Холензим

Производитель: Биосинтез ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты желчных кислот
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018559
Информация о регистрации в РК: 07.09.2017 - 07.09.2022

Инструкция

Саудалық атауы

Холензим

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат (ядросы): ірі қара малдардың, қойлардың, ешкілердің өті, ұнтақ – 0,1 г, ірі қара малдардың, шошқалардың ұйқы безі, ұнтақ – 0,1 г, шошқа аш ішегінің бөлігіндегі шырышты (шлям) қабаты – 0,1 г

қабықтың қосымша заттары: сахароза (қант-рафинад), ара балауызы, күнбағыс майы, қатты мұнай парафині, бидай ұны, магний гидроксикарбонаты (негізі магний карбонаты).

Сипаттамасы

Екі беті дөңес дөңгелек түрде, ақ түсті, қабықпен қапталған таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Өт қабы ауруларын емдеуге арналған препараттар. Өт қышқылының препараттары

АТЖ коды А05АА

Фармакологиялық қасиеттері

Холензим – мал өнімінен жасалған біріктірілген препарат, өт айдайтын әсері бар. Препарат құрамына кіретін панкреатикалық ферменттер (трипсин және амилаза) астың ыдырауына қатысады. Трипсин ақуыздарды пептондар мен аминқышқылдарына дейін ыдыратады, панкреатикалық сөліністерді тежейді, созылмалы панкреатитте ауырғанды басатын әсер береді. Амилаза крахмалдың дисахаридтерге дейін ыдырауына мүмкіндік береді. Препарат ас қорыту үдерісіне қатыса отырып, ақуыздар мен көмірсулардың аш ішекте толығырақ сіңуіне көмектеседі.

Асқазан-ішек жолдарының функциональдік күйін жақсарта отырып, ас қорыту үдерісін қалыпқа келтіреді.

Қолданылуы

Асқазан-ішек жолы қызметінің бұзылуы және ауыруы кезінде өт айдағыш және ас қорыту ферменттерінің дәрісі ретінде

- созылмалы гепатитте (оның ішінде вирусты, уытты)

- созылмалы калькулезды емес холециститте

- созылмалы панкреатиттің ремиссия кезеңінде

- созылмалы гастритте

- созылмалы колитте

- метеоризмде

- жұқпалы емес генезді диареяда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке, тамақтан кейін.

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға тәулігіне 1 -3 рет 1 таблеткадан. Таблетканы шайнамай, мол мөлшердегі сұйықпен қабылдайды. Тәуліктік дозадан асырып қолдану ұсынылмайды. Тәуліктік ең жоғары доза 3 таблетка. Емдік курс жеке таңдалады, ең көп ұзақтығы – 2 ай.

Жағымсыз әсері

Жиі емес

- құсу, қыжыл, диарея

Сирек

- аллергиялық реакциялар (терінің күрт қызаруы, тері бөртпесі)

- бауыр трансаминаза деңгейінің жоғарылауы (ұзақ уақыт қолданғанда)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың құрамдас бөліктеріне асқын сезімталдықта

- жедел панкреатитте

- созылмалы панкреатиттің асқынуында

- обтурациялық сарғаюда

- өт-тас ауруында

- қант диабетінде

- бауыр жеткіліксіздігінде

- асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасы ауруында

- галактоземияда

- глютен ауруында

- 12 жасқа дейінгі балаларға (тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген)

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Құрамында кальций карбонаты және/немесе магний гидроксиді бар антацидтік дәрілермен бір уақытта қолдану препараттың тиімділігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. Ұзақ қолдану темір сіңуінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік уақытында және бала емізу кезеңінде препаратты тек ана денсаулығы үшін болжамды пайдасы ұрыққа немесе сәбиге төнетін зор қатерден артық болатын жағдайларда ғана қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Мәлімет жоқ.

Артық дозалағанда

Жоғары дозада ұзақ қолданған кезде жүрек айнуы, қыжыл, диарея, тері қышымасы, қандағы трансаминаза деңгейінің жоғарылауы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Полимерлі банкада 50 таблеткадан.

Поливинилхлоридті үлбір мен алюминий фольгадан немесе полимерлі жабыны бар қағазбен жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

Әрбір банкада немесе 5 пішінді қаптамада 10 таблеткадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

 

Өндіруші

“Биосинтез” ААҚ, Ресей Федерациясы

440033, Пенза қ-сы, Дружба к-сі, 4, тел/факс (8412) 57-72-49

e-mail: certificate@biosintez.com

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

“Биосинтез” ААҚ, Ресей Федерациясы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

“Биосинтез” ААҚ, Ресей Федерациясы

440033, Пенза қ-сы, Дружба к-сі, 4, тел/факс (8412) 57-72-49

e-mail: certificate@biosintez.com

 

 

 

4

 

Прикрепленные файлы

189126071477977183_ru.doc 59 кб
010070161477978346_kz.doc 53 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники