

Кларитромицин, телитромицин

Біріктірілім зерттелмеген, дегенмен екеуі де CYP3A4 изоферментінің қуатты тежегіші болып табылады, әрі маравирок концентрациясының жоғарылауы күтіледі.

Кларитромицинмен және телитромицинмен бірге пайдаланғанда, Целзентри™ дозасын күніне 2 рет 150 мг дейін азайту керек.

ЗЕҢГЕ ҚАРСЫ препАратТАР

Кетоконазол, күніне 1 рет 400 мг

(Целзентри™, күніне 2 рет 100 мг)

Маравирок AUCtau: ↑ 5,00

Маравирок Cmax: ↑ 3,38

Кетоконазол концентрациясы өлшенбеген, өйткені ықпалы күтілмейді.

Кетоконазолмен бірге пайдаланғанда, маравирок дозасын күніне 2 рет 150 мг дейін азайту керек.

Итраконазол

Біріктірілім зерттелмеген. Итраконазол CYP3A4 изоферментінің қуатты тежегіші болып табылады, әрі оның маравирок концентрациясын арттыруы күтіледі.

Итраконазолмен бірге пайдаланғанда, Целзентри™ дозасын күніне 2 рет 150 мг дейін азайту керек.

Флуконазол

Флуконазол CYP3A4 изоферментінің орташа тежегіші болып табылады. Маравирок дозасын түзету қажет еместігі жорамалданады.

Күніне 2 рет 300 мг дозадағы Целзентри™ мен флуконазолды бірге пайдаланғанда сақтық таныту керек.

вирусқа қарсы препараттар

C вирустық гепатитін емдеуге арналған дәрі

Пэгилденген альфа-2а интерферонмен және рибавиринмен біріктіру зерттелмеген, өзара әрекеттесуі күтілмейді.

Күніне 2 рет 300 мг дозадағы Целзентри™ мен пэгилденген альфа-2а интерферонмен немесе рибавиринмен дозаны түзетпей-ақ бір мезгілде пайдалануға болады.

Тәуелділік тудыратын Препараттар

Метадон

Біріктірілім зерттелмеген, өзара әрекеттесуі күтілмейді.

Күніне 2 рет 300 мг дозадағы Целзентриді™ метадонмен дозаны түзетпей-ақ бір мезгілде пайдалануға болады.

Бупренофин

Біріктірілім зерттелмеген, өзара әрекеттесуі күтілмейді.

Күніне 2 рет 300 мг дозадағы Целзентриді™ бупренофинмен дозаны түзетпей-ақ бір мезгілде пайдалануға болады.

Гиполипидемиялық препараттар

Статиндер

Препараттар біріктірілімі зерттелмеген, өзара әрекеттесуі күтілмейді.

Күніне 2 рет 300 мг дозадағы Целзентриді™ статиндермен дозаны түзетпей-ақ бір мезгілде пайдалануға болады.

ішуге арналған контрацептивтер

Этинилэстрадиол, күніне 1 рет 30 мкг

(Целзентри™, күніне 2 рет 100 мг)

Этинилэстрадиол AUCt:: ↔ 1,00

Этинилэстрадиол Cmax: ↔ 0,99

Маравирок концентрациясы анықталмаған, өзара әрекеттесуі күтілмейді.

Целзентри™ мен этинилэстрадиолды дозаны түзетпей-ақ бір мезгілде пайдалануға болады.

Левоноргестрел, күніне 1 рет 150 мкг

(Целзентри™, күніне 2 рет 100 мг)

Левоноргестрел AUC12::

↔ 0,99

Левоноргестрел Cmax:

↔ 1,01

Маравирок концентрациясы анықталмаған, өзара әрекеттесуі күтілмейді.

Күніне 2 рет 300 мг дозадағы Целзентри™ мен левоноргестрелді дозаны түзетпей-ақ бір мезгілде пайдалануға болады.

ұйықтататын препараттар

Бензодиазепиндер

Мидазолам, 7,5 мг бір рет қабылдау

(Целзентри™, күніне 2 рет 300 мг)

Мидазолам AUC: ↔ 1,18

Мидазолам Cmax: ↔ 1,21

Маравирок концентрациясы анықталмаған, өзара әрекеттесуі күтілмейді.

Күніне 2 рет 300 мг дозадағы Целзентри™ мен мидазоламды дозаны түзетпей-ақ бір мезгілде пайдалануға болады.

өсімдік негізіндегі Препараттар

Шілтерленген шайқурай

(Hypericum Perforatum)

Маравирок пен Шілтерленген шайқурайды бірге қолдану

маравирок концентрациясын субоптимальді деңгейге дейін ара-тұра төмендетуі мүмкін екені жорамалданады, бұл вирусологиялық бақылаудың және маравирокқа болжамды төзімділіктің жоғалуына әкелуі мүмкін.

Целзентри™ мен Шілтерленген шайқурайды немесе құрамында сол бар өнімдерді бірге қолдану ұсынылмайды.

аритмияға қарсы препарттар

Дигоксин 0.25 мг бір рет

(Целзентри™, күніне 2 рет 300 мг)

Дигоксин AUC: ↔ 1,00

Дигоксин Cmax: ↔ 1,04

Маравирок концентрациясы анықталмаған, өзара әрекеттесуі күтілмейді.

Целзентри™ күніне 2 рет 300 мг дозада

Айрықша нұсқаулар

Емді АИВ жұқпасын емдеу тәжірибесі бар дәрігер жүргізуі тиіс.

Тропизм

Целзентри™ препараты осы емделуші сезімталдық танытатын басқа антиретровирустық препараттармен біріктірілген антиретровирустық емнің бөлігі ретінде тағайындалуы тиіс. Емдеуді бастар алдында ескеретін жайттар:

  • Емделушіге Целзентри™ препаратын тағайындау тропизм, вирус төзімділігі, сондай-ақ емдеу сыртартқысы зерттелгеннен кейін ғана жүзеге асады

  • Целзентри™ қолдану қосарлы/аралас немесе CXCR4-тропты АИВ-1 бар емделушілерге ұсынылмайды

Целзентри™ препаратын тек қана талапқа сай валидацияланған және сезімталдық әдіс көмегімен (мысалы, Monogram Trofile) CCR5-тропты АИВ-1 ғана анықталған (яғни, CXCR4-ке тропизмі немесе қосарлы/аралас тропизмі бар вирус анықталмайды) жағдайларда пайдалану керек. Вирус тропизмін емдеу сыртартқысының немесе емделушінің сақталып тұрған қан үлгілерін бағалау негізінде анықтауға болмайды.

АИВ-1 жұқтырған емделушілерде уақыт өте келе вирус тропизмінің өзгеруі болады, сондықтан емдеуді тропизм анықталғаннан кейін тезірек бастау қажет.

Қолда бар клиникалық зерттеулер негізінде Целзентри™ бұрын емделмеген емделушілерде қолдануға ұсынылмайды.

Бауыр қызметінің бұзылуы

Бұрын антиретровирустық ем алған АИВ бар емделушілердегі клиникалық зерттеулерде Целзентри™ препаратын қабылдау аясында бауыр тарапынан қолайсыз реакциялар жиілігінің жоғарылауы болды, сонымен қатар жалпы ACTG (AIDS Clinical Trial Group – ЖИТС емдеу саласында клиникалық сынақтар жүргізетін топ, АҚШ) шкаласы бойынша 3-4 ауырлық дәрежесі деңгейіне дейін функционалдық бауыр тестілеріндегі ауытқулар жағдайлары жиілігінің жоғарылауы байқалмаған.

Бұрын ем алмаған емделушілерде гепатобилиарлы жүйе зақымданған жағдайлардың одан да аз саны болды. Бауыр тарапынан болатын жағымсыз әсерлер жиілігі және ACTG шкаласы бойынша 3-4 дәрежелі бауырдың функционалдық тест ауытқулары Целзентри™ мен эфавиренз алған топтар арасында салыстырмалы болды. Созылмалы белсенді гепатитті қоса, бауыр аурулары бар емделушілерде біріктірілген антиретровирустық ем кезінде бауыр қызметінің бұзылу жиілігі жоғарылауы мүмкін, сондықтан мұндай емделушілерді бауыр аурулары бар емделушілерді жүргізудің стандартты тәжірибесіне сай қадағалау керек.

B немесе C гепатитіне қатарлас шалдыққан емделушілерге қатысты деректер санының жеткіліксіздігіне орай, осы емделушілерді Целзентри™ препаратымен емдегенде айрықша сақтық танытқан дұрыс, сондай-ақ аталған гепатиттерді емдеуге арналған басқа препараттар қатарлас тағайындалғанда егжей-тегжейлі зерттеп алу үшін осы препараттарды медицинада қолдану жөніндегі нұсқаулыққа жүгінген жөн.

Целзентри™ препаратымен емделген кезде емделушілерде аллергиялық реакция белгілері бар гепатоуыттану жағдайлары болды. Жедел гепатит белгілері немесе симптомдары бар емделушілердің бәрінде, әсіресе, препаратқа аса жоғары сезімталдық күдік тудырғанда немесе бөртумен немесе болжамды аса жоғары сезімталдықтың басқа да симптомдарымен (қышытатын бөртпе, эозинофилия немесе плазмада IgE концентрациясының ұлғаюы) қосылған «бауыр» трансаминазаларының белсенділігі жоғарылағанда Целзентри™ қабылдауды дереу тоқтату керек.

Ауыр сипатты бауыр ауруларына шалдыққан емделушілерде Целзентри™ қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген, сондықтан мұндай емделушілерде Целзентри™ емін абайлап жүргізген жөн.

Айқын тері реакциялары және аса жоғары сезімталдық реакциялары

Аса жоғары сезімталдық реакциялары, айқын және тіпті өмірге қатер төндіретін реакциялармен қоса, Целзентри™ препаратын көпшілік жағдайларда осы реакцияларды дамытатын препараттармен біріктіріп қабылдайтын емделушілерде болды. Аталған реакциялар бөртпе, органикалық зақымдану, бауыр жеткіліксіздігінің пайда болуын қамтыды. Сонымен қатар, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермалық некролиз, эозинофилиямен қатар жүрген дәрілік бөрту және басқа жүйелі симптомдар дамыған жағдайлар болды. Аталған симптомдар дамыған жағдайда Целзентри™ препаратын және қабылдағанда осындай реакциялар болуы мүмкін препараттарды қабылдауды дереу тоқтату керек. Целзентри™ препаратын және басқа аса қауіпті препараттарды тоқтатуды кідірту өмірге қатерлі реакциялардың дамуына әкелуі мүмкін. Емделуші, бауыр аминотрансферазалары мониторингін қоса, тиісінше ем қолданумен дәрігер бақылауында болуы тиіс.

Жүрек-қантамыр аурулары

Целзентри™ препаратын жүрек-қантамыр ауруларының қаупі жоғары емделушілерде, сондай-ақ сыртартқысында жүрек-қантамыр аурулары және гипотензиясы бар емделушілерде немесе олар артериялық қысымды түсіретін препараттар қабылдағанда сақтықпен қолдану керек.

Ортостатикалық гипотензия

Ортостатикалық гипотензияның дамуы мүмкін екеніне орай, Целзентриді™ сыртартқысында ортостатикалық гипотензиясы бар емделушілерде қолданғанда немесе олар артериялық қысымды түсіретін препараттар қабылдағанда сақтық шарасын қадағалау керек.

CYP3A күшті тежегіштерін немесе протеаза тежегіштерін алатын ауыр дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерге, плазмада маравирок концентрациясының ұлғаюы мүмкін екеніне орай, ортостатикалық гипотензияның жоғары даму қаупі үйіріледі.

Қатарлас жүрек-қантамыр аурулары бар емделушілерде ортостатикалық гипотензия жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан асқынулардың дамуына әкелуі мүмкін.

Бүйрек қызметінің бұзылуы

Целзентри™ метаболизмінің тежегіштері болмағанда, бүйрек клиренсі маравироктың жалпы клиренсінің шамамен 23%-ын құрайды, сондықтан да, бүйрек қызметі бұзылуының қан сарысуындағы маравирок концентрациясын едәуір арттыра алатыны күтіледі.

АИВ ПТ және Целзентри™ препаратымен ем алатын бүйрек жеткіліксіздігі ауыр емделушілерде ортостатикалық гипотензияның даму қаупі жоғарылауы мүмкін. Бұл қауіп маравирок концентрациясының барынша жоғары көтерілуімен байланысты. Ортостатикалық гипотензияның ең жоғары қатері маравирокты CYP3A4 изоферментіне қатысты ең қуатты тежеу әсеріне ие болатын АИВ ПТ-мен (саквинавир/ритонавир, дарунавир/ритонавир, лопинавир/ритонавир) бір мезгілде қолданғанда байқалады. Бүйрек қызметі бұзылған емделушілер қатарлас жүрек-қантамыр ауруларынан жиі зардап шегеді, сонымен қатар ортостатикалық гипотензиямен ушығып кетуі мүмкін жүрек-қантамырлық қолайсыз құбылыстардың жоғары қатеріне ұшырауға бейім.

Иммунитетті қалпына келтіру синдромы

Иммундық тапшылығы ауыр АИВ жұқтырған емделушілерде белсенділігі жоғары антиретровирустық ем (БЖАРЕ) басталғаннан алғашқы бірнеше аптада немесе айда белгісі білінбейтін түрде өтетін салдарлы жұқпалардың өршуі нәтижесінде қабыну реакцияларының симптомдары пайда болуы мүмкін. Мұндай реакциялар емделуші ахуалын нашарлатуы ықтимал. Мысалдары цитомегаловирустық ретинит, жайылған және/немесе ошақтық микобактериялық жұқпалар және Pneumocystis jiroveci туғызған пневмония (бұрын Pneumocystis carinii ретінде белгілі) болып табылады. Кез келген қабыну симптомдарын анықтап, қажет болса, тиісінше ем бастау қажет. Аутоиммундық бұзылулар (полимиозит, Джуллиан-Барр синдромы, диффуздық уытты зоб) Целзентри™ препаратын қабылдау кезінде де кездесті, соның өзінде, ауру ұстамаларының уақыты мейлінше ауытқымалы және ем басталғаннан кейін көп айдан соң, кейбір жағдайларда атипті түрде болуы мүмкін.

Дозаны түзету CYP3A4 изоферменті тежегіштерімен және/немесе индукторларымен бірге пайдаланғанда Целзентри™ препараты дозасының дұрыс түзетілгеніне көз жеткізген жөн, өйткені олар маравирок концентрациясына және емдік тиімділігіне ықпал ете алады.

Емделушілерге арналған ақпарат

Емделушілерді Целзентри™ препараты қоса қолданылатын антиретровирустық емнің басқа адамдарға жыныс жолымен немесе қанмен жанасу арқылы АИВ берілу қатерінің бетін қайтара алмайтынынан хабардар ету керек. Емделушілер барлық алдын ала сақтану шараларын қадағалауды жалғастыруы тиіс. Целзентри™ АИВ-1 эрадикациясына әкелмейді.

Иммунитетке ықпал етуі

ССR5 хемокин рецепторларының антагонистері кейбір жұқпалар кезінде иммундық жауапқа теріс ықпал етуі мүмкін. Бұл туберкулёздің белсенді түрі және инвазиялық зең жұқпалары сияқты жұқпаларды емдегенде ескерілу қажет.

Остеонекроз

Остеонекроз табиғатының мультифакторлы (кортикостероидтар қолдану, алкогольді шамадан тыс тұтыну, ауыр иммуносупрессия, дене салмағының жоғары индексі) болып саналатынына қарамастан, остеонекроз жағдайлары АИВ-қа шалдыққан емделушілерде және/немесе ұзақ уақыт БЖАРЕ қолданғанда жиірек болды. Емделушілерге, егер оларды буындарының ауыруы немесе буындар қозғалысының қиындауы мазалаған жағдайларда, дәрігерге қаралуға кеңес беру қажет.

