Хондра-Сила

МНН: Хондроитина сульфат
Производитель: Фармак ПАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты для наружного применения при болевом синдроме при заболеваниях костно-мышечной системы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019912
Информация о регистрации в РК: 07.06.2013 - 07.06.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Хондра – Сила

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

5% 30 г жақпамай

Құрамы

100 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат: 100% затқа шаққанда хондроитин натрий сульфаты - 5,0 г;

қосымша заттар: диметилсульфоксид, ланолин, ақ жұмсақ парафин, тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән әлсіз иісі бар бозғылт-сары түсті жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппаратының ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды М02А Х

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Іс жүзінде жүйелі сіңбейді.

Фармакодинамикасы

Хондра - Сила жақпамайының әсер етуші заты сүйек тінінің резорбциясын бәсеңдететін және кальцийдің жоғалуын төмендететін жоғары молекулалы мукополисахарид – хондроитин сульфаты болып табылады.

Хондроитин сульфаты хондропротекторлы, хондростимуляциялаушы, регенерациялаушы әсер береді. Шеміршек тіндерінде фосфор-кальций алмасуын жақсартады, сүйек тінінің қалпына келу үдерісін жылдамдатады, шеміршек тіндерінің дегенерация (бұзылу) үдерістерін тежейді (буын шеміршектерінің құрылысы мен қызметін бұзатын ферменттерді тежейді). Глюкозаминогликандардың синтезін стимуляциялайды, гиалинді шеміршек тіндеріндегі зат алмасуды қалыпты етеді, буын қалталары мен буынның шеміршекті бетінің регенерациясына (қалпына келуіне) мүмкіндік береді, буынішілік сұйықтықтың өндірілуін арттырады.

Жақпамайдың құрамына кіретін диметилсульфоксид қабынуға қарсы, ауыруды басатын және фибринолитикалық әсер береді, хондроитин сульфатының жасушалық жарғақшалар арқылы тереңдегі тіндерге өтуін жақсартады.

Хондра - Сила жақпамайын сыртқа қолданғанда остеоартроз бен остеохондроздың үдеуін бәсеңдетеді, зақымданған буындардағы қабынуды және ауыруды азайтады, олардың қозғалғыштығын арттырады.

Қолданылуы

  • буындар мен омыртқалардың дегенеративті-дистрофиялық ауруларында (көбіне орныққан түрлерінде): остеоартрозда, остеохондрозда, спондилоартрозда

  • сынықтарда (сүйек мүйізгектерінің түзілуін жылдамдату үшін)

Қолдану тәсілі және дозалары

Препарат сыртқа қолданылады. Жақпамайды зақымданған жердің терісіне тәулігіне 2–3 рет жұқалап жағып, толық сіңгенше аздап сылап-сипалайды.

Емдеу курсының ұзақтығы емнің тиімділігіне және жағымдылығына байланысты әр адамға жекелей белгіленеді және, әдеттегідей, 2–3 аптаны құрайды. Қажет болғанда курсты қайталау керек.

Жағымсыз әсерлері

Сирек:

  • жаққан жерлердегі терінің аллергиялық реакциялары

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

  • тромбофлебит

  • қанағыштыққа бейімділік

  • препаратты жаққан жерде жедел қабыну үдерістері

  • 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

  • жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты терінің сыртына қолданғанда оның басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталған жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты терінің зақымданбаған жеріне ғана жаққан жөн, препаратты ашық жараларға, көзге және шырышты қабықтарға тигізіп алмау қажет.

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты, жеткілікті клиникалық тәжірибенің жоқтығына байланысты, балаларды емдеу үшін қолданбаған жөн.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде қолданылуы

Препаратты жүктілік немесе емшек емізу кезеңінде қолданудың қауіпсіздігі анықталған жоқ.

Препараттың көлікті және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары мәлімделмеген. Асқын сезімталдық жағдайлары болуы мүмкін, олар препаратты тоқтатуды және симптоматикалық ем жүргізуді қажет етеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий сықпаларда 30 г-нан.

Әрбір сықпа медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°C-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фармак» ЖАҚ, Украина, 04080, Киев қ-сы, Фрунзе к-сі, 63.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармак» ЖАҚ, Украина

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Алматы Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Алматы Республикасы, 050009 Алматы қ-сы, Абай к-сі 157, кеңсе 5

Тел/факс: +7 (727) 250 66 23, электронды поштасы: Djatlova88@mail.ru

Прикрепленные файлы

613347141477976954_ru.doc 59.5 кб
618121811477978122_kz.doc 54 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники