Холосас (сироп, Алтайвитамины ЗАО)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Холосас
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Шәрбат
Құрамы
1000 г шәрбаттың құрамында
белсенді зат - итмұрын сығындысы (алма қышқылына шаққанда қышқылдығы 2,5 % кем емес) - 400 г
қосымша зат – қант (сахароза) - 600 г
Сипаттамасы
Қара-қоңыр түсті, өзіне тән иісімен қою шәрбат тәріздес сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Өт шығару жолдарының ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар
АТХ коды А05АХ
Фармакологиялық қасиеттері
Итмұрын сығындысының құрамында каротиноидтар, витамины В1, В 2, С, Е, К, РР витаминдері, флавоноидтар, липидтер, тритерпенді спирттер, қант, органикалық қышқылдар бар.
Препарат бауырдың функциональдік қасиетін жоғарылатады, өт сөлінісін жоғарылатады, өттегі холаттардың құрамын жоғарылатады, өттің тұтқырлығын азайтады. Өт сөлінісінің күшеюімен қатар, өт жолдарының тегіс бұлшықеті мен Одди және Люткенс сфинктерлерін босаңсытумен бір мезгілде, өт қабының тонусын жоғарылатады.
Препарат өт айдағыш, қабынуға қарсы (аскорбин қышқылының болуының есебінен), микробтарға қарсы (витаминдер кешенінің болуының есебінен), диуретикалық (органикалық қышқылдардың болуының есебінен) әсер көрсетеді.
Қолданылуы
- холециститте (калькулезді емес)
- гепатитте ( кешенді емде)
Қолдану тәсілі және дозалары
Ас қабылдағанға дейін 30 минут бұрын ішуге арналған. 12 жастан асқан ересектер мен балаларға – 1 шай қасықтан (5 мл) күніне 2-3 рет. Емдеу курсы дәрігердің тағайындауы бойынша.
Жағымсыз әсерлері
- аллергиялық реакциялар мүмкін
- қыжыл
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- жүктілік, лактация кезеңі
- 12 жасқа дейінгі балаларға
- қант диабеті
- өттас ауруы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған
Айрықша нұсқаулар
Қант диабетімен науқастар
Шәрбат құрамында қант бар. Қант диабетімен, инсулин қабылдайтын науқастарға, ХБ ескеріп, көмірсулар мөлшерін есептеу керек.
Дәрілік заттың көлік немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препарат көлік немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
140 г-дан күңгірт шыныдан жасалған құтыларда немесе 300 г-дан күңгірт шыныдан жасалған құтыларда немесе шыны бөтелкелерде. Құты немесе бөтелке медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықтармен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
15°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Қаптамасында көрсетілген мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы
659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69
Тел.: (3854) 338-719, 326-946
Факс: (3854) 327-640
Тіркеу куәлігінің иесі
«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы
Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Алтайвитамины» ЖАҚ, Ресей Федерациясы
659325, Ресей, Алтай өлкесі, Бийск қ-сы, Заводская к-сі, 69
Тел.: (3854) 338-719, 326-946
Факс: (3854) 327-640
E-mail : office@altayvitamin.ru