Соя лецитині

Препарат құрамында соя лецитині бар, осыған орай, сояға немесе арахиске аллергиялық реакциялар болғанда Целзентри™ қолдану қарсы көрсетілімді.

Фертильділік

Деректер жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезінде Целзентри™ қолдану жөнінде клиникалық деректер жоқ. Жануарларға жасалған зерттеулерде жүктілікке, эмбрион/ұрық дамуына, босануға немесе постнатальді дамуға тікелей немесе жанама ықпал етуі анықталмаған. Целзентри™ жүктілік кезінде ана үшін әлеуетті пайдасы ұрыққа төнетін зор қатерден артық болған жағдайда ғана пайдаланылу керек.

Маравироктың ана сүтімен бөлінуі белгісіз. АИВ жұқтырған әйелдерге, қоректендіру кезінде АИВ берілу қатеріне орай, бала емізуден бас тартуға кеңес беріледі. Целзентри™ қабылдайтын әйелдерге, балалардағы қолайсыз құбылыстардың даму қаупіне орай, бала емізуді қоя тұру ұсынылады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Автокөлік басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етуіне зерттеулер жүргізілмеген. Целзентри™ бас айналуын туғызуы мүмкін, осыған орай, емделушілерге бас айналу болғанда олардың автокөлік басқару немесе механизмдермен жұмыс істеу сияқты аса қауіпті қызметтермен айналысудан аулақ болу керек екенін ескерткен дұрыс.

Артық дозалануы

Симптомдары: 1200 мг қолдану кезінде ортостатикалық гипотензия, клиникалық мәні жоқ QT аралығының ұзаруы.

Емі: арнайы у қайтарғылары жоқ. Емделушіні көлденең жатқызып, өмірлік маңызды көрсеткіштерді тиянақты бағалау, артериялық қысымды өлшеу және ЭКГ жасау қажет.

Көрсетілімдері бойынша құстыруға немесе асқазанды шаюға болады. Белсенділендірілген көмір тағайындауды қосымша дәрі ретінде қарастырылады. Маравирок қан плазмасы ақуыздарымен орташа байланысатындықтан, маравирокты шығару мақсатында диализді пайдалануға болады. Әріқарай токсикология бөлімінде қадағалау қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған 150 мг және 300 мг таблеткалар.

60 немесе 180 таблеткадан бір жағында медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулық жапсырылған және құтыны балалардың ашып алуынан сақтандыратын бұралатын қақпағымен алюминий фольгадан және полиэтиленнен жасалған қорғағыш төсемі бар тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған пластик құтыға салынады.

10 таблеткадан ПВХ/ алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады. 3, 6, 9 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынады.

Қосымша топтық қаптама құрамында 90 таблеткадан 2 қаптама бар.

Сақтау шарттары

30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

4 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қабылдауға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші/Қаптаушы

Pfizer Manufacturing Deutschland GmbH, Германия

Betriebsstratte Freiburg, Mooswaldallee 1, 79090 Freiburg

Тіркеу куәлігінің иесі

ViiV Healthcare UK Ltd., Ұлыбритания

980 Great Road, Brentford, Middlesex, TW8 9GS

Целзентри ViiV Healthcare компаниялар тобының сауда белгісі болып табылады

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстандағы ГлаксоСмитКляйн Экспорт Лтд өкілдігі

050059, Алматы қ.,Фурманов к-сі, 273

Телефон нөмірі: + 77019908566, + 7 727 258 28 92, + 7 727 259 09 96

Факс нөмірі: + 7 727 258 28 90

Электронды пошта: kaz.med@gsk.com

Прикрепленные файлы

134899291477976793_ru.doc 218.5 кб
469632451477977952_kz.doc 289.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники