Холисал®

МНН: Холина салицилат, Цеталкония хлорид
Производитель: Фармзавод Jelfa А.О.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие противомикробные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010848
Информация о регистрации в РК: 06.11.2017 - 06.11.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Холисал®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Cтоматологиялық гель

Құрамы

1 г гельдің құрамында

белсенді заттар: 87.10 мг холин салицилаты, 0.10 мг цеталконий хлориді,

қосымша заттар: гидроксиэтилцеллюлоза,

метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, глицерол, анис майы, 96 % этил спирті, 1.0 г-ға дейін тазартылған су.

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз, анис майының иісі бар біркелкі масса

Фармакотерапиялық тобы

Ауыз қуысының ауруларын жергілікті емдеуге арналған микробтарға қарсы препараттар. Басқалар.

АТX коды A01AB11

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Холин салицилаты шырышты қабықтардан тез сіңеді (ацетилсалицил қышқылына қарағанда шамамен 2 есе тезірек).

Салицилаттар организмнің көптеген тіндеріне және сұйықтығына жеңіл енеді. Қан плазмасы альбуминдерімен 50-ден 80%-ға дейін байланыcа

отырып, қан ақуыздарына және тіндерге жоғары ұқсастықты байқатады. Салицилаттардың жартылай шығарылу кезеңі 2-ден 4 сағатқа дейін. Салицилаттардың салицил қышқылдарына дейін биоөзгеруі ағзаларда және тіндерде, негізінен бауырда салицилнесеп қышқылын, глюкуронидтер, ацетал, сондай-ақ гентизин қышқылын түзу арқылы жүреді. Биоөзгеруден пайда болған өнімдер несеппен бірге шығарылады (75%-ы салицилнесеп қышқылын құрайды). Салицилаттардың 10%-ы өзгермеген күйінде несеппен бірге шығарылады. Шығарылуы баяу жүреді: 24 сағат ішінде дозаның 50%-ға жуығы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Препаратта компоненттердің синергиялық: қабынуға қарсы, ауыруды сездірмейтін және жергілікті-залалсыздандырғыш әсерлерін пайдаланады.

Препараттағы негізгі әсер етуші зат – холин салицилаты жергілікті қабынуға қарсы және ауыруды басатын әлсіз әсер береді.

Салицилаттардың ауырғанды басатын, ыстықты төмендететін және қабынуға қарсы әсері простагландиндер циклогеназасы белсенділігінің, сондай-ақ тромбоксансинтетаза белсенділігінің бәсеңдетуімен байланысты.

Осы әсердің нәтижесінде қабынып өзгерген тіндерде, асқазан-ішек жолының қабырғасында және бүйректерде, ең алдымен Е және Ғ простаноидтар синтезі бәсеңдейді. Әдеттегідей дозада жергілікті қолданылатын препарат жалпы әсер білдірмейді. Цеталконий хлориді – бактерияларға, зеңдерге, вирустарға әсер етуші антисептик. Гель негізінің құрамына енетін бактериостатиктер - метилгидроксибензоат пен пропилгидроксибензоат, тиісінше 0,15% және 0,08% концентрацияда зарарсыздандырғыш әсер көрсетеді. Ауруды басатын әсері 2-3 минуттан кейін байқалады, әсер ету ұзақтығы 2-8 сағат.

Қолданылуы

  • ауыз қуысы шырышты қабатының қабыну үдерістерінде

  • ауыз қуысы қабатының эрозиялы-ойық жаралы зақымдануында

  • гингивитте

  • парадонтитте

Қолдану тәсілі және дозалары

Гельдің аздаған мөлшерін таза саусақ үстіне сығып шығарып, ауыз қуысы шырышты қабатының зақымданған бөлігіне жеңіл уқалай отырып жағады. Тәулігіне 2-3 рет тамақтанар және ұйықтар алдында қолдану керек.

Пародонт аурулары кезінде гель қалталарға енгізіледі немесе компресс түрінде қолданылады, немесе күніне 1-2 рет абайлап қызыл иекке жағады. Емдеу курсын дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

Қолданған жерде ұзаққа созылмайтын өткінші шымылдату әсері, аллергиялық реакциялар басталуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • салицилаттарға және дәрілік заттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • жүктіліктің ІІІ триместрі, лактация кезеңі

  • 3 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілік затты тиісті дозаларға сәйкес жергілікті қолданған кезде басқа препараттармен өзара әрекеттесу қаупі жоқ.

Тек өте көп артық дозаланған және салицилаттар холинінің жүйелік әсер ету белгілері дамыған жағдайларда оның қабынуға қарсы, ыстықты түсіретін және ауырғанды басатын басқа дәрілік заттармен синергиялық әсер ететіндігін ескерген жөн.

Айрықша нұсқаулар

Ауыз қуысының шырышты қабықтарына гельді жергілікті қолданғаннан кейін организмде холин салицилатының сіңу дәрежесін және әсер ету ұзақтығын анықтайтын зерттеулер жүргізілген жоқ.

Жүктілік

Жүктіліктің І және ІІ триместрлерінде Холисалды® тек ана үшін күтілетін емдік әсері ұрық үшін жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупінен басым болған жағдайларда ғана қолданады.

Көлік құралдарын басқару және қозғалатын механизмдермен қызмет көрсету қабілетіне әсер етуі

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Дәрілік заттың теориялық тұрғыдан артық дозалануы мүмкін емес.

Симптомдары: жоғары терлегіштік, құлақтың шуылдауы, жүректің айнуы, құсу, бас айналу, теріде білінуі (эритема немесе есекжем). Бұл белгілер салицилаттарға сезімталдық жоғары болғанда, гельмен артық дозаланғанда және организмге салицилат холинінің елеулі мөлшері сіңгеннен кейін білінуі мүмкін.

Емі: емделуші ауыз қуысын судың мол мөлшерімен шаюы тиіс және қажет болған кезде құстыру қажет.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 г немесе 15 г препараттан іші лакталған, литографияланған алюминий сықпаға салынған. Бір сықпадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Алғаш ашқаннан кейінгі сақтау мерзімі – 2 апта.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Jelfa фармзауыты А.Қ.

58-500, Еленя Гура, В.Поля к-сі, 21, Польша.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Валеант» ЖШҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Валеант» ЖШҚ ҚР өкілдігі

Қазақстан, 050059, Алматы қ-сы, Әл-Фараби даңғылы,

17 үй, “Нұрлы-Тау” Бизнес-Орталығы, Блок 4Б, 1104 кеңсе

Телефон +7 727 3 111 516 Факс +7 727 3 111 517

Элетронды пошта: Office.KZ@valeant.com

 

Прикрепленные файлы

501858621477976964_ru.doc 49 кб
643028941477978130_kz.doc 51.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники